Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 07:52, реферат

Описание

Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Cол себепті валюта бағамы маңызды экономикалық көрсеткіштер қатарына жатады. Оның ұғымын, түрлерін білу, валюта бағамының белгіленуін, және оның өзгерістерін алдын-ала болжау маңызды.

Содержание

Кіріспе 3

Валюта бағамы түсінігі мен түрлері 4
Баға кесу (котировка) 4
Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 6
Валюта бағамын болжау 8
Қорытынды 11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

Валюта бағамын белгілеу.Бағамды болжау.Реферат.docx

— 54.64 Кб (Скачать документ)
 

     2. Баға кесу (котировка) 

     Баға кесу (котировка, франц. coter – баға белгілеу, баға белгіленімі) – құнды қағаздардың, шет ел валюталарының бағамын немесе биржалардағы тауарлардың бағасын белгілеу. Бағаны, әдетте, тауар, қор немесе валюта биржасының баға белгілеу комиссиясы белгілейді және тауарлардың көтерме сауда бағасының, құнды қағаздар бағамы мен валюталар бағасының биржалық бюллетеньдерінде жарияланады. Толық баға кесу сатушылар да, сатып алушылар да ұсынатын баға белгіленімін қамтиды. Котировка мынадай түрлерге ажыратылады: акциялар котировкасы – қор биржасында акциялардың нарықтық бағасын белгілеу; валюталық баға кесу – нарықтық валюта бағамын не орталық банк (Қазақстанда Ұлттық банк) және ел үкіметінің нормативтік-құқықтық актілері айқындайтын бағамды белгілеу; түрлі валюталардың бір-біріне қатынасы бойынша бағамының ара салмағын тіркеу процесі әрі нәтижесі. Ол не шынайы бағамды (валюталар құнының бір-біріне шынайы қатынасын көрсететін), не нақ сол мезет үшін неғұрлым тиімді бағамды белгілеу мақсатымен жүргізіледі. Оның негізгі үш түрі бар:

     а) ұлттық валютаның басқа валютаға қатынасы бойынша айқындалған тіркеулі бағамын әкімшілік жолмен белгілеу. Бұл ретте тым жоғарылатылған ара салмақ та, тым төмендетілген ара салмақ та экспорт-импорт операцияларының көлеміне әсерін тигізеді. Тіркеулі бағамның артықшылығы мынада: валюта операциялары бойынша жасалған мәмілелердің тәуекелдігі барынша аз болады. Алайда тіркеулі бағам кезінде белгіленген бағам шынайы экономикалық жағдайға сай келмейтін ахуал туындауы ықтимал;

     ә) валюта бағамын осы валютаға сұраным мен ұсынымның арасындағы айырманы нақты бейнелейтіндей бағаның ара салмағын шынайы тұрғыда көрсететін валюта бағамын еркін белгілеу; алайда мұндай еркін белгілеу кезінде валюта бағамының болжауға келмейтіндей деңгейдегі елеулі өзгерісі салдарынан тәуекелдік жоғары болады. Бұл орайда валюта биржасында жекелеген ойыншылардың қаржы мүмкіндігі есебінен валютаның олар үшін нақ сол сәтте қажетті ара салмағын қалыптастыруға ықпал ететін валюталық алыпсатарлықтың туындауы ықтимал;

     б) бағамның аралас белгіленуі, мұнда қатысушылар еркін сауда-саттықты бағамдардың ара салмағына қол жеткізгенге дейін жүргізуі мүмкін, сонан соң сауда-саттық не тоқтатылады, не бағам орталық банктің (Қазақстанда Ұлттық банктің) валюталық инвестициялары есебінен теңестіріледі. Мұндай әдіс қысқа мерзімде валюталардың ара салмағын белгілеу кезінде бағамдардың айтарлықтай ауытқуын болдырмауға мүмкіндік беріп, қаржы қызметінің субъектілеріне осындай мәмілелердің салдарын неғұрлым дәл болжауға септігін тигізді. Валюталық баға кесу түрлі валюталардың бағамын тіркеу тәсілі ретінде, бір жағынан, елдер арасындағы экономикалық сәйкессіздікті болдырмауға, екінші жағынан, қаржы операциялары бойынша серіктестерге экономикалық қысым көрсетуге мүмкіндік береді; бағам котировкасы – шет ел валютасының немесе құнды қағаздардың бағамын нарықтық бағам негізінде белгілі бір кезеңге ресми тіркеу; кесімді котировка – құнды қағаздардың жекелеген түрлерінің котировкасы, оны биржа рыногының неғұрлым маңызды қатысушылары биржадан тыс жүзеге асырады және олар биржадан тыс шұғыл мәмілелер жасасу үшін пайдаланады; облигациялар котировкасы – қор биржасында сатылатын және сатып алынатын облигациялардың бағамдық бағасын белгілеу; ресми котировка – валюта мен құнды қағаздардың белгілі бір күнгі бірыңғай бағамы (бағасы), оны ақпарат құралдары биржадан тыс хабарлайды және ол биржадан тыс есеп айырысулар үшін пайдаланылады; тауар котировкасы – биржаның баға белгілеу комиссиясы тіркеп, жариялайтын биржалық тауарлар бағасы. 

     3. Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 

     Валюталық баға кесу (котировка валюты) бұл бір валюта (базалық) бірлігінің басқа валюта (кесілетін немесе контрвалюта) бірлігімен берілген құны, немесе трейдердің қандай да бір валютаны сатып алуға немесе сатуға мүмкіндік алатын баға болып табылады. Сатылатын валюталық жұптың белгіленуінде (мысалы, eur/usd) базалық валюта бірінші, ал кесілетін валюта екінші жазылады.

     Валюталық баға кесу сандық және графиктік формада ұсынылады. Техникалық анализдің негізі форекс баға кесулерінің тарихын гравик түрінде зерттеу болып табылады. Баға кесу графиктері өз кезегінде барлар (ағылшын жүйесі), жапондық шамдар (японские свечи) және сызықтық график түрінде ұсынылуы мүмкін. Трейдерлер арасында неғұрлым жиі қолданылатыны оларды талдаудың визуалды қарапайымдылығы арқасында жапондық шамдар болып табылады. Егер валюталық баға кесу графигі жоғары жылжыса, онда бұл базалық валютаның жоғарылауын көрсетеді. Егер де керісінше төмен қозғалыс болса, онда бұл базалық валютаның арзандауын білдіреді.

     Ереже бойынша, валюта нарығында баға кесу екі бағадан тұрады:

    1. Бұл валютаны сатушылар оны сатуға дайын валюталық баға кесу
    2. Бұл валютаны сатушылар оны сатып алуға дайын валюталық баға кесу

Информация о работе Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау