Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 15:04, курсовая работа

Описание

Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылған:
«бәсекеге қабілеттілік», «тәуекел» және «белгісіздік» санаттарына қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі көзқарастар дамуын қарастыру;
банктерде несиелік тәуекелдерді хеджерлеудің теориялық негіздерін зерттеу;
банктерде несиелік тәуекелді хеджерлеуді ұйымдастырудың жай-күйі, оның даму деңгейі және банк қызметіне ықпал етуін зерттеу;
нақты банк мысалында банк қызметінде кездесетін несиелік тәуекелдерді хеджерлеу қызметіне және саясатына талдау жасау;
жүргізілген теориялық және практикалық зерттеулер және талдаулар негізінде банк қызметіндегі несиелік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Несие тәуекелі мен оның ерекшеліктері................................................................5
2. Несиелік тәуекелді хеджерлеу..........................................................................19
3. Несие тәуекелділігін хеджерлеуді жетілдіру..................................................28
Қорытынды.................................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны курс.doc

— 346.00 Кб (Скачать документ)

Ал 2010 жылы клиенттер  несиелерінің көлемінде несиелік тәуекел дәрежесі бойынша 1 және 2 рейтингтік балдары бар несиелер болмаған. 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда рейтингтік балдары бойынша өсім 0,2 млрд. теңге көлемінде 3 рейтингтік балымен, 52,9 млрд. теңге 4 рейтингтік балымен, 26,3 млрд. теңге 9 рейтингтік балымен, 192,9 млрд. теңге 10 рейтингтік балымен байқалған. Ал қалған рейтингтік балдар бойынша несиелік тәуекел дәрежесі төмендеген. Оны суретте анық көруге болады. 2010 жылы дефолт жағдайы көлемінің жоғары өсімі байқалған.

Ал 2009 жылға дейінгі  несие тәуекелділігінің шамасын  жіктеу мына төменде берілген тәсілдеме  негізінде жүргізлген.

Несиелік тәуекел деңгейіне қарай, яғни қарыз алушының келісім-шартта бекітілген мерзімде несие берушіге төлемеген негізі қарызы мен пайызының  сомасына қарай несиелерді жіктеуге болады. Несиелік тәуекелдің шамасына қарай барлық несиелер  мынадай сыныптарға бөлінеді:

1. Бір тектес несиелер  пулдары – ұқсас несиелік сипаттамалары  (экономика саласы, бизнес түрі, несиелеу  бағдарламасы, дефолт деңгейі, ішкі рейтингтер және т.б. факторлар) негізінде біртектес активтер топтары қағидасы бойынша біріктірілген активтер. Біртектес несиелер пулына ағымдағы құны Банктің Директорлар Кеңесімен анықталатын материалды мәні бар шекті сомадан төмен болатын активтер, сонымен қатар жеке бағалау кезінде құнсыздануы табылмаған және құнсыздануды ұжымдық бағалау үшін біртектес пулдарға біріктірілетін активтер жатады.

2. 1-санаттағы күмәнді  несиелер – несие алушының  табыстарының төмендеуін немесе  нарықтық үлестің жоғалуын қоса алғанда қаржылық жағдайының уақытша нашарлауы байқалады. Несие алушы несие бойынша негізгі қарыз бен пайыздарды толығымен және уақытылы өтеп отырады. Кепіл құны кем дегенде Банк тәуекелдерінің 50%-н жабады.

3. 2-санаттағы күмәнді  несиелер - несие алушының табыстарының төмендеуін немесе нарықтық үлестің жоғалуын қоса алғанда қаржылық жағдайының уақытша нашарлауы байқалады. Алайда уақытша қиындықтарға байланысты несие алушы несиені уақытынан кешіктіріп және/немесе толық емес көлемде өтеп отырады. Кепіл құны кем дегенде Банк тәуекелдерінің              50%-н жабады.

4. 3-санаттағы күмәнді  несиелер – несие алушының  теріс операционды нәтижелері  мен өтімділіктің төмендеп келе  жатқан жайғасымын қоса алғанда  қаржылық жағдайының мәнді нашарлауы  байқалады. Несие алушының ағымдағы қаржылық жағдайы тұрақсыз ретінде қарастырылады және несие алушының ағымдағы қаржылық жағдайын жақсарту қабілеттілігіне қатысты күмән тудырады. Бұл несие алушыға қатысты несие мен пайыздарды толығымен өтеу қабілеттілігіне күмән келтіреді. Алайда, қаржылық жағдайдың мәнді нашарлауына қарамастан, несие алушы несие мен пайыздарды толық және уақытылы өтей алады. Кепіл құны кем дегенде Банк тәуекелдерінің 50%-н жабады.

5. 4-санаттағы күмәнді  несиелер - несие алушының теріс  операционды нәтижелері мен өтімділіктің төмендеп келе жатқан жайғасымын қоса алғанда қаржылық жағдайының мәнді нашарлауы байқалады. Несие алушының ағымдағы қаржылық жағдайы тұрақсыз ретінде қарастырылады және несие алушының ағымдағы қаржылық жағдайын тұрақтандыруға және жақсартуға қатысты қабілеттілігіне күмән келтіреді және несие алушының несие мен пайыздарды толығымен өтеу қаблеттілігін нашарлатады. несие алушы несиені уақытынан кешіктіріп және/немесе толық емес көлемде өтеп отырады. Кепіл құны кем дегенде Банк тәуекелдерінің 50%-н жабады.

6. 5-санаттағы күмәнді  несиелер –мәнді операционды  жоғалтуларды, нарықтағы үлесін  жоғалтуды, теріс меншікті капиталды  қоса алғанда несие алушының  қаржылық жағдайының нашарлауы  ең төменгі деңгейге жетті.  Және де несие алушының несие  мен пайыздарды толығымен өтеуге қабілетінің болмау ықтималдығы бар. Мұнымен бірге, кепіл сапасы қанағаттанарлық (әдетте жоғары өтімді емес, бірақ қарыз алушының төленбеген қарызының 100%-дан кем емес көлемін жаба алады) және қанағаттанарлықсыз (кепіл құны шамамен несиелі алушының төленбеген қарызының 50%-ынан төмен емес көлемін жабады) ретінде сыныпталады.

7. Үмітсіз несиелер  – егер кері жағдайды растайтын  кез-келген ақпараттың болмауы  жағдайында,  несие алушының қаржылық  жағдайы мен қызметі несие  алушы несиені өтей алмайтындығы және кепіл құны залалдарды жаппайтындығы айқын болатын нүктесіне жетеді. Несие қамтамасыз етілмеген немесе кепіл құны несие алушының өтелмеген қарызының 50%-ынан төмен көлемін жабатын болып есептеледі.

Келесі кестеде жоғарыда көрсетілген сыныптама негізінде 2007 және 2008 жылдардағы несиелік тәуекел дәрежесі берілген (7-кесте).

7-кестеде бейнеленгендей  несиелік тәуекел дәрежесін сипаттайтын  сыныптама бойынша несиелік тәуекел  көлемінің үлесі жөнінен біртектес  несиелер пулдары 2007 жылы 76,21% (немесе 835,9 млрд. теңге) және 2008 жылы 56,58% (немесе 737,4 млрд. теңге) үлес салмақпен бірінші жайғасымда орналасса, екінші жайғасымда 2007 жылы 16,46%-бен (немесе 180,6 млрд. теңге) және 2008 жылы 28,37%-бен (немесе 369,7 млрд. теңге) 1-санаттағы күмәнді несиелер  және де үшінші жайғасымда 3-санаттағы күмәнді несиелер 2007 жылы 4,23%-бен (немесе 46,4 млрд. теңге) және 2008 жылы 7,147%-бен (немесе 97,4 млрд. теңге) орналасқан.

Кесте 7

2007-2008 жж. несиелік тәуекел  дәрежесін сипаттайтын сыныптама  бойынша несиелік тәуекел көлемі

млрд. теңге

Атауы

2007 жыл

2008 жыл

Өзгерісі 2008/2007

Сомасы

Үлесі,

%

Сомасы

Үлесі,

%

Біртектес несиелер пулдары

835,9

76,21

737,4

56,58

-11,8

1-санаттағы күмәнді

180,6

16,46

369,7

28,37

2,04 есе

2-санаттағы күмәнді

7,8

0,71

8,0

0,61

2,6

3-санаттағы күмәнді

46,4

4,23

97,4

7,47

2,1 есе

4-санаттағы күмәнді

4,2

0,38

16,3

1,25

3,9 есе

5-санаттағы күмәнді

2,8

0,26

20,4

1,57

7,3 есе

Үмітсіз несиелер

19,2

1,75

54,1

4,15

2,8 есе

Барлығы:

1 096,9

100,00

1 303,3

100,00

18,8

Құнсыздануға резервтер

(56,7)

5,17

(115,0)

8,82

2 есе

Клиенттерге берілген несиелер

1 040,2

94,83

1 188,3

91,18

14,2


 

Сонымен талдау нәтижесінде  қаржылық активтер жиынтығы бойынша  несиелік тәуекелдің таза көлемінің  өсімі 2010 жылы небәрі 9,4%-ды құраған. Ал жоғарыда айтылып өтілгендей 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда қаржылық активтер жиынтығы бойынша несиелік тәуекелдің таза көлемінің өсімі 39,9%-ға артқан болатын. 2010 жылы несиелік тәуекелдің таза көлемі өсімінің азаюы өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Несиелік тәуекелді хеджерлеу

 

Хеджерлеу (hedging - ысыраптардан сақтандыру) инвестициялардың белгілі бір жекелеген түрлері бойынша тәуекелдікті төмендетуге бағытталған процесс немесе операциялар жиынтығы.

Хеджерлеу валюталык тәуекелді сақтандырудың кұрамдас бөлігі ретін- де белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасау- ды білдіреді.

Хеджерлеу тәсілдеріне құрылымдық (активтер мен пассивтерді және берешек карыздарды) тенестіру төлем мерзімін езгерту қаржылык құралдар жатады.

Кұрылымдык теңестіру валюталык бағамның өзгерісінен туындайтын зияндардың алдын алу максатында активтер мен пассивтер кұрылымын теңестіріп отыруды колдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.

Ашык валюталык позиция лимиті тәуекелін баскару шетел валютасында бейнелентін банктің талаптары мен міндеттемелерінін арасындағы айырманы реттеуді білдереді.

 

      Нарықта тауарлардың, бағалы қағаздардың, өсім мөлшерлемелерінің бағаларының өзгерістері едәуір жиі байқалады, сондықтан нарықтың қатысушылары конъюнктураның қолайсыз дамуының салдарынан ысырап шегу тәуекелдігіне ұшырайды. Бұл тәуекелдік оларды келешектегі ахуалды болжауға және өз әрекеттерін сақтандыруға мәжбүрлейді. Сақтандыру немесе хеджерлеу инвесторлар, қандай да бір активті өндірушілер немесе тұтынушылар үшін нарықтағы бағалардың қолайсыз ауытқуларын бейтараптандыру болып табылады. Хеджерлеудің мақсаты бағаның өзгеру тәуекелдігін бір тұлғадан екіншісіне көшіру болып табылады. Бірінші тұлға хеджер, екіншісі - алыпсатар деп аталады. Бұлай бөлу әлбетте, шартты, өйткені келісімшарттың тараптары екі хеджер бола алады, онда біреуі бір ғана тауарға бағаның көтерілу тәуекелдігінен, екіншісі - бағаның төмендеуінен сақтанады. Өте маңызды бір мезет - хеджерлеу ысыраптардан қорғай алады, бірақ оның нарықтағы ахуалдың қолайлы дамуын пайдалану мүмкіндігін шектейді. Көбірек табысты тек көп тәуекелдікті арта отырып қана алуға болады. Алайда көптеген инвесторлар тәуекелдікті түгелдей немесе белгілі бір дәрежеде жоққа шығаруға ұмтылады. Сонымен қатар, өндірістік процесспен байланысы бар тұлғалар ең алдымен өздерінің болашақ шығыстары мен табыстарын жоспарлауға мүдделі, сондықтан өздерінің қаржылық жағдайының келешек мүмкіндіктерінің айқын болуы үшін ықтимал қосымша табыстан бас тартуға дайын. Неғұрлым кең тараған хеджерлеу тәсілдері. Егер компанияда тауарлардың немесе бағалы қағаздардың қорлары болса, онда бұл компанияда баға түсетін жағдайда залал шегу тәуекелдігі болады. Хеджерлеуді бұл жағдайда тауарды мерзімдік сату туралы, яғни, тауарды келешекте белгілі бір күні өзара келісілген баға бойынша жеткізу туралы мәміле жасасу арқылы немесе фьючерстер нарығында сату арқылы жүзеге асыруға болады. Егер тауар біркелкі болса, онда хеджерлеу арқылы тәуекелдікті түгелдей жоққа шығаруға болады. Қорларды иелену тәуекелдігін хеджерлеудің баламалы әдісі пут опцион (put option) сатып алу болып табылады, ол оны иеленушіге келісімшарт бағасы бойынша сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ міндет артпайды. Дәл осылай өзінің келешекте белгілі бір күні тауар жеткізуді жүзеге асыруға міндетті екенін білетін компания өзін тауардың бағасы өте биік болатын уақыттың келіп жету тәуекелдігінен қорғауды қалауы мүмкін. Ол аталған тәуекелдікті мерзімдік немесе фьючерстік келісімшарт сатып алу арқылы немесе оған келісімшарт бойынша сатып алуды жүзеге асыруға құқық беретін, бірақ міндеттеме жүктемейтін колл опцион сатып алу арқылы хеджерлей алады. Ондай мәмілелердің ең тамашасы егер болжамдар іске аспаса және тәуекелдік ықтималдығы ақталмаса, ескерілген тұрақсыздық айыбын төлеп, олардан бас тарту мүмкіндігі болып табылады. Кейде бұл келісімшартты орындауға қарағанда пайдалы болады.

Қазақстандық банктерде кредит операциялары мен кредит тәуекелін басқару үшін кредит тәуекелін басқару жөнінде келесі тәілдемелер (шаралар) қолданылады:

  • банк несиесі қоржынын әртараптандыру;
  • кредитті сақтандыру;
  • кредитті кепілдендіру немесе қамтамасыз ету;
  • провизия (резерв) жасау;
  • қарыз алушыныц кредит өтеу қабілетін талдау.

Банк несиесін әртараптандыру деген бір карыз алушыға берілетіи кредиттің молшерін тәекелді бөлуге жол ашатын кредиттеудіц «жоғарғы шегін орнату» аркылы кемітуді білдіреді. Активті әртараптандыру «бір ссбетте көи жүмыртқа» болған жағдайдан жай қорғануға негізделсді, яғни кредиттің қомакты шоғырлануы банкті элсіретуі немесе тіпті оны күйретуі мүмкін. Бір қарыз алушыға немесе қарыз алушылардың байланысқан тобына кредит беруді қүқықтық шектеудің нысандарын пай- далану арқылы кредиттің шогырлануын шектеуге болады. Әртараптандыруга қойылатын негізгі талап - бір тұлғаға немесе жалпы топқа берілетін кредит банк капиталының межеленген найызынан аспауы гиіс. Аталмыш тэсіл банк клиенттің кредит отеу қабілетінің жеткілікті екеніне толықтай сенімді болмаған жагдайда беріледі. Кредиттің кемітілген мөлшері осы кредит қайтарылмаган жағдайда ысыраптың мөлшерін қысқартуға сеп- тігін тигізеді. Экономиканың белгіленген саласы мен секторын кредиттсумеи байланысты тэуекел шогырланган жагдайда немесе елдің жскслегеи салаларын кредиттегенде тәуекелді болу қажет. Мысалы, банк қызмстінің мақсаты белгілі бір өңірде өндірісті дамыту болса, онда ол бір емес бірнеше өндірістік кәсіпорынды кредиттеуі тиіс. Әртараптандыру процесі, яғни банктіц кредит коржынын бөлу осыны білдіреді. Аталмыш эдіс дэрменсіз қарыз алушымен байланысты тэуекелді қысқартуға мүмкіндік береді. Кредит қоржынынын жалпы тэуекелін бір тэуекелдің мөлшері мен сипаты бойынша басқа тәекелмен отеу есебінен төмендетуге болады. Кредит қоржынын:

  • кәіпкерлік қызмет саласының даму децгейі;
  • тәукелдіц өңірлік деңгейі;
  • қарыз алушыларды дамудың бірдей деңгейі бойынша болу;
  • кредит өсу қабілеті;
  • кредит тарихыныц мерзімі бойынша әртараптандыруға болады.

Банктер тәуекелдің деңгейін осы белгілер бойынша бөледі. Екі немесе одан коп қарыз алушылардан құралған топ үшін бел- гіленген лимит, егер олардыц бірсуі екінші тарапты бақылауға немесе қаржы жэне шаруашылык шешім қабылдағанда едэ- уір ықпал ете алатын жағдайы болса, онда лимит жалпы бір қарыз алушыға белгіленіп есептеледі. Кредит саясатында қарас- тырылатын кредит тэускеліпен қорганудың келесі әдісі кредит тэуекелін сақтандыру болып табылады. Бұл жағдайда кредитті қайтармау тэуекелін сактандырумен айналысатын ұйымдарға табыс ету қарастырылады.

Әртараптандыру несиені толемеу тэуекелін сақтандырудың ең қарапайым жэне арзан эдісі болып табылады. Әртараптандыру кредиггеу лимитін сома, мерзім бойынша, пайыздық ставкапың түрлері мен несие берудің басқа да шарттары бойынша икемді немесе катац лимитін белгілеу; жекелеген карыз алушы мен қарыз алушының сыныбы бойынша қаржы жағдайына сәйкес кредит- теу лимитін бслгілеу, бір немесе бірнеше тығыз байланысты қарыз алушылардың қаржы жағдайына сойкес олардыц қолында шоғырланған кредиттің лимитін анықтау арқылы жүргізілуі мүмкін.

  Сактандыру ұйымдары банк операцияларын сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз ету ұшін кредитті төлемеу тәуекелін жоне карыз алушылардың жауапкершілігін ерікті түрдс сақ- тандырады. Қарыз алушының кредит берген банк алдындағы кредита уақытында жэне толық өтеуі (кредитті пайдалану пайызын қоса алғанда) сақтандыру объектісі болып табылады. Кредитті сақтандыру жауапкершілікті сақтандыруға жататыны белгілі. Сатып алушыға берілген коммерциялық кредиттер, банк неси- есі, кредит бойынша міндеттеме, кепілгерлік жэне т.б. сактандыру объектісі болып табылады. Кредит тәуекелін сактандыру борышқор төлемге кабілетсіз болмаса ол борышты түрлі себеппен төлмеген жағдайда сатушының немесе кредитор-банктің мүддесін қорғайды. Кредит тэуекелін сақтандыру кредит тэуекелін кемітуге немесе жоюға мүмкіндік береді.

Қазақстанда кредит тәуекелі 1990 жылдан бастап сақтан- дырылады. Кредит беретін банктер сақтандырушы, ал барлық немесе жекелеген карыз алушылардың кредит пен оны пайдалану үшін есептелетін пайызды уақытында жэне толық өтеу жауап- кершілігі сақтандыру объектісі болады. Кредитті қайгару мерзі- мінен кейін жиырма күн өткен соң сақтанушының жауапкершілігі туындайды жэне егер сақтандырушы кредит шартында көрсетіл- ген соманы алмаса, онда сактанушының жауапкершілігі пайда болады. Сақтанушыныц жауапкершілігі карыз алушы отемеген кредит пен оның пайызының 50%-ынан 90%-ына дейінгі шектерінде ауыткиды.

Қазіргі уақытга кредитті сактандыру азайып келе жатыр. Оған жоғары тарифтер, сондай-ақ төленбеген сактандыру өтемдері бойынша арбитраждық сотқа берілген көп іс себеп болды. Кейбір банктер өздерінің сактандыру компанияларының қызметін пайдалануды жалғастыруда. Мұның өзінде сактандыру компаниялары банк талап ететін сол құжаттарды талап етеді. Екі жақты шарт (кәсіпорын - банк) немесе үш жақты (кэсіпорын - банк - сактандыру компаниясы) шарт жасалады. Қарыз алушы банкке жэне сактандыру компаниясына кредитті пайдаланудың барлық кезеңдері жөнінде хабарлауы тиіс.

Кредитті сактандыру кредит тәуекелінен қорғанудың эмбебап құралы емес, тек кредитті қайтармаудан шегілетін залалды тө- мендету тәсілі болып табылады. Алайда қарыз алушыныц кепіл зат, яғни қамтамасыз етуді енгізуі кредит тәуекелін барынша азайтудың дэстүрлі әдісінің бірі болып табылады. Кредит берудің қазіргі жүйесі кепілдік кұкығын сату мүмкіндігіне, үшінші тараптың эр түрлі кепілдіктері мен кепілгерлігінің болуына негіз- деледі. Кредитті қамтамасыз етудің осы жэне басқа да нысандары кредиттік мэміленің сенімділігін, кредиттеу кагидасы бүзылған жагдайда кредиттің қайтарылуын қамтамасыз етеді. Кредит шар- ты орындалмаған жағдайда банк заңнамага сэйкес үқыпсыз карыз алушыны жауапкершілікке тартуы мүмкін. Сонымен бірге банк несиені уақытында төлеу кепілдігі ретінде клиенттен мүліктің бөлігін өзіне беруді галап ете отырып төлемеу тэуекелін азайта алады. Егер кредитті өтемеуден шегілген залалдың орнын толтыру

Информация о работе Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру