Мемлекеттік субсидия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 16:39, курсовая работа

Описание

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

    17. Кәсіпорын мемлекеттік субсидияға байланысты шығындарды немесе шығыстарды мойындайтын кезеңдерді көпшілік жағдайларда оңай анықтауға болады және, сөйтіп, айырықша шығындар  мойындалған сәтте субсидиялар тиісті шығыстар сияқты  кезеңдегі табыстар ретінде мойындалады. Амортизацияланатын активтерге жататын субсидиялар да, әдетте нақ солай, сол активтердің амортизациясы есептелетін кезеңдер ішіндегі және пропорциядағы табыс ретінде мойындалады. 

    18. Амортизацияланбайтын активтерге жататын субсидиялар сондай-ақ белгілі бір міндеттемелердің орындалуын қажет етуі мүмкін, сол кезеңдердегі, сол міндеттемелерді орындауға бағытталған нақты шығындар пайда болған кездегі табыстарға жатады.  Мысалы, жер телімін беру түріндегі субсидия онда ғимарат салу шартымен шектелуі мүмкін, мұндай жағдайда оны ғимарат пайдаланылатын мерзім ішіндегі табыс ретінде мойындау орынды.

    19. Субсидиялар кейде бірқатар шарттар қойылатын қаржы немесе фискальды көмек пакетінің бір бөлігі ретінде беріледі. Мұндай жағдайларда субсидия өз ішінде табылатын кезеңдерде айқындалатын шығындар мен шығыстардың пайда болуына әкеліп соғатын жағдайларды  ерекше мұқият анықтау қажет. Субсидияның бір бөлігін - бір негізде, екінші бөлігін басқа негізде бөлу орынды болуы мүмкін.

    20. Келтірілген шығыстар немесе залалдар үшін өтемақы ретінде немесе ұйымға қандай да болмасын болашақ тиісті шығындарсыз жедел қаржылық қолдау көрсету мақсатында ұсынылатын мемлекеттік субсидия міндетті түрде алу үшін тағайындалған кезеңнің кірісі ретінде танылуы тиіс.

    21. Мемлекеттік субсидиялар кейбір жағдайларда ұйымға қандай да болмасын ерекше шығыстарды жүзеге асыру үшін ынталандыру мақсатында емес, жедел қаржылық көмек көрсету мақсатында ұсынылуы мүмкін. Осындай субсидиялар бір ұйымға берілуі мүмкін және бенефициаттардың барлық класына қолданылмауы мүмкін. Осы жағдайлар субсидияны ұйым оның алынуына жіктелген кезеңдегі кіріс ретінде тануды осы субсидияны алу нәтижелерін дұрыс түсінуді қамтамасыз ететін ақпаратты ашып көрсете отырып ақтауы мүмкін.   

    22. Мемлекеттік субсидияны ұйым қандай да болмасын алдыңғы кезеңде келтірілген шығыстар немесе залалдар үшін өтемақы ретінде алуы мүмкін. Осындай субсидия, ол алу үшін тағайындалған кезеңдегі кіріс ретінде, осы субсидияны алу нәтижелерін дұрыс түсінуді қамтамасыз ететін ақпаратты ашып көрсете отырып танылады.

    Ақшалай емес мемлекеттік субсидиялар

    23. Мемлекеттік субсидия жер немесе басқа ресурстар сияқты ақшалай емес активті компанияның пайдалануы үшін беру нысанында болуы мүмкін. Бұл жағдайларда әдетте ақшалай емес активтің әділ құны бағаланып, субсидия да, актив те сол құн бойынша ескеріледі. Кейде актив те, субсидия да атаулы шама бойынша ескерілетін баламалы тәсіл қолданылады.

    Активтерге  жататын субсидиялар туралы ақпарат беру

    24. Активтерге жататын мемлекеттік субсидиялар, соның ішінде әділ құн бойынша ақшалай емес субсидиялар баланста не субсидияны болашақ кезең табысы ретінде көрсету жолымен немесе активтің баланстық құнын алу үшін оны шегеру жолымен көрсетілуге тиіс.

    25. Активтерге жататын субсидияларды (немесе олардың тиісті бөліктерін) қаржы есептілігінде көрсетудің жарамды баламалар деп саналатын  екі әдісі  бар. Бұл әдістер жарамды баламалар деп саналады.

    26. Бірінші әдіс бойынша субсидия болашақ кезеңдердегі табыстар ретінде ескеріледі, олар актив тиімді пайдаланылатын мерзім ішінде жүйелі және ұтымды негіздегі табыс ретінде мойындалады.

    27. Басқа әдіс бойынша субсидия активтің баланстық құнын алу үшін  есептеу кезінде шегеріледі. Субсидия амортизацияланатын актив тиімді пайдаланылатын мерзім ішінде, әр кезеңде шығысқа жатқызылатын амортизация шамасын кеміту жолымен табыс ретінде мойындалады.

    28. Активтерді сатып алу және соған байланысты субсидияларды алу компанияның ақша қаражаты қозғалысында  елеулі өзгерістер пайда болуына әкеліп соғуы  мүмкін. Осы себеппен және активтерге инвестициялардың жалпы көлемін көрсету мақсатында ондай өзгерістер ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте, субсидияның баланста көрсету кезінде тиісті активтен шегерілетініне немесе шегерілмейтініне қарамастан,     жеке баптар ретінде жиі ашып көрсетіледі.

    Табысқа қатысы бар субсидиялар туралы ақпарат беру

    29. Табысқа жататын субсидиялар кейде пайда мен залал туралы есепте түсімдер ретінде не жеке, не, мысалы, «Өзге табыстар» секілді жалпы бап құрамында беріледі; баламалы нұсқа кезінде олар пайда мен залал туралы есепте көрсету кезінде тиісті шығыстардан шегеріп тасталады.    

    30. Бірінші әдісті жақтаушылар табыс пен шығыс баптарын өзара есепке алу дұрыс емес екенін және субсидияларды шығыстардан бөліп алу субсидия әсер етпеген басқа шығыстармен салыстыруды жеңілдететінін айтуда. Екінші әдісті қорғауға, егер субсидия болмаса, компания шығындар шекпес те еді, демек, шығынның субсидияны есепке алмастан көрсетілуі есепті пайдаланушыларды шатастыруы мүмкін екеніне негізделген дәлелдер келтірілуде.

    31. Табысқа жататын субсидиялар туралы ақпарат берілген кезде екі әдіс те жарамды деп саналады. Субсидия туралы ақпаратты ашып көрсету қаржы есептілігін дұрыс түсіну үшін қажет болуы мүмкін. Әдетте, табыстың немесе шығыстың жеке ашып көрсетуді қажет ететін кез келген бабына субсидия алудың нәтижесін  ашып көрсету қажет.

    Мемлекеттік субсидияларды қайтару 

    32. Қайтарылуға тиісті мемлекеттік субсидиялар есептеу бағасын қайта қарау ретінде ескерілуге тиіс (қараңыз: 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS). Табысқа жататын субсидияның қайтарылуы, біріншіден, сол субсидия жөнінде жасалған, кейінге қалдырылған түсімнің амортизацияланбаған сомасына жатқызылуға тиіс. Қайтарылатын соманың сондай кейінге қалдырылған түсімнен асып кетуіне қатысты немесе кейінге қалдырылған түсім жоқ болған жағдайда, субсидияның қайтарылуы кезең шығысы ретінде дереу мойындалуға тиіс. Активтерге жататын субсидияның қайтарылуы активтің баланстық құнын арттыру немесе алдағы кезеңдердегі табыс сальдосын қайтарылатын сомаға кеміту жолымен ескерілуге тиіс. Субсидия жоқ болған кезде есеп берілетін күні шығыс ретінде есептелетін жинақталған қосымша амортизация шығыс ретінде дереу мойындалуға тиіс.

    33. Активтерге жататын субсидияның қайтарылуына әкеліп соғатын жағдайлар активтің жаңа баланстық құнының ықтимал бөлінуінің қаралуын қажет етуі мүмкін.

    Мемлекеттік көмек

    34. 3-параграфта мемлекеттік субсидиялар анықтамасынан мемлекеттік көмектің дәлелді бағалауға болмайтын нысандары және мемлекетпен болатын, компанияның әдеттегі сауда операцияларынан бөліп алуға келмейтін операциялар алып тасталған.

    35. Әділ бағалау мүмкін емес көмек мысалдары - техникалық және маркетингтік консултьтацияларды тегін жүргізу және кепілдіктер беру. Компанияның әдеттегі сауда операцияларынан бөліп алуға болмайтын көмек мысалы – компанияның сатылатын өнімінің бір бөлігіне қатысты мемлекеттің сатып алу саясаты. Пайда алынатыны даусыз болуы мүмкін, бірақ сауда қызметін мемлекеттік көмектен бөліп алудың кез келген әрекеті даулы болады.

    36. Жоғарыда келтірілген мысалдарда компания үшін тиімділік мәнділігі қаржы есептілігінің пайдаланушыларды шатастырмауы үшін көрсетілетін көмектің сипаты, деңгейі және ұзақтығы туралы ақпараттың ашып көрсетілуін қажет ететіндей болуы мүмкін.

    37. Пайызсыз несиелер немесе төмен пайызбен берілетін несиелер мемлекеттік көмек түрлерінің бірі болып табылады, бірақ олар компанияға беретін пайданы пайыз ставкасын қолдану көмегімен өлшеуге болмайды.

    38.  Осы стандартта мемлекеттік көмекке жалпы тасымал желісі мен коммуникацияларды жақсарту жолымен инфрақұрылымды қамтамасыз ету, сондай-ақ, жақсартылған, мысалы, сол жерде жұрттың бәріне шектеусіз пайда келтіретін ирригация және сумен қамтамасыз ету сияқты жүйелер беру қамтылмаған.

    Ақпаратты ашу

    39. Қаржы есептілігінде мынадай ақпарат ашып көрсетілуге тиіс:

    (a) мемлекеттік субсидиялар үшін қабылданған есеп саясаты, соның ішінде қаржы есептілігінде қабылданған субсидиялар беру әдістері;

    (b) қаржы есептілігінде мойындалатын мемлекеттік субсидиялар сипаты мен мөлшері, сондай-ақ мемлекеттік көмектің компания тікелей пайда алған басқа түрлерін көрсету; және

    (c) мойындалған мемлекеттік көмекке байланысты орындалмаған шарттары және басқа да шартты оқиғалар.

    Өтпелі  жағдайлар

    40. Стандартты алғаш рет қолданушы компания:

    (a) ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптарды қажет болған жерде орындауға; және

    (b) не:

     (i) өзінің қаржы есептілігіне есеп саясатындағы өзгерістерді ескере, 8 IAS «Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» Халықаралық стандартына сәйкес түзетулер енгізуге; не 

    (ii) Стандартта көрсетілген есепке алу шарттарын тек  Стандарт күшіне енген күннен кейін алынуға немесе өтелуге тиісті субсидияларға немесе олардың бөліктеріне қолдануға тиіс.

     Күшіне ену күні

    41. Осы Халықаралық қаржы есептілігі стандарты 1984 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігіне қатысты күшіне енеді.  Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі. 

Информация о работе Мемлекеттік субсидия