Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 06:05, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты болып пайыздық тәуекелдерді бағалау, басқарудың Қазақстан нарығының дамуы жағдайларына бейімделген әдістері мен моделдерін ашып көрсету табылады.
Таңдалған мақсатыма сәйкес курстық жұмысымның жазылуы барысында келесідей міндеттер қойылып, шешілуі тиіс:
1. Пайыздық тәуекелдер туралы жалпы мағлұмат ұсыну;
2. Пайыздық тәуекелдердің, соның ішінде қаржылық тәуекелдердің классификациясын ашып көрсету;
2. Тәуекелдерді бағалау, басқару әдістеріне тоқталып өту;
Кіріспе………………………………………………………………………..3
I. Пайыздық тәуекелдің теориялық аспектісі………………………......4
1.1. Пайыздық тәуекелдің мәні мен мазмұны..................................................4
1.2.Пайыздық тәуекелдің құрылымы және оның ерекшеліктер…………...6
II. Коммерциялық банктерде пайыздық тәуекелді басқару……….....14
2.1. Пайыздық тәуекелді басқару мен бағалау әдістері………....................14
2.2.Тұран Әлем Банкінің тәуекелдерді басқарудағы нақты жағдайы........20
III. Пайыздық тәуекелді басқарудың даму стратегиясы…...................25
3.1.Пайыздық тәуекелді басқарудың даму стратегиясы………………….25
Қорытынды…………………………..…………………………….……......27
Пайдаланған әдебиеттер………………..…………………….…………...28
Пайыздық тәуекелді болдырмау үшін коммерциялық банктерге төмендегілер қажет:
1.
Несиелік келісім шарттарда
2. баланс құрылымының өзгеруін басқару;
3. Пайыздық тәуекелдің өтемақысын анықтау.
Егер баланс активінде пайыздық тәуекел орын алса, онда пассивінде оың өтемақысы қарастырылуы қажет. Осы мақсаттар клиентпен максималды процент туралы келісім жасауы мүмкін.
Банктің тәжірибелік іскерлігінде аталған шараларды жүзеге асыру пайыздық тәуекелді басқрудың арнайы (мақсатты) әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. Пайыздық тәуекелді басқарудың арнайы әдістеріне пайыздық маржаны басқару және гәпті (айырмашылықты) басқару әдістері жатады.
Бір уақытта пайыздық тәуекелді басқару мен хеджерлеу және пайыздық фьючерстер концепциялары байланысты. Банктегі басқарудың (менеджмент) басты мақсаттарының бірі – бұл пайыздық маржаны бақылау, яғни пайда әкелетін активтерден пайыздық табыс пен міндеттемелер бойынша пайыздық шығыс арасындағы маржаны бақылау. Маржадан басқа, активтерден алынған өлшенген орташа ставка мен міндеттемелері бойынша төленген өлшенген орташа ставка арасындағы айырмашылық болып табылатын спрэдке де көңіл бөлінеді. Бұл көрсеткіштердің екеуі де банктің табысы туралы есепте көрсетілуі тиіс. Берілген көрсеткіштер жоспарлау кезінде болжау әдістері арқылы анықталады. Сондай-ақ, пайыздық тәуекелді басқару прцесінде ГЭП (айырмашылық) ескеріледі – берілген уақыт кезеңінде фиксирленген ставкамен пассив бойынша фиксирленген ставкамен банк активтері мен пассивтерінің шығындылығы немесе теңестірілмегендігі. Пайыздық тәуекелді басқару әдістерін банктік операция, экономика, пайыздық ставка нарығындағы өзгерістерді мұқият және тұрақты талдауды қажет етеді.
Инфляция жағдайында пайыздық ставканы басқару активтер портфелінің мерзімі бойынша теңестірілуіне дайын болуы қажет. Бірақ бұл өте күрделі, егер банктің балансында фиксирленген және қалқымалы ставкамен активтер мен пассивтер бар болса. Сондықтан пайыздық ставкалар өзгеруінің перспективасын бағалау қажет.
Мерзімі бойынша активтер мен пассивтер портфелін теңестіру банкке пайыздық спрэдті бекітуге мүмкіндік береді, яғни пайыздық тәуекелді бейтараптандырады. Бірақ, егер мерзімдердің теңестірілмеген қатынасы үлкен табыс спрэд тәуекелін қалайды. Бұл, экономистер пайыздық ставка қозғалысын болжай алмағанда болады.
Қорларды теңестірілмеген салыстырудың нақты жағдайын қарастырайық.
I
нұсқа (теңестірілген)
Мөлшерлемелер | Мерзімі күн | Несие бойынша
Ставка,% |
Тартылған қаражаттар бойынша ставка, % | СПРЭД, % |
Ағымдағы нарықтық | 90 | 20 | 15 | 5 |
180 | 25 | 20 | 5 | |
Болжанған ( 90 күннен кейін) | 90 | 17 | 12 | 5 |
II нұсқа (теңестірілмееген): 180 күнге несиелеудің альтернативалық стратегиялары:
А) қарыз қаражаттарын 180 күнге тарту, спрэд 5 %
Б) қарыз қаражаттарын 90 күнге тарту, 90 күннен кейін жңарту: спрэд ½ (10+13)=11,5 %
Гепті дұрыс басқару – пайыздық ставканың болашақтағы қозғалысын дұрыс болжауды талап етеді. Біздің мысалда, қысқа мерзімді ставкаларды дәл болжау менеджментті 180 күндік несиені теңестіруді емес, ал пайыздық маржаның кеңеюіне әкелетін айырмашылықты құруға мәжбүрледі.
II нұсқа бойынша келтірілген мәліметтерден шыға, спрэд I нұсқадағыдай 5% - ті емес, 11,5 % - ті құрады. Бұл гэп – ті басқару прцесінде күтілгендей,
прценттік ставканың қозғалысын дұрыс болжау жүзеге асқанының нәтижесінде болды. Қарыз қаражаттарын 180 күнге тарту шарт негізінде осы келісімді 2 дербес кезеңге бөлу туралы шешім қабылданған еді: алғашқыда 90 күнге тартып, кейіннен қайтадан 90 күнге жаңарту.
Осы жағдайда 180 күндік теңестірілмеген спрэд 11,5 % - ті құрады және келесідей қалыптасты:
I кезең: 180 күнге несие бойынша ставка=25%
Қаражаттарды сатып алу (алғашқы 90 күнде) =15%
Спрэд=10 %
II кезең: 180 күнге несие бойынша ставка =25%
Қаражаттарды сатып алу =12 %
Спрэд=13 %
180 күндік несиеге спрэд 11,5 % - ті құрайды.
Пайыздық маржаға әсер етеін факторлар:
Гэпті басқаруды пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен пассивтердің берілген деңгейін басқару деп анықтауға болады. Гэп оң не теріс болады. Оң гэп кезінде өзгермелі мөлшерлемемен активтер өзгермелі мөлшерлемемен есептелген пассивтерден артық болады. Оң гэп кезінде пайыздық ставканың төмендеуімен пайыздық маржа да өседі. Теріс гэпте өзгермелі ставкамен есептелген пассивтер өзгермелі ставкамен есептелген активтерден артық болады. Бұл жағдай да, пайыздық мөлшерлеме төмендегенде маржа өседі, ал пайыздық мөлшерлеме өскенде – маржа төмендейді.
Пайыздық тәуекел пайыздық маржа мен спрэдке әсер еткендіктен, оның деңгейі пайыздық ставканың айырмашылығы мен оның бағыты өзгеруінің жылдамдығы мен ұзақтығының көлемдеріне тәуелді. Банктің тәжірибеде жүзінде гэпті басқаруды толық пайдалану мүмкін болу үшін төмендегілер қажет:
Мүмкін болатын банктің пайыздық саясаттың нұсқаларын қарастырайық. Мұнда бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
I кезең – төмен пайыздық ставка (өсуі күтілуде):
II кезең - өспелі пайыздық ставкалар (болашақта олардың максималды өсуі күтілуде):
III кезең – жоғары пайыздық ставкалар (жақын болашақта олардың төмендеуі күтілуде):
IV кезең – төмендейтін пайыздық ставкалар (жақын уақытта олар минималды болады):
Пайыздық саясаттың жоғарыда аталған кез – келген бағыттарының (кезеңдерінің) жүзеге асырған кезде, банктің басты міндеті - банктің бекітілген тәуекел параметрі саясаты шегінде таза пайыздық маржаның артуы болып табылатынын есепке алу маңызды. Активтер мен пассивтерге тән пайыздық мөлшерлемелер мен тәуекел деңгейі – бұл жеке банк әсер ете алмайтын немесе оны нақты болжай алмайтын ішкі әрекеттермен анықталатын өзгермелі өлшеуіштер. Сондықтан, активтерді және пассивтерді басқару – банктің тәжірибелі кадрларды тартуды талап ететін үздіксіз процесс.
Пайыздық саясатта банктік мамандардың несиенің құнын анықтау да, яғни пайыздық ставканың көлемін анықтауда басты рөльді ойнайды. Осы бағаны анықтау детальдары несиелік ұсыныстар мен несиелік келісім шарттарды көрсетілу керек. Несие құнын анықтау процесінде келесі факторлардың маңызы бар:
4.Клиент
категориясы банктің клиентпен
қатынасын дамытуға немесе
5.табыстылық
несиелік маржа айтарлықтай
6. Банктік ресурстарды сатып алу құны;
7. Орталықтан бекітілетін несие құнының жоғарғы шегін (банк одақтарымен, банк бірлестіктерімен, Орталық банкпен);
8.
несиелеу кезінде бағаның
Пайыздық ставканың фьючерсі – бұл арнайы фьючерстік нарықта – фьючерстік биржада сауда обьектісі болатын қаржылық фьючерс. Олар әлемнің басты коммерциялық және қаржылық орталықтарында орналасқан. Мыс; Чикагоның тауарлық биржа – дәнді дақылдық (зерно), бағалы қағаздар, пайыздық ставалар, Лондондық халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы – валюта және пайыздық фьючерстер.
Фьючерстік келіссөздерге сәйкесінше келісім шарттар жасалады. Фьючерстік келісім шарт – бүгін бекітілген (келісімшарт жасасу кезінде) баға бойынша болашақта келісілген мерзімде қаржылық инструменттерді (немесе тауарларды) сату – сатып алу туралы келісім. Егер фьчерстер нарықта сатылатын қаржылық инструменттер болып табылса, онда хеджерлеу – фьючерстермен байланысты іскерлік. Ол болашақтағы бағамның өзгеруі тәуекелі активтер немесе пассивтерді сатып алудағы алғашқы келісімі қарама – қарсы келісіммен толығымен немесе бөлшектеп бейтараптандырылатын үшінші жақпен келісім жасасу жолымен активтер немесе пассивтерді толығымен немесе бөлшектеп жою порцесі ретінде анықталады.
Пайыздық “төбесімен” (потолок) несие бойынша хеджерлеу мысалы: қарыз алушы банкпен қалқымалы пайыздық ставкамен несиелік келісімге отырады, бірақ қарыз алушы келешектегі өзінің пайыздық тәуекелін төмендету үшін банкпен пайыздық ставкасының “төбесі” туралы келіседі, яғни несие мерзімі кезінде алатын максималды ставканы. Банк осыған келісе отырып іс – жүзінде пайыздық тәуекелдің бір бөлігін өзіне алады. Ол үшін банк қарыз алушыдан тәуекелге қосымша төлем алады, яғни банк үшін ресурстар құнына пайыздық спрэдті жоғарылатады.
Информация о работе Пайыздық тәуекелді басқарудың даму стратегиясы