Мемлекеттік субсидия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 16:39, курсовая работа

Описание

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

    шаруашылық  жүргізушілері субъектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар, министрліктің, ведомстволардың және басқарудың басқа  органдарының мақсатты субсидиялары;

    арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық ұйымдардың қаражаттары;

    республикалық және жергілікті валюта қорларынан бөлінетін  валюталық қаржы;

    жұмыс берушілерге нормативтерден тыс  медициналық және басқа қызметтер  көрсетуді орындағаны үшін және ақылы  қызметтер мен шаруашылық қызметтің басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің қаражаттары;

    ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа  мемлекеттердің қайырымдылық салымдары.

    Мемлекеттік денсаулық сақтаудың қаражаттары  мыналарға бағытталады:

    азаматтарға медициналық көмек көрсетуге;

    денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламарына;

    мемлекеттік денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын дамытуға;

    емдеу-профилактикалық  және санитарлық-эпидемиологиялық мекеме-

    лерді ұстауға;

    медициналық кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

    медициналық ғылымды дамытуға және енгізуге;

        жұқпалы аурулар эпидемияларын жою

    Денешынықтыру мен спортқа жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жұмсалатын күрделі жұмсалымдар, спорт ғимараттарына жұмсалатын күрделі жұмсалымдар, спорт ұйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Шығыстардың бір бөлігін ұйымдар – демеушілер, әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда өтейді.             

    Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі  сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру сияқты екі оқшауланған нысанда іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы  Қазақстан Республикалық азаматы  жасына келген, науқастанған, мүгедек  болған, асыраушысынан айырылған  жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.

    Нарықтық  экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.

    Алайда  халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына  «әлеуметтік қамсыздандыру» мен  «әлеуметтік сақтандыру» терминдері сипатты болғанымен бұлар бара-бар  ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздардыруды  халықты әлеуметтік қорғау процесі  деп, ал әлеуметтік сақтандыруды – осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсінген жөн.

    Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар мемлекет шығыстарының жүйесінде үлкен  орын алды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфлицияның және ақшаның құнсыздануының нәтижесінде өседі.

    Әлеуметтік  қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарына қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтарының және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.

    Әлеуметтік  қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы  ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік  қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар жасалынады.

    Ең  төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан  басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады.

    Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздардыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі.

    Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын  ұғымдардың айырмашылықтары бар.

    Әлеуметтік  қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне «әлеуметтік көмек» деп аталатындар бола алады.

    Әлеуметтік  сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті төлемақыларға  арналған қорларды қалыптастырумен  байланыстырылады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының оларды алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.

    Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмек негізінен  кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын «қайыр көрсету» сипаты болады және мақсаты – «кедейлерге қамқор болу».

    Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждықтарды қаржыландыруға арналған қаражат-тарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары әдістері.

    Сақтық  әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді.

    Бюджеттік әдіс кезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпымем-лекеттік қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатының мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.

    Қайырымдылық  жарналары әдісі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшерлері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.

    Әлеуметтік  сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айрылған кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.

    Зейнетақы бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

    Жұртқа  мәлім, 1998 жылға дейін зейнетақы  кәсіпорындардың өз қызметкерлері үшін аударған жарнасы есебінен төленіп келді. Бірақ жарнадан жиналатын қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зейнетақы төлеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді. Оның үстіне экономика дағдарысқа ұрынып, жұмыссыздық етек алған тұста бұл проблема өткір сипат ала түскен. Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесін енгізуге итермелеген ең негізгі себептердің бірі болды. Ескі, «ынтымақтастық» зейнетақы жүйесі мұндай жағдайда зейнетақының іркіліссіз төленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.

    Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету негізінен  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңымен (1998 жылғы 20 тамыз, №136-1) жүзеге асырылады. Алайда, зейнетақы заңдылығы 2002 жылдың желтоқсан айынан қазіргі кезге дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сондықтан Үкімет 2003 жылдың 4 шілдедегі қаулысымен «Міндетті зейнетақы салымдарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ерікті кәсіби зейнетақы салымдарынан зейнетақы төлеудің ережесін» бекітті. Барлық ЖЗҚ-дағы салымдардың сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік зейнетақы төлеу езіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып беріліп отыр.

    Сонымен қатар, Үкімет мамандықтары бойынша  анықтап белгіленгендерге жұмыс  берушілер тарапынан еркін кәсіби салымдар салу енгізіліп отыр. Осындай зейнетақы салымдарынан жинақталған қордан жасы 50-ге келгенде жиған қаржысын алуға мүмкіндік туады. Сол сияқты, егер азамат 55 жасқа дейін міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына өмірінің соңына дейін жететін ең төменгі төлем деңгейін жинап үлгерсе, зейнет демалысына шығуына мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдері аталмыш азаматтардың зейнетақы салымдарын сақтық ұйымдарына өзімен келісім негізінде аударылатын болады.

    Осылайша  отандық зейнетақы жүйесі біртіндеп  дамып келеді. Зейнетақы активтері өсіп отыр. Бірақ, осы жиналған қаржыларды сақтаудың өзі үлкен мәселе тудырып отыр. Ұлттық банк пен Үкімет жинақтарды валюталық тәуелділіктен қорғаудың жолын қарастыруда.

    Жәрдемақы – бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай өтемақы.

    Әлеуметтік  сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақыларға сырқаттық бетшелер бойынша төлемақылар, жүктілік және босану бойынша жәрдемақы, санаторийларға жолдамалар сатып алу жөніндегі шығыстар, жаңа туған сәби үшін төленетін біржолғы жәрдемақы , жерлеуге берілетін жәрдемақы кіріктіріледі.

    Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша  әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға  байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіби ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.

    Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін ақы демалысында болған кезінде жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшін есептелмейді. Егер қызметкерлердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кірісуге тиісті күннен бастап есептеледі.

    Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі  және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қалыпты босанғанда 170 күнтізбелік күн үшін, ал босануы ауыр болғанда немесе екі және одан да көп бала туғанда 187 күнтізбелік күн үшін төленеді.

    2003 жылдан бастап тала тууға байланысты 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  біржолғы мемлекеттік жәрдемақы  төленеді.

    Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектік жөніндегі, асыраушысынан айрылғандығы және жас мөлшері бойынша оларды алуға мұқтаж және толық мемлекет есебінен қамтылмаған азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады.

    Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына, қашан болғанына қарамастан тағайындалады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері жәрдемақының түріне байланысты болады. 2002 жылы бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектік алған 16 жасқа дейінгі балаларға бір айлық есептік көрсеткішке, ал екінші топтағы мүгедектерге 0,5 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылды.

    Мүгедек адамдарға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық пен Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қаралады.

    Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар.

Информация о работе Мемлекеттік субсидия