Нарықтың мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:46, курсовая работа

Описание

Құн заңы тауарөндірушілерді саралайды, нарықтың бәсекелестік және еңбектің қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыздандыру деңгейінен тауар өндіруге өзіндік қамтамасыздандырудан ауытқушылық әсерінен әлеуметтік қабаттануды жүргізеді. Құн заңы шағын, орта және ірі өндірістің бірігуін жақсы қарсы алады, бірақ бәсекелестік барысында әлсіздер шаруашылық дербестігін жоғалтып, ірі, әрі қуаттылардың құрамына кіреді.

Содержание

Кіріспе.

1. Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық – тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде
1. 1. Нарық түсінігі және оны әртүрлі белгісіне қарай классификациялау
1. 2 Нарықтың жіктелуі.
1. 3 Нарықтың атқаратын қызметтері мен функциялары.
2. Нарықтық экономиканың турлері, субъектілері және инфрақұрылымы
2.1. Нарық түрлері
2,2 Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілері.
2. 3. Нарықтық инфрақұрылым
2.4. Нарықты реттеу тәсілдері

3. НАРЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ
2. 3. Нарықтың түрлері.
2. 4.Нарық эконмикасы ұғымы.
3. Нарықтың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары, нарықтық экономика институттары, нарық және мемлекеттік басқару
3. 1. Нарық артықшылықтары
3. 2. Нарық жетіспеушіліктері
3. 3. Нарықтық экономиканың институттары
3. 4. Нарықты мемлекеттік басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Копия Нарықтың мәні курсовой.doc

— 223.50 Кб (Скачать документ)

6. Әкімшілік  реттеу әртүрлі бақылау шараларын  жүзеге асырады. Олар арнайы  кейбір оқшауланған салаларға  байланысты қолданылады. Мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу, қор биржасы мен несие банк  мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұнда жұмыс күші нарығын реттеу қызметі,нақтыласақ – жұмыстылық мекемесі.

7.Қысқа мерзімді  реттеу ұдайы өндіріске сондай  мақсатпен әсер етеді, себебі  бірнеше айдың ішінде нәтиже  алуы керек. Алдына қойған мақсаты экономикалық циклдық ағымдағы фазасының іс-әрекетін өзгертуге әрекет өзгертуге әрекет жасау. Мысалы, экономикалық дағдарыстың ауқымын бәсеңдетіп шектеу, қозғалыс фазасының жүзеге асуын тездету , өнеркәсіп өрлеу фазасын тоқтата тұру немесе соза тұру және т.б. осы себептерге байланысты қысқа мерзімді реттеуді көбінесе конъюктуралық немесе антициклдық саясат деп атайды.

Нарыққа өту  кезінде қысқа мерзімді реттеудің, басты мақсаты  - бағаның тым  қарқынды өсуімен күресу, инфляцияны тоқтатуға күш салу болады.қысқа мерзімді реттеудің бұл бағыты дефляциялық саясат деп аталады.

 

 

НАРЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ

Өтпелі кезең  экономикасындағы мемлекеттің ролін  жаңаша ойластыру қажет. Бұл кезде  мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп, бірте-бірте жанама реттеумен алмастырылатыны айқын. Расында, әрбір кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттілігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдіктерін кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне тән іс – дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжірибеден белгілі.

Қысқаша айтқанда, нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің  ролі әкімшілдік –әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша болуы  тиіс. Азаматтар, жеке кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылдау процесінде дербестік пен жауапкершілікті өз мойнына алып, «бәрін» мемлекет органдарына мойынсұнудан арылуы қажет. Мемлекет ролінің күшеюі оның жаңа заңдар жасап барлық азаматтарды бірдей, тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан көрінеді. Мұның өзі демократиялық мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің кепілі. 

Осы негізде, мемлекет қоғамға пайдалы, іс-әрекеттерді  жүргізу үшін өзінің әртүрлі функцияларын пайдаланады. Олардың ішінен заң  шығару, кәсіпкерлік пен халықаралық  байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуға болады.

МЕМЛЕКЕТ ПЕН  ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІК

Мемлекеттің заң  шығарушылық функциясы қоғамның қалыпты өмір сүруіне көмектесіп, заңдардың баптарымен жұмыс істеу  механизмін жасап шығаруды қалыптастырады. Бұл көрер көзге жеңіл іс емес, өйткені заңдарды жасайтын, қабылдайтын және орындайтын адамдар өздерінің көзқарастарын көптеген позициялар бойынша өзгерту тиіс. Сонымен қатар қоғам өмірінде кездесетін өзгерістерге байланысты заңдарда мүмкін болатын тенденцияларды алдын-ала болжай білу қажеттілігін ескерту қажет. Оған қоса бар деп айту психологиясынан неғұрлым тезірек арылу жөн болар еді. Тиянақты жасалған заңдар нарықтың күшті реттеушісі. Олар нарықтағы «ойын тәртібін» белгілеп, жабайы нарықты өркениетті нарыққа айналдырады.

Қалыпты жұмыс істейтін нарықтық шаруашылық құқытық реттеу жұмыстарына мыналар жатады:

  • Монополияға қарсы (антитрестік) заңдар;
  • Меншік туралы заңдар(әсіресе шетел инвестициялары туралы) ;
  • Шарттар мен келісімдер, міндеттемелер туралы заңдар;
  • Тұтынушыны қорғау мен оның алдындағы жауапкершілік туралы заңдар;
  • Салық салу заңдары;
  • Еңбек және халықтың кедей топтарын әлеуметтік қорғау туралы заңдар;
  • Табиғатты қорғау туралы заңдар (өндірістік іс-әрекетпен байланысты).

Монополияға қарсы  күрес пен меншік туралы заңдарға толығырақ тоқталайық. Қалыпты нарықтық экономикада барлық кәсіпорындар әрдайым бір-бірімен бәсекелік күрес жағдайында болады.сондықтан өтпелі кезеңде бәсекенің пайда болуына қажетті алғышарттарды жасау қажет. Біріншіден, кәсіпкерге жаңа фирмалар ашуға мүмкіндік беретіе және оларды ынталандыратын жаңа заңдар жасалуы керек.  Екіншіден, кәсіпорындарды жекешелендіру процесінде бәсекелі нарықтарды қалыптастыруды алдын-ала болжау мүмкіндіктерін  қарастыру қажет. Үшіншіден, елдің ішкі нарығы шетел кәсіпкерлері үшін ашық болуы тиіс. Төртіншіден, бәсекені ынталандыратын және монополиялар мен баға жөнінде өзара, құпия келісімдерге тыйым салатын заңдар шығуы қажет. 

Қазақстанда шыққан жаңа қоғам дамуының  қазіргі  кезеңінің ерекшеліктеріне біршама  сәйкес келеді. Оларға елдің, халықтың еңбек потенциалының қайта өрлеуіне қажетті элементтер енгізілген. Мысалы, «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы заңдар» оның бұрынғы нұсқасына қарағанда,меншіктің барлық түрлерінің теңдігі жарияланып, олардың қалыпты дамуына негіз қаланып отыр. Республиканың жаңа конституциясында  да бұған мән берілген.

Меншік туралы заңның  негізгі идеялары мен  қағидаларының дамуы мен қамтамасыз  етілуіне Қазақстанның «Кәсіпорындар  мен кәсіпкерлік іс-әрекет туралы»  заңы да қызмет ете бастады. Бұл заң  кәсіпкерлік-адамның іс-әрекетінің бір түрі деген түсінікті қайта жаңғыртады. Заң, меншік түрлерінің теңдігін айрықша атады. Заң кәсіпорындарға жоспарлау, өндіріс процессі,өнімді өткізу, баға белгілеу, финанс ресурстарының  қалыптастыру мен сыртқы экономикалық қатынастарына байланысты іс-әрекеттеріне толық бостандық берді. Кәсіпорындарды тіркеу тәртібі жеңілдетіліп, енді рұқсат етілуден тіркеу тәртібі жеңілдетіліп, енді рұқсат етілуден тіркеу лікке айналады. Дегенмен, өтпелі кезеңде кәсіпорындардың іс-әрекеттер түрлерінің меншіктің жаңа нысандары негізінде өзгеруі, заңдарда көрсетілгендей жедел,мүлтіксіз өтіп жатқан жоқ. Алдымыздағы бірнеше жылда мемлекеттік сектор мен экономиканың жаңа құрылымдары арасындағы арақатынастың үлкен өзгерісі бола қоймас. Бірақ, бұл реформа барысын күрт жақсартуға болмайды деген сөз емес. Қайта мемлекеттің өндірістік  кооперативтерді немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  тікелей қолдау тәжірибесіне сүйеніп, нарықтық экономиканы ынталандару әдістері (жалақы қорына шектеуді алып тастау, несиелеу жеңілдіктері мен жауапкершілікітің бір уақытта өсуі және т.б.) пайдаланылса, жетістікке жетуге толық мүмкіншілік бар.

Бәсекелікті қалыптастыру шараларынан басқа, мемлекет экономиканы  монополиясыздандыруды да заңдастырып, оны жүзеге асыруда нақты іс-әрекет ету керек. Монополиялардың басты кемшілігі жоғары баға тағайындауда ғана емес, бағаны жоғарлату үшін өндірісті қықартуға жол беруінде.

Бұрынға Кеңес  Одағы территориясында 46 мың өндіріс  кәсіпорындары, 3 мың көтерме сауда  кәсіпорындары,бірнеше жүз құрылыс трестері,жалпы алғанда, 50 мыңға тарта кәсіпорын орналасқан, ал,АҚШ-та сол кезеңде 3,5млн. астам немесе 70 есе көп ұқсас профильді кәсіпорындар болған. Демек,  монополиясыздандыру мен жекешелендіру процесінде біздің республикада да мыңдаған жаңа кәсіпорындар құрылатындығын айтуға болады.

Қазіргі ірі  монополиялардың көптеген ұсақ кәсіпорындарға бөліну мүмкіндігі және олардың өндіріс  пен басқару тиімділігіне тигізетін  әсерін есепке алуымыз керек пе? Енді ірі мемлекеттің кәсіпорындарды  процесінен қаша алмаймыз,  -  мейлінше аз шығын мен барынша жоғары пайда анықтайтын болады,ал бәсекелік күрес бәрін де өз орнына қояды. Ескеретін нәрсе монополиясыздандыруға қатты қызығып,ол процесті жеке мақсат ретінде алға қоюдың қажеті жоқ. Кейбір жағдайларда монополиялардың болу өзін де ақтауы да мүмкін. Біріншіден, осы ірі өндірушіге басқа елде бар күшті бәсекелес қарсы тұрса, бөлшектеу оны әлсіретеді. Екіншіден, ірі кәсіпорынды сақтап қалу таза өндірістік-технологиялық себептерге байланысты болуы мүмкін (байланыс жүйелері,металлургия ,энергетика т.б.) Үшіншіден, «табиғи монополист» деп аталатын монополиялар көлік ,байланыс немесе басқа өндірістік және өндірістік  емес инфроқұрылым салаларына сақталуы мүмкін. Соған қарамастан монополияларға қарсы заңдар ең кемінде үш негізгі мәселені шешуі керек: біріншіден,шағын және орта кәсіпорындарды ұйымдастыратын кәсіпкерлікті қарқынды дамытуға ат салысу,екіншіден, жаңа монополиялардың пайда болуын шектеу, үшіншіден, жекелеген кәсіпорындар арасында рынок аумағын бөлісуге бағытталған әрекеттердің жасалуын болдырмауы қажет. Бұл талаптар шаруашылық жүргізу жүйесінің болжамды мақсаты, меншіктің бір түрінен екіншісіне өтуінің бағдарламасы түсінікті және тиянақты болғанда ғана жүзеге асады. Адамдар реформалардың мақсатын түсініп қана қоймай, нақты және мүмкін болар өзгерістерден жеке мүдделеріне сай, материалдық артықшылықтарды айқын көруі қажет.

Мемлекет    пен   атқарушы    үкімет.     Әкімшілдік –әміршілдік жүйе тиянақты жазылған қарарлар, инструкциялар, бұйрықтар  түріндегі тапсырмалар алуға үйренген нақты орындаушыны қалыптастырады. Ал қазір болса, өтпелі кезең үшін қажеттігі мол жаңа заңдар мен заңға толықтырма актілер, нұсқаулар мен бұйрықтар пайда болуда, жаңа мазмұнды орындау әдістері ерекше рыноктық сипатты құжаттарды игеру елеулі қиыншылықтар туғызуда. Тіпті, осы құжаттарды орындау белсенділігі мен қажетті түзетулерді енгізу бастамалары көбінесе болашаққа сілтеніп немесе төмен тұрған басқару деңгейлеріне жіберу орын алып отыр.

Рыноктық заңдардың  мазмұндарын бұзбай қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін, нормативті-методикалық материалдардың жинағын және сонымен қатар реформаны жүргізудің технологиясы мен қатаң кестесін жасау қажеттілігі туындайды. Ол үшін орындаушылардың құқықтары мен міндеттері белгіленіп, мүдделері мен жауапкершілігі анықталуы тиіс. Нормативтік құжаттардың жоқтығы реформаның алғашқы кезеңінде оны жүргізудің ең үлкен және бай елдің экономикасының тығырыққа тіреліп, орасан зор саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырап, көптеген жеке мемлекеттерге бөлініп кетуінің өзі де сондықтан емес пе?

Қалыпты нарықтық экономиканы ескі нарықтық емес құрылмдар  негізінде жасауға болмайтыны, өтпелі кезеңде мемлекеттің экономикалық ролі түбірімен өзгеретінін ешқашан  естен шығаруға болмайды. Қоғамда  «орташалар табын» (средний класс) пәрменді,жүйелі, мақсатты түрде қалыптастырудың орныныа бұрынғы КСРО-да «мемлекеттік рынокты» модифиациялау жүріп жатты. Сатушы мен сатып алушы ретінде мемлекеттік-монополиялық кәсіпорындар бәз-баяғы қалпында сақталды. Мұның өзі кәсіпорындарды мемлекеттік тапсырыстарды сақтап қалуға, дотациялар алу үшін дербестігін шкетеуге мәжбүр етті. Мемлекет ресурстардың тапшылығына қарамастан, бәріне көмектесу тәжірибесін жалғастыруда. Өз кезегінде, ресурстар кемістігі фискальдық алымдарды көбейтіп, онсыз да әлсіреген өндірушілердің дағдарысын тереңдете түседі. Мұндай реттеудің пайдасынан зияны көп. Тоқырауға ұшыраған қоғамда мемлекеттің ролі өте маңызда. Сондықтан, өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын басынан өткерген елдердің тәжірибесін талдап, үйрену де пайдалы. Дамыған елдерде министрліктер көбінесе өндіріс құрал-жабдығының иесі ( билеу құқығы ) болмай, оған тек өзінің басқару шешімдері арқылы ғана әсер етеді. Біздің жағдайымызда, керісінше, министрліктер меншік иесі де ,билеуші де, басқарушы да болып келді.

1929-1933 жылдардағы  әлемдік жойқын құрылымдық дағдарыс мемлекеттік реттеу деңгейі төмен экономиканың өмір сүру шектерін көрсетті. Сол кезде үкімет басына келген АҚШ-тың президенті Ф.Д.Рузвельт ғалымдардың алдына Америка экономикасын әлемдік дағдарыстың салдарынан кепілді қорғайтын механизмді жасау міндетін қойды. Сол жылдар Дж.М.Кейнс жасаған капиталистік экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы мемлекеттің рыноктық құрылымдардағы қайшылықтарды бәсеңдеткіш ролін айқындап берді.

 

 

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

Дағдарысқа қарсы шаралардың әлемдік тәжірибе жинақтаған бірінші кезекте, мемлекеттің тікелей араласуымен атқарылатын түрлеріне мыналар жатады:

  • Өндіріс және қызмет көрсету салаларының ішінен ең маңызды бағыттарды таңдау және оларға тікелей мемлекеттік қолдау көрсету;
  • Толық экономикалық дербестікке ұмтылатын шаруашылықтарды тікелей қаржыландырудан бас тарту және оларды бірінші кезекте сауықтыру мақсатында салықты азайту т.с.с. жеңілдіктер беру;
  • Жергілікті орындарға жаңа экономикалық құрылымдарыды (биржа, коммерциялық банк, сауда үйлері, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, фермерлік шаруашылықтар т.б. ), қолдау үшін кеңейтілген өкілдіктер мен мүмкіндіктер беру;
  • Территорияда жиналған салықтың бір бөлігін нақты іс-қызмет түрлерін ынталандыруға беруді заңдастыратын жүйе жасау;
  • Қалыпты кәсіпкерлік іс-қызметті қамтамасыз ету үшін заңдылықты қорғау мемкемелерін түгел жұмылдыру;
  • Жаңа, бәсекелі өндірістерді қалыптастыру үшін оларға ұйымдық және қаржылай көмектесу;
  • Еңбек рыногының жағдайын тиянақты түрде зерртеу және еңбекпен қамтамасыз етудің тиімді саясатын жасау.

Мемлекет заңдары  өздігінен өмір сүрмейді, олар қоғам  дамуы деңгейінің көрінісі болып  табылады. Саяси және экономикалық егемендікке ие болған Қазақстан  үшін жаңа заңдар қабылдап, оны қоғамдық дамудың бар саласында басшылыққа алу уақыт талабы.

МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК

Мемлекеттің кәсіпкерлік  іс-қызметіне оның толық не жартылай қатысуымен атқарылатын экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі нысандары  кіреді. Олардың арасынан, мемлекеттік  меншікті, жекелеген кәсіпорындар қызметіне мемлекет капиталының қатысуын, мемлекет мүддесін жүзеге асырудың басқа да формалары мен тәсілдерін бөліп көрсетуге болады.

Қазақстанда мемлекеттің  үлесін 30-40%-ке төмендету көзделіп, көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік  негізге көшуі жобалануда. Мемлекетке жалпыұлттық мәндегі кәсіпорындар тиесілі болады ( темір жол, электроэнергия, өңдеуші және жекелеген дайындаушы өндіріс салалары және т.б.). Мемлекеттік сектордың басты міндеті өте жоғары пайда табу емес, негізінен өз кәсіпорындарының тиімділігін барынша жоғары дәрежеде сақтау және мемлекеттік емес сектордың тиімді жұмыс атқаруының жалпы бағыттарын белгілеу мен жеке капитал игере алмайтын өндіріс орындарының іс-қызметін қалыптастыру. Бұрынғы КСРО-дағы және Шығыс Еуропа, Қытай т.б.  елдердегі социалистік экономиканың салыстырмалы төмен тиімділігі мемлекет секторының болуынан емес, оның толық мемлекеттендірілу себептеріне байланысты болған. Қоғам мен жеке мүдделердің табиғи қайшылықтары бұрынғы социалистік елдерде мемлекет тарапынан өз шешімін таппады.

Бұл елдерде  экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында әртүрлі әсер ету формалары мен  әдістерін қолдаудың орнына жалпымемлекеттік экономикалық мүдделерді сыңаржақ әсірелеу басым болды. Мұның өзі азаматтардың жеке мүдделерін елемей, тіпті оларды басып-жаншу арқылы мемлекет иелігіндегі материалдық және рухани игіліктерді бейжай (пассивті) тұтынушыларға айналдырды.

  Сондықтан, өтпелі кезең үшін ең маңызды міндеттердің бірі отандық және шетелдік тәжірибені зерттеп, ұлттық гүлденудің негізі болатын, жеке меншік сектордың үдемелі дамуын қаматамасыз ететін мемлекеттік ықпал ету механизмін жасау қажет.

Мемлекеттік капиталдың қатысуы ең алдымен акционерлік  қоғамдарға байланысты қарастырылуы тиіс. Ал акционерлік қоғамдар болса, беймемлекеттендіру процесі барысында немесе әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындардың өз еркімен бірігу жолымен пайда болады.

Осындай жағдайларда  ғана мемлекеттік кәсіпкерлікті  қалыптасқан өндірісте ғана емес, сонымен қатар жаңа құрылымдарды қолдау шараларымен де үлестіруге болады.

Информация о работе Нарықтың мәні