Мемлекеттік бюджет туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 20:48, курсовая работа

Описание

«Қазақстан–2030» стратегиясында және жыл сайынғы елбасымыздың Қазақстан халықтарына Жолдауларында баяндалған «Сенімді табыстылық стратегиялары», «Ұзақ мерзімді приоритет-экономикалық өсу» үндеулері республикамыздың қаржы жүйесін, оның ішкі құраушы элементтерін, сонымен қатар басты назар мемлекеттік бюджетін жүйесін дамытуға салықтық ынталандыруларды жетілдірудің қажеттігін және тәжірибелік мәнін жоғарлатады.

Работа состоит из  1 файл

ҚАРЖЫ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 108.00 Кб (Скачать документ)

        КІРІСПЕ 

 

       «Қазақстан–2030» стратегиясында және жыл сайынғы елбасымыздың Қазақстан халықтарына Жолдауларында баяндалған «Сенімді табыстылық стратегиялары», «Ұзақ  мерзімді приоритет-экономикалық өсу» үндеулері республикамыздың қаржы жүйесін, оның ішкі құраушы элементтерін, сонымен қатар басты назар мемлекеттік бюджетін жүйесін дамытуға  салықтық ынталандыруларды жетілдірудің қажеттігін және тәжірибелік мәнін жоғарлатады.

              «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан сөзі: «2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс. Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек.

Зерттеудің өзектілігі: Қаржы жүйесі, экономикалық мәні және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржы жүйесінің мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, қаржы жүйесінің қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді, сонымен қатар елдің қаржы жүйесін, оның құрылымын, мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің кассалық орындалуының есебін жан-жақты қарастырып, мемлекеттік бюджетті дамыту жолдарын қарастырып, есеп жүргізу тәсілдерін зерттеп осы бағыттағы өз білімімді тереңдету курстық жұмыстың негізі болып табылады.

      Қаржы жүйесі бойынша зерттеулердің өзектілігі елдің экономикасын дамытудың басымдылықты міндеттерін шешу мақсатында жұмылдырылатын капитал үшін жеңілдетілген салық режимін қаматамасыз ету, инвестициялық жобаларға қаржылық ресурстарды салуды ынталандыру, олардың іскерлік белсенділігін жоғарлату және тауар өндірушілер мен әсіресе шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолайлы салықтық жағдайлар құрудың объективті мұқтаждығы болып отыр. Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы – бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы – ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау.

Зерттеудің мақсаты: қаржы жүйесінің экономикалық мәнін ашу және оның әдістері мен нысандарын қарастыру, Қ.Р-дағы қаржы жүйесінің ұйымдастырылуымен және оған бақылауды зерттеу. Осы мақсаттарға байланысты келесідей міндеттер туындайды:

Зерттеудің міндеттері:

  • Қаржы жүйесінің экономикалық мәнін түсіну;
  • Қаржының жүйесінің атқаратын қызметіне тоқталу;
  • Қаржы жүйесінің функцияларына тоқталу;
  • Қазақстандағы қаржы жүйесінің қалыптасуына талдау жасау;
  • Мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен кірістерінің құрамын талдау;
  • Мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • Қаржы жүйесін дамытудың бағыттарын ұсыну.

Зерттеудің маңызы: Қаржы жүйесінің мазмұнын, функцияларын қарастырып, оның Қазақстандағы ахуалын талдау арқылы, нарықтық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамытудың бағыттарын ұсыну.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: І – бөлімінде «Қаржы жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны» деп аталады, онда жалпы қаржы жүйесінің мазмұны және қызметі, қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары мен элементтері, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымын қарастырамын. Екінші бөлімнің мазмұны – «Мемлекеттік бюджет жүйесінің 2009-2011 жылдардағы қызметін талдау», жалпы  Қазақстан бойынша қаржы жүйесі қалай болып жатыр, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен кірістерінің құрамын, 2009 – 2011 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын  талдау болып табылады.

Үшінші бөлімінде –  Қаржы жүйесін қалай дамыту керек  екенін ұсыну, оның ішінде мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру жолдарын қарастырамын.

Қорытында бөлімінде барлық курстық жұмыс ішінде жазылғандарға  қысқаша және мазмұнды етіп баяндау.

Осы курстық жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер мен мерзімді баспалар қолданылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

 

       1.1 Қаржы  жүйесінің мәні және мазмұны

 

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

- қаржы қатынастарының жиынтығы;

- ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

- басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық  сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны  жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп  атауға болады. Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. Өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. Тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі [1,63б].

Қаржы жүйесі - орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастарының, бөліктерінің және аяларының   жиынтығы.

 

Қаржы жүйесінің негізгі  құрамдас бөлігіне жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қалыптасатын материалдық  өндіріс аясы жатады.

Мемлекеттік бюджет қаржы  жүйесінің басты бөлігі болып  табылады. Мемлекеттік бюджеттің  көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым  мінездемесі, тұрғындардың негізгі  бөлігінің материалдық жағдайы  туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік  бюджеттің негізгі көзіне салықтар (70-80%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. Жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады. Мемлекеттік несие тарту жолдарына:

1.  Ұлттық банк тарапынын Үкіметке берілетін тікелей банк несиелері;

2.  Мемлекеттік бағалы қағаздар шығыру; жатады.

Мемлекеттік несие негізінде  мемлекеттік қарыз қылыптасады. Мемлекеттік карыз – белгілі  бір уақыт мерзіміне шығырылғын, бірақ өтелмеген міндеттемелердің үстеме ақысымен қосқандағы сомасы. Мемлекеттік  қарыз ішкі және сыртқы қарыз болып  бөлінеді.

Бюджеттен тыс қорлар белгілі  бір мақсаттар үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа  мақсаттар үшін құрылады. Кәзіргі  кезде бюджеттен тыс қорларға  жинақтаушы зейнетақы қорын,ұлттық қорын жатқызуға болады. Мемлекеттің қаржы жүйесі келесідей қызметтерді орындайды. Ол мемлекеттік қорларын құру, оларды бөлу және бақылау және қайта бөлу сияқты үш бағытта әрекет етеді. Бақылау қызметі оның басты қызметі болып табылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорындар қаржыларының сақтық қорларының бюжеттік және несие ресурстарын құру, бөлу және пайдалану қызметін жүзеге асырып, өз ықпалын сан түрлі орталықтандырылған және орталықтандырлмаған ақша қорларына, сонымен қатар шарушылық жүргізуді басқада меншік формаларының ақша қаражаттарына орналастырады. 
        Қаржы қызметі мазмұнына, рөлімен ауқымына қарай мемлекеттік басқару түрінде атқарылады. Жоғарғы органы жоғарғы кеңес, төменгі буын жергілікті насихаттап, бақылау қызметін жүзеге асырады. Сонымен қатар жоспарлау қызметі экономикалық реттеу жүйесіндегі алатын ролі ерекше. Қаржылық жоспарлау кәсіпорындарға қажетті қаржы ресурыстарының қамтамасыз ету және кәсіпорындарының қаржылық іс әрекетінің тиімділігін арттыру бойынша қаржылық көрсеткіштермен жоспарлаудың жүйесін жасау процесі болып табылады. Кәсіпопынның қаржы жоспарлары бұл сұранысқа ие тауарларды анықтау, қаржыландыру көздерін таңдау, қаржа ресурстарын үйлестіру, қаржы төлемінің жүзеге асыруын бақылау құжаты болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың 3 негізгі  принциптері бар:

  1. Сәйкестірлік бұл принціп бойынша ағымдағы активтердің сатып алуын қысқа мерзімді қаржы көздері есебінен жоспарлау, яғни банктың қысқа мерзімді несиесін алу намесе жеткізіп беруден комерциялық несие алу керек.
  2. Әрдайым жұмыс капиталына деген қажеттіліктіңбөлу принціпі бұл кәсіпорындардың айналмалы қаржылары қысқа мерзімді қарыздар сомасын асыптүсукерек.
  3. Ақша қорларының шамадан тыс артық болу принціпі мұндай жоспарлау кезінде, ақша есеп шотын төменгі деңгейге жеткізуге болмайды [1,77б].

 

 

1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары мен элементтері

 

Қаржы жүйесін құрудың  негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін ұйымдастыруға  централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары  тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең  құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат  жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы  қаржы органдарына екі жақты  бағынышты жүйесін алдын ала  айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз  шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі  мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға  және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен  резервтерге орналастырылатын қаражаттардың  бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы  міндеттемелерді орындағаннан кейін  қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары  құрылымының ұлттық-мемлекеттік  және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай  келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы  мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр [2,10-15 б].

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы  органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын  ала айқындалып отырады. Қаржылардың  барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік  актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің  бірлігі қаржы ресурстарының  басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті  қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта  бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

Мемлекеттердің  көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың  қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің  функциялық құрылысы мынадай негізгі  қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:

  Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

Екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесінің  жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны  өз міндеттерін шешіп отыратындығынан  көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің  ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі  жұмысты ұйымдастыруды республиканың  Қаржы министрлігі мен Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігі  жүзеге асырады.

Бюджеттен тыс  қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін  тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің  және үкіметтің басқаруына беріледі.

Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) Деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.

Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін  қайта құрудың басты міндеті  оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық - коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық  қатынастарға көшу барысында қаржы  жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл  артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының  біріне айналыу тиіс.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Қоғамда істің  жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың  бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі  жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет туралы