Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)

     Инновациялық  қызметті жандандыру үшін, бірінші  кезекте, қолданбалы ҒЗТКЖ-ді бюджеттік қаржыландыру көлемін арттыру қажет. 2008 жылы технологиялық сипаттағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ға республикалық бюджеттен шамамен 443 млн теңге бөлінді. Қолданбалы ҒЗТКЖ-ді бюджеттік қаржыландыру есебінен инновациялық өнім шығару және инновациялық сипаттағы қызмет үлесі шығарылатын өнімнің жалпы көлемінде 2008 жылы 2,8%-дан 2011 жылы 3,5%-ға артатын болады деп күтілуде.

     Инновациялық  жүйенің тиімділігі ұлттық инновациялық жүйенің бүкіл құрауыштарын біріктіру  арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Болашақта  технопарктер, тәжірибелі-конструкторлық бюро, инжинирингтік ұйымдар және т.б. құру жоспарлануда. 2008 жылға дейін 5 технопарк құрылды, 2009-2010 жылдары бес тәжірибелі-конструкторлық бюромен және бір инжинирингтік ұйымын біріктіріп 4 технопарк құру жоспарлануда.

     Құрылыс саласының бәсекеге қабілеттілігі  мен құрылыс материалдарының  өнеркәсібін дамыту және арттыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлемей (қайта өңдемей) және қолданысқа енгізбей мүмкін емес. Бұл құрылыс пен құрылыс материалдары өнеркәсібінің, бұйымы мен конструкциясының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру үшін қажет жағдай. 2008 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіруге 298 млн теңге бөлінді.

     Бұдан басқа, республикалық бюджетте құрылыс  саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеуге 21 млн теңге мөлшерінде қаражат көзделді. Зерттеулер екі бағыт бойынша жүргізіледі:

     - ықтимал жер сілкінісінен болатын  сейсмикалық тәуекел мен зиянның  төмендеуі;

     - құрылыстың тұрақтылығы мен өмірлігін  қамтамасыз ету үшін тиімді  конструктивтік шешім және технология әзірлеу.

     2008 жылы құрылыстың сейсмикалық  тұрақтылығы мен ұзақ өмір  сүруін қамтамасыз ету жөнінде  үш зерттеу жүргізілді (оның бірі 2007 жылы жүргізіліп келесі жылға қалдырылды). 2009 жылы барлық үш зерттеуді аяқтау жоспарлануда. 

Отын-энергетикалық  кешенін және жер  қойнауын пайдалану 

     «Қазақстан - 2030» стратегиясына сәйкес «Энергетикалық ресурс» бағыты басым бағыттардың  бірі болып табылады. Республика Президенті тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлемдік аренада Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті салаларын арттыру үшін отын-энергетикалық кешенді қарқынды дамыту және жер ресурсын пайдалану тиімділігін арттыру маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті.

     Соңғы жылдары «Отын-энергетикалық кешен  және жер қойнауын пайдалану» функционалдық  тобы бойынша мемлекеттік шығыс  өсімі байқалады.

25-сурет. «Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану» бағыты бойынша республикалық бюджеттің шығыс серпіні  

     2008 жылы осы бағыт бойынша республикалық  бюджеттің шығысы 2007 жылмен салыстырғанда 15,3 млрд теңгеге артып, 53,1 млрд теңгені құрады. Осы қаражаттың 63,3%-ы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне отын энергетикалық жүйесін дамытуға арналған нысаналы трансферттер түрінде беріледі.

     Қазақстан үлкен энергетикалық күш пен  отын ресурстарының елеулі қорына ие. Әлемдік аренада Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында энергетика саласын және отын-энергетикалық ресурсты өндіру мен қайта өңдеуді қарқынды дамыту қажет.

     2006 жылы Халықаралық энергетикалық  агенттігінің деректері бойынша  энергияның 11 796 МТНЭ (мұнай эквивалентіндегі мегатонна) өндірілген, оның ішінде 130,97 МТНЭ немесе 1,11%-ы Қазақстанның үлесіне келеді. Республика көмірдің барлық түрінің расталған қоры бойынша әлемде 8 орынға ие, олар 150-160 млрд тоннаға бағаланады (жалпы әлемдік көлемнің 4%-ы), оның 62%-ы қара көмірге (бурый), 38%-ы тас көмірге келеді. Растаған мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 15 жетекші елдер санына кіреді.

26-сурет. 2006 жылы әлем елдеріндегі энергия өндірісі  

     Қазақстанның  халық санына энергия мен электр энергиясын пайдалану деңгейі ЕО, АҚШ, Ресей секілді дамыған елдердегіден бірнеше рет төмен болғанымен, орташа әлемдіктен жоғары.

     Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен геология және жер қойнауын пайдалану саласында  геологиялық зерттеулер және жер  асты суларының мониторингі, өз бетінше  ағатын скважиналарды жою мен  консервация қамтамасыз етіледі, пайдалы қазбалар мен көмір су отынының жаңа қоймаларын іздестіру жүргізіледі. Геологиялық зерттеулер жұмыстарын орындау нәтижесінде пайдалы қазбалардың кейбір негізгі түрлері бойынша қор өсімі мынаны құрады: алтын – 50 тонна; мыс – 840 мың тонна; никель – 407 мың тонна; марганец рудасы – 6 млн тонна; темір рудасы – 82 млн тонна; мұнай – 61 млн тонна; газ – 4 млрд текше м. Зерттелген жер ресурстары қорларын арттыру өнеркәсіптің өндіру және қайта өңдеу салаларын дамытуға септігін тигізеді, осы салаға халық шаруашылығы инвестициясының тартымдылығын арттырады. Осылайша, соңғы 12 жылда минералдық-шикізат кешеніне 86 млрд АҚШ доллары тартылды. 2007 жылы инвестиция көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 22,8%-ға артып, 17,8 млрд долларды құрады.

     Қазақстанның  отын-энергетикалық кешенінің негізін электр энергетикасы, көмір және көмірсутектерін өндіру мен қайта өңдеу саласы құрайды. Соңғы жылдары отын ресурстарының негізгі түрлерін өндіру мен қайта өңдеу көлемінің өсімі байқалады. 2007 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру республикада өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артып, 67,2 млн тоннаны құрады; табиғи және жол-жөнекей газды өндіру – 29,6 млрд текше м., бұл 2006 жыл деңгейін 9,7%-ға артады. Отын-энергетикалық кешені өсімінің тұрақты қарқыны өнеркәсіп кәсіпорындарының да, түпкі тұтынушылардың да энергияға деген өспелі тапшылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2011 жылы мұнай өндіру көлемін 81,7 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда (2007 жылмен салыстырғанда 121,4%). Мұнай өңдеу зауытында мұнайды қайта өңдеу көлемі 2007 жылғы қайта өңдеу көлемін 2011 жылы 2 млн тоннаға арттырады (16,3%). Бұдан басқа, 2011 жылы көмір өндіру көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 6 млн тоннаға арттыру жоспарлануда.  

27-сурет. Қазақстан Республикасында 2007-2011 жылдары көмір өндіру серпіні  
 

28-сурет. 2007-2011 жылдары мұнай өндіру және қайта өңдеу серпіні

     Қазақстан халықаралық отын жеткізу саласында  басқа мемлекеттермен белсенді ынтымақтастықта, бұл Қазақстан экономикасын әлемдік  энергетика кешеніне қарқынды біріктіруге және сауда қарым-қатынасының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. 2007 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстан Үкіметтері арасында «Каспий маңындағы газ құбырын салу ынтымақтастығы туралы» келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, 2007 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан-Қытай газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 2008 жылы Қазақстан арқылы халықаралық газ транзитін 3,9%-ға арттыру жоспарланды.

     Елдің энергетикалық кешенінің тұрақты  және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте отын-энергетикалық кешені, мұнай химиясы және минералды ресурстар аумағында технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге 898,9 млн теңге, отын-энергетикалық кешеніндегі нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге – 99,8 млн теңге мөлшерінде қаражат көзделді. 2007 жылғы 1 наурыздағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салалық экономиканың энергиялық тиімділік деңгейін арттыру қажеттілігін атап көрсетті. 2008 жылға арналған бюджетте осы мәселені орындауға 200 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлу көзделді. Нәтижесінде, ел бойынша энергия көзінің белгіленген қуатын пайдалану коэффициентін 2008 жылы 68%-дан 2011 жылы 74%-ға дейін жыл сайын 2%-ға өсіру қамтамасыз етіледі.

     Жуық  арадағы үш жылда экономиканың электр энергиясына өспелі тапшылығын қанағаттандыру бойынша белсенді іс-әрекеттер жүргізілетін болады, бұл 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіруді 22%-ға арттыруды қамтамасыз етеді.

     Отын-энергетикалық  кешенін дамытудың ажырамас құрауышы энергияның ұқсас көздерін пайдалануды тарту болып табылады. Осы қатынастағы пилоттық жоба Жоңғар қақпасындағы 5 МВт қуатты жел электр станциясын салу болып табылады.

     Көмір сутегі отынының әлемдік нарығының  тұрақсыздығы және түрлі өнеркәсіп  салаларының да, тұтынушы секторының да энергетикалық ресурсқа деген үнемі өсіп келе жатқан тапшылығы жағдайында атом энергетикасының бәсекеге қабілетті саласын құру аса маңызды рольге ие болуда. Уран рудасының зерттелген қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші мемлекет болып табылады. 2008 жылға арналған бюджетте атом энергетикасын дамыту жөніндегі дайындық жұмыстарына 2,5 млрд теңге, Тоқамақ Қазақстан термоядролық материалдық реакторын құруға  - 758 млн теңге мөлшерінде шығыс көзделген.

     Энергетика  және табиғи ресурстар министрлігі өзінің алдына уран әлемдік нарығындағы республика үлесін 30%-ға дейін арттыру бойынша мәселе қойып отыр және де 2008 жылы Қазақстан үлесі 20%-ға жетуі тиіс.

     Энергетикалық кешенінің атомдық саласының  негізі радиациялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруда талап етеді. Осы бағыт шеңберінде 2008-2010 жылдары 5 уран рудниктерін және радиациялық қауіпті объектілерді жою жоспарлануда. Сөзсіз, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттыру, пайдалы қазбалар шығаруды арттыру, атом энергетикасының негізі өмір сүру қауіпсіздігі ережесін мүлтіксіз сақтаумен сүйемелденуі тиіс. Осы бағыт негізінде метанның шығуына және жер бетінің қопарылуына жол бермеу үшін Қарағанды көмір бассейнінің тиімсіз шахталарын жабуды жүз пайыз аяқтау да жоспарлануда.

     Қазақстанның  атом саласының негізін қалау  ісіндегі стратегиялық жоба 2012-2017 жылдары  Ақтау қаласында АЭС салу болып  табылады. Бұл елдің энергетикалық  базасын нығайтуға және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.  

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса қорғалатын табиғат  аймағы, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынасы

     Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы секторын дамытуға аса назар аударылуда. Осы  саладағы бірінші кезектегі мәселе ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің және қайта өңдеудің тұрақты өсімін қамтамасыз ету және ауылдық жерлердің әлеуметтік және экономикалық дамуын ынталандыру болып табылады. Осы мәселелердің шешімі Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді және тұтастай экономиканың дамуына тұрақты база құрады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік стратегиялық жоспары әзірленді және іске асырылуда, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасы. Бюджет қаражаты ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру, озық технологияларды енгізу, ауылдықтардың бастамасын ынталандыру жөнінде шаралар жүргізуге беріледі.

     Қазақстан жер ресурсына бай. Осы байлықты сақтау және көбейту үшін оны тиімді басқару қажет. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі алдында жер ресурстарын сандық есепке алу және жер сапасының мониторингі мәселелері тұр. Геоботаникалық зерттеудің көпшілік бөлігі – 78,8%-ы – 1990 жылға дейін орындалған, осыған байланысты деректерді елеулі жаңарту талап етіледі. Сондай-ақ, картографиялық және геодезиялық өнімге деген өсіп келе жатқан сұраныс жергілікті жер туралы ақпараттың сапасын арттыруда талап етеді. Көп жағдайда картографиялық өнім заң құжатының ролін ойнайды. Агенттік жасап жатқан бүкіл ауқымдық мемлекеттік топографиялық карталар жергілікті жер туралы толық ақпаратты көрсетеді және республиканың түрлі экономика және қорғаныс салаларында қолданылатын түрлі туынды материалдар жасау үшін негіз болып табылады.

     Ауыл  шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынасы саласындағы бар  проблеманы шешу, сондай-ақ осы шаруашылық саласының тұрақты дамуы мемлекеттің  қаржылай қолдауынсыз мүмкін емес. Соңғы бірнеше жылдар көлемінде  ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса қорғалатын табиғат аймағы, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынасы функционалдық бағыты бойынша бюджет шығысы жыл сайын артып келеді. 2008 жылы ол бойынша республикалық бюджеттің шығыс көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 31,7%-ға артып, 119,6 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және жер қатынасы саласындағы қызмет республикалық та, жергілікті де бюджет қаражатынан қаржыландырылады. 2007 жылы қаражаттың 69%-ы республикалық, 31%-ы жергілікті бюджеттен берілді.

    

     29-сурет. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау функционалдық бағыты бойынша республикалық бюджет шығысының серпіні, млрд.теңгемен 

     Республиканың ауыл шаруашылығына бюджет қаражатын  инвестициялау соңғы жылдары ауылдық елді мекендерде әлеуметтік жағдайдың жақсаруына, саланың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізді. Ауылдық жерлердегі инвестицияның көпшілік бөлігі басым салалардағы ауыл мәселесін шешуге бағытталған: білім беру, денсаулық сақтау және ауыз су. 2008 жылы барлық көздер қаражаты есебінен 255 білім беру объектілерін салуға және қайта жөндеуге шамамен 47 млрд теңге бөлінді, оның 29,1 млрд теңгесі республикалық бюджет қаражаты есебінен. Осы қаражат жалпы сомасы 13,7 млрд теңгеге денсаулық сақтаудың 36 ауылдық объектісін салуға бағытталды, оның ішінде «100 аурухана» жобасы шеңберінде жалпы сомасы 10,9 млрд теңгеге 29 объекті. Осыған қарамастан, мектеп пен аурухананың көптеген ғимараты апатты жағдайда, барлық елді мекендер таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Осы мәселелер жақын арада шешімін табуы тиіс.

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана