Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 07:52, реферат
Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Cол себепті валюта бағамы маңызды экономикалық көрсеткіштер қатарына жатады. Оның ұғымын, түрлерін білу, валюта бағамының белгіленуін, және оның өзгерістерін алдын-ала болжау маңызды.
Кіріспе 3
Валюта бағамы түсінігі мен түрлері 4
Баға кесу (котировка) 4
Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 6
Валюта бағамын болжау 8
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 12
Валютаны белгілеу үшін 3 әріпті код қолданылады. Алғашқы 2 әріп елді білдіреді, соңғысы сол елдің валютасы. Мысалы, USD – АҚШ доллары; JPY – Жапон иені, KZT – Қазақстан теңгесі.
Ең жиі қолданылатыны – ті
Рынокта шет елдік валютаға сұраныс пен ұсынысты салыстыру процесінде белгіленетін валюталық бағам котировкасы уақыттық өлшемді де білдіреді. Қазіргі кезде банктер үшін екі жұмыс күні жеткілікті болып есептеледі, осы кезде құжаттар алмасу, тиісті шоттарды жабу, аударымдар жасау жүргізіледі.
Кейде «американдық шарттар» (сол секілді «еуропалық шарттар») терминін кездестіруге болады, ол Құрама Штаттарында орналасқан тұлға көзқарасы бойынша тура баға кесуді білдіреді. Сәйкесінше бағам котировкасы шетел валютасының бір бірлігіне американдық долларлар мен центтердің белгілі бір көлемімен өрнектеледі. Мысалы, баға кесу – 1,28 доллар бір еуро үшін.
Валюта бағамын ресми түрде Орталық Банк белгілейді, бейресми түрде банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валюта бағамын белгілеу күннің белгілі бір уақытында тіркеледі. Алайда биржалық белгіленім негізінен анықтамалық сипатта болады. Валюта нарығының көбінде бағам белгілеу кезінде фиксинг – валютаның банк аралық бағамын әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру жолымен айқындау рәсімі қолданылады. Сонан соң сатушының бағамы (жоғары) мен сатып алушының бағамы (төмен) белгіленеді. Банкілер сатылатын шетел валютасын сатып алынатын валютадан гөрі қымбатқа бағалайды. Валюта бағамын белгілеу шетел валютасымен төленетін төлем құралының түріне, клиентке чекті, аударма векселін (траттаны) сату күнімен салыстырғанда нақты төлем төлеу мерзіміне қарай сараланады. Мерзімді мәміле бойынша белгіленімнің қолма-қол мәміле бойынша белгіленімнен өзгешелігі бар. Олардың арасындағы айырма форвард бағамы төмен болғанда спот бағамынан шегерім арқылы (таңбалануы: дисконт – dіs немесе депорт – D) немесе ол жоғары болса, сыйлықақы арқылы (таңбалануы: pm немесе репорт – R) айқындалады. Сыйлықақы валютаның мерзімді мәміле бойынша белгіленген бағамы қолма-қол мәміле бойынша белгіленген бағамынан жоғары болады дегенді білдіреді. Дисконт форвардтық операция бойынша бағам қолма-қол мәміле бойынша белгіленген бағамнан төмен екенін көрсетеді. Валютаның мерзімді мәміле бойынша сандық тұлғада белгіленетін бағамы (сыйлықақы мен дисконт әдісімен емес) аутрайт (out-rіght) деп аталады.
Валюталық баға кесу әрдайым өзгеріп отырады, олар ағымдағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы
4. Валюта
бағамын болжау
Валюта бағамы, бұл ақпарат кәсіпорынның экономикалық қызметі мен қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады. Жеке тұлғалар үшін де валюта бағамын болжау маңызды болып келеді, себебі ол жинақтауларды қажетті пропорцияда бөлуге мүмкіндік береді.
Информация о работе Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау