Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа
Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.
Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................
68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104
Ресурспен
қамтамасыз етілудің маңызды көрсеткіші
резервтің ағымдағы өндіру деңгейіне
қатынасы болып табылады. Ол зерттелген
қорлардың осы өндіру деңгейін сақтай
отырып, жаңа кен орындарын ашпастан қаншаға
жететінін көрсетеді. Мұнай өндіру қарқынын
2003 жылғы деңгейде сақтай отырып, Қазақстанның
қоры жуық арадағы 91 жылға жетеді. ҚР ЭБЖМ
болжамы бойынша республикада мұнай және
газ конденсатын өндіру көлемі 2008 жылы
67,3 млн.тоннадан 2013 жылы 83,7 млн.тоннаға
дейін артады.
41-сурет.
Қазақстанда мұнай өндіру
және экспорттау
Қазақстан экономикасының әлемдік нарықтағы бағаға тәуелді болуы салдарынан Қазақстанның шикізат ресурсынан түсетін табысты тиімді басқару және осы тәуелділікті төмендету мәселесі өзекті болып отыр.
Мұнай секторынан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің үлес салмағы жалпы түсімнің 30%-ын құрайды. Елдің жалпы экспортында мұнай және газ конденсатын экспорттау үлесі артуда.
42-сурет.
Қазақстан экспортындағы
мұнай экспорты және
үлесі
Бұл «голланд ауруына» алып келуі мүмкін. Экспорт өсуі жағдайда, сауда жағдайы жақсартылады, бұл болса, импорттың өсуіне және капиталдың әкетілуінің артуына алып келеді. Бірінші жағдайда ұлттық валюта нығаяды және осыдан, басқа экспорт тауарларының бәсекеге қабілеттілігі түседі және өндіріс қысқарады. Екінші жағдайда, елден капитал шетке шығарылады.
2007
жыл қорытындысы бойынша «
ҚР Ұлттық банкі ұлттық валютаны нығайтуды ұстап тұру үшін ақша массасының көлемін арттырды. Соңғы жылдары экономикада үрей тудыратын тенденция байқалуда: 2005 жылы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны екі еседен астам – 4,6%-ға дейін төмендеді, оның ішінде тау-кен өндірісінде – 3,2%, қайта өңдеуде – 6,0%, 2002 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғанда инфляция 5,9 дан 7,6%-ға дейін өсті, 2006 жылы 8,6%-ды, 2007 жылы – 10,8%-ды құрады.
Осыған байланысты, ақша-несие саясатының негізгі мақсаты елде инфляцияны ұстап тұру болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі инфляцияның монетарлық факторымен күресу мақсатында ақша-несиені реттеу құралын пайдаланады. Олар баршаға белгілі – бұл Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасын арттыру, банктерге қойылатын резервтік талаптар нормаларын арттыру, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу және т.б.
Қазақстан Үкіметі инфляцияның монетарлық емес факторларымен күресу үшін елдегі инфляцияның өсуіне жол беретін қазақстандық экономикасының шикізат ресурсына және мұнай долларына тәуелді болуын төмендету бойынша шаралар кешенін әзірлеуде. Инфляциялық қысымды ұстап тұру тәсілінің бірі тұрақты қор құру және экономикадан ресурстың бір бөлігін алу болып табылады.
ҚР
Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-
ҚР Ұлттық қорының қызметі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Жарлығымен, ҚР Бюджет кодексімен, ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасымен, ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережемен, ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану ережесімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңымен реттеледі.
ҚР Ұлттық қорының қызметіне қойылатын негізгі талаптар Ұлттық қор табысын қалыптастыру тетігінің айқындығында және қаражатын елдің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне тиімді пайдалануға негізделген.
ҚР Ұлттық қоры туралы ақпарат ашық, оны Интернет арқылы ҚР Қаржы министрлігінің сайтынан «Мемлекеттік бюджет және Ұлттық қор» бөлімінен алуға болады, онда Ұлттық қордың ай сайынғы түсімі мен шығысы туралы мәлімет сақталады.
2006
жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының
қаражатын қалыптастыру және
пайдалану тұжырымдамасы
Осы Тұжырымдамаға сәйкес ҚР Ұлттық қорын қалыптастырудың негізгі көзі мыналар болып табылады:
-
мұнай секторынан түсетін
-
республикалық меншіктегі және
тау-кен өндірісі мен қайта
өңдеу салаларына жататын
- ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
-
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорға төлеуші ретінде 6 компания анықталатын ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану ережесіне қарағанда, Тұжырымдамада мұнай секторының кәсіпорындарына шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатқызылған, ал бұл «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қосымшада келтірілген 55 компания. Бұдан әрі, Бюджет кодексінде «мұнай табысына» берілген түсінік кеңейтілген, оған енді шикі мұнай мен газ конденсатын зерттеу, өндіру және сату жөніндегі жұмысты қоса алғанда мұнай операциясынан түсетін барлық түсімдер жатады. Осыған байланысты, ҚР Ұлттық қорына төлеуші-кәсіпорындар саны 81-ге жетті, демек, ол білдіретін қоғам бюджетті бекіте отырып, ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру процесіне тартылған.
Бюджет кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес ҚР Ұлттық қорына сондай-ақ мыналар жатқызылады:
-
шикізат секторының
-
Өнім бөлімі туралы келісім
бойынша төлем, ол Қазақстан
Республикасының үлесі бойынша
түсім сомасы келісім-шартта
Үкімет жүргізген бюджеттік реформаға сәйкес барлық мұнай табысы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қорға түседі, бұл мұнайға деген жоғары бағаның арқасында ғана қаржыландырылатын бюджет шығысының ақталмаған өсімін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі 43-суретте келтірілген.
43-сурет.
ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану көзі
44-сурет. ҚР
Ұлттық қорының табыс
баптарының ара қатынасы
ҚР Ұлттық қоры жұмыс істеген уақытта табыс құрылымының қалай өзгергені суретте көрініп тұр. Бірінші жылы табыстың көпшілік бөлігі заңнамада тиым салынбаған өзге түсім - 50%, корпоративтік табыс салығы - 34%, роялти - 10%, инвестициялық табыс - 5% есебінен қалыптастырылды. 2002-2004 жылдары өзге түсім үлесі 45-тен 13%-ға, 2007 жылы - 0%-ға қысқарды. 2007 жылы Ұлттық қорға түскен түсімнің негізгі көзі корпоративтік табыс салығы – 60,8%, роялти - 15%, инвесттабыс - 8% және үстеме пайдаға салынатын елеулі салық – 10,2% болып табылды.
Егер, үстеме пайдаға салынатын салық бойынша түсім серпінін зерттесек, онда 2008 жылғы 9 айда оның үлесі екінші тоқсанда - 27%-ды, үшінші тоқсанда - 14%-ды құрады.
45-сурет. Табыс баптары бойынша ай сайынғы түсімдер, 2008 жылы
Ұлттық
қорға бағаның жоғары коньюктурасымен
туындаған қосымша түсімдер шоғырландырылғандықтан,
ҚР Ұлттық қорының жинақ ақшасының өсімі
байқалады: 2001-2007 жылдары қорға шамамен
21,5% ЖІӨ жинақталған.
ҚР
Ұлттық қорының қаражаты (жылдың
соңына)
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
ЖІӨ, млрд теңге | 3250,6 | 3776,3 | 4612 | 5870,1 | 7590,6 | 10139,5 | 12726 |
ҚР ҰҚ қаражаты | |||||||
млрд теңге | 189,2 | 299,1 | 528,2 | 667 | 1080 | 1853,4 | 2733,4 |
% ЖІӨ-ге | 5,8 | 7,9 | 11,5 | 11,4 | 14,2 | 18,3 | 21,5 |
Тұжырымдамаға сәйкес Ұлттық қордың ең үлкен мөлшері шектелмейді. Бұдан басқа, Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшін кемітілмеген қалдық белгіленеді.
Тұжырымдаманы қабылдау ҚР Ұлттық қоры қаражатының жұмсалу тәртібіне де өзгеріс енгізді: кепілдік берілген трансферт болашақ ұрпақ та пайдаланатын жобаларды инвестициялауды көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шығысын қаржыландыруға ғана бағытталуы тиіс.
Ағымдағы
бюджеттік бағдарламаларға
46-сурет.
ҚР Ұлттық қорының
қаражатын пайдалану
2001-2002 жылдары қаражаттың көпшілік бөлігі бюджет ысырабын өтеуге, ал 2003-2006 жылдары – қорды басқарумен және аудит жүргізумен байланысты шығысты жабуға бағытталғаны суреттен көрініп тұр.
ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт мөлшері бөлек алынған кезеңде алдағы жылдардағы жинақтау мөлшеріне байланысты. ҚР Ұлттық қорына түскен түсімдер республикалық бюджетке бағытталған сомаға әсер етпейді. ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке трансферттер көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
ҚР
Ұлттық қорының таусылуына жол бермеу
мақсатында кепілдік берілген трансферт
мөлшері қор активінің үштен бір бөлігінен
аспауы тиіс. Егер де, кепілдік берілген
трансферт мөлшері осы шектен шықса, онда
ҚР Ұлттық қорынан алынатын ең үлкен сома
тиісті жылдың басына қор активінің үштен
бір бөлігінің эквивалентін, ал қалған
үштен екі бөлігі болашақ ұрпақ қоры ретінде
жинақталады, бұл ҚР Ұлттық қорының басты
мақсатының біріне сәйкес келеді.
ҚР
Ұлттық қорының орта
мерзімге кезеңге
арналған негізгі
көрсеткіштері (2007-2009
жж.)
2007 | 2008 | 2009 | |
Кепілдік берілген трансферт | |||
млрд теңге | 301,7 | 461,4 | 337,0 |
% ЖІӨ | 2,37 | 2,89 | 1,88 |
Көзі: 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы № 189 Заңы, 2) Қазақстан Республикасының 2009-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлер болжамы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы 2008 жылғы 26 тамыздағы № 32 хаттама |