Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 15:04, курсовая работа

Описание

Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылған:
«бәсекеге қабілеттілік», «тәуекел» және «белгісіздік» санаттарына қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі көзқарастар дамуын қарастыру;
банктерде несиелік тәуекелдерді хеджерлеудің теориялық негіздерін зерттеу;
банктерде несиелік тәуекелді хеджерлеуді ұйымдастырудың жай-күйі, оның даму деңгейі және банк қызметіне ықпал етуін зерттеу;
нақты банк мысалында банк қызметінде кездесетін несиелік тәуекелдерді хеджерлеу қызметіне және саясатына талдау жасау;
жүргізілген теориялық және практикалық зерттеулер және талдаулар негізінде банк қызметіндегі несиелік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Несие тәуекелі мен оның ерекшеліктері................................................................5
2. Несиелік тәуекелді хеджерлеу..........................................................................19
3. Несие тәуекелділігін хеджерлеуді жетілдіру..................................................28
Қорытынды.................................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны курс.doc

— 346.00 Кб (Скачать документ)

үшін борышкордың кепілдікке салынған меншігін сату құқығы берілген қарызды қамтамасыз ету институты болмаған жағдайда, банк ісі операция жүргізудің жоғары тәуекелі пайыздық ставканың өсуіне әкеп соқтыратын алыпсатарлық іске айналар еді. Мэміле банк қаржыландыратын бастапқы коммерциялык операцияға негіз- делуі тиіс болса да несиені қамтамасыз ету банктің соңғы қорғаныс желісі ретінде болады. Клиентпен кредит шартын талқылап, оны жасағанда қамтамасыз ету кредиттің төлемі емес, ол тек банктің қосымша кепіл заты екенін айтқан орынды. Қарыз алушы кредитті қайтармаған жағдайда банк өзі кандай жағдайға ұшырайтынын алдын ала білуі тиіс.

Кепілдіктің негізгі максаты - банк салымшыларының қара- жатын қорғау. Кепілдік құқығын іске асыру банктен клиенттің іс-әрекетке қабілеттілігін, оның мүлкін багалауды жан-жақты талдауды талап етеді. Бұл банкке кажет жағдайда өзінің залал- сыз қызметін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Кредиттеу саласындағы қазіргі жағдай несиенің қамтамасыз етілмеуі мүмкін екенін көрсетеді, алайда кредиттік мзмілені жасау үшін кепіл міндетті түрде болуы тиіс. Кепіл немесе кредитті камтамасыз ету - банктің қүқығы бар материалдық актив. Кредитті колдау ретінде кепілді пайдалану карыз алушы кредит шартының ере- жесін бүзған жағдайда банкке активтерді бакылауға мүмкіндік бсрсді, ал камтамасыз ету несиені  өтеудің ыктимал қайталама көзіне айналады. Банктердің кепіл қатысындағы көзқарасы эр түрлі. Нарықтық экономикасы дамыган елдердің көбінде камтамасыз етумен кредиттеу кредит берудіц нормативтік қосым- шасы болып табылады.

Кейбір банктердің резервгі қажет болатын мөлшерде емес тек залал шектіретін сомада ессптейтіпін айта кету қажст. Әдетте мүны кірістілік деңгейі темей жэне кредит қоржынының сапа- сы нашар банктер пайдаланады. Демек мүндай банктің пайда алуы женінде сөз қозғалғанда пайданың мөлшерін объективтік қаржы нэтижесі емес, ол банктің өзі шамалайтын мелшері ретінде айткан орынды болады. Жекелеген банктердің тәуекелді барабар бағалайтынын қаржы нәтижесіне қарагі топшылауга болады. Қарыз алушының кредит отеу қабілетіп талдап-зерттеу кредит тәуекелін реттеудің негізгі эдісінің бірі болып табылады.

Кепіл қарыз алушының міндеттемені орындауын қамтамасыз етудің жэне кредит тәуекелін томендетудің бір тәсілі болып табылады. Іс жүзінде кепіл көбінесе банк заңды жэне жеке тұлғаларға берегін кредитті қамтамасыз ету үшін жиі пайдаланылады. Банк кредит кызметінсн шегілетін залалдың орнын толтыруға арналған резервті «ҚР екінші деңгейдегі банктерінін активтер мен баланс- тан тыс талаптарды жэне олар бойынша провизияның есебін жік- теу туралы» Ережеге сойкес қалыптастырады.

Банктердің несие портфельдеріне байланысты тәуекелдерді тежеу үшін өткен жылы қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің, жылжымайтын  мүлікке байланысты несиелеу тәуекелдері  және сыртқы кредиторлар тұлғаларына  байланысты несиелеу нормативтерін  қоса алғанда дұрыстығын айту қажет. Жылжымайтын мүлікке бағаның тез өсуін және ипотекалық несиелеу және құрылысты несиелеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі ала отырып,  несиенің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау құны арасындағы пайызға ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін олардың төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-несие талаптарын күшейтудің әсерінен несиенің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа, сыртқы несиелеу және банктің инвестициялық қызметі бойынша  пруденциалдық нормативтерді  күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет.

Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландыратын ЕДБ–ң соңғы  жылдары өтімділіктің тапшылығы, қатаң  талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы несиелеу деңгейінің төмендеуіне алып келді .

2-кестеде келтірілген деректерге сүйенетін болсақ, несиелеудің жоғары қарқыны 2005-2006 жылдарға сәйкес келеді, бұл жылдары өсім 68,9% және 95,7 % құраған. 2007 жылы  ағымдағы жаһандық дағдарыс Қазақстаннның банк жүйесінің құрылымдық проблемаларына әсерін күшейтіп, сыртқы көтерме қаржыландырудан қазақстандық банктердің тәуелділігінің жоғары болуымен түйінделген 2007 жылы несиелеу (өсім 48,0%) 2006 жылмен салыстырғанда 2-есе шамасында азайса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 4,2% артқанын көруге болады. ал 2009 жыл нәтижесі несиелеу көлемінде айтарлықтай өзгеріс болмағанын көрсетті.

 

 

 

 

Кесте 2 - Банктік сектордағы несие портфелінің көлемі және өсімі,

2005-2009 жж.

 

Атауы

01.01.05

жыл

01.01.06

жыл

01.01.07

жыл

01.01.08

жыл

01.01.09

жыл

01.01.10

жыл

Несие портфелі, млрд теңге

1 813,4

3 062,0

5 991,8

8 868,3

9244,54  

9558,9

Өсім, өткен кезеңге %-бен (оң жақ шкала)

66,8

68,9

95,7

48,0

4,2

4,3

Ескерту - ҚҚА сайты  деректері  негізінде есептелді.

 

 

Бұл ретте, жылжымайтын  мүлік пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субьектілерін де несиелеу біршама азайды. Жылжымайтыне мүлік нарығындағы тұрақсыздық және бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті . Қазақстанның банк жүйесіндегі төлем мерзімі өткен (2, 4, 5 санаттағы күмәнді және үмітсіз) несиелердің деңгейі бірыңғай несиелерді есепке алғандағы жиынтық банк активтерінің 10% тең шекті параметрлерінен төмен, бұл ретте әрі қарай өсу үрдісі байқалды, бұл жаһандық өтімділік тапшылығының және жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның жағымсыз өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Несие банктің негізгі қызмет түрі болып табыс әкелуімен қатар, банк үшін тәуекелі де жоғары екені белгілі. ЕДБ-ң несие портфелінде мерзімі өткен берешектері күннен-күнге артып отырғанын  көруімізге болады. Коммерциялық банктердің несие тәуекелдерін басқару жөніндегі тәжірибесінің аздығы және несие портфелінің басым бөлігінің доллармен толығуы, трансшекаралық несиелер мен бағалар тұрақтамауы несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектердің өсуін арттырды.

2005-2009 жылдар аралығында  жылдан-жылға артып келе жатқан  ЕДБ несиелері бойынша берешек  сомалардың артуы көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты, бүгінгі күні оның бастылары болып Әлемдік экономиканың бұдан әрі бәсеңдеуі, ірі экономикалық державалардың рецессиясы және әлемдік қаржы институттарының тұрақсыздығы жағдайларында тек қана қаржылық емес, сонымен қатар тауар нарықтарының да қолайсыз конъюнктурасы Қазақстанда экономикалық өсудің бұдан әрі бәсеңдеу тәуекелділігінің күшеюіне және төлем балансын қаржыландырудың тапшылығына әкелуде, бұл елдің ішкі ресурстарымен қатар халықаралық резервтеріне де әлеуетті жүктемені ұлғайтуда (3-кесте).

 

Кесте 3 - ЕДБ несиелері  бойынша мерзімі өткен берешектер, млн теңге

 

 

Барлы-ғы

Ұлт-тық валю-тадағы несие

Шетел валю-тасын-дағы несие

Қысқа мерзімді

несие

Ұзақ мерзімді

несие

Банктік емес заңды тұлға  несиесі

Жеке тұлға

несиесі

01.01.05 ж.

30043

16412

13631

17796

12247

27796

2247

01.01.06 ж.

33135

15147

17988

17323

15811

28612

4523

01.01.07 ж.

77859

30583

47276

53486

24373

69608

8251

01.01.08 ж.

121395

74143

47252

58897

62498

91397

29998

01.01.09 ж.

318120

203910

114210

89623

228498

228324

89787

01.01.10 ж.

1048130

515835

532295

585154

765976

449583

82713

Ескерту - ҚР ҰБ статистикалық  деректері негізінде.


 

Қарыз алушының несие  қабілеттілігін талдау барысында, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ң клиенті - «Жаңа-Олжа ұн комбинаты» ЖШС алынып, қарыз қабілеттілігі толықтай бағаланды.

ҚР ЕДБ тәуекел-менеджментін дамыту және олардың жай-күйі туралы қазіргі теориялық және практикалық  ережелерді зерттеу, несие жүйесін  басқарудың тәуекел менеджменті  құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз деңгейде дамығанын анықтады. Банктердің ішкі жүйесіндегі несие тәуекелдерін басқару жүйесін құру және қызметін жандандыру банктердің ішкі қызметіндегі маңызды  және керекті  элементке айналуы тиіс. Осы элементтің дұрыс қызметі арқылы ЕДБ халықаралық талаптарға жауап беретін сенімді және мықты банкке айнала алады.Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады.

 Несие жүйесіндегі  тәуекелдерді басқарудың теориялық  және практикалық маңыздылығының  ЕДБ үшін ғана емес, банк қызметін  пайдаланушылар үшін де мәні зор. ЕДБ мен қатар пайдаланушылар үшін де несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару екі субьект арасындағы сенімсіздіктің жойылуына, төлемсіздік, несие қабілетсіздік сияқты факторлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Несие портфеліне жасалған талдау оның сапасының нашарлауына баға өзгерістерінің жайсыздығын, кәсіпорындардың күйзелісін, тұрғындардың әлеуметтік факторларын алға тартады.

Несие тәуекелділігін туындататын  факторлардың бірі пайыз мөлшерлемелеріндегі  өзгерістер немесе дұрыс есептелмеген пайыз мөлшерлемесі. Банктер өз қызметі барысында барлық уақытта пайыз мөлшерлемелерін ырықтандыра алмайды, себебі оған көптеген ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлардың да әсері бар. Атаулы жағдайларда ғана банктер, мысалы несие портфелін теңдестірп қаржыландыру саясатын жүргізулері мүмкін.

Пайыз мөлшерлемесінің  деңгейі несиелер мен инвестициялардың деңгейіне, меншікті қаражаттар мен  қарызға алынған қаражаттардың  арақатынасына, депозиттік салымдардың  көлемі мен бағасындағы өзгерістерге, қайтақаржыландыру, есептік т.с.с. пайыздар өзгерісіне тәуелді болады, өйткені, еркін пайыздық мөлшерлеме режимінде де ақша-несие мекемелері пайыздық мөлшерлеменің қолайлы деңгейде сақталуын бақылауға тиіс. Кез келген жағдайда банктің пайыздық мөлшерлемелер тәуекелінің бөлігін клиентке аудару мүмкіндігі болады. Алайда «басқыншылық» деп аталатын осындай саясаттың орындылығын анықтағанда екі ой-пікірді басшылыққа алу қажет.

Біріншісі – қазақстандық нарықтағы бәсекенің қарқынына  қатысты. Егер клиентке банкті ауыстыру қиынға түссе, онда пайыздық мөлшерлемелердің түсуін күткенде несиелер бойынша межеленген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді, ал пайыздық мөлшерлеменің өсуі күтілгенде – мерзімді салымдар мен депозиттер бойынша тіркелген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді. Екіншісі – пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелінің көбірек бөлігін қарыз алушыға аудара отырып, банк оның төлеуге қабілетсіз етуі және осының салдарынан анағұрлым көп жоғалтуы да мүмкін. Өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарымен салыстырғанда банк мекемелерінің осы тәуекел түрін басқару мүмкіндіктері көбірек.

Бүгінгі күні Қазақстан  шикізат отаны болып санала отырып, оны өндіруге қаржыны шетелдік инвестиция көздерінен алып отыр, ол ертеңгі күні бірнеше есе артық қаржы төлеу  арқылы дайын өнім алу мүмкіндігіне ие боламыз. Осы тұрғыда несиелік ресурстардың басым бөлігін өндіріс орындарын ашуға жұмсасақ, еліміздің қаржыларын молайтуға, арзан ресурс пен қатар арзан өнімге, әлеуметтік тұрғыда жұмыспен қамтуға қол жеткізер едік, ал бұл дегеніміз ертеңгі күні заңды және жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

 Несиелер бойынша  мөлшерлеме белгілеу кейбір базалық  мөлшерлеменің немесе несие тарту  мөлшерлемесінің  негізінде жүзеге  асырылады оған пайда маржасы  мен тәуекел үшін үстеме (негізінде  шетел банктерінде) қосылады. Мысалы, банктермен өтелетін несиелер бойынша мөлшерлеме «құнға қосу» формуласының  көмегімен белгіленуі мүмкін.

Несие бойынша мөлшерлеме = Тққ + Нс + Қмот + Ош + Пм               (1)

мұнда, Тққ – тартылған қаражаттың құны;

Нс – мерзімге байланысты сыйақы;

Қмот – қарызшының міндеттеме орындамау тәуекелі бойынша  сыйақы;

Ош – операциялық  шығындар;

Пм – пайда маржасы.

Осы үлгіні ЕДБ қалауы бойынша түрлендіруге болады, біз  несие мөлшерлемесін есептеуде  төмендегі формуланы ұсынамыз:

                         Несие бойынша мөлшерлеме = Тққ + Нстқ                           (2)

Тққ – тартылған қаражаттың құны;

Нстқ – несие саясатындағы тәуекелдер құны.

Тартылған қаражаттың құны (Тққ)  несиелік ресурстың банк үшін арзан немесе қымбат көздерден алынуына байланысты болса, несие саясатындағы тәуекелдер құны (Нстқ) осы несиенің банк үшін қандай тәуекелділік (шығын мен залал ықтималдығы) әкелетіндігіне байланысты анықталуы қажет және банктің саясатымен белгіленгені дұрыс деп есептейміз.

Информация о работе Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру