Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 07:52, реферат

Описание

Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Cол себепті валюта бағамы маңызды экономикалық көрсеткіштер қатарына жатады. Оның ұғымын, түрлерін білу, валюта бағамының белгіленуін, және оның өзгерістерін алдын-ала болжау маңызды.

Содержание

Кіріспе 3

Валюта бағамы түсінігі мен түрлері 4
Баға кесу (котировка) 4
Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 6
Валюта бағамын болжау 8
Қорытынды 11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

Валюта бағамын белгілеу.Бағамды болжау.Реферат.docx

— 54.64 Кб (Скачать документ)

     Экономикалық жағдайлар. Экономикалық жағдайлар ұзақ мерзімді жоспарда айырбас бағамына әсер ететін негізгі фактор болып саналады. Бұл жерде мына көрсеткіштердің өзгеру тенденциялары неғұрлым маңызды болып келетінін ескеру қажет:

    • Төлем балансы
    • Экономикалық өсу
    • Инфляция деңгейі
    • Ақша ұсынысы
    • Жұмыссыздық
    • Салық ставкалары

     Капитал сұранысы мен ұсынысы. Капитал нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың күтілмеген өзгерістері банкаралық нарықтың пайыздық мөлшерлемелеріне әсер етеді, бұл өз кезегінде айырбас бағамының ставкасына әсер етеді.

     Саяси факторлар. Валюта нарығына ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді перспективада да төмендегідей саяси факторлар әсер етуі мүмкін:

    • Экономикалық саясат
    • Елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздық деңгейі
    • Қаржы биліктерінің, әсіресе Орталық Банк саясаты
    • Орталық Банктің ел валютасын қатайту немесе босату мақсатында валюта нарығы қызметіне қатысуы

     Нарықтың көңіл-күйі. Бұл фактор айырбас бағамының қысқа мерзімді өзгерісіне әсер етеді және нарық қатысушыларының айырбас бағамының қозғалысы перспективасына көзқарастарымен анықталады. Трейдерлер нақты бір елдің экономика жағдайы туралы жаңалықтарға мән береді. Жиі олар өзгерістерді немесе өкіметтің маңызды жарғыларын алдын-ала болжап, нақта оқиғалар орындалғанға дейін валюталарды сата немесе сатып ала бастайды. Мұндай жаңалықтар жалпыға мәлім болған кезде, нарық көңіл күйін валюта бағамы қозғалысының олардың жариялану сәтіндегі бағыты анықтайды.

Информация о работе Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау