Мемлекеттік бюджет туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 20:48, курсовая работа

Описание

«Қазақстан–2030» стратегиясында және жыл сайынғы елбасымыздың Қазақстан халықтарына Жолдауларында баяндалған «Сенімді табыстылық стратегиялары», «Ұзақ мерзімді приоритет-экономикалық өсу» үндеулері республикамыздың қаржы жүйесін, оның ішкі құраушы элементтерін, сонымен қатар басты назар мемлекеттік бюджетін жүйесін дамытуға салықтық ынталандыруларды жетілдірудің қажеттігін және тәжірибелік мәнін жоғарлатады.

Работа состоит из  1 файл

ҚАРЖЫ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 108.00 Кб (Скачать документ)

        2010 жылдың республикалық бюджетін атқару кезеңінде ең көп игерілмеуге жол бергендер: Қаржы министрлігі - 9,3 млрд.теңге, оның ішінде 10 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» -3,0 млрд.теңге, резервтен қаражат бөлу туралы Үкіметтің шешімінің болмауы, 026 «Кедендік бақылау объектілерін кедендік инфрақұрылым салу» бюджеттік бағдарламалары бойынша - 2,0 млрд.теңге, орындалмаған міндеттемелер бөлігінде 2011 жылға ауыстыру ұсынылады;Ұлттық қауіпсіздік комитеті - 4,7 млрд.теңге, оның ішінде  001 «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» - 2,1 млрд.теңге, 002 «Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің даму бағдарламасы» бюджеттік бағдарламалары бойынша - 2,6 млрд.теңге, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактуралардың уақытында ұсынылмауы және конкурстық рәсімдердің мерзімінде өтпеуі, сондай-ақ,  бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілердің уақытында қабылданбауы;

Білім және ғылым министрлігі  – 3,4 млрд.теңге игерілмеген, оның ішінде 005«Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік  бағдарламасы бойынша - 2,1 млрд.теңге, төлемдердің  негізділігін растайтын  құжаттардың  болмауынан;

Сыртқы істер  министрлігі – 3,1 млрд.теңге, оның ішінде 006 «Өкілетті шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша -3,0 млрд.теңге, іс-шаралардың мерзімін ауыстыруға байланысты РББӘ тәуелсіз себептермен;

 

 

Кесте 2. 2009- 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің атқарылуы  

 

Атауы

Жоспар

Факті

Ауытқуы

Атқарылуы

2009 жылғы факт

Ауытқуы

1

2

3

4

5

6

7

Салықтық түсімдер, жалпы

2703,0

2934,1

231,1

108,5

2228,7

705,4

Оның ішінде:

           

КТС

847,9

837,2

-10,7

98,7

643,7

193,5

ЖТС

301,3

312,3

11,0

103,7

264,0

264,0

Әлеуметттік салық

243,0

253,8

10,8

104,4

232,8

21

ҚҚС - жалпы

590,4

677,2

86,8

114,7

515,9

 

Оның ішінде:

179,0

241,4

62,4

134,9

111,3

130,1

Импортқа салынатын салық  ҚҚС

411,4

435,8

24,4

105,9

404,6

31,2

Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

190,6

231,3

40,7

121,3

201,2

30,0

Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салық.

288,9

373,8

84,9

129,4

152,2

221,6

 

Ескерту: [4].


 

Бұл кестеде 2009 – 2010 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің  салықтық түсімдерінің атқарылуы анықталған.

 

 

    

Сурет 5. 2009 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы

 

Бұл диаграммада 2009 жылғы  мемлекеттік бюджеттің орындалуы, оның ішінде, түсімдері мен шығыстарының орындалуы анықталған.

2011-2013 жылдарға арналған республикалық  бюджеттің негізгі өлшемдері  бойынша ақпарат

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет»  жоспары

Түсімдер:

- 2011 жылға  – 4 041,3 млрд. Теңге;

- 2012 жылға–  4 365,1 млрд. Теңге;

- 2013 жылға  –  4 770,1 млрд. Теңге көлемінде анықталды.

Шығыстар:

- 2011 жылға  – 4 643,8  млрд. Теңге;

- 2012 жылға  – 4 947,0 млрд. Теңге;

- 2013 жылға–  5 152,4 млрд. Теңге мөлшерінде жоспарланды.

Бюджет тапшылығы:

- 2011 жылы - 602,5 млрд. Теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,8 %;

- 2012 жылы - 581,9 млрд. Теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,5 %;

- 2013 жылы - 382,3 млрд. Теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 1,5 % құрады.

Түсімдер мен кірістер. Үшжылдық кезеңге арналған түсімдердің құрамында  кірістер болжамы корпоративтік  табыс салығының ставкасын 20% мөлшерінде сақтауды ескере отырып қалыптастырылды.

 

Кесте 3. 2009-2010 жылдардағы жалпы мемлекеттік бюджеттің орындалуы.

 

   АТАУЫ

 

      2009

 

2010

 

   +/-

 

1.КІРІСТЕР

3 505 344,70

4 299 132,20

+ 793787,5

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

 

2 228 681,80

 

2 934 080,70

 

705398,9

Салықтық түсімдер

2 228 681,80

2 934 080,70

705398,9

САЛЫҚТАН ТЫС ТҮСІМДЕР

       

136 175,50

 

104 398,20

 

-31777,5

Салықтық емес түсімдер

136 175,50

104 398,20

-31777,5

Негізгі капиталды сатудан  түскен түсімдер

 

35 887,40

 

60 653,30

 

+24765,9

Трансферттердің түсімдері

1 104 600,00

1 200 000,00

+95400

2. ШЫҒЫНДАР

3 746 840,20

4 457 164,60

+710324,4

3.ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ  БЕРУ

27476,50

22 189,20

-5287,3

Бюджеттік

кредиттер

31 539,50

110 814,40

+79274,9

Бюджеттік кредиттерді өтеу

4 063,00

88 625,20

+84562,2

4.ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН  ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

 

223 720,50

 

347 042,70

 

123322,2

қаржылық активтрді сатып  алу

 

  224 593,00

 

348 071,90

 

123478,9

 

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

 

  872,4

 

1 029,20

 

156,80

5.БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІі)

 

-492 692,60

 

-527 264,20

 

-34571,60

6.БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

(ПРОФИЦИТТІ  )

 

492 692,60

 

527 264,20

 

+34571,60

Қарыздар түсімі

809 430,10

882 228,50

+72798,4

Қарыздарды өтеу

249 061,00

290 107,20

+41046,2

Бюджет қаражаттарының қолданылатын қалдықтары

 

-67 676,50

 

-64 857,10

 

+2819,5

Ескерту: [5].




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл кестеде 2009 – 2010 жылдардағы жалпы мемлекеттік бюджеттің орындалуы көрсетілген. Осы кестеде көріп отырғанымыздай 2009 және 2010 жылдарды көрсеткіштері бойынша салыстырып, қай бөлімнің көбейгендігін сәйкесінше азайғайдығын байқап отырмыз

 

Нәтижесінде, 2011 жылға арналған республикалық  бюджет кірістерінің болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 2 636,9 млрд. Теңге сомада немесе жалпы ішкі өнімнің 12,4 %, ағымдағы жылдың нақтыланған жоспарын 663,9 млрд. Теңгеге арттыра отырып анықталған, оның ішінде мыналар есебінен:

- мұнайға  бір тоннасына 20-дан 40 долларға  дейін экспорттық кеден бажын  ұлғайту;

- макроэкономикалық  көрсеткіштердің номиналдық өсуі, сондай-ақ корпоративтік табыс  салығы мен қосымша құн салығы  бойынша салық жүктемелерін төмендету  нәтижесінде кәсіпорындардың айналым  қаражатын   артуы;

- импорт қарқынының  өсуі;

- басқа да факторлалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

     3 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Мемлекет өз мiндеттерiн орындау үшiн мемлекеттiк  бюджеттiң кiрiсiне қажеттi түсiмдердiң  көлемiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң  қаржылық өзара қарым-қатынастары  мүдделерiнiң балансына қол жеткiзужәне Қазақстан Республикасының стратегиялық және бюджеттiк  жоспарлауының  бiртұтастығын  қолдау  мақсатында  орнықты бюджет  жүйесiн,  әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарды  қалыптастыру қажет.

Мүмкiндiктер:

  • Салық салу базасын өндiрiстiң өсуi мен салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту есебiнен кеңейту. 
  • Кейбiр салықтардың ставкасын төмендету. 
  • Салық салу жүйесiн жетiлдету. 
  • Тұрақы кiрiс көздерiн iс барысында айқын анықтау кезiнде бюджетаралық қатынастардың орнықты жүйесiн қалыптастыру. 
  • Халықаралық ұйымдар тарапынан жәрдемдесудiң болуы, шетелдiк тәжiрибенi зерделеу және енгiзу.

Еліміздің бюджет жүйесін жетілдіру үшін мынадай  негiзгi стратегиялық мiндеттер орындалуы  тиіс: 

- салық жүйесiнiң  тұрақтылығын қамтамасыз ету; 

- бюджетке  салық түсiмiнң IЖӨ-нiң 30% деңгейiне  дейiн өсуiн қамтамасыз ету; 

- салық заңдарын  жетiлдiру; 

- салық жеңiлдiктерiн  жүйеге келтiру; 

- кәсiпорындардың  сыртқы экономикалық қызметiне  тиiмді мемлекеттiк бақылауды  қамтамасыз ету; 

- бюджеттi  орталықсыздандыру принциптерiн  iске асыру; 

-  мемлекеттiң   әлеуметтiк - экономикалық  саласын  даму  стратегиясымен  өзара  байланыста  дамытуға бағдарлайтын бюджет саясатын жүзеге асыру; 

- бюджетаралық  трансферттер жүйесiн жетiлдiру; 

- IЖӨ-ге қатысты  мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға  және бiртiндепжақсартуға ол жеткiзу; 

- бюджеттi  жоспарлау жүйесiн жетілдiру; 

- бюджеттiқ  ашықтығын қамтамасыз ету.

Салық заңдарының тұрақтылығы принципiн заң тәртiбiмен  бекiту қажет, өйткенi салық заңдарына  өзгерiстердi жиi енгiзу елдегi экономикалық ортаға терiс ықпал етедi.  Қаржы-банк  жүйесiнiң, экономиканың  аграрлық  секторының  нығаюына,  шағын  кәсiпкерлiктiң қоғамның орташа табы ретiнде қалыптасуына, әлеуметтік саланың экономикалық негiзiнiң нығаюына қарай,Салық кодексiнiң жаңа редакциясын қабылдау қажет [6].

Мемлекеттiк  бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң нығаюына және өсу мүмкiндiктерiне орай халықтың өз күнiн өзi көру  және  экономиканың  жекелеген  секторларына  салық  жеңілдiктерiн беру  саясатынан  халықтың әлеуметтiк  әлсiз  жiктерiне,  сондай-ақ  экономиканың  тиiмсiз,  бiрақ  үлкен  әлеуметтiк  маңызы  бар секторларын мемлекеттiң тiкелей қолдауының рөлiн күшейту саясатына көшу қажет.

Бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бірыңғай қағидаттары мен ережелерімен бірге бюджеттік қатынастар жүйесінің тұтастығын орнатуды, бюджет саласы шекараларын жете анықтауды, бюджет үдерісі және олардың өкілеттігін анықтауды, бюджет құрылымын және бюджет үдерісін жүйеге келтіруді, бюджет заңнамасының бұзылуына жауапкершілік нормаларын енгізуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі енгізілді.

Бюджеттік бағдарлама жасау мынадай үш қағидаттарға негізделеді:

  • Бағдарламалық даму стратегияларын анықтау;
  • Бюджет ресурстарын анықтау;
  • Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау.

Бағдарламалық даму стратегияларын анықтау стратегиялық жоспарларда, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларында және салалық, аймақтық бағдарламаларда іске асырылады.

Бағдарламалар негізгі экономикалық, әлеуметтік және басқа да міндеттерді  шешуге бағытталған өзара байланысқан  ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық шаралар кешенін  анықтайды, олар жіті анықталған мақсаттарға  негізделеді, 2015 кезеңге дейінгі даму стратегиясы анықтаған экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып іс-шаралардың мерзімдерін, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамтиды.

Бюджет қаржыларының жұмсалуының  ашықтығын қамтамасыз ету және олар арқылы бюджеттік бақылау жүргізу  үшін әкімші қызметіне жүктелген  функциялардың орындалуын бағалайтын негізгі құжат ретінде бюджеттік  бағдарламаның паспорты енгізілді. Бұндай шара бюджеттік бағдарламаларды  тиімді жоспарлау мен орындалу қажеттігіне  және бюджет қаржыларын тиімді пайдаланудағы  әкімшілердің жауапкершілігін көтеруге байланысты қабылданып отыр.

Мемлекет басшысы Қазақстан  халқына арнаған өзінің жыл сайынғы  Жолдауында таяу он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде  стратегиялық міндет қойды. Бұл, өз кезегінде, әртүрлі салаларда, соның ішінде бюджет саласында реформа жасауды  талап етеді. Бұнда, бюджетпен әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және орта мерзімді міндеттерін интеграциялау тұрғысында бюджет үдерісін жетілдіру нысана болып қалады.

Стратегиялық мақсаттарға  жетуге және әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік  жоспарлаудың тұтас, тиімді жүйесін  қалыптастыру және түпкі нәтижелерге  жетуге бағытталған бюджеттеу жүйесін  құру үшін бюджеттік жоспарлауды  жетілдіру мақсатында нәтижелерге  бағдарланған мемлекеттік жоспарлау  жүйесін енгізу жөніндегі Тұжырымдама қабылданды.

Стратегиялық жоспар мемлекеттік  органның ағымдағы қызметінің миссиясын, көрінісін, талдауын, қызметтің стратегиялық бағыттарын, даму мақсаттарын, міндеттерді, әрбір стратегиялық бағыттар бойынша  қызметтердің саны мен сапасының  нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, мемлекеттік органның функционалдық  мүмкіндіктерін, оларды іске асырудың мүмкін құралдарын анықтайды.

Стратегиялық жоспардың  құрамына Макроэкономикалық болжамда айқындалған бюджеттік өлшемдер мен бюджеттік лимиттер шеңберінде мемлекеттік органдар үш жылға әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар кіреді.

Түпкі нәтижелерге жетуге бағытталған бюджеттеу жүйесін  құру үшін бюджеттік жоспарлауды  жетілдіру мынадай жолмен іске асырылады:

Бюджеттік бағдарламалар  мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік  қызметтерге негізделеді және стратегиялық бағыттар мен мақсаттарєа сәйкес оларды пайдаланудың жоспарланған (іс жүзіндегі) нәтижелері мен бюджет қаражатын  бөлу арасындағы тікелей байланысты көрсететін болады.

Бюджеттік жоспарлау мемлекеттік  органдардың Стратегиялық жоспарларында  белгіленген мемлекеттік органдар қызметі нәтижелілігінің нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталатын болады.

Бюджет үдерісінде нақты  орта мерзімді бағдарлар шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  және бюджет үдерісінің барлық қатысушыларының  жауапкершілігін арттыру мен  дербестігін кеңейту арқылы "бюджет қаражатын басқару" әдісінен»"нәтижелерді  басқару" әдісіне көшу қамтамасыз етіледі.

Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуге  көшу бір жылдан асатын кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарєа қол жеткізуді  жоспарлау, бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінде бар және олар басқаратын ресурстар көлемінің болжамдылығын  арттыру мақсатында орта мерзімді бюджетті қалыптастыруды көздейді.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет туралы