Пайдаға салынатын салық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 22:13, реферат

Описание

Активтерді немесе міндеттемелерді мойындаудың өзінен есеп беретін компания осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл Стандарт жекелеген жағдайларды қоспағанда, компания кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) мойындауын талап етеді.

Работа состоит из  1 файл

12-ХБЕС Пайдаға салынатын салықтар.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

          81. Төмендегі ақпарат та жеке ашып көрсетілуге тиіс:

            (а)  меншікті капиталының шотына дебеттелетін немесе кредиттелетін баптарға жататын ағымдағы және кейінге қалдырылған жиынтық салық;

            (b)  [жойылған];

            (с)  салық төлеу жөніндегі шығыс (табыс) пен бухгалтерлік пайда арасындағы тәуелділікті мынадай бір, немесе екі нысанда түсіндіру:

            (і)  салық төлеу жөніндегі шығыс (табыс) пен бухгалтерлік пайда мәнін қолданылатын салық ставкасына (ставкаларына) көбейту нәтижесін салыстыра тексеру, ол сондай-ақ қолданылатын салық ставкасы (ставкалары) өз көмегімен есептелген әдісті де ашып көрсетеді;

            (іі)  орташа нақты салық ставкасы мен қолданылатын салық ставкасын салыстыра тексеру, ол сондай-ақ қолданылатын салық ставкасы өз көмегімен есептелген әдісті де ашып көрсетеді;

            (d)  қолданылатын салық ставкасындағы (ставкаларындағы) өзгерістерді бұрынғы есепке алу кезеңімен салыстыра түсіндіру;

            (е)  шегерілетін уақытша айырмашылықтар, пайдаланылмаған салық залалдары және өздері үшін баланста кейінге қалдырылған салық активі мойындалмайтын кредиттер сомасы (және, егер қолданылу мерзімі бітетін күн бар болса);

            (f)  өздері үшін еншілес кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мойындалмаған компанияларға, филиалдарға және қауымдастырылған компанияларға инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлестеріне байланысты жиынтық сома (39-параграфты қараңыз);

            (g)  уақытша айырмашылықтардың әрбір түрі және пайдалынылмаған залалдар мен салық кредиттерінің әрбір түрі жөнінде:

            (і)  ұсынылған әрбір кезеңдегі баланста мойындалған кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерінің сомасы;

            (іі)  пайда мен залал туралы есепте мойындалған салықты өтеуден түсетін кейінге қалдырылған кіріс немесе салық төлеу жөніндегі шығыс сомасы, егер ол баланста мойындалған сомалардағы өзгерістерден айқын болмаса;

            (һ)  тоқтатылған қызметке қатысты:

            (і)  тоқтатудан келер пайдаға немесе залалға; және

            (іі)  ұсынылған әрбір бұрынғы кезең үшін тиісті сомалармен бірге кезеңдегі тоқтатылған қызмет бойынша әдеттегі қызметтен келер пайдамен немесе залалмен байланысты салықтар төлеу жөніндегі шығыстар;

            (і)  болжанған немесе қаржы есептілігі бекітілген күнге дейін шығарылады деп жарияланған, бірақ қаржы есептілігінде міндеттеме ретінде мойындалмаған дивидендтерді компания акционерлеріне төлеудің салық салдарларының мөлшері.

          82. Компания кейінге қалдырылған салық активінің сомасын және оның мойындалуын қолдайтын негізгі сипатын:

            (а)  кейінге қалдырылған салық активін пайдалану салық салынатын болашақ пайдалардың салық салынатын уақытша айырмашылықтарды қайтарудың нәтижесінде пайда болатын пайдалардан асып түсуіне байланысты болатын; және

            (b)  компания кейінге қалдырылған салық активі өзіне жататын салық заңдылығында ағымдағы және алдағы кезеңде залал шегетін кезде ашып көрсетуге тиіс.

          82А. 52А-параграфта сипатталған жағдайларда компания акционерлерге дивидендтер төлеудің нәтижесінде пайда болатын ықтимал салық зардаптарының сипатын ашып көрсетуге тиіс. Бұған қосымша компанияның анықталуы мүмкін ықтимал салық салдарларының көлемі туралы, сондай-ақ іс жүзінде анықтауға болмайтын кез келген ықтимал салық салдарлары туралы ақпаратты ашып көрсетуі керек.

          83.  [жойылған].

          84. 81(с)-параграфқа сәйкес талап етілетін ашып көрсетулер қаржы есептілігін пайдаланушылардың салық төлеу жөніндегі шығыс (салық өтемінен түсетін табыс) пен бухгалтерлік пайда арасындағы байланыс әдеттен тыс болып табылатын-табылмайтынын түсінуіне және болашақта оған әсер ете алатын маңызды факторларды түсінуіне мүмкіндік береді. Салық төлеу жөніндегі шығыс (салық өтемінен түсетін табыс) пен бухгалтерлік пайда арасындағы қатынас салық салудан босатылған табыс, салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтау кезінде шегерілмейтін шығыстар және шетелдік салық ставкаларының әсері факторлардың ықпалында болуы мүмкін.

          85. Салық төлеу жөніндегі шығыс (салық өтемінен түсетін табыс) пен бухгалтерлік пайда арасындағы тәуелділікті түсіндіру кезінде компаниялар қаржы есептілігін пайдаланушыларға ең мәнді ақпарат беретін қолданыстағы салық ставкасын пайдаланады. Компания ұлттық салықтар үшін қолданылатын салық ставкасын салық салынатын пайданың (салық залалының) іс жүзінде ұқсас деңгейінде есептелетін кез келген жергілікті салықтар үшін қолданылатын ставкалармен біріктіретін резидент болып табылатын елдегі ішкі салық ставкасы көбінесе ең елеулі ставка болып табылады. Алайда бірнеше заңдылықтарда іс-қимыл жасаушы компания үшін әрбір жеке заңдылықтағы ішкі ставка көмегімен әзірленген жекелеген салыстыра тексерулерді біріктіру неғұрлым елеулі болуы мүмкін. Келесі мысалда салықтың қолданылатын ставкасын таңдау санмен салыстыра тексерудің ұсынылуына қалай әсер ететіні көрсетіледі.

          86. Орташа нақты салық ставкасы бухгалтерлік пайдаға бөлінген салық төлеу жөніндегі шығысқа (салық өтемінен түсетін табысқа) теңеледі.

          87. Еншілес компанияларға, филиалдарға және қауымдастырылған компанияларға инвестициялардың және бірлескен қызметке қатысу үлестерінің нәтижесі ретінде пайда болатын мойындалмаған кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің сомасын есептеп шығару жиі орынсыз болады (39-параграфты қараңыз). Сонымен, осы Стандартта компанияның негіз қалаушы уақытша айырмашылықтардың жиынтық сомасын ашып көрсетуі талап етіледі, бірақ ол кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің ашып көрсетілуі талап етілмейді. Әйтсе де, практикалық мән болған кезде, компаниялар мойындалмаған салық міндеттемелерін ашып көрсетуге ұмтылады, өйткені ондай ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушылар үшін пайдалы болуы мүмкін.

          87А. 82А-параграфында компаниядан акционерлерге дивидендтер төлеу нәтижесінде пайда болатын ықтимал салық салдарларының сипатын ашып көрсету талап етілген. Компания салық жүйесінің пайдаға салынатын салыққа қатысты ең маңызды сипаттамаларын және дивидендтер төлеудің ықтимал салық салдарларының көлеміне ықпал ететін факторларды ашып көрсетеді.

          87В. Акционерлерге дивидендтер төлеу нәтижесінде пайда болатын ықтимал салық салдарларының жиынтық мөлшерін есептеу кейде іс жүзінде мүмкін болмайды. Мысалы, компанияда шетелдік еншілес компаниялар көп болған жағдайда осылай болады. Әйтсе де, тіпті осы жағдайдың өзінде жиынтық мөлшердің белгілі бір бөлігін оп-оңай анықтауға болады. Мысалы, біріктірілген есеп беретін компаниялар тобында бас компания және оның еншілес компаниялары біріктірілген бөлінбеген пайданың акционерлерге болашақ дивидендтер төлеу кезінде кейін қайтарылатын сома туралы білетін акционерлер арасында бөлінбейтін бөлігінен пайдаға салынатын салықты неғұрлым жоғары ставка бойынша төлей алады. Бұл жағдайда қайтарылатын сома туралы ақпарат ашып көрсетілуі керек. Компания сондай-ақ мөлшерін іс жүзінде анықтауға болмайтын қосымша ықтимал салық салдарлары туралы ақпаратты да, ондайлар орын алған жағдайда, ашып көрсетеді. Бас компанияның жеке қаржы есептілігінде, егер ол бар болса, ықтимал салық салдарлары бас компанияның бөлінбеген пайдасы жөнінде ашып көрсетіледі.

          87С. Ақпаратты ашып көрсету жөнінде 82А-параграф талаптары қолданылатын компаниядан сондай-ақ еншілес компанияларға, филиалдарға және қауымдастырылған компанияларға инвестицияларға немесе бірлескен қызметке қатысу үлестеріне жататын уақытша айырмашылықтар туралы ақпаратты ашып көрсету талап етіледі. Бұл жағдайларда компания бұл талаптарда 82А-параграфқа сәйкес ашып көрсетілетін ақпаратты анықтау кезінде ескереді. Мысалы, компаниядан өздері жөнінде кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мойындалмаған еншілес компанияларға инвестицияларға жататын уақыт айырмашылықтарының жиынтық сомасын ашып көрсету талап етілуі мүмкін (қараңыз: 81(f)-параграфы). Егер мойындалмаған кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің мөлшерін есептеу іс жүзінде мүмкін болмаса (қараңыз: 87-параграф). Сол еншілес компанияларға қатысты дивидендтер төлеудің ықтимал салық салдарларының анықтау мүмкін болмайтын сомалары пайда болуы мүмкін.

          88. Компания 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес компания салық салуға байланысты кез келген шартты міндеттемелер мен шартты активтерді ашып көрсетеді. Шартты міндеттемелер мен шартты активтер, мысалы, салық органдарымен шешілмеген даулар нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Дәл солай, салық ставкаларын немесе салық заңнамасын өзгертулер баланс күнінен кейін іске қосылатын немесе жарияланатын жағдайда, компания сол өзгертулер өздерінің ағымдағы және кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелеріне кез келген елеулі әсерін ашып көрсетеді (қараңыз: 10-«Баланс күнінен кейінгі оқиғалар» IAS Халықаралық стандарты).

          85-параграфты  бейнелейтін мысал

          19Х2  ж. компания өз заңдылығында (А елі) 1,500 (19Х1 ж.: 2,000) және Б елінде 1,500 (19Х1 ж.: 500) бухгалтерлік пайда тапты. А елінде салық ставкасы 30% және Б елінде - 20%. А елінде 100 (19Х1 ж.: 200) сомасындағы шығыстар салық салу мақсаттары үшін шегерілмейді.

          Төменде салықтың ішкі ставкасын салыстыра  тексеру мысалы келтірілген.

          19X1 19X2

          Есептік  пайда 2,500 3.000

          Ішкі  ставка бойынша салық 30% 750 900

          Салық салу мақсаттары үшін  
    шегерілмейтін шығыстардың салыққа әсері  60 30

          В еліндегі неғұрлым төмен 
    салық ст
    авкаларының әсері (50) (150)

          Салық бойынша шығыстар 760 780

          Төменде әрбір ұлттық заңдылық үшін жекелеген  салыстыра тексерулерді біріктіру  жолымен әзірленген салыстыра тексеру  мысалы келтірілген. Осы әдіске сәйкес есеп беруші компанияның өз ұлттық салық ставкасы мен басқа заңдылықтардағы ішкі салық ставкасы арасындағы айырмашылық нәтижесі салыстыра тексеруде жеке бап ретінде көрсетілмейді. Компанияның 81(d)-параграфта талап етілетініндей, қолданылатын салық ставкасындағы (ставкаларындағы) өзгерістерді түсіндіру үшін не салық ставкаларындағы, не түрлі заңдылықтарда тапқан пайданы ажыратылмас бөліктерінің біріктірмесіндегі елеулі өзгерістердің әсерін, бәлкім, түсіндіруіне тура келеді.

          Бухгалтерлік  пайда 2,500 3,000

          Осы заңдылықтағы пайдаға   
    қолданылатын ішкі ст
    авкалар бойынша  700 750

          Салық салу мақсаттары үшін  
    шегерілмейтін шығыстардың салыққа әсері  
    60 30

          Салық бойынша шығыстар 760 780

          КҮШІНЕ  ЕНУ КҮНІ

          89. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1998 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді, 91-параграфта көрсетілгеннен басқа жағдайларды, қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді. Егер компания осы Стандартты 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңді қамтитын қаржы есептілігі үшін қолданатын болса, ол осы Стандартты 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартының орнына қолданатыны туралы ақпаратты ашып көрсетуге тиіс.

          90. Осы Стандарт 1979 жылы бекітілген 12-«Пайдаға салынатын салықтарды есепке алу» IAS Халықаралық стандартын ауыстырады.

          91. Жаңа 52А, 52В, 65А, 81(і), 82А, 87А, 87В, 87С-параграфтарын енгізу және 3, 50-параграфтарын алып тастау түріндегі өзгерістер 2001 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын жылдық қаржы есептілігі3 үшін күшіне енеді. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Осы Стандарттың мерзімінен бұрын қабылдануы қаржы есептілігіне әсер еткен жағдайда компания ол фактіні ашып көрсетуге тиіс.

 

          ___________

      Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен  жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

Информация о работе Пайдаға салынатын салық