Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 20:48, курсовая работа
«Қазақстан–2030» стратегиясында және жыл сайынғы елбасымыздың Қазақстан халықтарына Жолдауларында баяндалған «Сенімді табыстылық стратегиялары», «Ұзақ мерзімді приоритет-экономикалық өсу» үндеулері республикамыздың қаржы жүйесін, оның ішкі құраушы элементтерін, сонымен қатар басты назар мемлекеттік бюджетін жүйесін дамытуға салықтық ынталандыруларды жетілдірудің қажеттігін және тәжірибелік мәнін жоғарлатады.
В) қайырымдылық қорлардың қаржылары.
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай қатынастардың төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:
Әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;
Қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға байланысты қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы ақша қатынасы;
Мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық ұйымдардың ақшалай қатынасы;
Қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арсындағы ақшалай қатынастары;
Қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы ақшалай қатынастар.
Коммерциялық емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі қаржылық реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлетіреді: өзін-өзі ақтау, сметалық қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі.
2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығыстарының құрамын талдау
Мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін
бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық
нысандар- бюджеттің кірістері мен
шығыстары арқылы болып отырады.
Олар құндық бөліністің жеке көздерін
білдіреді. Категориялардың екеуі
де бюджеттің өзі сияқты объективті
және олардың өзгеше қоғамдық арналымы
болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша
қаражаттарымен қамтамассыз етеді, шығыстар
орталықтандырылған ресурстарды мемлекеттік
қажеттіліктерге бөледі. Кірістер мен
шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты
әлеуметтік- экономикалық және тарихи
жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік
бюджет және салық саясатын жүргізудің
бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді
қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың
қолайлы әдістерін пайдаланады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің
құрылымы мыналардан тұрады;
1. Кірістер
- салықтық түсімдер
- салықтық емес түсімдер
- сатудан түскен түсімдер
- трансферттердің түсуі.
2. Шығындар
3. операциялық сальдо
4. таза бюджеттік несие беру
- бюджетттік несиелер
- бюджеттік несиелерді жабу.
5. Қаржылық операциялардың сальдосы
- қаржылық активтерді алу
- қаржылық
активтерді сатудан түскен
6. Бюджет дефициті (артықшылық)
7. Дефицитті қаржыландыру
- қарыздардың түсуі
- қарыздардың өтелуі
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 94,0%-ға атқарылды, жоспардағы 320,9 млрд.теңгенің орнына кірістердің түсімі 301,6 млрд.теңгені құрады.
2011 жылғы 1 ақпандағы мемлекеттік
бюджеттің жоспары салықтық
Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардағы 72,7 млрд.теңгенің орнына бюджетке 86,4 млрд.теңге түсті немесе 118,9%.
Жеке табыс салығы бойынша жоспар 138,5%-ға орындалды немесе жоспардағы 19,8 млрд. теңгенің орнына бюджетке 27,3 млрд.теңге түсті, әлеуметтік салық бойынша жоспар 143,3 %-ға атқарылды, жоспардағы 13,8 млрд. теңгенің орнына бюджетке 19,8 млрд.теңге түсті.
Ішкі өндіріс тауарларына
Импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша жоспардағы 31,2 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 36,6 млрд.теңге түсті немесе жоспардың 117,4 %-ға орындалды.
Акциз бойынша толықтай алғанда бюджетке 4,8 млрд.теңге жоспар кезінде 4,2 млрд.теңге түсті немесе 86,3%.
Ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер бойынша жоспар 120 %-ға орындалды немесе жоспардағы 2,8 млрд.теңгенің орнына түсім 3,4 млрд.теңгені құрады, оның ішінде:
Алкогольдік өнімге салынатын акциздер бойынша жоспар алкогольдік өнімге ставканың 100 % спритке шаққанда литрге 25-ден 400 теңгеге артуына байланысты 163,9 % немесе 60 % орындалды. ҚР аумағында өндірілген спиртке акциздер бойынша жоспарды асыра орындау спиртті өндіру көлемін және ставкасын 10 %арттыруға байланысты. Түсімдердің артуы «Карлсберг Қазақстан» сыра өндіруші компаниясы» ЖШС Алматы қ. бойынша негізгі өндіруші екі айға сыраға акциздер төлеуді жүргізуіне байланысты.
темекі бұйымдарына салынатын акциздер бойынша атқарылу 144,2 %-ды ставканы арттыруға байланысты жоспардың артығымен орындалуы 25%-ды құрады.
бензинге және дизель отынына салынатын акциздер бойынша жоспар 78,3 %-ға орындалды. Жоспардың орындалмауы 0,3 млрд.теңге сомасында артық төлеудің болуына байланысты (кезекті декларациялар бойынша сомасын алдын ала есептеу).
Импортталатын тауарларға салынатын акциздер бойынша жоспардағы 2,0 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 0,7 млрд.теңге түсті немесе 37,5 %-ға орындалды. Жоспардың орындалмау себебі алыс шетелдерден акцизделетін тауарлардың импорты көлемінің азаюы болып табылады.
Жеңіл автомобильдерге акциздер бойынша орындалмауы жоспардың «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді өткізу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 682 қаулысы қолданысқа енгізілуіне байланысты осыған сәйкес жеке тұлғалар «Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді әкелген кезде төлеуі тиіс кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары» кедендік баждардың бірыңғай ставкалары бойынша төленеді және кодына есептеледі. Қаңтар айында жеңіл автомобиль құралдарын рәсімдеу негізінен бірыңғай ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеумен кедендік кіріс ордері бойынша жүргізілді.
Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша есепті кезеңдегі жоспардағы 1,3 млрд.теңге теңгенің орнына бюджетке 1,5 млрд.теңге түсті немесе атқарылу 119,6 %-ды құрады. Жоспарды артығымен орындау мына түсімдер есебінен қалыптасты:
үстеме пайда салығы бойынша 0,03 млрд. теңге түсті. Салық төлеу мерзімі 15 сәуіріне дейін болғандықтан есепті айдың жоспары белгіленбеді.;
пайдалы қазбаларды табуға салынатын салық бойынша мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдері бойынша жоспардағы 0,4 млрд. теңге түсті. Салық төлеу мерзімі 25 ақпанына дейін болғандықтан есепті айдың жоспары белгіленбеді,;
экспортқа салынатын рента салығы бойынша 0,04 млрд. теңге түсті. Салық төлеу мерзімі 25 ақпанына дейін болғандықтан есепті айдың жоспары белгіленбеді.;
тарихи шығындарды
өтеу бойынша 0,1 теңге түсті.
Осы төлемдер жасасқан
Салықтық емес түсімдер бойынша есептік кезеңнің жоспардағы 24,2 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 29,6 млрд.теңге түсті, жоспар 122,7 %-ға орындалды.
Жоспарлы көрсеткіштердің
негізгі асыра орындалуы
0,6 млрд.теңге сомасындағы жоспарланбайтын айыппұлдар.
Астық нарығының конъюнктурасы нашарлануына байланысты 2010 жылы астық сатып алуды жүзеге асырмау себебінен 3,7 млрд. теңге сомасында пайда болған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің дебиторлық борышы.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспардағы 1,5 млрд.теңге теңгенің орнына 2,4 млрд.теңге түсті немесе 164,3 %.
Жоспар жоспарланбаған түсімдеріне
байланысты мемлекеттік ресурстардан
астықты өткізуден түсетін
Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай
бойынша республикалық бюджетте
қаражаттың жеткіліктігіне байланысты
100,0 млрд.теңге сомасында
Бюджеттік
шығыстар бөлігі функционалдық топтардың
шығыстарын қаржыландыруғажұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету ету жөніндегі
шығыстар « борышқа қызмет ету » функционалдық
тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін
әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар
- қарыздар бойынша сыйақылар төлеу және
қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық
сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін
бөле отырып жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға
жататын, басқа экономикалық бірліктерді
несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті
бөлікте- функционалдық топболыптабылатыннесиелендіруд
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен
қайтарымды негізде бөлінген кредиттер
ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің
жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді.
Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының
көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі
өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер,
Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің
тапшылығы ұлттық валютаменкөрсетіледі.
Ал бюджет профициті- бұл бюджетке түсетін
кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің
және бұрын бюджеттен берілген кредиттер
бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы
соммасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық
негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан
асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің
көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы
ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі- бюджет тапшылығын қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді.
Оныңарналымы:
1) тапшылық болған жағдайда- ішкі көздерден
(Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден,
бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша,
шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы
бюджет қаражаттарының қалдықтары) және
сыртқыарыздарданқаражаттартарт
2) профицит кезінде- жоспардан тыс түсімдерді,
бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді
өтеуге немесе немесе бірінші кезектегі
бюджеттік бағдарламалардықосымшақаржылан
Кірістер
мен шығыстардың егжей - тегжейлі тізбесі
мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен
айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен
біріңғай бюджеттік сыныптама- функционалдық,
ведомствалық және экономикалық сипаттамалар
бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен
бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын
белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Ол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың
функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан
тұрады. Біріңғай бюджеттік сыныптама
бюджеттің мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен
және бағдарламаларымен, министрліктер
мен ведомствалардың, ұйымдар мен мекемелердің
қаржы жоспарларымен тығыз байланысын
қамтамассыз етеді; жеке сметалар мен
қаржы жоспарларын құрама сметалар мен
жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді,
құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша
тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамассыз
етеді..
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер
енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар;
санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы;
бюджеттің кірістері мына санаттарды
қамтиды: салық түсімдері; салыққа жатпайтын
түсімдер; капиталмен жасалатын операциялардан
алынатын кірістер; алынған ресми трансферттер;
бюджеттен берілген кредиттерді өтеу;
жалпы қаржыландыру; бюджеттің қаражаттары
қалдықтарының қозғалысы. Қалған бөліктер
кірістерді кіріс көздерін неғұрлым тәптіштеу
ретінде сипаттайды.
[4].
Сурет 3. 2009-2011 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының атқарылуы.
Бұл диаграммада
2009 – 2011 жылдар аралығындағы мемлекеттік
бюджет шығыстарының орындалуы, мемлекеттік
бюджет және жергілікті бюджет шығыстарының
орындалуы анықталған.
Бюджеттің атқарылуы кезінде екі сыныптаманың
негізгі бөлімшелерін қамтитын тоғыспалы
сыныптама түріндегі функционалдық және
экономикалық сыныптамалардың ұштастырылуы
пайдаланылады.
Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың
атқарылуы мен бюджеттік несиелендіру
әкімшілер бойынша бюджет бағдарламаларын,
мысалы Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық
басқармасы , Премьерминистрдің Кеңсесі,
облыстар мен Астана және Алматы қалаларының
әкімдері, министрліктер, комитеттер,
агенттіктер, Қазақстан Республикасының
басқа ведомстволары мен службалары бойынша
топтастырудыбілдіреді. .
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын
қолданатын басқарудың жоғары жеделдігіне
жету үшін түсімдер мен шығындарды жан
– жақты, айқын және арнаулы етіп жүйелеуге
мүмкіндік береді [5].
2.2 2009 – 2011 мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау
2010 жылғы республикалық бюджеттің кірістері 106,2 % - ға орындалды, жоспардағы 3 413,8 млрд.теңгенің орнына түсімдер 3 626,2 млрд.теңгені құрады немесе 212,4 млрд.теңгеге артық.
Республикалық бюджетке 2010 жылдың қорытындысы бойынша салықтық түсімдер жоспардағы 1 886,9 млрд. Теңгенің орнына, 2 083,6 млрд.теңгені немесе 110,4 %-ды құрады. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 119,6 %-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 90,0 %-ға, трансферттердің түсімдері бойынша 100,5 %-ға орындалды.
Сурет 4. 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы
Бұл диаграммада 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы анықталған [3].
Корпоративтік табыс салығы бойынша 2010 жылғы жоспардағы 847, 9 млрд.теңгенің орнына бюджетке 837,2 млрд.теңге түсті, атқарылу 98,7%-ды құрады. Атқарылмау негізінен банк секторы бойынша банктер тартатын инвестициялар мен сыйақылар төлеу көлемдерінің азаюына байланысты түсімдердің төмендеуі есебінен болды. Бұдан басқа, жекелеген салық төлеушілер 2010 жылға арналған аванстық төлемдердің азаюына есеп айырысуларды ұсынған. Алайда өткен жылмен салыстырғанда корпоративтік табыс салығының түсімі 30%-ға немесе 193,6 млрд.теңгеге ұлғайды, бұл еліміз экономикасының 2010 жылдағы дамуының оң көрсеткіші болып табылады.
Ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС бойынша атқарылу 34,8 % құрады, немесе жоспардағы 179,0 млрд.теңге соманың орнына бюджетке 241,4 млрд.теңге түсті. Артығымен орындалу ҚҚС қайтару қарқынының баяулауымен түсіндіріледі.2010 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) 4 284,0 млрд.теңгені құрады немесе 4 321,4 млрд.теңге сомасында есепті кезеңге арналған жоспардың 99,1%-ын құрады.Республикалық бюджет бойынша игерілмеген сома 37,5 млрд. Теңгені құрады немес өткен жылмен салыстырғанда 22,6 млрд. Теңгеге кеміді.Бюджеттік қаражаттардың игерілмеуінің факторлары, ол – объективтік себептер бойынша – 14,1 млрд.теңге, оның ішінде 1,8 млрд.теңге - мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемдеу және 6,6 млрд.теңге үлестірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша шешімдермен үлестірілмеген қаражат қалдықтары: 3,6 млрд.теңге – Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві бойынша, 3,0 млрд.теңге – өкілдік шығындар бойынша.Субъективтік себептер бойынша 23,3 млрд.теңге игерілмеген, оның ішінде: 0,6 млрд.теңге - мемлекеттік сатып алу бойынша бәсекелестік ортаның болмауынан (маркетингтік талдаудың болмауы) конкурстардың өтпеуі; 12,8 млрд.теңге - конкурстық рәсімдердің мерзімінде өтпеуі, олардың өткізу мерзімін ауыстыру, жеткізушілермен шарттың талаптарын бұзуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактуралардың уақытында ұсынылмауы; 0,2 млрд.теңге - бюджеттік қаражаттардың қажеттілігін талап етпеу, құн көрсеткіштерінің қымбаттауы, жылдық жоспарлардың ай сайынғы бөлуінің қателігі; 9,8 млрд.теңге - бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілердің уақытында қабылданбауы және басқа себептер.