Отчет по практике в Евразийского банка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 20:26, отчет по практике

Описание

Экономикалық мамандықтарға студенттерді дайындау кезінде оқу процесінің міндетті бөлімі болып өндірістік тәжірибе табылады.
Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес кәсіби тәжірибелерінің түрін, кезеңдерін және мазмұнын бейнелейтін оқу методикалық материалдармен, басшылықпен, бақылаумен және нәтижелерді бағалаумен қамтамасыз етіледі.

Содержание

Кіріспе

«Еуразиялық банк» АҚ банктың жұмысы мен ұйымдастыру ерекшеліктері мен танысу.....................................................................
«Еуразиялық банк» АҚ ресурсы мен несие потенциалын зерттеу..............
«Еуразиялық банк» АҚ несиелік процестерді ұйымдастырумен танысу....
«Еуразиялық банк» АҚ №3 филиалының бөлімшелер жұмысымен танысу.............................
«Еуразиялық банк» АҚ банктің басқа да операциялары.................................
«Еуразиялық банк» АҚ-ның өтімділігін талдау
«Еуразиялық банк» АҚ-ның тәуекелділігін зерттеу
«Еуразиялық банк» АҚ-ның менеджментінің негізгі аспектілері.Банктік менеджментінің ұйымдық негіздері. Банктік маркетинг.
Өндірістік тәжірибе бойынша даярлау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Отчет Новый (Восстановлен).docxГульназ.docx

— 138.97 Кб (Скачать документ)

     Қаржылық реттеу Агенттігі Еуразиялық банктің 100 млрд. теңге мөлшеріндегі облигациялық бағдарламасын тіркеді. Еуразиялық банк 51,5 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі синдикатталған заемын өтеді. Еуразиялық банк өзінің еншілес зейнетақы қорының жарғылық капиталын 3 есеге көбейтті. Астанада 2 жаңа есеп айырысу-кассалық бөлімше ашылды. Банк алғашқы рет Қазақстан Қағазы компаниясының $100 млн. сома мөлшеріндегі облигациялар шығарылымын қаржы кеңесшісі және андеррайтері болып, инвестициялық банк ретінде көрінді.Visa International халықаралық төлем жүйесі Банктің мәртебесін Тұрақты мүшеге дейін көтерді. Банктің акционерлік капиталы 4 млрд. KZT сомасына көбейіп, 12 млрд. KZT (US$ 99 млн.) сомаға жетті.Еуразиялық банк және оның еншілес компаниялары рестайлинг жүргізді.Банктің менеджерлік тобының ауысуы. Қаржы институты басшылығындағы негізгі қызметтерге Қазақстан, Ресей, Украина, Латвия елдеріндегі банктерде бай тәжірибесі бар тәжірибелі менеджерлер келді. 2009 Еуразиялық банк Қазақстан қор биржасының ашықтыққа деген талпынысы үшін дипломымын марапатталды. Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес «Еуразиялық банк» АҚ жалғыз акционері «Еуразиялық қаржы-өнеркәсіптік компаниясы» АҚ-на («ЕҚӨК» АҚ) өзінің үш еншілес компаниясын: «Еуразиялық капитал» АҚ, «Еуразиялық Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ («ЕЖЗҚ» АҚ) және «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ («Еуразия» СК» АҚ) сатты.Еуразиялық банк Қазақстанда алғашқы рет жұмыс күні тәулігіне 12 сағатқа созылатын бөлімше ашты.

    2010 жылы Банк 2009ж. несиелер бойынша шығындарды өтеу резервтерін құрастырғаннан кейін және Банк акционерлерінің капиталды тиісті түрде арттыруынан кейін қайтадан кірістік мекемеге айналды (провизиялардың есебімен және оның есебінсіз) (Еуразиялық банк – банкілердің арасында капиталдың тапшылығы сәтінде мемлекеттің қолдауын пайдаланбаған жалғыз ғана банк).2010 жылдың басында в рамках стратегии расширения географии присутствия Еуразиялық Банктің ТМД елдерінде орын алу кеңістігін кеңейту стратегиясы шеңберінде «Тройка Диалог», Мәскеу ресейлік коммерциялық банкін сатып алу мәмілесі сәтті түрде аяқталды.Клиенттік базаның, несиелік операциялар деңгейінің артуы, сондай-ақ көбеюі, KASE-де (Қазақстанның қор биржасы) валюталық бизнестің көлемі бойынша бірінші орынды иелену.

  Moody’s және Standard & Poors рейтингтік агенттіктері  Еуразиялық банктің 2011 жылдың жартыжылдығындағы рейтингі жағымсыз болжаммен B1 деңгейінде және тиісінше тұрақты болжаммен В деңгейінде екендігін растады.

      Еуразиялық банк 2011 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғында тиісінше 16.9% және 1.3% деңгейде ROAE және ROAA көрсеткіштері бойынша Қазақстанның банктік секторында ең үздіктердің бірі болды. 01.07.2011 жағдайға сәйкес активтерінің жалпы көлемі 7%-ға,  алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 338 млрд теңгеге дейінгі деңгейге төмендеді, бұл ретте несиелік портфель осындай кезең  ішінде жоғары кірісті активтердің көбеюі және артық өтімділік нәтижесінде  туындаған жағымсыз спрэдті төмендетуді қарастыратын орташа мерзімді  стратегияға сәйкес  31.7%-ға ұлғайды.  Алдыңғы жылдың маусым айындағы 1.3 млрд. мөлшеріндегі шығынмен салыстырғанда 2011 жылғы маусым айының аяғындағы жағдайға сәйкес таза кіріс 2.3 млрд теңге деңгейіне дейін күрт өсті.  2010 жылдың аяғынан бастап сату орындары 74.2%-ға, 2011 жылғы маусымның аяғында 1136 дейін өсті. 01.07.2011 жағдайға сәйкес клиенттердің саны жыл ішінде 78.2% ұлғайып, 436 467 клиентті құрады. 01.07.2011 жағдайға сәйкес комиссиялық кіріс/операциялық кіріс 15,3% құрады. Салық шегерілген провизия есептелгенге дейінгі жиынтық табыс 01.07.2010 жылғы жағдай бойынша 1.2 млрд. теңгемен салыстырғанда 204.6% ұлғайып, 01.07.2011 жағдайға сәйкес 3.5 млрд. теңгені құрады.  Табысты ұлғайту мақсатымен Банктің жиынтық активтерінде несиелік портфельдің үлесі алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21%-ға ұлғайтылды. Еуразиялық банк 2011 жылғы 1 шілдеде 95.4%-ды құраған есептелген пайыздық табысқа алынған пайыздық табыстың қатынасы бойынша 2010 жылғы осындай күндегі 89.1%-бен салыстырғанда ең жақсы көрсеткіштерге ие. Жылдың өткен кезеңі ішінде NIM таза пайыздық маржасы 2011 жылғы маусымның аяғында 2010 жылғы маусыммен салыстырғанда 176.5% серпінді өсуді көрсетіп, 4.7%-ға өсті. Банк шығыстың табысқа (CIR) қатынасын төмендету үшін үздіксіз жұмыс істеуде: үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының аяғында бұл коэффициент 63.5%-ға тең (2010 жылдың осындай кезеңінде 81.6%).[5]

 

2.«Еуразиялық  банк» АҚ ресурсы мен несие  потенциалын зерттеу

    2007 жылы банк басты қазақстандық коммерциялық банк позицияларын сақтады және нығайтты, толық халықаралық стандартқа сай келді.Банк активтерінің 2007 жылғы көлемі 90,2% (73904 млн. Теңге) артты, және жыл соңында 100 416 млн. Теңге құрады. Активтердің артуы баланс тарауларының бәрінде болды. Банк несие протфелі 210,2 млн теңгеге өсті.      Несие және құралдар 2,9 есе көбейді. Құнды қағаздардың протфельдегі салымдары 94%-ке көбейді. Негізгі құрал 48,8% өсті.Қазіргі танда осы пайыз мөлшемелерін әрі қарай жоғарлатуға маңызды жоспарлар құруда.

    Банк Қазақстан Республикасысы Ұлттық Банкі барысында келесідей операцияларды жүзеге асырады: Құнды қағаздар мен операциялар банк осы операцияны жүзеге асыру мақсатында,Құнды қағаздардың тұтас протфелі “Еуразиялық банк” акционерлік қоғамында 2009 жылы 64% өсті және соның ішінде 20894,3 млн теңге құрады:Мемлекеттік құнды қағаздардың протфелі 16359,3 млн теңге  - протфелі;Муниципальдың протфелі 954,7 млн теңге;Мемлекеттік емес құнды қағаздар протфелі 2980,3млн теңге;Құнды қағаздар тұтас портфелі орта салиақты табыстылығы  5,26% - 6,02% өсті.

      Жыл ішінде банк облигациялар мен өз операцияларын қомақты түрде активтенді. Қазақстандық компаниялар ішкі қор нарығында KASE листингісіне қосылғандар “КЖТ”, “Казтрансойл”, “Қазақтелеком”, “Астана финанс”, “Казкомерц банк”;”Туран Алем Банкі”, “Халық банкі”, “Нур банк”, “Темір банк”.

    Несие операцияларына тоқтала кете, біздер банктің несиелік жағдайын біле аламыз. Бүтіндей Қазақстанда несие нарығы ең дамушы сегмент болып табылады. Банктегі несиелердің жалпы көлемі 45,5%-ке өсті 978,1 млрд теңге құрады. Клиенттерге ұсынылған несие протфелі көлемі “Еуразиялық банк” Акционерлік қоғамында  2007 жылы 16025,2 млн теңге құрады. 01.07.2011 жағдайға сәйкес активтерінің жалпы көлемі 7%-ға,  алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 338 млрд теңгеге дейінгі деңгейге төмендеді, бұл ретте несиелік портфель осындай кезең  ішінде жоғары кірісті активтердің көбеюі және артық өтімділік нәтижесінде  туындаған жағымсыз спрэдті төмендетуді қарастыратын орташа мерзімді  стратегияға сәйкес  31.7%-ға ұлғайды.  Алдыңғы жылдың маусым айындағы 1.3 млрд. мөлшеріндегі шығынмен салыстырғанда 2011 жылғы маусым айының аяғындағы жағдайға сәйкес таза кіріс 2.3 млрд теңге деңгейіне дейін күрт өсті.  2010 жылдың аяғынан бастап сату орындары 74.2%-ға, 2011 жылғы маусымның аяғында 1136 дейін өсті.

   Тұтынуға несие беру, бұл банктің басты қаражат тарту көрінісі болып саналады. Еуразиялық банк тұтыну несиелері заңды және жеке  тұтынушыларына расимделген арбир бөлімінің өзара ерекше ережелері мен нұсқамалары бар.Соған орай банктің ұсынар тұтыну несие түрлері:жеке тұлғалар үшін - Шұғыл мұқтаждықтар;  CASH U; Ипотека; Автокредитование; Кезек күттірмейтін мұқтаждар;  Кепілсіз заемдар. Заңды тұлғалар үшін ранайы несие, вип клиенттерге де өзінара несиелер қарастырылған. Банк несие берудің әр түрлі бағдарламаларымен жеке тұлғаларға жұмыс профилін кеңейтуде (Қосымша 1).

      Вексель операциялары, өте маңызды операциясы банктің. Банк вексельдердің есебімен белсенді жұмыс жалғастыруда. 2007 жыл ішінде 1366,4 млн теңге вексельдер есепке алынған болатын, 945,45 млн теңге өтелген, 3,5 есеге көбейіп нәтижесінде вексельдердің протфелі үлкейді.

   Банктің төлем карточкалары пластикалық карточкалары  қазіргі таңдағы қолданысы. «Еуразиялық банк» Visa International халықаралық төлем жүйесінің толық қанды қатысушысы (Principal) болып табылады және 2000 жылдан бастап жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға арнап төлем карточкаларын шығара бастаған. Төлем карталары - бұл:банкте өзінде ақша сақталған шоттың «кілті»; Қазақстан бойынша 6.2 мыңнан астам және бүкіл әлем бойынша 800 мың банкоматтан ақша шешіп алу мүмкіндігі; Қазақстанның 16.3 мыңнан астам және бүкіл әлем бойынша 24 млн. сауда орындарында дүкендерде сауда жасауға, қонақ үйіне тапсырыс беруге, жалға автокөлік алу мүмкіндігі; еңбекақы мен несиелік лимитті алу мүмкіндігі; саяхат жасау кезінде ақшаны кеденде жариялаусыз автоматты түрде айырбастау. Карточкалар теңге, еуро және АҚШ долларымен ашылады.Төлем карточкаларын қолдану ережелері "Еуразиялық банк" АҚ-ның төлем карточкаларын қамсыздандыруға қосылу келісімшарты (стандарттық шарттар) VISA International VISA магниттік халықаралық карталарын (Classic, Business, Gold) шығарады.Жеке, заңды және вип клиенттерге өзара карточкалар өзінара расимделген.

    Төлем карталарын қолданыла отырып жеке тұлғалар үшін: Төлем карталарының түрлерін банк ұсынады: Басты артықшылықтарын: Карт-шот бойынша ақшаның түсуі мен шығындар бойынша лезде СМС-хатты алу; шотқа түскен ақша мен шығындар бойынша ай сайын тегін мағлұмат алу (E-mail арқылы) ;тәулік бойы жұмыс істейтін қызмет көрсету – карт-шоттағы қалдықты білуге, егер карта жоғалған болса, оған оқшалау қоюға және банкоматтардың қайда орналысқанын білуге болады :Банкоматтарда төлемдерді жүзеге асыру (Билайн, Алма ТВ, Digital TV, Active, K’cell, және т.б.) ;Банк банкоматтары арқылы картадан картаға ауыстыру (Еуразиялық банк ішінде) ;«Еуразия» СКмен бірге саяхатшыларды сақтандыру полистерін беру. Priority Pass: Әуежайлардың VIP-залдарының карточкасы (VIP-lounge) VISA Infinite Eurasian Diamond Card мен VISA Platinum карточкаларын пайдаланушылары үшін консьерж-қызметі ;Интернет-банкинге (www.smartbank.kz) қосылу: үзінділерді қарау, Еуразиялық Банктің картасынан картағы аударымдар, телефон байланысы, кабелді теледидар, үй-жай тұрмыс шаралары, оқу және жарнама қызметтері үшін тәулік бойы төлеу мүмкіншілігі болып саналады.

   Банкте заңды тұлғалар үшін: Еңбекақы карталарының түрлері: Мекеме қызметкерлері үшін ( Standard пакеті): VISA Electron еңбекақы картасы, карта бойынша овердрафт (несие лимиті), еңбекақыдан 70% лимитке дейін (120 000 теңгеге дейін) және төмен пайыздық қойылымдармен беруге болатынын ескертеді. Мекеме башылары үшін (VIP пакеті): VISA Classic еңбекақы картасы, карта бойынша овердрафт (несие лимиті), еңбекақыдан 70% лимитке дейін (600 000 теңгеге дейін) және төмен пайыздық қойылымдармен және сыйлыққа VISA Gold несие картасы, дербес лимитімен және төмен пайыздық қойылымдармен, еңбекақы түскені туралы және жасалған жұмсаулар туралы SMS-хабарлама.Мекеме үшін: төлемдік карталарға еңбекақыны автоматты төлеу үшін бағдарламалық қамтамасыздандырады, есеп астына есеп айырысу үшін (отын, өкілдік шығындар, іс сапарлар) VISA Business (сыйлыққа 3 карта) корпоративті карталар, төлем карталар өтеулерін қабылдау үшін POS-терминал (егер кәсіпорын тұрғындарға тауарлар немесе қызметтер сататын болса).

    Вип клиенттер үшін: VISA infinite Eurasian Diamond Card Еуроазиялық банк және VISA әлемде алғашқы бірегей алтынмен және гауһар таспен әшекейленген VISA Infinite Eurasian Diamond Card картасын ұсынады.Infinite Eurasian Diamond Card – бұл Еуроазиялық банктің ұсынып отырған VISA картасының сыйлық сегментінің шыңы. Сондықтан осы картаның қол жетімді ерекшеліктері ұстаушыларға тек қана бірегей емес ал ерекше тек шектеулі клиентерге жетімді қызмет. Бұл Еуроазиялық банка және оның клиентері үшін, және Visa компаниясына жаңа құбылыс», - деп «Еуроазиялық банк» АҚ атқарушы директоры Дмитрий Николин хабарлайды.VISA Diamond картасының философиясы «клубность» принципінде негізделген. Банктің басқа кызметтерімен және өнімдеріне қарағанда картаны сатып алуға болмайды. VISA Infinite Eurasian Diamond Card иесі болу тек банк басқармасының немесе Еуроазиялық банктің осы картаны пайдаланған екі клиенттің ұсынысымен болуға болады.Картаның дизайн үлгісі 2008 жылдың желтоқсанында СЕМЕА аймағындағы төлем картасының ең жақсы дизайн үлгісі болып мойындалды (Қазақстанмен қоса, әлемнің 90 - нан аса мемлекеті кіреді).

    Priority Pass ең үлкен мекеме болып табылады, оның карталары әлемнің ең үлкен әуежайларында – Мәскеу мен Лос – Анджелестен, Цюрих пен Абу – Дабиге дейін VIP-залдардың 600 асасына баруға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысатын VIP-залдар саны үнемі өсу үстінде. Priority Pass бағдарламасының қатысушыларына авиабилет (соның ішінде үнемдеу санаты) санатына, авиакомпания санатына және қасындағы тұлғалар санына тәуелсіз бүкіл әлемде жайлы VIP-залдар қол жетімді.

    Ұсынылған «Priority Pass» артықшылықтары: Беделді мекемеге бірегей қатысты болу; Жайлылыққа қол жетімділік және VIP-залдарда қызмет көрсетудің жоғары деңгейі бизнес – санатының билеттерімен барлық есіктер ашық; Демалу мүмкіндігі, газет оқу, жаңалық қарау, ішімдіктер мен жеңіл астарды кезексіз және валюта айырбастамай алу (дәстүрлі жеңіл астар мен ішімдіктер тегін болып табылады); бизнес-қызметтер, тыныш және жайлы ортада телефон, факс, Интернет; Достармен, қызметтестермен немесе жанұямен саяхаттау, VIP-залдар оларға да қол жетімді. Бағдарлама интернет желісінде құпия сөзді пайдаланғанда қол жетімді. Бетте тәулік бойы барлық VIP-залдар туралы соңғы ақпарат, қосымша қызметтер туралы, жұмыс уақыты және саяхат кезінде қажет болуы мүмкін болатын өзге ақпарат қол жетімді.

    2011 жылы төлеу карточкаларымен операцияларымен жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Клиенттердің ыңғайлығына айналған карточка схемалары ұсынылған болатын,олар клиенттердің әр түрлі категорияларына арналған.

     Банк қызметкерлердің келесі түрлерін ұсынады:Несиелерді заңды және жеке тұлғаларға беру;Заңды және жеке тұлғаларға шот ашу; Төлемдер және ақша аударымдарын жүргізу;Валюталардың конвертациясын жүзеге асыру; Клиенттеріне “Банк - клиент” жүйесін ұсыну,  (банк қатысуынсыз шоттарды басқаруға мүмкіндік береді);Сауда қаржыландыру операциялары (аккредитив, инкассо, кепілдіктер);Қор нарығындағы құнды қағаздар мен операциялар;Ақтөбе қаласына және аудандарына қолма-қол ақшаларды жеткізу; Виза төлеу карточкалары.

   Банктің ұсынылған несие турлеріне тоқталып өтсек:"Тиімді несие" жинағы.   Бұл несие түріне сиапаттама берейік: Займның мәні: Қарыз ақша Mitsubishi Дилерлерінен маркасы Mitsubishi Galant жаңа автокөлігін сатып алынып жатқан автокөлікті кепілге алумен беріледі.Қамсыздандыру мүлкі бойынша:сатып алынып жатқан автокөлік.Бастапқы жарнасы: Табысын расталынады:сатып алынып жатқан автокөлік құнының 30%-ы; Табысын растаусыз: - сатып алынып жатқан автокөлік құнының 40%-ымен қарастырылады.Несиелендіру мерзімі: 2 жылға дейін.Займның валютасы: АҚШ доллары. Комиссиялар:займның ұсынылғаны үшін, клиент төлейді – займ сомасының 1,9 %-нан бастап (біржолғы); займның ұсынылғаны үшін, Mitsubishi Motors төлейдізайм сомасының 12 %-нан бастап (біржолғы); займның ресімделгені үшін – 1 500 теңге (біржолғы); займмен жұмыс жүргізгені үшін – 6,66 $ (ай сайынғы).Сыйақы мөлшерлемесі:Табысын растаумен: жылдық 5,5% бастап (АҚШ долл.);Табысын растаусыз: жылдық 7,7% бастап (АҚШ долл.)Табысын растау: займ табысын растаусыз берілуі мүмкін.Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 23,99 % бастап жоғары пайыз қарастырылады.

    «Еуразиялық авто» өнімі, қарыз ақша жаңа не пайдалануда болған автокөлікті сатып алынып жатқан автокөлікті кепілге берумен ұсынылады. Несиенің ең аз сомасы:1 000 АҚШ долл. / теңгемен алғандағы баламасы; Несиенің ең көп сомасы: Теңгемен – Банктің лимиттеріне сәйкес; АҚШ долларымен – 7 300 000 теңге (АҚШ долларымен алғандағы баламасы): Бұл жағдайда: жаңа автокөлікті сатып алған жағдайда ары кеткенде:

85% ** - «Табысын растаумен»  санатындағы Борышкерлер үшін;

75% ** - «Табысын растаусыз»  санатындағы Борышкерлер үшін.

пайдалануда болған автокөлікті  сатып алған жағдайда ары кеткенде:

70% ** - «Табысын растаумен»  санатындағы Борышкерлер үшін;

50% ** - «Табысын растаусыз»  санатындағы Борышкерлер үшін;

100% ** (егер қамсыздандыру  заты ретінде салынған ақша  шығып отырса). Несиенің валютасы: теңге, АҚШ доллары; Қамсыздандыру бойынша :Сатып алынып жатқан автокөлік, не сатып алынып жатқан автокөлік және салынған ақша; Бастапқы жарна/Салынған ақша: Жаңа автокөлікті сатып алған жағдайда:

  • 15% бастап **- «Табысын растаумен» санатындағы Борышкерлер үшін;
  • 25% бастап **- «Табысын растаусыз» санатындағы Борышкерлер үшін.

Пайдалануда болған автокөлікті  сатып алған жағдайда:

  • 30% бастап **- «Табысын растаумен» санатындағы Борышкерлер үшін;
  • 50% бастап **- «Табысын растаусыз» санатындағы Борышкерлер үшін.

Информация о работе Отчет по практике в Евразийского банка