Несиелик тауекелдилик

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 18:49, дипломная работа

Описание

Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................................3
І. Қазақстандағы несие ТӘУЕКЕЛДЕР ТҮСІНІГІ
1.1 Несиелік тәуекелді басқару ..............................................................5
1.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы ..........................................8
ІІ. Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тәуекелді бағалауы
2.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді сақтандыру, басқару және бағалауы.................................................................................................................14
2.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі..19
2.3. Қарыз алушының тәуекелге бел бууы ...............................................22
Қорытынды.......................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер........................................................................32

Работа состоит из  1 файл

Несиелик тәуекелділік БАЙМУХАНОВА.doc

— 234.50 Кб (Скачать документ)

        Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз  алушының қаржылық жағдайының  нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.

        Нақты ақшалар тасқыны мынадай  түрде анықталады:

     Нақты ақшалар = Таза пайда + Амортизация тасқыны + Кредиторлық қарыз – Тауарлы материалды құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз.

        Бұл формуланың артықшылығы – онық көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алшының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.

        Қамтамасыз етуі. Сондай-ақ банк  қарыздың қамтамасыз етілуі, яғни  оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның өтімділік дәрежесіне мән береді.

        Экономикалық жағдай. Несиеге деген  өтінішті қарау барысында банк  жалпы шарт негізінде елдегі  іскерлік жағдай және оның  банк жұмысына, сол сияқты қарыз  алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық конъюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға жәнет.б. карастырыды.

        Бақылау. Қарыз алушының несиелік  қабілетін бағалаудағы соңғы  факторға бақылау жатады. Мұнда  өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген сұрақтарға жауап іздейді.

        Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік  тәуекелді бағалауда мынадай  көрсеткіштер қолданылыды:

  1. Активтер сапасындағы коэффициенттер:

     а) к1 – несие бойынша зияндар/несие бойынша қарыздың орташа сомасы;

     ә) к2 – несие бойынша зияндар/несиелердің  жалпы сомасы;

        Екі коэффициентте (к1 және  к2) банктердегі активтердің сапасын  бағалау үшін пайдаланылыды. К1-дің  критериалды деңгейі Солтүстік  Американың банктері үшін 0,5 – 1,0%, ал к2-кі 0,7 – 1,5%. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) к1 коэффицентінің деңгейі 1,5 – 2,0%. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несиелеу сферасындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несиелер бойынша көптеп шығымдануы кезеңінде к1-дің мәні 1%-ға жуық болған. Ал қазіргі кезде Американдық банктерде к1 шамамен 0,45 – 0,6%-ды құрайды 
 

            Таза  пайыздық табыс – Несие бойынша  зиян

1.Тәуекелге, шағылған маржа (RAM) =  

                                                                          Активтер

     Тәуекелге, шағылған маржа (RAM – risk adjusted margin), бұл несиелік тәуекелге шағылған жалпы паиыздық маржа (GIM – gross interest margin). Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен де шетелдік банктер оны несиелік тәуекел деңгейін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде стстистикалық міліметтер, оны оңтайлы мәнінің 3-3,5%-ды құрайтынын куәландырыды.

                                             Таза пайыздық табыс (NII)

      Таза пайыздық маржа =    

                                                      (NIM) Активтер

                                                        Таза пайыздық табыс + Басқа да табыстар         Жалпы  пайыздық  маржа (RAM) =    

                                                                          Активтер

     2.Проблемалық  несиелер / Несиелердің жалпы сомасы.

     3.Бір  қарыз алушыға келетін несие  / банктің меншікті капиталы.

        Халық аралық банктің тәжірибеде  банктердің бір қарыз алушыға  келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25%-нан аспауы тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.

     4.Банкпен  тығыз байланысты қарыз алушыларға  берілетін несиелер/ Банктің меншікті  капиталы.

        Банкпен тығыз байланысты қарыз  алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей байланысты болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.

        Несиелерді сапасына қарай топтау  және талдадың маңызы бар. Несиенің  сапасы деп сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесі айтылады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал (несие сапасы қаншалықты жағары болсы, солғұрлым оның қайтарылуы күмәнсіз және керсінше) болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктің несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы бұл банктің берген несиелері бойынша анықталатын нақты шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы (соның ішінде, тұтыну, ипотекалық және басқа ) бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.

     Несиелік  тәуекелді басқару, реттеудің негізгі  әдістеріне мыналар жатады:

  • Несиелік портфелді дивесификациялау;
  • Қарыз алшының төлем қабілетін алдын ал талдау;
  • Несиелік тәуекелді жабуға арналған резерв құру;
  • Несиелік портфельдің оңтайлы (банк үшін) құрылымын талдау және қолдау;
  • Несиелердің қамтамасыз етілуін және олардың мақсатты пайдалануын талап ету;

        Несиелердің қайтарылмауынан зиян  шегу - кез-келген банк қызметінің  қашса құтылмайтын үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б. жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.

        Американдық банктік тәжірибе несиелік процестегі проблемалық несиелерді анықтауда 25 белгіні қолданады: Қарыз алушының тарихына байланысты белгілер:

  • Таяу арадағы қарыз алушының қаржылай тұрақсыздығы;
  • Қарыз алушы туралы ақпараттардағы алшақтық және қарама – қайшылық;

     Қарыз алушының жетекшілері мен басқармасына қатысты белгілер

  • Қарыз алушының серіктестерінің тұрақсыздығы;
  • Басшыларының моральдық сапасының төмендігі;
  • Серіктестер арасында, компанияны иеленушілер, отбасы мүшелері арасындағы билік үшін күрестің болуы;
  • Басшылардың жиі ауысуы;
  • Басшылардың салмақсыздық мінезі;
  • Қарыз алушының басшысының несиелік процесті жеделдетуге банк қызметкеріне қысым жасауға ынталы болуы;

     Қарыз алушының өндірістік қызметін көрсететін «белгілер»:

  • Қарыз алушының жабдықтаушылары мен сатып алушылар ортасының өзгеріссіз болуы;
  • Қарыз алушының өз алашақтарына жасайтын бақылауының әлсіздігі;
  • Қарыз алушы саласының сол уақыттарда проблемалық салаға жатуы;
  • Балансты жүргізудің қысқаруы, яғни актив және пассив баптарының толық берілмеуі;

     Несиелеуді  ұйымдастыруға қатысты «белгілер»:

  • Қарыз алушының несиені сұраудағы нақты мақсаты болмауы;
  • Қарыз алушыда несиені қайтаруда анық бағдарламаның болмауы;
  • Несиені өтеудегі резервтік көздерінің болмауы;
  • Несие берілетін мақсатына қарыз алушы тарапынан материалдық қамтамасыз етілмеуі;
  • Қарыз алушының несиелік өтінішінің негізсіздігі;
  • Қарыз алушы несиені акционерлік капиталын кепілге Бере отырып сұрауы;
  • Несиенің ең бастысы, өндіріске емес, айналыс аумағына бағытталуы;
  • Несиенің қайтарылу мерзімі жеткілікті негізделмеуі;

     Белгіленген нормалардың ауытқу белгілері:

  • Қарыз алушының шаруашылық қызметі туралы есеп беру мәліметінің есебінің бұзылуы;
  • Банк шоттарын жүргізу тәртібін нормалардан ауытқуы;
  • Несиелеу шартының қайта қаралуы; несиенің қайтарылу схемасындағы өзгерістер; несиенің мерзімінің мерзімін созу туралы өтініштің болуы;
  • Қарыз алушының шаруашылық – қаржылық көрсеткіштерінің жоспардағыдан немесе күтілетін көрсеткіштерден ауытқуы,
  • Қарыз алушының есеп және бақылау жүйесіндегі ауытқуы,

        Бұл аталған «белгілер» банкті  сақтандыра отырып, мерзімі өткен  несиелердің алдына алуға немесе  олардың пайда болуын анықтап  беруге мүмкіндік береді. Егер  де банк күмәнді несиелерді  анықтап білсе, онда несиелердің  өтелуіне бағытталатын әрекет  ету бағдарламасын қолданады. Көптеген жағдайда қарыз алушы әлі де болса, өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін жоғалтпаған жағдайда банк несиелік келісімшарттарды өзгерту туралы сұрақтарды қарастырады. Жаңа шарт несиені қайтару кестесіне бағытталып, банк пен қарыз алушы арасындағы басты мақсат – проблемалық несиелерді жою жолында, өзара келісілген іс-әрекеттерді қарайды. Сонымен қатар, американдық коммерциялық банктердің күмәнді несиелерді анықтау және жою жұмысы әр түрлі кезеңді қамтиды:

     Бірінші кезеңде банк және қарыз алшы нағыз серіктестер ретінде ірекет етеді. Олар жаңаша келісім жасай отырып,қарыз алушыға несиені өтеудегі мерзімінің кешіктірілуіне мүмкіндік беріледі.

        Егер қосымша жасалған келісім  нәтиже бермесе, яғни қарыз  алушының қаржылық жағдайы жақсармаса және несиенің өтелуіне көз жеткізу мүмкін болмаса, онда банк келесі кезеңге – қамтамасыз етілген мүлікті сатға көшеді. Қамтамасыз етілген мүлікті сату – бұл несиенің қамтамасыз ету туралы келісімшартына байланысты банктің ол мүлікті нақты ақшаға айналдыру процесін білдіреді. Қамтамасыз етілген мүлікті аукцион және басқа да жолдамен сату несиені қайтарудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бірақ бұл жерде көптеген кедергілер болуы мүмкін. Өйткені, қамтамасыз ету мүлкінің сату бағасы нарық жағдайына сәйкес ауытқуы мүмкін.

        Бұл жерде оны бағалау нарықтық  переспективаларды есепке алынып  жүргізілуі тиіс. Егер қамтамасыз  ету құралы, проблемалық несиені  қайтаруға толық мүмкіндік бермесе,  үшінші кезең – несиені сот  арқылы іздеу жұмысы жалғасады. Сот қарыз алушының банктік міндеттемелері бойынша жауап беруін талап ету туралы шешім шығарады. Сот сондайақ банке қарыз алушының қандай табыс көздері мен активтері арқылы несиені қайтаруына болатынына көмектеседі.

        Сот шешімінің орындалуын банк  әр түрлі формада таңдап жүзеге асыра алады. Бұл проблемалық несиемен жұмыс жасаудың төртінші кезеңі болып табылады. Сонымен, таңдау жолдары мынадай:

  1. Борышқордың мүлкін тіркілеу туралы сот шешімінің орындалу жолында қарызды қайтару.
  2. Тіркелген мүлікті баспасөз беттеріндегі аукциондар арқылы сату.
  3. Борышқордың үшінші бір тұлғадағы қаражаттарына тыйым салу.
  4. Банкке тұрақсыз борышқордың мүлкін басқарушы тұлға ретінде мәртебе беріледі.

        Мерзімі өткен несиелермен жасалатын  банк жұмысының нәтижесі борышқардың  банкроттығы болып табылады. Бұл бесінші кезең. Банкроттық – бұл күмәнді несиелерге қолданылатын соңғы шешім құралы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды 

        Жоғарыда айтып кеткендейкез-келген  елде несие жүйесін ұйымдастыру  басты және өзекті мәселелердің  бірі болып табылады. Біздің еліміздің несие жүйесін дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып жасауда. Оған дәлел ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар. Терең экономикалық өзгерістер әлемдік қауымдастыққа ену мемлекеттің несие жүйесін сәйкес түрде өзгертті.

        Қазіргі несие жүйесі күрделі,  әрі көп буынды құрылым. Егер несие мекемлерінің клиенттерге көрсететін қызметтүрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен құрылады. Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несие – қаржы институттары. Бұл институттардың коммерциялық банктерден негізгі өзгешелігі – халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялақ банктер өз пассивтерін негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту арқылы құрастырады. Біздің мемлекетте «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы бойынша банк емес мекемелерге депозиттер қабылдауға қатаң тиым салынған, сондықтан Қазақстанда

Информация о работе Несиелик тауекелдилик