Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 20:48, курсовая работа
«Қазақстан–2030» стратегиясында және жыл сайынғы елбасымыздың Қазақстан халықтарына Жолдауларында баяндалған «Сенімді табыстылық стратегиялары», «Ұзақ мерзімді приоритет-экономикалық өсу» үндеулері республикамыздың қаржы жүйесін, оның ішкі құраушы элементтерін, сонымен қатар басты назар мемлекеттік бюджетін жүйесін дамытуға салықтық ынталандыруларды жетілдірудің қажеттігін және тәжірибелік мәнін жоғарлатады.
Өйткені, көптеген бюджеттік
бағдарламалар бір қаржы
Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары
Фискалдық саясат міндеттерін іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша:
Стратегиялық, орта мерзімді, өңірлік, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен тиімділігін бағалау, осы бағдарламалардың санын және іске асырылу тиімділігін оңтайландыру мақсатында жаңа тәсілдер енгізу;
Салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту және салық салынатын базаны кеңейту;
Шығыстарды, бір жағынан, мемлекеттік функциялардың толық көлемде тиімді орындалуын және екінші жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесуді қамтамасыз ететін деңгейді ұстау;
Мемлекеттік шығыстардың нәтижелілігі мен тиімділігін, соның ішінде бюджет үдерісінің барлық деңгейлерінде бюджеттік бағдарламалау әдістерін одан әрі енгізу жолымен арттыру;
Дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиімді қалыптастырудың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды дайындау, қарау, іріктеу үдерісін реттеу;
Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс және шығыс өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату;
Бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың құнын анықтау үшін бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың, сандық көрсеткіштердің құнын анықтау нормалар мен нормативтерді енгізу;
Қысқа мерзімді перспективада Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған іс-шаралардың іске асырылу қажеттігіне бағдар ұстай отырып және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдауға, бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында, мемлекеттік шығындардың шектілігіне, қатаң бюджеттік тәртіпті қадағалауға, экономика әртараптандыруды ынталандыруға, бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіруге арналған таразыланған фискалдық саясат жүргізу керек [3].
Атап айтқанда, мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануын арттыру, жоспарлау жүйесін жетілдіру мен жаңғырту бойынша жұмыстарды жоспарлауды және жүргізуді айқындайтын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің жаңа редакциясы әзірленіп отыру қажет:
Бюджет жүйесінің барлық денгейлерінде нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізуге;
Үш жылдық бюджеттік жоспарлау енгізуге;
Мемлекеттік органдардың қызметі мен олардың бюджет қаражаттарын пайдалану ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын орнату.
Бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру.
Ол үшін мыналар қажет:
- жергiлiктi бюджеттердің мейлiнше дербестiгiн қамтамасыз ету жолымен бюджетаралық қатынастардың тиiмдi жүйесiн құру;
- шығыс жасау өкiлеттiгi мен шығыстар бойынша жауапкершiлiктi заң тұрғысынан айқын ажыратуға қол жеткiзу;
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн əзiрлеу жəне қабылдау, ол бюджеттердi жасаудың, бекiтудiң жəне атқарудың бiрыңғай құқықтық нормасын қамтамасыз етедi;
- салықтар мен алымдарды мемлекеттiк бюджеттiң белгiлi бiр деңгейлерiне бекiту;
- трансферттердiң тиiмдi жүйесiн құру;
-дамудың жалпы мемлекеттiк стратегиясы шеңберiнде əлеуметтiк-экономикалық дамудың жəне бюджет қаражатының соларға сəйкес жұмсалуының басымдықтарын белгiлеуде аймақтардың дербестiгiн қамтамасыз ету.
Мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласын дамустратегиясымен өзара байланыста дамытуға бағдарлайтын бюджет саясатын жүзеге асыру.
Республикалық бюджеттiң ағымдағы жəне даму бюджетi деп бөлiнген жаңа құрылымын жасау көзделедi. Қазақстан Республикасының ағымдағы бюджетiнен (бұдан əрi ағымдағы бюджет ) функционалдық топтардың ағымдағы шығыстарын қаржыландыру жəне мемлекеттiк борышқа қызмет көрсету.
- экономиканың нақты секторын кредиттеу;
- бюджет аясындағы салаларда жаңа объектiлер салу;
- көлiк инфрақұрылымы;
- осы заманғы жабдықтар сатып алу жəне бюджет саласының объектiлерiн техникалық жарақтандыру;
- ұлттық-мəдени құндылықтарды қайта түлету.
Даму бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң құрамында ұсынылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бөлу шотының қаражатынан түсетiн жыл сайынғы түсiмдi даму бюджетi көздерiнiң бiрi деп белгiлеу мүмкiндiгi қарастырылады.
Бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру .
Ресми трансферттердi айқындау əдiстемесi жетiлдiрiледi. Трансферттер жүйесi аймақтарда əлеуметтiк қызметтердiң ең төменгi қамтамасыз етiлуiне кепiлдiк бередi жəне сонымен бiр мезгiлде аймақтарды салық базасын кеңейтуге ынталандырады. Ағымдағы бюджет өзiнен төмен тұрған бюджеттердi , негiзгi объективтi факторларды (халықтың саны, оқушылардың, қарттардың саны, табиғи-климаттық жағдай, кедейшiлiк деңгейi, автомобиль жолдарының ұзындығы жəне т.б.) ескере отырып, халықтың жан басына есептелген трансферттер қорының қаражаты
есебiнен аймақтарға қажеттi трансферттермен қамтамасыз ететін болады.
IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне
бiртiндеп қысқартуға қол жеткізу.
Мемлекеттің төлем қабiлеттiгiн қамтамасыз ету шаралары қолданылады.
IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне бiртiндеп қысқартуға қол жеткiзу керек. Бюджет тапшылығының деңгейiн қысқарта отырып, мемлекеттiк жəне мемлекет кепiлдiк берген қарыз алудың жəне Үкiмет борышын басқарудың тетiгiн жетiлдiру қажет.
Бюджеттi жоспарлау жүйесiн жетілдiру .
Олар мыналар:
- бюджеттi жоспарлаудың əдiстемесін жетілдiру , соның iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың орындалу нəтижелерiн бағалау негiзiнде жетiлдiру ;
- мемлекеттiң
мiндеттемелерiн өзiнiң
- орталық
жəне жергiлiктi басқару органдарының
арасындағы ресурстарды
- мемлекеттiк қызмет көрсетудi қаржыландырудың үздiксiздiгi жəне тиiмдi қаржылық жоспарлауы қамтамасыз етiледi.
Бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету [5].
Бюджеттiк қаржыландыру туралы нақты жəне айқын ақпаратқа қол жеткiзу керек.
Бюджеттiк
қаржыландырудың ашықтық
- заңдық жəне нормативтiк құжаттардың жариялануымен;
- жылдық қаржылық жəне жедел баяндамалар мен есептердiң (бюджеттiк бағдарламалардың əкiмшiлерi жасаған) жариялануымен;
- мемлекеттiк қаржы жасаған толық ақпараттың жариялануымен жүзеге асырылатын болады. Жүзеге асырылып жатқан шығыстардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылау күшейтiледi. Қаражаттың жұмсалуына мониторинг қатаң жəне жетiлдiрiлген жүйе бойынша жүзеге асырылатын болады. Iшкi, сол сияқты сыртқы аудит те маңызды рөл атқарады, өйткенi олар шығындар мен бұрмалаушылықтар жағдайларын анықтауға мүмкiндiк береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
- қаржы қатынастарының жиынтығы;
- ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
- басқарудың қаржылық аппараты.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның негізгі егемендігінің нышаны екенін білдім. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзі -өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет екенін аңғардым. Биліктің әрбір органы өзі бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді,жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға,тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары белгілі бір аумақтың әлеуметтік - экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптардан шегінуге жол берілмейді.
Мемлекеттік бюджет бойынша зерттеулердің өзектілігі елдің экономикасын дамытудың басымдылықты міндеттерін шешу мақсатында жұмылдырылатын капитал үшін жеңілдетілген салық режимін қаматамасыз ету, инвестициялық жобаларға қаржылық ресурстарды салуды ынталандыру, олардың іскерлік белсенділігін жоғарлату және тауар өндірушілер мен әсіресе шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолайлы салықтық жағдайлар құрудың объективті мұқтаждығы болып отыр. Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы – бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы – ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау.
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым–қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс–әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан–жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.
Қорыта келгенде, мемлекеттік қаржы жүйесі - мемлекеттің ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы – бұл еліміздің экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі, сондықтан да бұл саланы басқаруда терең ақыл салиқалы ойға жүгінгеніміз дұрыс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2 «Қаржы» - авт.: Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев Қ.
3 Www. Google.kz.
4 Www.yandex.kz.
5 Www.minfin.kz.
6 «Қазақстан 2030 стратегиясы»
8 «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
10 Алимбаев А.А. Банктік және өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы:Қазақстанда қазіргі беталыс және түйінді мәселелердің дамуы.