Мемлекеттік субсидия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 16:39, курсовая работа

Описание

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)
    • Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің игерелеріне 8,7 есеге 15 АЕК-ден 130-ға дейін (183 690 теңге);
    • Ұлы Отан соғысына қатысушылар арасындағы Социалистік Еңбек Ерлеріне 4,7 есеге 15 АЕК-ден 70-ке дейін (98 910 теңге);

     - «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы»  құрметті атағына ие болған  адамдарға 130 АЕК (183 690 теңге) мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу белгіленді.

    Атаулы  күн – Ұлты Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу шеңберінде соғыс  ардагерлерін әлеуметтік қолдау үшін республикалық бюджеттен өкірлік  бюджеттерге сомасы 4,2 млрд.теңгеден астам сомада ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде 4,1 млрд.теңге – 295,8 мың соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне бір жолғы материалдық көмек төлеуге.

    2010 жылы сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің ана мен баланы әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасы іске асырылды.

    2010 жылдан бастап: 

    • төртінші және одан көп баланы туғаны үшін біржолғы жәрдемақының мөлшері 30 АЕК-ден 50-ге дейін ұлғайтылды (70 650 теңге);
    • бала бір жасқа толғанға дейін оның күту бойынша ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды, оның ішінде:

    бірінші балаға – 5,0 АЕК-ден 5,5-ке дейін (7 772 теңге);

    екінші  балаға – 5,5 АЕК-ден 6,5-ке дейін (9 185 теңге);

    үшінші  балаға – 6,0 АЕК-ден 7,5-ке дейін (10 598 теңге);

    төртінші  және одан да көп балаға – 6,5 АЕК-ден 8,5-ке дейін  
(12 011 теңге);

    • мүгедек бала тәрбиелеп жатқан адамдарға ең төменгі бір жалақы мөлшерінде жаңа жәрдемақы енгізілді.

    Заңнамаға түзетулер енгізілді, оларға сәйкес «Алтын алқа» белгісімен енді жеті және одан да көп (бұрын – он және одан да көп) баласы бар аналар; ал «Күміс алқа» белгісімен алты (бұрын – сегіз және тоғыз) баласы бар аналар наградталады.

    Бір мезгілде осы белгілермен наградталған көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері  де 3,9 АЕК-ден 6-ға дейін ұлғайды.  

    2010 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге республикалық бюджеттен 1,12 млрд.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер жіберілді. Аталған көмекті алушылардың саны осы трансферттердің есебінен 92,6 мың адамды құрады. 

    18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 2,97 млрд.теңге сомасында трансферттер бөлінген болатын, оларды игеру нәтижесінде 271,3 мың балаға жәрдемақы төленді. 

    2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы  шеңберінде бес пилотық жоба  іске асырылды (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Асар шағын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысының Бәйтерек ауылы, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы, Маңғыстау облысының Құрық және Батыр ауылдары, Ақтөбе облысының Көктау ауылы).

    Жалпы қаржыландыру көлемі 26,3 млрд.теңгені құрады, олар  
97,7 %-ға игерілді немесе 25,7 млрд.теңге.

    Бұл қаражат 1 418 тұрғын үй және барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар пәтер, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектісі мен жылыжай салуға жіберілді.

    Бағдарламаның 2010 жылдың пилоттық жобаларына қатысуға барлығы 1 077 отбасы өтініш берді, олардың ішінде 913 – тұрғын үй комиссиясынан өтті, 242 – жергілікті атқарушы органдармен шарт жасасты. 312 үйге оралмандар қоныстанды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    20 IAS Халықаралық қаржы  есептілігінің стандарты

    Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік  көмек туралы ақпаратты ашып көрсету

    Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін  шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

    Бір Түсіндірме IAS 20 қатысты:

    • SIC-10 «Мемлекеттік көмек – операциялық қызметпен нақты байланыстың жоқтығы».

    20 IAS Халықаралық қаржы  есептілігінің стандарты

    Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік  көмек туралы ақпаратты ашып көрсету

    Қолданылу саласы

    1. Осы Стандарт мемлекеттік субсидиялар туралы ақпараттың есепке алынуы мен ашып көрсетілуі кезінде және мемлекеттік көмектің басқа нысандары туралы ақпараттың ашып көрсетілуі кезінде қолданылуға тиіс.

    2. Осы Стандарт:

    (a) бағалар өзгеруінің әсерін көрсететін қаржы есептілігінде, немесе сол сипаттағы қосымша ақпаратта мемлекеттік субсидияларды есепке алу кезінде пайда болатын ерекше проблемаларға;

  1.     салық салынатын табысты немесе пайдаға салынатын салық жөніндегі міндеттеме негізінде белгіленетін немесе шектелетін жеңілдіктерді анықтау кезінде кәсіпорынға жеңілдіктер түрінде (пайдаға салынатын салықтан уақытша босату (салық каникулдары), инвестициялық салық несиелері, амортизацияны жеделдете есептеу жөніндегі жеңілдіктер, пайдаға салынатын салық ставкаларын кеміту секілді) берілген мемлекеттік көмекке;               
  2. кәсіпорынды иеленуге мемлекеттің қатысуына;

    (d)  41-«Ауыл шаруашылығы» IAS Халықаралық стандартында қаралатын мемлекеттік субсидияларға қатысты емес.

    Анықтамалар

    3. Осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерде мына терминдер пайдаланылады:

    Мемлекет - мемлекет, мемлекеттік органдар және сол сияқты ұйымдар, соның ішінде жергілікті, ұлттық және халықаралық  ұйымдар.

    Мемлекеттік көмек - мемлекеттің белгілі бір  өлшемдерге сәйкес келетін нақты  компанияға немесе компаниялар тобына экономикалық тиімділіктер беруге бағытталған іс-қимылдары. Мемлекеттік көмек осы Стандарт контекстінде жұмыс істеудің жалпы жағдайларына, мысалы, дамушы аудандарда инфрақұрылым жасауға немесе бәсекелестер үшін сауда шектеулерін орнатуға ықпал жасау арқылы берілетін  жанама тиімділіктерді қамтиды. 

    Мемлекеттік субсидиялар - компанияның операциялық  қызметіне жататын белгілі шарттарды  өткен кезде және болашақта орындауға  айырбас ретінде компанияға ресурстар  беру түріндегі мемлекеттік көмек. Мемлекеттік субсидияларға мемлекеттік көмектің негізді түрде бағалауға болмайтын нысандары, сондай-ақ мемлекетпен жасалатын, компанияның әдеттегі сауда операцияларынан айырмашылығы жоқ операциялар жатпайды.1

    Активтерге  жататын субсидиялар - компанияның ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға, салуға немесе басқадай жолмен алуға тиіс болуы оған субсидиялар берудің негізгі шарты болып табылатын мемлекеттік субсидиялар. Активтердің түрін немесе орналасқан жерін, немесе олар сатып алынуға, немесе ұстап қалынуға тиісті мерзімдерді шектейтін қосымша шарттар белгіленуі мүмкін.

    Табысқа жататын субсидиялар - активтерге жатпайтын  мемлекеттік субсидиялар.

    Шартты-қайтарылмайтын қарыздар – белгілі бір  шарт талаптарын орындауы кезінде  несиегер өтеуден бас тартатын қарыздар.

    Әділ  құн - жақсы хабардар, мәміле жасауға  тілек білдіруші, бір-біріне тәуелді  емес тараптар арасында мәміле жасалған кезде активті айырбастауға болатын  сома.

    4. Мемлекеттік көмек көрсетілетін көмектің сипаты бойынша да, сондай-ақ оған байланысты шарттар бойынша да айырмашылығы бар түрлі нысандарда болуы мүмкін. Мемлекеттік көмектің мақсаты - көмек көрсетілмеген жағдайда, компания қабылдамайтын іс-қимыл бағытын қабылдауға оны итермелеу.

    5. Компанияның мемлекеттік көмекті алуының қаржы есептілігін әзірлеу үшін екі себеп бойынша зор маңызы бар болуы мүмкін. Біріншіден, егер ресурстар берілген болса, ондай беруді есепке алудың тиісті әдісі табылуға тиіс. Екіншіден, компанияның сондай көмек алудан есепті кезеңде қандай деңгейде пайда алғанын көрсеткен жөн. Оның өзі қаржы есептілігінің деректерін өткен кезеңдердегі деректермен және басқа компаниялардың қаржы есептілігімен салыстыруды жеңілдетеді.

    6. Мемлекеттік субсидиялар кейде басқа терминдермен, мысалы, дотация, субвенция немесе сыйлықақы терминдерімен белгіленеді.

    Мемлекеттік субсидиялар

    7. Мемлекеттік субсидиялар, соның ішінде әділ құн бойынша ақшалай емес субсидиялар:

    (a) оларға  байланысты шарттарға компанияның кәсіпорынның сай келетініне; және

    (b) субсидиялардың алынатынына жеткілікті сенімділік болған кезге дейін мойындалмауға тиіс.

    8. Мемлекеттік субсидия субсидияға байланысты шарттарды компанияның орындайтынына және субсидияның алынатынына жеткілікті сенімділік пайда болатын кезге дейін мойындалмайды. Субсидияның алынуы онымен байланысты шарттардың орындалғанының немесе орындалатынының түпкілікті дәлелі болып табылмайды.

    9. Субсидия алу әдісі субсидия жөнінде қабылданатын есепке алу әдісіне әсер етпейді. Сонымен, субсидия, ақшалай нысанда, немесе мемлекет алдындағы міндеттемені кеміту нысанында алынғанына қарамастан, бірдей ескеріледі.

    10. Мемлекеттен алынатын шартты-қайтарылмайтын қарыз, егер қарызды қайтармау шарттарын компанияның орындайтынына жеткілікті сенімділік бар болса, мемлекеттік субсидия ретінде ескеріледі.

    11. Мемлекеттік субсидия мойындалғаннан кейін онымен байланысты кез келген шартты оқиғалар немесе шартты активтер 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес ескеріледі.

    12. Мемлекеттік субсидиялар өздері өтейтін тиісті шығындар кезеңдер ішінде табыс ретінде жүйелі негізде мойындалуға тиіс. Олар тікелей капитал шотына несиеленуге тиіс емес.

    13. Мемлекеттік субсидияларды есепке алудың екі негізгі тәсілі бар: капитал тәсілі, оған сәйкес субсидия тікелей капиталға несиеленеді, және табыс тәсілі, оған сәйкес субсидия бір немесе бірнеше есепті кезеңдердегі табысқа жатқызылады.

    14. Капитал тәсілін жақтаушылар мынадай дәлелдер ұсынады:

    (a) мемлекеттік субсидиялар қаржыландыру құралы болып табылады және пайда мен залал туралы есепте емес, ал баланстағыдай көрсетіліп,  өздері қаржыландыратын шығыс баптарын өтеуге тиіс. Субсидияларды қайтару көзделмегендіктен, олар тікелей  капитал шотына несиеленуге тиіс; және

    (b) мемлекеттік субсидияларды пайда мен залал туралы есепте мойындау орынсыз, өйткені олар еңбекпен табылмаған, ал мемлекет беретін, оларға байланысты шығындарсыз  ынталандыру нысаны болып табылады.

    15. Табыс тәсілінің пайдасына мынадай дәлелдер ұсынылады:

    (a) мемлекеттік субсидиялар акционерлермен байланысты емес көздерден түсетін түсімдер болып табылатындықтан, олар тікелей капитал шотына несиеленуге, ал   тиісті кезеңдердегі табыс ретінде мойындалуға тиіс;

    (b) мемлекеттік субсидиялар сирек жағдайларда қайырымдылық болып табылады. Кәсіпорын оларды өздеріне қойылған шарттарды қанағаттандыра және көзделген міндеттемелерді орындай отырып табады. Сондықтан мемлекеттік субсидияларды табыс ретінде мойындау және оларға байланысты субсидиялар өтеуге тиісті   шығындармен арақатынасты белгілеу керек; және

    (c) пайдаға салынатын салық және басқа салықтар табыстан шегерімдер болып табылатындықтан, пайда мен залал туралы есепте сондай-ақ фискальды саясаттың жалғасы болып табылатын мемлекеттік субсидияларды нақ солай көрсету орынды.

    16. Табыс тәсілін пайдалану кезінде мемлекеттік субсидиялардың тиісті шығындармен өздерінің арақатынасын белгілеу үшін қажетті кезеңдерде табыс ретінде жүйелі және ұтымды негізде мойындалуы маңызды. Мемлекеттік субсидияларды алу кезінде олардың табыс ретінде мойындалуы есептеу әдісі бойынша есепке алуға сәйкес келмейді (қараңыз: 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS халықаралық стандарты) және субсидияларды есепті кезеңдерге, ол алынған бір кезеңнен басқасына, бөлуге арналған база жоқ болған жағдайда ғана жарамды.

Информация о работе Мемлекеттік субсидия