Нарықтың мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:46, курсовая работа

Описание

Құн заңы тауарөндірушілерді саралайды, нарықтың бәсекелестік және еңбектің қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыздандыру деңгейінен тауар өндіруге өзіндік қамтамасыздандырудан ауытқушылық әсерінен әлеуметтік қабаттануды жүргізеді. Құн заңы шағын, орта және ірі өндірістің бірігуін жақсы қарсы алады, бірақ бәсекелестік барысында әлсіздер шаруашылық дербестігін жоғалтып, ірі, әрі қуаттылардың құрамына кіреді.

Содержание

Кіріспе.

1. Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық – тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде
1. 1. Нарық түсінігі және оны әртүрлі белгісіне қарай классификациялау
1. 2 Нарықтың жіктелуі.
1. 3 Нарықтың атқаратын қызметтері мен функциялары.
2. Нарықтық экономиканың турлері, субъектілері және инфрақұрылымы
2.1. Нарық түрлері
2,2 Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілері.
2. 3. Нарықтық инфрақұрылым
2.4. Нарықты реттеу тәсілдері

3. НАРЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ
2. 3. Нарықтың түрлері.
2. 4.Нарық эконмикасы ұғымы.
3. Нарықтың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары, нарықтық экономика институттары, нарық және мемлекеттік басқару
3. 1. Нарық артықшылықтары
3. 2. Нарық жетіспеушіліктері
3. 3. Нарықтық экономиканың институттары
3. 4. Нарықты мемлекеттік басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Копия Нарықтың мәні курсовой.doc

— 223.50 Кб (Скачать документ)

                                                                                           төлеу

       жинақ  қоры                                жинақ қоры                            


                                   


 


       несиелер                                            

                                                                несиелер


    тауарлар мен қызмет  көрсету                            тауарлар мен қызмет көрсету


 


                ақшалай табыс                                         тұтынушы шығындары

 

Табыс пен шығындардың  айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді  және ол елді мемлекеттің басқару  қызметін жүзеге асырып, экономиканы  әр деңгейде – жалпы мемлекеттен  аймаққа дейін – реттеп отырады.

Үкімет  фирмалардан  салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажеті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферлік төлемдерді төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеріледі. Түпкі есепте өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нарықтық инфрақұрылым

 

Аукциондар

Консультациялық-делдалдық

Фирмалар

Биржа мен брокерлік  конторлар

Бизнестің коммерциялық орталықтары

Банктер

Сақтандыру және аудиторлық

Компаниялар

Коммерциялық  орталықтар және

сақтандыру  қорлары

Жарнамалық-ақпараттық қызметтер

Мемлекеттік резервтік  және сақтандыру қорлары

Сладтық, элеваторлық, тоңазытқыштық және транспорттық шаруашылық

Баға мен  сстандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция

Сауда үйлері

Мемлекеттік салық  инспекциясы

Маркетингтік  зерттеу орталықтары

Бағалы қағаздарды бақылау

инспекциясы

Көтерме сауда  орталықтары

Құқық қорғау органдары

Кадрларды дайындау орталықтары

Лизингтік компаниялар

Жәрмеңкелер

Кеден қызметтері

Өндірушілердің  әртүрлі ассоциациясы

Тұтынушыны  қорғайтын қоғам

және басқалары


 

Нарықтық экономиканың қажетті  элементтерінің бірі болып инфрақұрылым жатады.

Инфрақұрылым – бұл  институттар жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қыщмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастыратын қызмет көрсетеді.

Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар,жәрмеңкелер және т.б. жатады.

 

Нарықтық экономикадағы  мемлекеттің экономикалық қызметі

Мемлекет пен  нарықтың өзара қатынасы наырқтық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің экономиканы реттеудегі ролін күшейтуге объективті жағдайлар жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа сызылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929-1933жылғы «ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше роль атқарды. Бұл жағдайда мемлекет өзіне бірқатар қызметті алуға мәжбүр болды, сөйтіп нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуының оңтайланған шекараларын іздеді.

Кез келген елдің  экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің ролі оның қызметер арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет:

Біріншіден, нарық  жағдайында мемлекет мына қызметтерді  өз мойнына алады:стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады. Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін;

Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпыұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер;

Үшіншіден, нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмнің  болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;

Төтіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау  мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты  үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;

Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмытарын  өзіне алады. Оларға – оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді де өз қызметі санайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нарықты реттеу тәсілдері

Нарықты реттеу тәсілдері –  бұл мемлекет пен  мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеу өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.

Салғырттықтың методологиясына  негізден шаруашылық жүйесінен бұрынғы  Одақтың бас тартуы, экономиканы  реттеу тәсілінің мағынасын түбегейлі  өзгертеді. Себебі нарықтың құрылуы  жаңа өндірістік қатынастарға көшуді байқатады: халық шаруашылығын  басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын, тауар өндірушілермен де реттелуі әбден мүмкін.

Демек, реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін  шартты түрде былай классификациялаймыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес , ол нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай – тікелей және жанама.

Реттеудің тікелей  тәсілі экономикалық процестің өзіне  және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі  объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады.

Нарықты тікелей  реттеу тәсіліне жиынтық сұраным  төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады. Бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттің дұрыс әлеуметтік атмосфера жасауды қолдану тәсілі жайлы болып отыр. Ол нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал жасайды. Бұл жағынан бәсекені дамыту үшін экономиканы тым монополиялау шараларына қатысты болса, екінші жағынан – төлем қабілеттілігі жағдайын сақтау үшін тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясатын жүргізеді.

Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалық қызметтің  жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар аралысып кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік реттеудің  шаралар жүйесі мен түолері әрбір елде өте көп түрлі болып келеді. Бұл жүйенің өзінің ерекшілігі бар. Мемелекеттік реттеудің – ең маңызды инструментіне мыналар жатады:

Фискальдық  саясат;

Несие –ақша  саясаты;

Баға мен  табысы реттеу саясаты;

Әлеуметтік  саясат;

Қысқа мерзімді реттеу;

Ұзақ мерзімді реттеу;

Аймақты реттеу.

1.Фискальдық  саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен  байланысты қаржыны реттеуді  қамтиді. Ең алдымен оған мемлекеттік  сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы , әлеуметтік  төлемдер,бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

Фискальдық  саясаттың ең маңызды бөлігі салықты  реттеу болып табылады. Ежелден салыққа  қатысты белгілі нәрсе, ол экономикада  екі жақты роль атқарады. Бір жағынан  – мемлекеттің табысын қалыптастырса, екінші жағынан тұтынушы мен өндірушіге ынталандырушылық әсер етеді. Салықтың жоғары болу жалпы ұлттық өнім көлемін азайтады. Сондай-ақ, салықтың төмен болу мемлекеттің табысын азайтады. Сондықтан нақты жағдайды ескере отырып,  салық ставкасының дұрыс шекарасын анықтау мәселесі көлденең тартылады. Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:

а) кейбір экономикалық процестерді ынталандыру мен  шектеу мақсатында салық ставкасын  өзгерту.мемлекет экономиканы көтеруді ынталандыру үшін кейбір жекелеген сала мен территорияға (Арал өңірі), табиғатты келеңсіз ауданға,ерікн экономикалық аймаққа арнайы салық салудың жеңілдеген режимін белгілейді.

Кәсіпорынның  қызметі ең маңызды мәселені шешуге арналса, жергілікті дейгейдегі мемлекеттік органдар өз  шама-шырқына қарай оны ынталандыра алады. Төлеушілердің негізгі массасына жанама салық пен табыс салығы ставкасын көтеру жеке тұтыну тауарларына сұранымды шектеу үшін жасалады. Пайдаға салық ставкасының өзгеру қорлану процесіне әсер ету үшін жасалады: салық ставкасының ең төмен кезінде күрделі қаржы өседі, ал ең жоғарғы инвестициялау аса пайдасыз;

ә) ставканы өзгертпеуді  сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту. Мысалы, бұған негізгі қор  амортизацияның мүмкін болатын мерзімін өзгертуді жатқызамыз. Амортизация мерзімін қысқарту амортизациялық төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік жасайды және сол салық ставкасы жағдайында ресурстардың қорлануын ұлғайтады;

б) салық жеңілдіктерін  алып тастау немесе өндіру. Сала жеңілдіктерін  белгілеу капиталдың, салаарлық қойылуын реттейді.  

Салықты реттеуді тиімділігі қайшылықты тенденциямен шектеледі. Егер конъюктура  күрделі қаржы  үшін ыңғайсыз болса, онда салық ставкасының  төмендеуі ынталандыруға аса  қауқарсыз болу мүмкін.

2. Несие ақша  саясаты. Бұл тәсілде халық шаруашылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салық және аймақтық мәселерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму құруы мүмкін несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады:

а) экономикалық банктің есептеу ставкасының  өзгеруі. Есептеу ставка – банктің  вексельді сатып алғандағы банк алымын қарыз процентінің мөлшері  дейміз немесе жеке тұлға мен мекемелерінің  қысқа мерзімді міндеттемелері. Эмиссиялық банк коммерциялық банктің векселін ғана ескереді. Есептеу сиавкасының төмендеуі мен көтерілу жеке коммерциялық банктердің әртүрлі қарыздар ставкасын қайта қарау үшін сигнал болып табылады. Несиенің қымбаттау несиелік және иневестициялық белсенділікті шектеу үшін қолданылады, ал несиенің арзандау – іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін қажет.

ә) эмиссиондық  банктегі міндетті минимальды салымның көтерілуі. Коммерциялық банктердің эмиссиондық  банктегі депозиттері қолдануға  рұқсат етілмейтін ерікті салымдардан тұрады. Міндетті салымдарды ұлғайта отырып, ұлттық банк жеке банктердің несие ресурстарын шектейді. Ал, олардың мөлшерін кеміте отырып, несие экспансиясына мүмкіндік жасайды;

б) «ашық нарықтағы  операция». Мемлекет бар пәрменімен облигацияны сатады немесе сатып алады. Бірінші жағдайды жеке несие жүйесінен қарыз капиталының ресурстары алынып, ұдайы өндірісті қиындатады. Екінші жағдайда қосымша қаржы несие жүйесіне құйылып, ұдайы өндірісті ынталандырады.

Сондай-ақ банк-несие  мекемелері қызметтерін реттеудің әртүрлі басқада түрлері қолданылады.

3.Баға мен  табыстарды реттеу саясаты. Фискальды  және несие саясаты тәсілдері  көбінесе баға мен табыстарды  реттеуде тиімсіз құрал болып  қалады.Сондықтан мемлекет көбірек  иікелей құралға жүгінеді.

4. Әлеуметтік  саясат өзіне табысты индексациялау,  төаенгі өмір сүру деңгейін  бекітуді қоса отырып, қоғамдағы  кедей топқа көмек көрсету  бағдарламасын жүзеге асыруға  күш салады. Оларды қарқынды инфляция  салдарынан қорғауға көмектеседі.  Әлеуметтік саясат мынандай салаларды қамтиды: білім, медицина, мәдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғыдардың жұмыспен қамтылуы.

5.Сыртқы экономикалық  реттеуге мыналар  енді:мемлекеттің  сауда саясаты, валюталық курсты  басқару, сыртқы сауда тарифтер  жүйесі, квота, лицензия. Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың өсуіне максимальды шектеуді белгілеп, кейде оның уақытша ұлғаюын тоқтатады. Себебі кез келген баға мен жалақыны көтеру мемлекеттік органдардың алдын ала санкциясын алуы қажет. Табыс көзінің пайда, дивидент ж.т.б. түрлеріне тікелей шектеу жүргізілмейді.

Информация о работе Нарықтың мәні