Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 07:52, реферат

Описание

Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Cол себепті валюта бағамы маңызды экономикалық көрсеткіштер қатарына жатады. Оның ұғымын, түрлерін білу, валюта бағамының белгіленуін, және оның өзгерістерін алдын-ала болжау маңызды.

Содержание

Кіріспе 3

Валюта бағамы түсінігі мен түрлері 4
Баға кесу (котировка) 4
Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 6
Валюта бағамын болжау 8
Қорытынды 11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

Валюта бағамын белгілеу.Бағамды болжау.Реферат.docx

— 54.64 Кб (Скачать документ)
    1. Техникалық талдау

     Техникалық талдауды жақтаушылар өз болжамдарын алдыңғы уақыт периодтарындағы нарық қозғалыстарының графиктерін зерттеу негізінде жасайды. Нарық қозғалысы ретінде негізгі үш ақпарат түрі түсіндіріледі: валюталық бағам динамикасы, белгілі бір уақыт аралығындағы жалпы мәмілелер көлемі және сауда сессиясы ішінде жабылмаған позициялар көлемі.

     Техникалық талдау негізгі үш қағида негізінде жасалады:

     Нарық қозғалысы барлығын ескереді. Бұл тұжырымның мәні, айырбас бағамына әсер ететін кез келген фактор экономикалық, саяси, психологиялық, алдын-ала оның графигінде есепке алынады. Сондықтан бағалар графигін зерттеу болжам жасаудың міндетті шарты.

     Бағалар бағыт бойынша қозғалады. Тренд бұл бағам қозғалысының белгілі бір бағыты. Техникалық талдаудың негізгі тапсырмасы трендтерді оларды саудада қолдану үшін анықтау. Трендтердің үш типі бар:

    1. Бұқа (Bullish) бағаның жоғары қозғалысы
    2. Аю (Bearish) бағаның төменге қозғалысы
    3. Боковой (Sideways, Flat) баға жоғары немесе төменге шамалы

ауытқумен бір деңгейде болады.

     Техникалық талдаудың барлық теориялары мен әдістемелері тренд қайта айналым туралы ерекше белгі бермейінше, бір ғана бағыт бойынша қозғалады деген тұжырымдамаға негізделген.

Информация о работе Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау