Нарықтың мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:46, курсовая работа

Описание

Құн заңы тауарөндірушілерді саралайды, нарықтың бәсекелестік және еңбектің қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыздандыру деңгейінен тауар өндіруге өзіндік қамтамасыздандырудан ауытқушылық әсерінен әлеуметтік қабаттануды жүргізеді. Құн заңы шағын, орта және ірі өндірістің бірігуін жақсы қарсы алады, бірақ бәсекелестік барысында әлсіздер шаруашылық дербестігін жоғалтып, ірі, әрі қуаттылардың құрамына кіреді.

Содержание

Кіріспе.

1. Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық – тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде
1. 1. Нарық түсінігі және оны әртүрлі белгісіне қарай классификациялау
1. 2 Нарықтың жіктелуі.
1. 3 Нарықтың атқаратын қызметтері мен функциялары.
2. Нарықтық экономиканың турлері, субъектілері және инфрақұрылымы
2.1. Нарық түрлері
2,2 Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілері.
2. 3. Нарықтық инфрақұрылым
2.4. Нарықты реттеу тәсілдері

3. НАРЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ
2. 3. Нарықтың түрлері.
2. 4.Нарық эконмикасы ұғымы.
3. Нарықтың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары, нарықтық экономика институттары, нарық және мемлекеттік басқару
3. 1. Нарық артықшылықтары
3. 2. Нарық жетіспеушіліктері
3. 3. Нарықтық экономиканың институттары
3. 4. Нарықты мемлекеттік басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Копия Нарықтың мәні курсовой.doc

— 223.50 Кб (Скачать документ)

 

Шетелдік инвестициялар  мен мемлекеттік реттеу

 

Шетелдік инвестицияларды  тарту ісі мемлекеттен нақты  қолдау табуы тиіс. Инвестициялық  қаржыларды ел экономикасына қатыстыру  әртүрлі нысанда жүзеге асырлуы  мүмкін,оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап,кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымастырылуы да мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

Біздің экономикаға  ірі инвестицияларды келтіру  үшін бірнеше шарттарды орындау  қажет. Біріншіден,мемлекет шетелдік инвестицияларға  қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден,мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасау керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.

Ал әлемдік  тәжірибе болса, дамыған рыноктық экономикалардың шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді,ХХ ғасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд.доллар. тең өндірістік қорларды иемденді. Бұл соманы көзге елестету үшін Австралия сияқты дамыған елдің жалпыұлттық өнімнің құнымен тең десек те жеткілікті. Бұл, әрине, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка бизнесмендері 80%-тік шетел капиталының ел экономикасына құйылуын белсенді түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бұл жағдай толық қолдау табуда.

 

Рыноктық қатынастардың  қалыптасу ерекшеліктері

Қоғамдық  өзгерістер қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Ол үшін түбірлі экономикалық реформалар мен эксперименттер жүргізу уақыт  талабы. Сондықтан әлеуметтік экономикалық жағдайды күрт жақсарту үшін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа тәсілі қажет. Шынында, егер өте үлкен елде, табиғи және еңбек ресурстарының өте зор қоры мен жоғары интеллектуалды потенциалы болып, бірақ керекті нәтижелері болмас, оның себебін қоғамдық жүйенің өзінен іздеу керек. Осылайша объективті жағдайлардың, адамдар санасына ықпалы өте үлкен болғандықтан, өмір сүріп отырған қоғамдық жүйені өзгертуге қолайлы мүмкіндіктер туды.

Өтпелі кезеңнің негізгі мәселелері мен сипаты.  Рыноктық құрылымды қалыптастыру

Бұрынғы  КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру, әкімшілдік-әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Көп партиялы саяси жүйе қалыптасуды, сөз бостандығы, баспасөз, митинг, шеру жасау бостандығы мен басқа да демократиялық қоғамға тән құбылыстар қоғамдық өмірімізде орын алуда. Экономика саласында негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, кооперативтік, жалгерлік, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең көптеген күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл ішінде дағдарыс одан әрі тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның саяси өміріне , ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль, өмірдің барлық салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Дағдарыс экономика бір бүйірден қысса, экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтік тұрмысын одан әрі қарай тереңдетіп жүргізу үшін ірі мемлекттік шаралар кешенін барлық салалар бойынша жасап, іске асыру қажет.

Өтпелі кезеңде  қандай негізгі мәселелер шешілуі  керек? Бұл – жекешелендіру, макроэкономикалық тұрақтандыру, кәсіпкерлікке ынталандыру, шекараларды импорт үшін ашу. Ең негізгісі – халықтың тұрмысы төмен топтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік саясат ұстану. Рыноктық құрылымдарды қалыптастыру. Рынок қоғам дамуының өзіндік мақсаты емес, тек қана құралы.

Елімізде рынокты  дамытуға байланысты мақсат-мүдделеріміз қандай?

Бірінші мақсат – тауарлар мен қызмет көрсету  рыногын дамыту. Мұнда өндірістік тауарлар, қызмет көрсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Бір жағынан қарағанда, мұндай рынок жаңалық емес. Бірақ нағыз рынок - жай сатып алу мен сату ғана емес, ол – тауар өндіру мен қызмет көрсетуде – таңдау мүмкіндігі. Соңғысы тек қана өндірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын алады, әрі адамның табиғатына сәйкес, оның кең ауқымды қажеттіліктерін есепке алғанда ғана нәтижелі болады. Таңдау мәселесін шешу – тауарлар мен қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Бұл шарттар қажет, бірақ жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсолютті емес. Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керекті тауарды таңдау үшін білімі мен мәдениет деңгейі болу керек, әртүрлі ақпараттарға, жарнамаларға зер салып отыруға тиіс, ал бұл адамның маңызды қасиеттерінің бірі – таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, рыноктық қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей байланысты.

Екінші мақсат – финанс-қаржы рыногын қалыптастыру. Әңгіме, бұрын болмысымызға таныс  емес, ерекше бағалы қағаздар рыногы туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі  маңызды орын алып отырған осындай  бағалы қағаз рыногының мәніне, сол  елдердің тәжірибесіне сүйенбей баға беру қиын. Негізінде финанс рыногы – бұл рынок құрылымының биік деңгейі, оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі. Өтпелі кезең осындай рыноктықалыптастыру және сынақтан өткізу үшін керек, өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсызрыноктық экономиканың болуы мүмкін де емес. Бағалы қағаздардың шығарылуы мен еркін айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін куәландырып,олардың табысқа құқығын көрсету – зауыт, фабрикаларға, материалдық иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясын жоюдың қажетті шарттары. Басқаша айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай, меншік иесі де болып табылады. Бұл әлеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп қана қоймай, қоғамдағы әртүрлі топтарының жақындастырылыуына себеп болады. Сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретінде ақшаны қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.

Үшінші мақсат – жұмы күші еңбек рыногын қалыптастыру мен оны реттеу. Біздің жағдайымызда, бұл ең қиын және өте нәзік мәселе. Шыныда, ондаған жылдар бойы бұрынғы КСРО-да еңбек рыногы жоқ және болуы мүмкін емес деп уағыздалып келген еді, өйткені жұмыс күші өндіріс құралдарынан бөліп қаралмады, енді еңбек рыногын құру сөзсіз қажет болды. Бұл мәселе жақын болашақта өте актуальды болмақ. Еңбекпен қамтамасыз ету саласы мен жалпы рынок қатынастарын жете бағаламау, жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы негіздерін жан-жақты зерттемеу, нарық жағдайында еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты өлшемдерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп тіреді.

 

Қорытынды

Нарықтық экономикаға  көшуге орай, жұмысшы күшiнiң жұмыс  орнынан босану процесi өрiстеуле. Болшақта жұмыс орны кепiлдiк түрде анықталмайды, яғни жалдау нақты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнiмдiлiгiн  арттыруға, еңбеккерлердiң табысының өсуiне, ғылыми-техникалық прогрестi бiршама тежейтiн формаларды жоюға жол ашады.

Мемлекеттің міндеті  — еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша  жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.

Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа кезқарас бойынша жұмыс  күші тауар ретінде қаралуы керек. Олай болса жұмыс күшінің тұтыну құны және құны бар. Жұмыс күшінің  тұтыну кұны дегеніміз оның материалдық  және рухани игіліктерді өндіріп, қызмет көрсетуді атқару қабілеті. Жұмыс күші арқылы адам құн және қосымша құн өндіреді. Рынок қатынасында жұмыс күшіне сұраныс тауар өндірушінің сапалы өнім шығарып, оны сатудан пайда түсуімен белгіленеді. Сонымен жұмыс күшіне сұраныс проблемасы экономикалық өсумен тығыз байланысты. Әрине, мемлекет бұл процесті тікелей және жанама реттеуі мүмкін. Ол үшін экономика құрылымын қайта күру, перспективалық, стратегиялық күрделі қаржылар жұмсау көзделуге тиіс.

Көп укладты  экономикада жұмысшыны қабылдайтын  кәсіпорын оның жұмыс күшінің сапасына ерекше назар аударады. Осыған орай еңбекақы да белгіленеді. Жұмысшының еңбекақысының мөлшеріне түрлі факторлар әсер етеді, онын ішінде еңбек туралы заң, ұжымдық шарт, салық саясаты т. б.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

     1. К.Макконнелл,  С.Брю. “Экономик-с: принципы, проблемы и политика”. - М.:Республика, 1995.

     2. С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи. "Экономик-с". - М.:Дело, 1993.

     3. П.Самуэльсон. "Экономика". - М.:Машиностроение, 2003

     4. А.С.Булатов. "Экономика". - М.:БЕК, 2004

     5. Е.А.Туркебаев.  "Учебник  по  основам  экономической  теории".  - Алматы: Баспа, 1997.

     6. А.Я.Лившиц. "Введение в рыночную  экономику" . - М.:Высшая школа, 1994.

     7. Дж.Сорос.  "Советская система:  к открытому обществу". - М.:Политиздат, 1991.

     8. Б.Э.Бейлина. "Экономическая политика  партии и ее осуществление  в промышленности  СССР в условиях  развитого социализма".  - М.:Издательство  МГУ, 1980.

     9. К.К.Вавилов. "Развитой социализм  и управление". - Л.:Лениздат, 1980.

     10. С.С.Вечерский.  "Эволюция "концепции командности" в советологических оценках экономики СССР". - Л.:Издательство ЛГУ, 1991.

     11. Р.И.Хасбулатов. "Мировая экономика". - М.:ИНСАН, 2002

     12. Д.В.Валовой. "От застоя к развалу". - М.:Наука, 2004.

     13. П.А.Игнатовский, В.И.Щегловский. "Советская экономика: опыт и перспективы". - М.:Политиздат, 2001.

     14. "Не сметь командовать".  Под ред. Н.Я.Петракова. - М.:Экономика, 1990.

     15. "Трудный поворот к рынку". Научная. ред. Л.И.Абалкин. - М.:Экономика, 1990.

 

 


Информация о работе Нарықтың мәні