Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 16:39, курсовая работа
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған жағдайда Заңда белгіленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы төлемін зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз мөлшерлерде алған жағдайда Орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады. Жәрдемақы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
«Қазақстан Республикасындағы аунаулы мемлекеттік жәрдемақы» заңында және оған сәйкес қабылданған өзге де заң актілерде көзделген негіздерге және тәртіппен азаматтардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға және жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Арнаулы бұл жәрдемақы 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтардың 14 санатына заңда көрсетілген мөлшерде төленеді. Мәселен, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 5,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды. Бұл жәрдемақы тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер көрсетуге, отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрілік заттармен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуына төленеді.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөліп көрсетіледі:
а) балалары бар отбасына жәрдемақы, ол отбасының жиынтық табысын
ескере отырып тағайындалады;
ә) балалары бар мерзімдік
б) мүгедек балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
в) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған балаларға немесе ересектерге жәрдемақы;
г) әкелері алименттер төлеуден жалтарынған балаларға уақытша жәрдемақы;
д) 7 жасқа дейінгі 4 және одан көп балалары бар жұмыссыз аналарға жәрдемақы.
2. Тұрғын үй жәрдемақысы, отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалады.
3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлеріне, табысы аз зейнеткерлерге және басқаларға медициналық қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі.
4. Жұмыссыздарға материалдық көмек.
5. Этникалық отанына оралған қазақтарға жәрдемақы және басқа жәрдемақылар.
Табысы екі, айлық есептік көрсеткіштен артық емес жұмыссыздарға материалдық көмек белгіленген. Қазақстан Республикасының заңдамасымен жұмыспен қамту бағдарламалары жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын анықталған. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау мына шараларды кіріктіреді:
даярлау және олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
төлеу;
көмек көрсету.
Қоғамдық жұмыстарды орталық және атқарушы органдар ұйымдас-
тырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан және олардың өтінімдері бойынша жұмыс берушілердің қаражаттарынан қаржыландырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бала туғанда, жерлеуге, балалары бар отбасыларына, табысы аз отбасыларына азаматтарға) тұрғын үй көмегі, жұмыссыздарға материалдық көмек жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан төленеді.
Жергілікті бюджеттерден әлеуметтік көмек көрсету түрінде төлемақылар мыналарға төленеді:
шеккендерге;
басына шаққанда табысы деңгейі төмен аз қамтылған отбасыларына, халықтың бірқатар басқа санаттарына.
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың басымдығы жалпымемлекеттік маңызы бар аса маңызды іргелі зерттеулерге, салааралық проблемалар бойынша жұмыстарға, мемлекеттік және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына беріледі.
ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық есеп қорларынан және банк кредиттері есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Басшылық
пен басқаруды Қазақстан
Қорғанысты қаржымен қамтамасыз ету мыналарды кіріктіреді:
А) қарулы күштерді қаржыландыру;
ә) қару-жарақтарды, соғыс техникасын, өндірістік-техникалық арналымның өнімдерін әзірлеуге, өндіруге және сатып алуға жұмсалатын шығындар;
б) ғылыми зерттеулер мен қорғаныс сипатындағы зерттемелер;
в)
әскери объектілердің күрделі
г) әскери қызметшілердің жеке басын міндетті мемлекеттік сақтандыру;
д)
бірнеше мемлекеттің әскери-
Мемлекет шығыстарының құрылымында шаруашылық құрылыста, әлеуметтік және экономикалық саясатты жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын басқарудың мемлекеттік аппаратына жұмсалатын шығыстар шамалы орын алады. Басқару органдарының көмегімен мемлекет елдің саяси, шаруашылық және мәдени өміріне басшылық жүзеге асырады. Экономикадағы жаңа міндеттерді шешу рыноктың артықшылықтарын толығырақ іске асыруға мүмкіндік беретін басқаруды терең қайта құрмайынша және оның икемді жүйесісіз мүмкін емес.
Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі дегеніміз барлық деңгейлердің заңнамалық, атқарушылық және өкілдікті органдарының, сондай-ақ шаруашылық басқару аппаратының жиынтығы.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдарын, сот, прокуратура, қаржы полициясы органдарын, нашақорлық және есірткі бизнеспен күрес жөніндегі органдарды қамтиды.
Мемлекеттік
басқару органдарын ұстауға жұмсалатын
шығыстар барлық деңгейлердегі – республикалық
бюджеттен жергілікті бюджеттерге дейінгі
бюджеттердің шығыстары құрамында жыл
сайын бекітіледі. Бюджет қаражаттары
бекітілген сметаға сәйкес жұмсалынады,
ол мекеме шығыстарының көлемін, қаражаттарды
мақсатты бағыттауды және оларды тоқсанға
бөлуді анықтайтын негізгі құжат болып
табылады.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
- мемлекеттің бюджет жүйесі;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік несие;
- жергілікті қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
- халықтың қаржысы.
Қазақстан
Республикасының қаржы
Республикалық
бюджет шығыстары 2010 жылы 4 284,0 млрд. теңгені
немесе жоспарға 99,1%-ды құрады, 2009 жылмен
салыстырғанда есепті жылда 972,7 млрд.теңгеге
көп жұмсалды.
Шығыстардың жалпы сомасында игерілмеген қалдық үлесі 0,9%-ды немесе 37,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 22,6 млрд. теңгеге аз.
Бұл ретте игерілмеген сомаға жалпы мемлекеттік шығыстар бойынша пайдаланылмаған қалдық кіреді – бұл бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың шешімдермен бөлінбей қалған 7,1 млрд.теңге көлеміндегі қаражаты (бюджеттер бойынша қолма-қол ақша тапшылығын жабуға 0,6 млрд.теңгені қоса алғанда, Үкімет резерві бойынша -3,6 млрд.теңге; өкілдік шығындары бойынша - 3,0 млрд.теңге; техникалық –экономикалық негіздемелер әзірлеу және сараптау бойынша - 0,5 млрд.теңге) және 0,8 млрд.теңге шетел валюталарының бағамдары өзгеруіне байланысты үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ 1,8 млрд.теңге – сомасында мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу.
Бұл ретте 10,4 млрд. теңге Бюджет кодексіне сәйкес ағымдағы жылы төленетін жалғастырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша 2010 жылы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігі болып табылады.
Қалған 27,1 млрд. теңге бюджетті нақтылау кезінде Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында алдымызға қойған жаңа міндеттерге қайта бөлінді.
2010
жылдың бюджет саясаты
2010
жылы білім беруге 263,7 млрд.теңге,
денсаулық сақтауға - 370,8 млрд.теңге, әлеуметтік
көмекке – 836,3 млрд.теңге, мәдениет, спорт,
туризм және ақпараттық кеңістікке –
151,2 млрд.теңге жұмсалды.
Өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қорғау
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмалары іске асырылды.
2010
жылғы 1 қаңтардан бастап базалық
зейнетақы төлемдерін
9 %-ға, 25 %-ға арттыру жүргізілді, ортақ зейнетақы
мөлшері ұлғайды, сондай-ақ зейнетақыларды
есептеу үшін қабылданатын кіріске шектеу
28 еселенген айлық есептік көрсеткіштен
32 еселенген айлық есептік көрсеткішке
дейін ұлғайды.
Базалық
зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыруды
ескере отырып
(2010 жылы – 5 981 теңге), 2010 жылы зейнетақы
төлемінің ең төменгі мөлшері 18 325 теңгені
құрады, орташа – 27 481 теңге, ең жоғары –
39 893 теңге.
Зейнетақы алушылардың іс жүзіндегі орташа жылдық саны 2010 жылы жоспарда 1 677 614 адам болған кезде 1 677 165 адамды құрады.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 14 952 теңге сомасында белгіленді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша іс жүзінде қалыптасып отырған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өткен жылы халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен 13 487 теңгені құрады.
2010
жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылардың