Несиелик тауекелдилик

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 18:49, дипломная работа

Описание

Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................................3
І. Қазақстандағы несие ТӘУЕКЕЛДЕР ТҮСІНІГІ
1.1 Несиелік тәуекелді басқару ..............................................................5
1.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы ..........................................8
ІІ. Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тәуекелді бағалауы
2.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді сақтандыру, басқару және бағалауы.................................................................................................................14
2.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі..19
2.3. Қарыз алушының тәуекелге бел бууы ...............................................22
Қорытынды.......................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер........................................................................32

Работа состоит из  1 файл

Несиелик тәуекелділік БАЙМУХАНОВА.doc

— 234.50 Кб (Скачать документ)
  • Банктердің берген несиелері
  • Ипотекалық компаниялардың берілген несиелері бойынша талап ету құқығын сатып алу
  • Ипотекалық облигациялардың шығарылуы.

         2003 жылы қараша айында Қазақстан  ипотекалық компаниясының қоры  құрылды.

         Ол дербес қаржы институты  долып табылады, ол несие беруші банктерден ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша талап ету құқығын алады, әрі осы құқықтармен қамтамасыз етілген ипотекалық бағалы қағаздарды шығарады.

            Компанияның негізгі функцияларына  мыналар жатады:

  • Несие берушілерді белгіленген стандарттар мен талаптардың негізінде ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғынт үй несиесі бойынша талап етудің құқықтарын сатып алу жолымен қайта қаржыландыру;
  • тікелген немесе өзгермелі сыйақы мөлшерлемелермен ипотекалық бағалы қағаздарды шығару;
  • тұрғын үй несиесі саласына инвесторлардың қаражатын тарту
  • ҚР Ұлттық Банкпен несие беруші банктердің қаржылық жағдайы туралы ақпараттар мен қамтамаысз ету турасында келісімді бекіту;
  • Банктер үшін ипотекалық несиелеу бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу;
  • Ипотекалық тұғын үй несиесі бойынша консалтингтік қызмет көрсету және ипотекалық несие опрацияларын жүргізудің тәуекелі төмен әрі оңтайлы тәжірибесін еңгізу үшін несие бершілерге ықпал ету;

        Компания несие беруші банктердің  ипотекалық тұрғын үй несиесі  бойынша ұсынған мәліметтерін  талдауды ипотекалық тұрғын үй несиесінің сапасын тексеруді жүзеге асырады және қарыз алушылар жөніндегі ақпараттарды алу туралы мемлекеттік және басқа да органдармен келісімді бекітеді,сондай-ақ ипотекалық несиелеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды жүзеге асырады.

        Бұл қордың негізгі міндеті  – ипотекалық несиелер бойынша  мерзімнің өсуі, олардың пайыз  ставкаларының төмендеуі, несие  мөлшерінің көбеюі болып табылады. Қордың ең алғашқы қатысушылары  «Альянс банк АҚ», «БТА ипотека»  АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ болып табылады.

        Коммерциялық «Альянс банк» ипотекалық несиелерді кепілдендіру жүйесінің алғашқы қатысушысы болып отыр. Бұл-2007 жылға дейінгі тұрғын үй құрлысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын меңзейтіндіктен де аса маңызды болмақ. Ипотекалық несие немесе ипотека – бұл Қазақстанның кез келген азаматы үшін сатып алынатын пәтерді кепілге қойып, тұрғын үйді сатып алға несие алудың бірден-бір мүмкіндігі. Басқаша айтатын болсақ – сіз жаңа пәтеріңізге қоныстанып, бірте-бірте тұрғын үй үшін несиені өтеп отырасыз. Бүгінгі таңда біздің азаматтарымызда өздерінің түрғын үй мәселелерін Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры мен шешуге мүмкіндігі пайда болды, әрі ол банктердің несиелік тәуекелдерін бөлу арқылы берілетін ипотекалық несиелер бойынша шарттарды жеңілдетеді.

     Соңғы жылдарда ипотекалық несиенің көлемі тез өсіп келеді, 1 – кесте арқылы көре аласыздар.  

     Ипотекалық  компаниялардың несие қоржынын жіктеу.

     Мың тенге,кезеңнің соңына 
 

  12.06 01.07
Негізгі борыш Нақты құрыл-

ған провизиялар

Негізгі

борыш

Нақты құрылған провизиялар
көлем үлесі % көлем үлесі % көлем үлесі % көлем үлесі %
Барлық  несиелер 12521843 100,0 29904 100,0 1318227 100,0 39069 100,0
1.Стандартты 12400030 99,0 0 0,0 13064197 99,1 0 0,0
2.Күмәнді 115980 0,9 24071 80,5 110488 0,8 32587 83,3
-1санат  төлемдер

уақытылы және толық төленген жағдайда

0 0,0 0 0,0 0 0,0 0 0,0
- 2санат-толық  төленбеген жағдайда  43779 37,7 4378 18,2 44524 40,3 4452 13,7
- 3санат-толық  төленген жағдайда 0 0,0 0 0,0 0 0,0 0 0,0
- 4санат-толық  төленбеген жағдайда 65631 56,6 16408 68,2 19628 17,8 4907 15,1
-5санат 6570 5,7 3285 13,6 46336 41,9 23168 71,2
3. Үмітсіз 5833 0,1 5833 19,5 6542 0,1 6542 16,7
 

     Дерек көзі: ҚР қаржы нарығын қаржылық ұйымды реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі.

     Банк  аралық несиелер есепке алынды.

        Компания жобасының шеңберінде  ипотекалық несиелеудің негізгі  бағыты ұлттақ валютада – тенгеде несие беру. Валюта түрі бойынша ипотекалық несиенің құрылымы өте маңызды. Ұлттық валютада несиені алу халықтың өз валютасына сенімділігін куәландыру. Әр аудан бойынша ипотекалық несиенің құрылымын 2 – кестеден көре аламыз.

     Халыққа ипотекалық несие беру, аудандар бойынша

     Млн.тг кезеңнің соңына  
 
 
 
 

ҚАҢТАР 2005ж
Барлығы Қысқа мерзімді Ұзақ  мерзімді
Ұлттық

валютада

Шетел валютада Ұлттық

валютада

Шетел валютада
Барлығы 3455 357 88 7054 23957
Оның  ішінде

Астана қаласы

4768 181 2 737 3848
Алматы  қаласы 15124 157 67 4323 10578
Ақмола 166 - - 70 96
Ақтөбе 2616 1 - 156 2459
Алматы 51 1 0 21 30
Атырау 1166 1 5 138 1022
Шығыс Қазақстан 1419 1 0 350 1068
Жамбыл 316 1 0 146 169
Батыс Қазақстан 782 13 1 57 712
Қарағанды 1095 0 4 90 1000
Қостанай 674 1 4 241 428
Қызылорда 85 - 0 31 54
Маңғыстау 930 0 3 127 799
Павлодар 763 0 0 183 580
Солтүстік Қазақстан 300 0 - 70 230
Оңтүстік  Қазақстан 1199 - 1 316 883
 

       Компания өз қызметінің алғашқы кезеңінде негізінен пайыздың мөлшерлемесі

     бар, өтелу мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі  уақытты қамтитын несиені сатып  алады. Мұнда несие бойынша сыйақының  мөлшері 3 жыл мерзіміндегі несие бойынша жылына 13,9 пайыздан 10 жыл мерзіміндегі несие бойынша 18,8 пайызға дейін құрады.

        Несиенің ең аз шамасы 3000 АҚШ  долларының шамасында болды, ең  көп шамасы 4,5 млн теңгеден аспауы  керек. Айрықша жағдайларда ғана  ипотекалық тұрғын үй несиесінің ең көп шамадағы сомасы компанияның шешімі бойынша 100 мің долларға дейін жоғарылай алады. Сонымен, пәтердің құны 4300 доллардан 43000 долларға дейін бола алады.

        Бүгінгі таңдағы Қазақстан Ипотека  компаниясының серіктестері: «БТА-Ипотека» ААҚ, «Алматы Сауда – Қаржылық Банкі» ААҚ, «ЦентрКредитБанкі» ААҚ, «Казкоммерцбанк» ААҚ, «Нұрбанк» ААҚ және «Астана – Финанс» банктік емес ұйымы «Аладин», «Хромы – Еstate», «Недвижимость – Алматы», «ЦКН – Ипотека» жылжымайтын мүлік агенттіктері. Бұл банктердің Қазақстан Ипотека Компаниясы жағдайында ипотака берумен қатар өздерінің ипотакалық несие пакеттеріне ие. Кейбір банктер компанияның серіктестері болып табылмаса да, ипотекалық несиені беруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында әр түрлі ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруда ең көп тәжірибе жинақтаған банк «Тұрғын үй құрлыс банкі» АҚ.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІ. Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тәуекелді бағалауы

     2.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалау 

       Жалпы банк табысты берген  несиесіне байланысты: оның сапасы, қайтарылымдылық деңгейі, т.б.  Несиенің өз уақытында қайтарылмауы  банктің зиян шегуіне немесе  банкроттыққа алып келеді. Несиелік  тәуекелді неғұрлым төмендету  несиелік мекемелер қызметін  басқарудағы басты міндет.

         Несиелік тәуекел – қарызгердің  несиелік келісіміндегі мерзім  мен жағдайларға сәйкес кредиторға  деген өз міндеттемелерін орындамаудың  ықтималдығы, яғни қарыз алушының  банктен алған несиесі бойынша  қарызын немесе оған есептелінген  сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

         Банк тәжірибесінде несиелендірумен  байланысты несиелік тәуекелдің  пайда болу себептері мен проблемаларына  тоқталайық:

         Пайда мәнінің өсті деп ойлауы. Несиелік портфель пайда алудың негізгі көзі. Пайданы өсіруге деген құштарлық кей жағдайда тәуекел жоғары немесе банке тиімсіз шарттармен несие беруіне алып келеді, яғни ойланбай берілген несиелер одан алатын табысына қарағанда өте қымбатқа түседі.

         Қарыз алушы туралы толық емес жіне сенімсіз ақпарат. Қарыз алушының қызметі туралы толық емес ақпарат күмәнды несиелерді тудыруы мүмкін. Әрбір несие қызметкері клиент туралы несие тарихын бүткіл құжаттарын тексере отырып жасауы тиіс.

         Несиелік келісімнің қанағаттандырылмауы. Несиелік келісім құқықтық жағынан өте жоғары деңгейде толтырылуы тиіс. Банкте несиелік келісім болған күнде де ол негізгі қарыз сомасының өтелмеуінен зардап шегуі мүмкін.

         Тәуекелмен байланысты проблемалық  ссудалар. Проблемалық ссудалар  бойынша әр банк несиелендіру принципі мен нормаларынан ауытқып отырады, сондықтан банк проблеммалық ссудаларды дұрыс таңдауы тиіс.

         Нашар мониторинг.Бастапқыда берілген  несиелер стандарты болады,кейіннен  олар қанағаттанарлықсыз немесе  күмәнді болады. Бұл несие қызметкерлері тарапынан несиені дұрыс бақылау жасамауынан болатындықтан олар несиелік талдауда жоғары деңгейде жүргізе алатындай мамандандырылуы тиіс.

         Несиелік тәуекелді басқару –  оны минимизациялау процесі болғандығтан  осы процестің міндеттері:

  1. Несиелік тәуекелді бағалау және талдау. Тәуекелді талдау ағпаратының алғышартынын бірі сәйкестендіру. Банк әр түрлі ақпараттар алуңа қажетті шығындарға да көңіл бөле отарып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы тиіс.
  2. Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел көлемін өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандықсипатта анықтау нақты тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және потенциалды шығындар көлемін бағалауға көмектеседі.
  3. Несиелік тәуекелді басқару. Тәуекел мөлшерін және түрін анықтағаннан кейін оны басқару стратегиясы мен әдістемесін дайындау керек. Бұл процесс несиелік тәуекелдің пайда болуын ескеруге және банктің өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарының алдына алуына бағытталуы тиіс.
  4. Несиелік тәуекелді басқарудың тиімділігін басқару. Несиелік тәуекелді басқару бойынша жүргізілетін шаралардың нәтижесі әр дайым бақылануы тиіс. Бақылау болжамдалған көрсеткіштерден тәуеклдің ауытқу себебін табуға және талдауға көмектеседі. Тәуекел мөлшері және көлемі уақыт сайнн өзгеріп отыратындықтан бақылау немсиелік қатынас кезеңіндегі клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын және бағасын, кепілін анықтауға көмекткседі.

Информация о работе Несиелик тауекелдилик