Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 07:52, реферат

Описание

Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Cол себепті валюта бағамы маңызды экономикалық көрсеткіштер қатарына жатады. Оның ұғымын, түрлерін білу, валюта бағамының белгіленуін, және оның өзгерістерін алдын-ала болжау маңызды.

Содержание

Кіріспе 3

Валюта бағамы түсінігі мен түрлері 4
Баға кесу (котировка) 4
Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 6
Валюта бағамын болжау 8
Қорытынды 11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

Валюта бағамын белгілеу.Бағамды болжау.Реферат.docx

— 54.64 Кб (Скачать документ)

     Тарих қайталанады. Техникалық аналитиктер бұны ғасырдан ғасырға адамның психологиясының өзгеріссіз қалуымен түсіндіреді. Тура мәнінде техникалық анализ нарықпен байланысты белгілі бір оқиғалардың тарихымен, яғни адам психологиясын зерттеумен айналысады. Басқаша айтқанда, болашақты түсіну өткенді зерттеу арқылы жүреді.

 

Қорытынды 

     Валюталық жүйенiң басты элементi валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген.

     Валюталық бағам басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы. Валюта бағамын ресми түрде Орталық Банк белгілейді, бейресми түрде банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валюта бағамын белгілеу күннің белгілі бір уақытында тіркеледі.

     Валюта бағамы туралы ақпарат кәсіпорынның экономикалық қызметі мен қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады. Оны болжау үшін арнайы әдістер қолданылады. Қазіргі заманғы экономикалық ғылымда болжам жасаудың негізгі екі әдісі бар. Бұл іргелі (фундаментальный) және техникалық талдау. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

  1. Виды валютных курсов. www.fin-result.ru
  2. Котировки валют. www.fxcompany.ru
  3. Кратко о прогнозировании курсов валют на международных рынках. www.stockme.ru
  4. Колесов В.П., Осьмова М. Н. Дүниежүзілік экономика, М., 2000.

Информация о работе Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау