Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 15:04, курсовая работа
Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылған:
«бәсекеге қабілеттілік», «тәуекел» және «белгісіздік» санаттарына қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі көзқарастар дамуын қарастыру;
банктерде несиелік тәуекелдерді хеджерлеудің теориялық негіздерін зерттеу;
банктерде несиелік тәуекелді хеджерлеуді ұйымдастырудың жай-күйі, оның даму деңгейі және банк қызметіне ықпал етуін зерттеу;
нақты банк мысалында банк қызметінде кездесетін несиелік тәуекелдерді хеджерлеу қызметіне және саясатына талдау жасау;
жүргізілген теориялық және практикалық зерттеулер және талдаулар негізінде банк қызметіндегі несиелік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру жолдарын ұсыну.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Несие тәуекелі мен оның ерекшеліктері................................................................5
2. Несиелік тәуекелді хеджерлеу..........................................................................19
3. Несие тәуекелділігін хеджерлеуді жетілдіру..................................................28
Қорытынды.................................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................33
Нәтижелерді сондай-ақ респонденттердің пікірін көрсететін біріктірілген көрсеткіш болып табылатын «диффузия индексінің» көмегімен де бағаланады. Индекс мәндерінің шкаласы -100%-дан 100%-ға дейін өзгереді. Индекстің нөлге тең мәні респонденттердің ағымдағы ахуал туралы пікірі өткен зерттеулермен салыстырғанда өзгермегендігін көрсетеді. Респонденттердің пікірі оң немесе теріс жаққа өзгергенде, бұл тиісінше ұлғаю/азаю, жұмсару/қатаю жағындағы нәтижелерде көрінеді.
Индекс арналған деректер
мынадай формула бойынша
«Диффузия индексі» = («айтарлықтай қатайған» деп жауап берген респонденттердің пайызы + «шамалы қатайды» деп жауап берген респонденттердің пайызы»*0,5) - («айтарлықтай жұмсарған» деп жауап берген респонденттердің пайызы + «шамалы жұмсарды» деп жауап берген респонденттердің пайызы *0,5).
ҚР Ұлттық Банкі жүргізген 2010 жылғы қаңтарда «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері 2009 жылғы 4-тоқсанда несие портфелі сапасының нашарлауы қарқынының төмендегенін көрсетіп тұр. Қаржылық емес ұйымдар несиелік ресурстарды айналым қаражатын толықтыру және бұрын алынған несиелерді қайта құрылымдау үшін тартады. Бөлшек несиелеу нарығында банктер ипотекалық қарызға қарағанда, тұтынушылық несиелеуге біршама көбірек басымдық беруді жалғастырып отыр.
3. Несие тәуекелділігін хеджерлеуді жетілдіру
Тәуекелдерді хеджерлеу әлеуетті қолайсыз факторлардың алдында банктің қаржылық әлсіз тұсын ескертуді қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстанның келешектегі тәуекелдерді хеджерлеу жүйесін жетілдіру мәселесінде Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі аудит тәжірибесінен алыс кетуді және көрсетілген жүйе банктерінің өзін-өзі бағалау механизмін енгізуде. Банктердің өзін-өзі бағалауы ҚҚА–ға тәуекелдерді хеджерлеу жүйелеріндегі кемшіліктерді барынша жедел бағалауына және жалпы алғанда алғашқы сатыларда-ақ қосымша тәуекелдерге қамтылуын анықтауға мүмкіндік береді. Банктік тәуекелдер жүйесінде несие тәуекелділігі маңызды орын алады, ол қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе орындағысы келмеуімен тығыз байланысты. Осы ретте кредитор несие ұсына отырып немесе қарыз міндеттемелерді сатып ала отырып тәуекелділікке ұшырайды, бұл тәуекелділік негізгі қарыз және ол бойынша сыйақылардың уақытында өтелмеуі, не болмаса жартылай немесе толықтай төленбеуі болып саналады.
3 сурет - Қолданылып жүрген несие қабілеттілікті бағалаудың әдістемелері мен тәсілдері
Несие тәуекелділігін хеджерлеу жүйесі бірнеше элементтерден тұрады және стратегиялық басқару, яғни банктің стратегиялық жоспарының, оның несие саясатының және несие тәуекелін бақылау мақсатында ұйымдастыру бөлімшелері жұмысының деңгейінде жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар арқылы атқарылады. Несие тәуекелі несиенің «ерекше назар аудару» тізімін жасау арқылы басқарылады.
3 суретте ұсынылғандай, банктің қарыз алушысының несие қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру бойынша жалпы ұсынымдар мен қолданылып жүрген әдістемелер келесі негізгі процедуралардың орындалуын ұсынады: қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау; қарыз алушыға несиелік рейтинг бекіту және банктің меншікті несиелеу лимитін белгілеу. Қарыз алушының несие қабілеттілігі сұрағы жеткілікті зерттелген мәселеге жатпайды. Бүгінгі күннің несиелік мекемелері үшін де «несие қабілеттілік» сұрағы өзекті болып отыр. Қарыз алушының несие қабілеттілігі түсінігін екі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады қарыз алушы тұрғысынан – несиелік мәмілені аяқтау және алған қарызды өтеу мүмкіндігі; кредитор тұрғысынан – ұсынылатын несиенің мөлшерін дұрыс анықтау және осы несиеге қатысты тәуекелдің алдын алу.
Несие қабілеттілікті анықтауда несие қағидаларының барлығы қатыстырылады және құрылыммен өткізілетін үдеріс болғандықтан жүйелілік қағидатын да алғышартқа қою қажет. Жүйелілік кешенді экономикалық талдауға қатысатын жүйелер мен жүйешелердің өзара байланысын, ол байланыс болмай жағымды нәтиже болмайтынын көрсетеді. Жүйедегі әрбір элемент аналетикалық көрсеткіштерден тұрады, жүйе элементтері арасында өзара логикалық байланыс қалыптасады.
Қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау барысында банк бірінші кезекте мына факторларға аса назар аударады: несиелік мәміле жасауға қарыз алушының жеке бас қабілеті, рухани сипаты және іскерлік беделі; құқылық қабілеті; өтімді және құнды қамту нысандарының болуы; тұрақты табыс көзінің болуы. Сонымен, біздің пайымдауымызша «Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу және жою қабілеті».
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың көптеген әдістері мен тәсілдерін оқып зерттей отырып, оның басымдылықтары мен қатар өзіндік жетіспеушіліктері мен кемшіліктеріне көз жеткіздік. Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігіне қатысты тәуекелдерді төмендету үшін келесілерді жүзеге асыру қажет
Банктің несие тәуекелділігін хеджерлеу жүйесіндегі қарыз қабілеттілікті анықтауға несие тәуекелдерін құқықтық реттеу және несие тәуекелдерін төмендету әдістері мен тәсілдерін кешенді қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Қорытынды
Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.
Бүгінгі күні қазақстандық экономикада коммерциялық банктердің несие қызметінің маңызы артып келеді. Бұл біріншіден, республиканың несие нарығының қарқынды дамуымен, екіншіден, елдегі макроэкономикалық жағдай мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жағдайының жақсаруы нәтижесінде банктердің ресурстық базасының ұлғаюымен, үшіншіден, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының нарықтың толық кұқықты субъектілері ретінде жұмыс істеуімен байланысты болып отыр.
Берілген несиелердің кайтарылмауы немесе уақытында өтелмеуі және олардың пайызының төленбеуі салдарынан банктердің несие қызметінде белгісіздіктің айтарлықтай деңгейінің артқаны, яғни несие тәуекелінің белең алғаны байқалады.
Несие тәуекеліне жол бермеу үшін қарыз алушыларды мұқият іріктеу, кредит беру шарттарын талдау, қарыз алушылардың қаржы жағдайын, оның кредитті өтеу қабілетін (даярлығын) ұдайы бақылау қажет. Осы талаптардың барлығы орындалған жағдайда аса маңызды банк операциясы, яғни несие беру ойдағыдай іске асырылады.
Қазіргі жағдайда тәуекелдің көп себептері, оны диагностикалау, бағалау, талдау, несие тәуекелін реттеу кез келген коммерциялық банк менеджментіндегі бірінші кезектегі маңызды мәселе болып табылады. Қазақстандық банктердің несие тәуекелін реттеу мен оны барынша төмендету саласындағы тәжірибесі әлі кемеліне жетпегендіктен несие тәуекелін хеджерлеудің тиімді әрі оралымды әдістерін әзірлеуді қажет етеді.
Проблеманың өзектілігі банк тәуекелін хеджерлеу теориясының жеткілікті зерттелмеуімен, тәуекелді бағалаудың бірыңғай әдістемесінің болмауымен тікелей байланысты. Бүгінгі күні банк тәуекелін хеджерлеу банктің басты міндетінің бірі болып табылады. Банк қызметінің тиімділігі банк өзінің тәуекелін қаншалықты тиімді басқаратындығында айқындалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазіргі кезеңдегі кредиттік іс; Хамитов Н.Н 2009 ж , 122-160 б
2.Банк ісі; Мақыш С.Б 2007 ж , 376-382,392 б
3.ҚР банктік жүйенің дамуы; Нұрпейсова А.К,Сабитова С.Н,Чоентаева А.О
2011 ж , 313-323 б
4.Банки Казахстана №4(166)-2011 г , 20,23,27,33 с
5.Банки Казахстана №7(157)-2010 г , 33 с
6.Несиелік тәуекелдер: олардың туындауы, әсер етуші факторлар және төмендету жолдары // Халықаралық ғылыми форум «V Рысқұлов оқулары». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – 2010 ж, 63 б
7.Лисак Б.И. Некоторые аспекты оценки и управления репутационными рисками банков с исполльзованием служб комплаенс-контроля. // Банки Казахстана, №5, 2009г, 6-11 с
8.Аскарова Е.М. Банктік тәуекелдерді басқарудың тиімділігі // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары: «Қазақстанда дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржылық экономикалық құрылысты жетілдіру». –Қарағанды: ҚЭУ, 2010ж.
9.Қазанбаева Ж.С. Банк тәуекелділігінің басқару ерекшелігі мен экономикалық мәні // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы.- Алматы, 2007ж.- №5.
10.Сатубалдин М.С. Банк
қызметіндегі тәуекелдердің
11.Елекенова А. Несиелік тәуекелді басқару және бағалау//Экономика негіздері, №4-5,2010
12.Банк ісіндегі тәуекел-
13.Несиелік тәуекел-
Информация о работе Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру