Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 15:04, курсовая работа

Описание

Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылған:
«бәсекеге қабілеттілік», «тәуекел» және «белгісіздік» санаттарына қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі көзқарастар дамуын қарастыру;
банктерде несиелік тәуекелдерді хеджерлеудің теориялық негіздерін зерттеу;
банктерде несиелік тәуекелді хеджерлеуді ұйымдастырудың жай-күйі, оның даму деңгейі және банк қызметіне ықпал етуін зерттеу;
нақты банк мысалында банк қызметінде кездесетін несиелік тәуекелдерді хеджерлеу қызметіне және саясатына талдау жасау;
жүргізілген теориялық және практикалық зерттеулер және талдаулар негізінде банк қызметіндегі несиелік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Несие тәуекелі мен оның ерекшеліктері................................................................5
2. Несиелік тәуекелді хеджерлеу..........................................................................19
3. Несие тәуекелділігін хеджерлеуді жетілдіру..................................................28
Қорытынды.................................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны курс.doc

— 346.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1.Несие тәуекелі мен оның ерекшеліктері................................................................5

2. Несиелік тәуекелді хеджерлеу..........................................................................19

3. Несие тәуекелділігін хеджерлеуді жетілдіру..................................................28

Қорытынды.................................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі:Несиелік тәуекелдерді хеджерлеу механизмін жетілдіру процесіне негізделеді. Бұл әсер банктік өзгерістер кезеңінде айрықша арта түседі.Несиелік тәуекелдердің даму басымдықтарын жоғары технологиялық салаларға ауыстырмай, олардың жедел модернизациясы мен дамуынсыз банктің дамыған банктер деңгейіне жетуі мүмкін емес. Бұл мәселені шешу банк ресурстарын, оның интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін мәнді шоғырландыруды, сонымен қатар елдің банк жүйесінің белсенді қатысуын талап етеді. Осы орайда тек мемлекеттік қаржылық институттардың тәуекелдерін басқару бойынша саясат қана емес, сондай-ақ банктердің тәуекелдерін хеджерлеу саясаты да бәсекеге қабілетті экономиканы тиімді модернизациялау үшін жағымды жағдайлар жасауға оңтайлы бағытталуы объективті қажеттілік болып табылады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, реттеуші мемлекеттік органдардың  бірқатар шешімдері банктік тәуекелдердің  бірқатары үшін қозғалтқыш бола алады. Сондықтан да, коммерциялық банктер  біріншіден, Ұлттық банк пен реттеуші органдардың әрекеттерін болжай алуы қажет, екіншіден, осы әсерлерді жоятын тәуекелдерді хеджерлеудің қажетті құралдарын иеленуі қажет, басқа жағынан коммерциялық банктер несие (депозиттік немесе өзге қызметтер) саясатының құралдарын таңдау кезінде мүмкін банктік тәуекелдер деңгейлерін жеткілікті түрде объективті бағалауы қажет.

Банктік тәуекел-менеджменттің  көптеген жекелеген мәселелерін  шешудің және ақша-несие саясаты  жағдайларының жеткілікті жоғары деңгейлеріне қарамастан, банктік тәуекелдерді хеджерлеудің қолданыстағы құралдарының әсерін бағалау мәселелері әрі қарай зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Сонымен бірге банктік  тәуекелдерді хеджерлеудің көптеген аспектілері  әлі де жеткілікті түрде зерттелмеген болып қалуда.

Курстық жұмыстың мақсаттары және міндеттері:Зерттеудің мақсаты – банк жүйесіндегі тәуекелдерді хеджерлеудің теориялық зерттеулері және Қазақстан банктарының қызметіндегі тәуекелдерді хеджерлеу қызметін талдау негізінде банктік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру тұрғысындағы инновациялық бағыттарды ұсыну.

Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылған:

  • «бәсекеге қабілеттілік», «тәуекел» және «белгісіздік» санаттарына қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі көзқарастар дамуын қарастыру;
  • банктерде несиелік тәуекелдерді хеджерлеудің теориялық негіздерін зерттеу;
  • банктерде несиелік тәуекелді хеджерлеуді ұйымдастырудың жай-күйі, оның даму деңгейі және банк қызметіне ықпал етуін зерттеу;
  • нақты банк мысалында банк қызметінде кездесетін несиелік тәуекелдерді хеджерлеу қызметіне және саясатына талдау жасау;
  • жүргізілген теориялық және практикалық зерттеулер және талдаулар негізінде банк қызметіндегі несиелік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру жолдарын ұсыну.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Банктің несиелік тәуекелдері

 

        Экономикалық қызметтің ең маңызды факторының бірі ретінде тәуекелдің рөлін даусыз мойындау экономикалык ой-пікірдің көпғасырлық дамуының бір қорытындысына айналды.

        Нарық ортасын тәуекелсіз елестету мүмкін емес. Демек, тәуекел проблемасы нарықтың әрбір субъектісінің қаржы жэне өндірістік қызметінің ең өзекті проблемасы болып табылады.

Банктер қаржылық ұйымдар  ретінде белгілі бір тәуекелдерге бейім болып келеді. Тәуекелдерді басқару құрылымы қызметтің белгілі  бір түрлерімен байланысты тәуекелдерді жылдам анықтау және бағалауға қатысты ұйымдастырылған. Банктің күн сайынғы қызметінің ажырағысыз бөлігі ретінде тәуекелдерді басқару процесі маңызды болып табылады. Тәуекелдерді басқару әлуетті қолайсыз факторлардың алдында банктің қаржылық әлсіз тұсын ескертуді қамтамасыз етуі тиіс.

«Тәуекел» деген термин қазіргі кезеңнің экономикалық тео- риясында өте жиі қолданылады, алайда тәуекел деген ұғымды әр түрлі түсініп, оған әр түрлі анықтама беруге болады. Тәуекелдің ең кең түсінігі келешекте сол немесе басқа оқиғаның болу қатысындағы белгісіздікті білдіреді. Ал тәуекелдің нақты анықтамалары жөнінде айтатын болсақ, онда оған әдетте экономика саласы, шаруашылық немесе қаржы қызметінің сол немесе басқа аясы ықпал етеді.

Банк қызметіне тән  негізгі тәуекелдерге мыналар жатады:

- несиелік тәуекел;

- валюталық тәуекел;

- өтімділік тәуекелі;

- нарықтық тәуекел.

Тәуекелдерді басқарудың әрекетті және тиімді жүйесінің болуы  Банктің пікірінше қажеттілік болып  табылады. Оны қамтамасыз ету үшін Банк тәуекелдерді басқарудың негізгі  қағидаларын анықтаған. Олардың мақсаты банкті бар тәуекелдерден қорғау және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады.

Несиелік тәуекел –  бұл кредитордың несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие  бойынша негізгі қарыз сомасын және (немесе) ол бойынша есептелген сыйақы сомасын қайтарып ала алмау ықтималдығы.

Әкономикалық әдебиетте несие тәуекелі ұғымының түсінігін кеңейтетін көп анықтама қолданылады, алайда олардың барлығы бір-бірімен ұқсас. Қазақстандық ғалымдар казіргі кезеңде несие тәуекеліне, оның тегіне қатысты тақырыпқа ерекше көңіл бөледі.

Отандық экономист-ғалымдар несие тәуекеліне берілген несие сомасын білдіретін банк активінің құны төмен немесе нөлге тең болмаса, егер активтің осы бөлігінің нақты кірістілігі күтілетін деңгейден едәуір төмен болса ықтималдық ретінде, ал ресейлік экономист-ғалымдар негізгі борыш пен пайыздың өтелмеу тәуекелі деп анықтама береді.

Банк және қаржы-экономикалық терминдер сөздігінде несие тәуекеліне қарыз алушының кредиторға тиесілі негізгі борыш пен пайызды төлемеу тәуекелі деген анықтама берілген.

Батыстың экономикалық әдебиетінде несие тәуекелінің мәніне ерекше назар аударылады. Мәселен, несие тәуекелі дебитор өзінің ерекше жағдайына орай несиені уақытында өтеуге қабілетсіз жағдайда туындайтын тәуекел деп анықталған.

Алайда атап өтілген анықтамалар авторлардың несие тәуекелі проблемасына қарыз алушының негізгі борыш пен пайызды өтемеу нәтижесінде банктің залал шегу мүмкіндігі ретінде қарастырылатын бірыңгай көзқарасын білдіреді. Алайда банк клиентті несиелеу барысында несие шарты қолданылатын бүкіл мерзімде тәуекелдің белгіленген деңгейінің болуына қарамастан ол залал шегіп қана қоймай, сонымен бірге оң нәтиже алуы мүмкін екенін ұмытпау қажет. Ал мұның өзі маңызы зор факт болып табылады.

Кредиттік тәуекелдің шығу тегі ықтимал қарыз алушының кредит төлеу қабілеті, сондай-ақ оның өзіне  алған міндеттемелерді орындауға жауапкершілікпен қарайтыны жөніндегі толық ақпараттың болмауымен байланысты. Осы себептен кредит беруші әрқашан ысырапқа тап болуы тәуекеліне бас тігеді. Аталмыш фактор тараптарға қалыптасқан жағдайдан пайда алуға мүмкіндік береді. Кредит беруші жағдайды бағалай отырып нақты мәміле үшін кредит бойынша көтеріңкі пайыз тағайындауы мүмкін, бұл жерде қызметті сатып алушы да тәуекелге бас тігеді. Алайда қарыз алушылар өзінің кредит төлеуге қабілеттілігіне қатысты банкті алдайды, сондықтан кредиттік тәуекел қарыз берушіге ауыртпалық салады.

Банктер кредит нарығында  таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:

  • банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдалдарына инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық берілуін қамтамасыз етеді;
  • кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;
  • қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

Кредиттік тәуекелді төмендетуде  ықтимал қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мен кредиттік тарихтары  туралы мәліметтер бар, шетелде кеңінен таралған дерекқорлардың маңызы зор. Кредиттік талдау үшін кәсіпорындар бойынша кешенді анықтамалар дайындайтын кредиттік бюро маңызды ақпарат көзі болып табылады. Ақпараттық компаниялар осы тектес қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олар рейтингтер жасап, оларды жариялайды.

Банк несиелік тәуекелге, яғни қаржылық құрал бойынша бір тараптың өз міндеттемелерін орындамау, және соның  салдарынан екінші тарапта қаржылық залалдың пайда болуы тәуекеліне бейім болуы мүмкін.

Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік «жоғалту қауіптілігі (немесе қауіп)», бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Тәуекелдерді басқару  және белгіленген шектерде оларға мониторингті Несиелік комитет пен Банк басқармасы жүзеге асырады. Несиелік комитеттің кез-келген әрекет етуі алдында несиелік процесс бойынша барлық ұсынымдарды сәйкес Тәуекел-менеджмент қызметінің менеджері жасайды және ұсынады. Тәуекелдерді басқару бойынша күнделікті жұмыс Банктің Несиелік қызметтерімен жүзеге асырылады.

Банк бір қарыз алушыға немесе қарыз алушылар тобына, сонымен қатар салалық (және географиялық) сегменттерге қатысты тәуекелдің максималды сомасын анықтау есебімен өзінің несиелік тәуекел деңгейін белгілейді. Экономика салалары бойынша несиелік тәуекелдің максималды шоғырлану лимиттері тоқсан сайын және аймақтар бойынша жыл сайын белгіленіп отырады және Активтер мен міндеттемелерді басқару бойынша Комитетпен (АМБК) бақыланады. Несиелеу бағдарламалары бойынша (Шағын және орта бизнес (ШОБ) және бөлшек) несиелік тәуекел деңгейіне қатысты шектеулер Басқармамен бекітіледі. Баланстық және баланстық емес тәуекелдерді қамтитын банктер мен брокерлерді қоса алғанда әрбір қарыз алушы бойынша жеке тәуекелдер сәйкес Несиелік комитеттермен және Активтер мен міндеттемелерді басқару бойынша Комитетпен қарастырылады. Белгіленген лимиттермен салыстырғандағы тәуекелдің нақты көлемінің мониторингі күнделікті жүзеге асырылып отырады.

Қажет болған жағдайда, сонымен  қатар көптеген несиелерге қатысты  Банк кепіл алады, сонымен қатар  ұйымдар мен жеке тұлғалардың кепілдемелерін алады. Алайда, несиелеудің басым бөлігі жеке тұлғалардың несиелеріне келеді, оларға қатысты кепіл немесе кепілдеме алу мүмкін болмайды. Мұндай тәуекелдерге тұрақты түрде мониторинг жасалады және ай саынғы негізде сәйкес басқарушылық есептеме ұсынумен талданады.

Баланстан тыс несиелік міндеттемелер қолданылмаған несиелік желілерді, кепілдмелер немесе аккредитивтерді  білдіреді. Баланстан тыс шоттарда есепке алынатын қаржылық құралдар бойынша  несиелік тәуекелдер қарыз алушының келісім-шарт шарттары мен мерзімдерін сақтауға мүмкіндігі болмағаннан болатын жоғалтулар ықтималдығы ретінде анықталады. Баланстық емес қаржылық құралдармен байланысты несиелік тәуекелдерге қатысты Банк қолданылмаған несиелік желілердің жалпы сомасына тең әлеуетті залалға ұшырайды. Алайда залалдың ықтималды сомасы пайдаланылмаған міндеттемелердің жалпы сомасынан төмен болады, себебі көп жағдайда несиені ұсыну бойынша міндеттемелердің пайда болуы клиенттердің несиелік қабілеттіліктің ерекше стандарттарына сәйкес келуіне байланысты болады.

Банктің несиелік тәуекелділігінің максималды көлемі нақты активтерге және жалпы нарықтық тәуекелдерге тән жеке тәуекелдерге байланысты ауытқып отыруы мүмкін [1].

Баланстық шоттарда көрініс  табатын қаржылық активтер үшін несиелік тәуекелдің максималды көлемі активтер мен міндеттемелердің есепке алыну мен қамтамасыз етілулерін есептемей осы активтердің баланстық құнына тең болады. Келесі суретті 2008-2010 жылдар аралығындағы Банктің қаржылық активтерінің максималды несиелік тәуекелінің көлемі бейнеленген (7-сурет).

Суретте көрініс тауып  отырғандай, Банктің қаржылық активтері  бойынша несиелік тәуекелінің максималды көлемі, 2008 жылы 1498,2 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 352,0 млрд. теңгеге артып, 1850,2 млрд. теңгені құраған. Ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 77,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 1933,7 млрд. теңгені құрап отыр. Яғни қаржылық активтер бойынша несиелік тәуекелдің максималды көлемі артқан.

Сурет 7. Банктің қаржылық активтері бойынша несиелік тәуекелінің максималды көлемі, млрд. теңге1

 

Келесі кестеде 2008-2009 жылдардағы қаржылық активтер мен шартты міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелдің максималды көлемі бейнеленген (5-кесте).

 

Кесте 5

Банктердің 2008 және 2009 жылдардағы қаржылық активтерінің несиелік тәуекелінің көлемі

млрд. теңге

Информация о работе Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру