Несиелик тауекелдилик

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 18:49, дипломная работа

Описание

Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................................3
І. Қазақстандағы несие ТӘУЕКЕЛДЕР ТҮСІНІГІ
1.1 Несиелік тәуекелді басқару ..............................................................5
1.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы ..........................................8
ІІ. Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тәуекелді бағалауы
2.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді сақтандыру, басқару және бағалауы.................................................................................................................14
2.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі..19
2.3. Қарыз алушының тәуекелге бел бууы ...............................................22
Қорытынды.......................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер........................................................................32

Работа состоит из  1 файл

Несиелик тәуекелділік БАЙМУХАНОВА.doc

— 234.50 Кб (Скачать документ)

     Тікелей халықтан депозит жинақтайтын, банк емес институттардың кең таруы мүмкін емес.

        Белгілі болғандай, коммерциялық банктер әмбебап  коммерциялық банк және мамандандырылған коммерциялық болуы мүмкін. Бүгінгі таңда отандық тәжірибеде әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады. Дегенмен, соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады. Қазақстан Республикасында әр түрлі ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруда ең көп тәжірибе жинақтаған банк «Тұрғын үй ұүрлыс банкі» АҚ-ын айтуға болады. Халықтың баспана қажеттілігімен байланысты оның негізгі бағыты халыққа ипотекалық несие беру болып отыр. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында, ипотекалық бағдарлама бойынша 11700 пәтер салыну қажет деп айтылды. Бұл ипотекалық несие нарығының жылдам өркендеп келетінін баяндауы.

        2003 жылы қараша айында Қазақстан ипотекалық компаниясының қоры құрылды. Бұл қордың серіктестері: «БТА - Ипотека» ААҚ, «Алматы Сауда – Қаржылық Банкі» ААҚ, «ЦентрКредитБанкі» ААҚ, «Казкоммерцбанк» ААҚ, «Нұрбанк» ААҚ, және «Астана - Финанс» банктік емес ұйымы «Аладин», «Хоромы - Estate », «Недвижимость - Алматы», «ЦКН - Ипотека» жылжымайтын мүлік агенттіктері.

        Қазақстан банк жүйесінде банктің  тиімді жұмыс атқаруы үшін  проблемалық несиелер банктік  бөлімшесі ашылды. Бұл өз алдына, клиенттің төлем қабілетін бағалау, несиені алуға құжаттардың жеткілікті т.б. шарттарын зерттеп, алдында жіберген қателерді ашу керек. Ол осындай қателерді болдырмаудағы тәжірибе жинақтау және болдырмау, пайда болатын несиелерді қайтармаудың негативті экономикалық салдарын минимизациялау болып отыр.

        Айта кететін жайт, банктердің  қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі  болуға тиіс. Ең алдымен, мұның  меншік құрылымы мен аффилирленген  тұлғалар туралы мәліметтерге  қатысы бар. Банк қабылдайтын  шешімдерге елеулі ықпалы бар  барлық тұлғалар уәкілеті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек.Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмәлелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі қажет.                    
 
 

     Қолданылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444.
  2. Н. Назарбаев Қазақстан – 2030; Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы; Білім, - 1997. 176 бет
  3. Назарбаев Н.Ә. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы; Атамұра,2005. 48бет
  4. Қр Ұлттық банкі.Статистикалық бюллетень №1(110) қаңтар 2004.
  5. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ Алматы; Экономика 2006 – 328бет
  6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2004 – 246бет
  7. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары . Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2007 – 246бет
  8. Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер: Оқу құралы Алматы; Алматы экономика және статистика институты, 2005 – 165бет
  9. Ақша. Несие. Банктер: Оқклық/ Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Сғ Сейітқасымов. Алматы; Экономика, 2004 – 466бет
  10. Шаяхметова К:О: Банктік тәуекелдер; Оқу құралы, - Алматы: Қазақ университеті, 2007 ж
  11. Банки и банковские операции : Учебник/ Под. Ред Проф. Н.Ф.Жукова
  12. Банковское дело / Под. ред. О.М. Ловрушина. М Финансы и статистика,1998-576стр
  13. Кудрявцев В.А. Основы организации ипотечного кредитования. Москва:Высшая школа,2002
  14. Усоскин В.М. современные комерческие банки.М. 2005 – 320с.                                                      

Информация о работе Несиелик тауекелдилик