Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)
lign="justify">      - республикалық, облыстық бюджеттер,  республикалық маңызы қала, астана, аудан бюджеттері (облыстық маңызы бар қалалардың) арасындағы;

      - Қазақстан Республикасының республикалық  бюджеті мен Ұлттық қоры арасындағы.

      Бюджетаралық  қарым-қатынасты анықтау кезінде  негізге мынадай принциптер алынады:

      - бюджет жүйесінің түрлі деңгейі  арасындағы функциялар мен өкілеттікті бөлу;

      - әрбір бюджеттің жұмыс істеу  дербестігі;

      - бюджет жүйесінің деңгейі арасындағы  табыс көздерінің тұрақты негізінде  бөлу;

      - бюджет жүйесінің деңгейі бойынша  бюджет шығысын нақты бөлу  және бекіту;

      - республиканың барлық өңірлері  үшін түсінікті және қолайлы  көзқарасқа негізделген бюджетаралық  қарым-қатынастың айқындығы, қаржылай  көмекке мұқтаж өңірлерге бөлінетін  қаржылай көмекті анықтау, олардың бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін түзету мақсатында.

      Бюджеттік тәжірибеде осы принциптерді іске асыру  жергілікті басқару органдарының орталыққа  қаржылай тәуелді болуын төмендетуді  қамтамасыз етуге бағытталған.

      Бюджетаралық  қарым-қатынас мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы функциялар мен өкілеттіктерді нақты бөлуге, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында түсімдер мен шығысты тең бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қарым-қатынасты анықтау әдісінің бірлігіне және айқындығына негізделген.

      Бюджеттік процесте мынадай бюджет деңгейі  арасындағы қарым-қатынасқа жол  берілмейді:

      - республикалық бюджеттің аудан  (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерімен;

      - облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің – басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала бюджеттерімен;

      - аудан (облыстық маңызы бар  қала) бюджетінің бір-бірімен.

      Бұдан басқа, шығысты немесе түсімнің жекелеген  түрлерін бір бюджет деңгейінен басқаға көшіру Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 43-бабына сәйкес бюджетаралық қарым-қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:

      1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнің, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы теңдiгi;

      2) аражiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерінің  бір мезгiлде сақталуын ескеретін түсiмдердi тиiмдi бөлу: 

      тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсерiне тәуелсiз салықтық және салықтық емес түсiмдер төмен тұрған бюджеттерге  бекiтiледi;

      мемлекеттiк  мекемелер көрсеткен қызметтер  ақысы болып табылатын салық  түсімдері және салықтық емес түсiмдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кiрiсiне түседi;

      қайта бөлiну сипатындағы, сондай-ақ салық  базасы әркелкi орналастырылған салықтар бюджет жүйесiнiң неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлерiне бекiтiледi;

      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке бекiткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн бюджет деңгейiне артықшылық беріледі;

      нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергiлiктi бюджеттерге бекiтiледi;

      3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктерiнiң бюджеттiк қамтамасыз  етiлу деңгейлерiн теңестiру;

      4) жергiлiктi атқарушы органдардың  мемлекеттiк қызметтер көрсетудің  бiрдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттiк қызметтер  көрсетуді ұсынудың тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi – мемлекеттiк қызметтер көрсетуді неғұрлым тиiмдi әрі нәтижелi қамтамасыз ете алатын мемлекеттiк басқару деңгейiне мемлекеттiк қызметтер көрсетуді бекiту;

      6) мемлекеттiк қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату – алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудің атқарылуын бюджет жүйесiнiң мүмкiндігінше төмен деңгейiне беру.

      Бюджет  ресурсын бөлу қайта бөлу бюджеттік  реттеу арқылы жүзеге асырылады.

      Бюджеттік реттеу – төмен тұрған аймақтық деңгей бюджеттерінің табысын түзету және реттеу табысын бөлу және тиісті аумақтарда табыс потенциалы жетіспеген жағдайда, бір деңгейдегі бюджет қаражатын екінші бюджетке қайта бөлу арқылы аумақтық білім беруді әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында мемлекеттік билік органдары жүзеге асыратын процесс болып табылады.

      Қазақстанның  бюджеттік тәжірибесінде бюджетаралық қарым-қатынастарды реттеудің мынадай нысандары қолданылады: трансферттер, бюджеттік несие және табысты бөлу нормативі.

      Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық  маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қарым-қатынастар трансферттермен және бюджеттік  несиемен реттеледі.

      Облыстық  және аудандық (облыстық маңызы бар  қала) бюджеттері арасындағы бюджетаралық қарым-қатынастар трансферттермен, бюджеттік  несиемен және табысты бөлу нормативімен реттеледі.

      Трансферттер  – бұл бюджетке өтеусіз және қайтарымсыз  түсім немесе бюджеттен болатын шығын. Трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер және дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.  

    

    34-сурет.  Түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеті 

    Қазақстан Ресубликасы бюджет жүйесінің түрлі  деңгейінің табысын реттеу тетігі салық  саясатында анықталады және Салық пен  Бюджет кодекстерінде бекітілген. Барлық билік деңгейі өз өкілеттігі мен  жауапкершілігін дербес іске асыруы үшін олардың әрқайсысына салықтық және салықтық емес табыс көздері бекітіледі және бюджетаралық қарым-қатынасты реттеудің тиісті нысаны анықталған. Олардан түскен түсім жергілікті бюджеттің иелігіне берілетін салық пен алым тізбесі нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесін ескере отырып анықталды. Осы салықтық және салықтық емес төлемдер санына мүлікке салынатын салық, жер салығы, көлік құралына салынатын салық, тіркеу үшін, суды пайдаланғаны үшін алынатын алым және т.б. жатады.

    1997 жылы табысы республикалық және  жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салық санынан қосылған құн салығы алып тасталды. 2001 жылы бюджет заңнамасына өзгерістер енгізілді, осыдан кейін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жергілікті бюджетке түсе бастады. Алайда, бұл республикалық бюджетке түсетін табысқа әсерін тигізген жоқ, себебі 2002 жылы корпоративтік табыс салығы бойынша түсетін түсімді толығымен республикалық бюджетке аудару туралы шешім қабылданды.

    Республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру құрылымында болған өзгерістер 35 және 36-суретте толық көрсетілген: республикалық бюджет түсімінің көп бөлігін салықтық түсімдер құрайды (2007 жылы олар республикалық бюджетке түсетін барлық түсімнің 73%-ын құрады), жергілікті бюджетке түсетін түсімде салықтық түсемдер үлесі 2001 жылы 82%-дан 2007 жылы 47,8%-ға дейін қысқартылған. 
 

35-сурет. Республикалық бюджетке түсетін түсімді қалыптастыру құрылымы 

36-сурет.  Жергілікті бюджетке түсетін түсімді қалыптастыру құрылымы 

     Өңірлік бюджеттің табыс құрылымы, негізінен, жергілікті салықтан қалыптастырылады және, көбінесе, тиісті деңгейдің билік өкілдерімен бақыланады.  

2001-2010 жж. жергілікті бюджеттен  алынатын бюджеттік  алулар, млн теңгемен 

  2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
Бюджеттік алулар  - барлығы  
84155
 
 
49064
 
57630
 
 
66673
 
95009
 
119 477
 
151499
 
81 752
 
89 922
 
77 663
Оның  ішінде облыстық бюджеттен:                    
Ақтөбе обл.  
3626
 
569
 
429
   
1371
 
1601
 
1079
- - -
Атырау обл.  
28790
 
19603
 
20115
 
22669
 
28989
 
35621
 
43062
 
15468
 
20193
 
18739
Шығыс Қазақстан обл. 2460   -   - - - - - -
Батыс Қазақстан обл. 887   497   - - - - - -
Қарағанды обл. 9856  
   81
    - - - - - -
Маңғыстау обл.  
10629
 
9000
 
10651
 
10139
 
15989
 
19430
 
24437
 
4249
 
5342
 
2431
Павлодар  обл.  
2106
 
1896
 
974,3
  - - - - - -
Алматы  қаласының 25801  
17915
24964  
32061
45358 56508 72310 52401 55811 54999,9
Астана  қаласының - - -  
1804
3301 6306 10611 9634 8576 1493
 

     Бюджет  табысын ұйымдастыруда салықтық тетіктермен қатар бюджеттік  алу – республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сома шеңберінде төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін ресми трансферттер секілді бюджетаралық қарым-қатынастарды реттеу нысаны пайдаланылады. 

     2001-2007 жж. Бюджеттік алулардың салмағының өзгеру серпіні   

  2001 ж. 2002ж. 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж.
Жергілікті  бюджеттер шығысы, млн.теңге 299033 328394 379076 480726 550085 626554 843661
Оның  ішінде бюджеттік алулар, млн.теңге 84155 49 064 57630 66673 95009 119477  
151499
% 28,1 12,7 15,2 13,9 17,3 19,1 18,0
 

     Кестеде бюджеттік алулардың меншікті салмағы  жергілікті бюджеттер шығысының  жалпы көлемінде 2001 жылы 28,1%-ден 2007 жылы 18,0%-ға дейін қысқартылғаны көрініп тұр. Осылайша, бюджет ресурсын орталықтандыру жүргізіледі, бұл ел өңірлерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін түзетуге септігін тигізеді.

     Қазақстанда бюджет қаражатының төменге ағымының қозғалысын реттеу бюджеттік субвенция, бюджеттік несие, нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.

     Қазақстанның  бюджеттік тәжірибесінде бюджеттік субвенциялар дегеніміз республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сома шеңберінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер болып табылады.  
 

37-сурет. Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке бюджеттік

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана