Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 06:05, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты болып пайыздық тәуекелдерді бағалау, басқарудың Қазақстан нарығының дамуы жағдайларына бейімделген әдістері мен моделдерін ашып көрсету табылады.
Таңдалған мақсатыма сәйкес курстық жұмысымның жазылуы барысында келесідей міндеттер қойылып, шешілуі тиіс:
1. Пайыздық тәуекелдер туралы жалпы мағлұмат ұсыну;
2. Пайыздық тәуекелдердің, соның ішінде қаржылық тәуекелдердің классификациясын ашып көрсету;
2. Тәуекелдерді бағалау, басқару әдістеріне тоқталып өту;
Кіріспе………………………………………………………………………..3
I. Пайыздық тәуекелдің теориялық аспектісі………………………......4
1.1. Пайыздық тәуекелдің мәні мен мазмұны..................................................4
1.2.Пайыздық тәуекелдің құрылымы және оның ерекшеліктер…………...6
II. Коммерциялық банктерде пайыздық тәуекелді басқару……….....14
2.1. Пайыздық тәуекелді басқару мен бағалау әдістері………....................14
2.2.Тұран Әлем Банкінің тәуекелдерді басқарудағы нақты жағдайы........20
III. Пайыздық тәуекелді басқарудың даму стратегиясы…...................25
3.1.Пайыздық тәуекелді басқарудың даму стратегиясы………………….25
Қорытынды…………………………..…………………………….……......27
Пайдаланған әдебиеттер………………..…………………….…………...28
Халықаралық фьючерстік келісім шарттар да бар. Қаржылық фьючерстер күрделі сипатқа ие, түсіну үшін көп уақыт пен күш жұмсауды талап етеді, бірақ бұл инструменттің маңыздылығы оны арнайы зерттеу мен тәжірибеде пайдалануды қажет етеді.
Пайыздық своп – екі жақтың келісім шарттық келісім – батыс банктерінде кең тараған. Мысалы, коммерциялық банк оның клиентінің арасындағы пайыздық төлемдердің анықталған, алдын – ала келісілген бекітілген сомаға айырбастауы туралы немесе бір жақ екінші жаққа қандай да бір сомаға фиксирленген процент төлейді және екінші жақтан қалқымалы пайыздық ставкамен төлем алады. (Либор ставкасына негізделген).
Либбор – Лондон банктерінің басқа 1 – ші класты банктерге өзінің депозиттерін орналастыратын күнделікті орташа процент ставкасы. Бұл ставка барлық басқа банктер үшін, әсіресе халықаралық келісімдер кезінде қарыз бойынша процентті бекітуге негіз болады.
Пайыздық своптың арналымы – пайыздық мөлшерлеме тәуекелін басқаруды жақсарту немесе қарыз бойынша жалпы шығындарды төмендету. Пайыздық своптың типтік сипаттамалары келесідей:
А) көлемі: 1 – 500 млн. АҚШ долларға дейін;
Б) мерзімі: 1 – 15 жылға дейін, көп жағдайда 2 – 5 жылға дейін;
В) қолданылуы: своптар қалыптасқан, сондай-ақ жаңа несиелерге қолданылуы мүмкін.
Г) несие сапасы: валюталық своп мүмкін болу үшін 0,7 % және одан жоғары қарыз пайыздық мөлшерлемесінің айырмашылығында көрінетін, қатысушы жақтар арасында несие ретінде едәуір айырмашылығы болуы керек.
Д) қалқымалы (фиксирленген) ставка: свопта қалқымалы ставкамен процент төлейтін жақ – айтарлықтай жоғары рейтингілі жақ болып табылады; ол несиелік рейтингті төмен жақтан фиксирленген пайыздық төлем алады. Свопта да, белгілі бір тәуекел - потенциалды төлем емес тәуекелі де бар екенін айта кеткен жөн. Своппен байланысты кез келген тәуекел хеджерлеу негізінде бейтараптандырылуы мүмкін.
Коммерциялық банк пайыздық тәуекелді басқаруда әр – түрлі проблемаларға кезігеді:
Алғашқы 2 проблема елдің экономикалық, саяси жағдайынан, заңдардағы өзгертулерден( соның ішінде банктік және салықтық), қаржы нарығының субьектілерінің көп бөлігінің тұрақсыздығы.
Коммерциялық
банктердің тәжірибесі көрсеткендей прценттік
тәуекелді басқару кезінде
бөлінгені жөн;
ІІ. Коммерциялық
банктерде пайыздық
тәуекелді басқару
2.1 Пайыздық тәуекелді
басқару мен бағалау
әдістері
Пайыздық тәуекел - пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруінің нәтижесінде қаржылық жоғалтулардың ықтималдығын көрсетеді.
Коммерциялық банктерде пайыздық тәуекел пайыздық мөлшерлеменің деңгейінің өзгеруінің нәтижесінде банктің (өз капиталының құнын жоғалтып алуына дейін) таза табысының қысқаруының тәуекелі ретінде анықталады. Осының әсерінен қаражаттардың орташа құнының өсуі мүмкін.
Осылайша, пайыздық тәуекел несиелік ұйымдардың пайыздық мөлшерлеменің жағымсыз өзгеруіне қаржылық жағдайының бейімділігінің деңгейін көрсетеді. Пайыздық тәуекелді өзіне қабылдау – коммерциялық банктер үшін абсолютті қалыпты және қосымша пайда алудың маңызды көзі болуы мүмкін. Сонымен бірге, берілген банк үшін нақты экономикалық жағдайларға тәуекел деңгейінің шығындылығы банктің қаржылық жағдайына едәуір қауіп төндіруі мүмкін.
Осылайша, пайыздық тәуекел ақша нарығының болашақтағы жағдайына қатысты ақпараттың айқынсыздығы, сондай-ақ инфляция қарқыны, бюджет тапшылығының көлемі, ішкі ұлттық өнімнің өсу қарқыны және тағы сол сияқты макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруінің нәтижесінде туындайды. Пайыздық тәуекел факторларына сондай-ақ, коммерциялық банктердің қаржылық орнықтылығы жатады.
Базельдік Комитетпен пайыздық тәуекелдің туындауының келесі себептері анықталған:
1. Бағаның өзгеруі тәуекелі - бұл фактор коммерциялық банктің пайыздық тәуекелмен жұмыс істеуінің негізгі себебі болып табылады және төлемнің мерзімі бойынша және пайыздық мөлшерлемені қайта қарастыру бойынша активтер мен пассивтердің балансталмағаны ретінде анықталады.
2. Табыс қисығының өзгеруі тәуекелі – активтер мен пассивтер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруінің уақыт бойынша сәйкес келмеуі табыс алудың теңдестігін көрсететін график қисығының конфигурациялары мен формаларының өзгеруі жағдайында тәуекелге алып келуі мүмкін. Тәуекелдің бұл түрі табыс графигінің қисығының күтілмеген өзгерулері банктің табысына және операциялар негізінде жатқан экономикалық құнға негативті әсер еткен кезде туындайды.
3.
Базистік тәуекел – ол әр
түрлі қаржылық инструменттер
бойынша алынған және төленген,
оларды қайта бағалау кезінде
өздерінің сипаты жағынан айырмашылығы
жоқ. Пайыздық реттеу кезінде жүзеге асырылған
коррелиация нәтижесінде пайда болады.
Мысалы, АҚШ – ң бір айлық қазыналық векселі
бойынша пайыздық мөлшерлеме негізінде
ай сайынғы қайта бағалаумен бір жыл мерзіміндегі
құны LIBOR ставкасы негізінде ай сайын
қайта бағаланатын бір мерзіміндегі депозит
есебінен қаржыландырылатын несие банкті
қайта бағалау негізінде жатқан екі мөлшерлеме
арасындағы маржаның күтілмеген
өзгеруі тәуекеліне соқтырады.
4.Опциондармен байланысты тәуекелдер. Опциондық келісімдер облигация, вексель және басқа да пайыздық бағалы қағаздармен келісім жасасу бойынша өзінің иелеріне сату, сатып алу немесе шарттарды өзгертуге құқық береді.
Оларға өздерінің сипаты бойынша қарыз алушылардың кредитті мерзімінен бұрын өтеу, сондай-ақ талап еткенге дейінгі депозиттерін қайтарып алу құқықтарын жатқызуға болады. Банктердің мұндай келісім шартты жасасуы мерзімі бойынша активтер мен пассивтерінің балансының өзгеруінің болу мүмкіндігінің туындауы әсерінен банк үшін едәуір пайыздық тәуекелді тудырады.
Осылайша, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі банктің табыстарында, сондай-ақ оның активтерінің құнында жағымсыз көрініс табуы мүмкін.
Табыс табу мақсатында пайыздық тәуекелді бағалау пайыздық маржаның деңгейі сияқты көрсеткіштің көмегімен жүргізіледі.
Пайыздық маржа – табыс әкелетін активтердің пайыздық шығыстардың арасындағы айырмашылықты білдіреді. Сонымен қатар, пайыздық маржаны процент түрінде табыс әкелетін активтер көлеміне қатысты көрініс табатын процент бойынша таза табыс ретінде де анықтайды.
Көп жағдайда пайыздық маржаны есептеу үшін келесі формуланы пайдаланады.
МФАКТ= *100%
Мұндағы:
МФАКТ – фактілі пайыздық маржаның көлемі.
ДП – пайыздық табыс
РП – проценттер төлеу бойынша шығыстар
АД – процент түрінде табыс әкелетін активтер.
Пайыздық маржаны талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Пайыздық маржаның көлеміне әсер ететін факторлар – кредиттік салымдардың көлемі мен құрамы және оның көзері, төлемдердің мерзімі, қолданылатын пайыздық мөлшерлемелердің сипаты мен олардың қозғалысы.
Қамсыздандырылған және жоғары тәуекелі бар ұзақ және қысқа мерзімге ссудаларды орналастыру, сонымен қатар обьективті бойынша несиелеу салымдардың әр түрлі табыстылығын анықтайды. Екінші жағынан, банк шығыстары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен, басқа да несиелік мекемелерден сатылып алынған және депозиттер және басқа да көздер арқылы тартылған ресурстардың арасындағы қатынас айтарлықтай маңызға ие.
Аталған факторлардан басқа пайыздық маржаның көлеміне төлемнің уақыты бойынша несиелік салымдар мен олардың көздер, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемені қайта қарау мерзімі деңгейі бойынша өзара қатынастар тікелей әсер етеді. Біздің елімізде, несиелеудің қазіргі тәжірибесінде несиелік келісім мерзімі аяқталғанша қайта қарастырылмайтын фиксирленген мөлшерлеме қарастырылады.
Нарықтық механизмді дамыта отырып, батыс елдерінің бір уақытта толық пайыздық мөлшерлеменің жиынын – фиксирленген, қалқымалы және нарықтық коньюктураның өзгерістеріне байланысты қайта қарастырылатын пайыздық мөлшерлемелерді – есепке алмауға болмайды. Бұл жағдайда, барлық активтер мен пассивтердің пайыздық төлемдерді реттеу және пайыздық мөлшерлемелердің жаңа деңгейге өту жылдамдығына сәйкес 4 каттегорияға бөледі. Активтер мен пассивтер келесідей классификацияланады:
А. Нарықтық жағдайлардың өзгеруі кезінде пайыздық мөлшерлемені тез және толық қайта қарастыру қолданатын активтер мен пассивтер.
В. 3 ай мерзімінде толық реттеу.
С. 3 айдан астам кезеңге
Д. Толық фиксирленген ставкамен активтер мен пассивтер.
Жалпы алғашқы екі топтар пайыздық ставканың өзгеруіне сезімтал банктің активтері мен міндеттемелерін көрсетеді. Олардың өзара қатынасы банктің пайыздық тәуекелін бағалауға, сонымен бірге, пайыздық маржаның өзгеруін болжауға мүмкіндік береді. Алғашқы екі топтың (А+В) активтері мен пассивтерінің балансталмағаны шетелдік банктік әдебиеттерде ГЭП деп аталған. Пайыздық ставканың өзгеруіне сезімтал активтердің сәйкесінше пассивтерден артуы жағдайында, ГЭП – оң болады, ал керісінше өатыста –теріс болады.
ГЭП-ті басқару пайыздық ставканың өзгеру циклы кезінде пайыздық маржаны максимизациялау міндетін болжайды. ГЭП-ті басқарудың бірнеше жағдайы бар:
Информация о работе Пайыздық тәуекелді басқарудың даму стратегиясы