Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа
Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.
Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................
68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104
субвенциялар
Бюджеттік
субвенциялар бюджеттік алулар секілді
жалпы сипаттағы ресми
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі үш жылдық кезеңге жылдарға бөлініп абсолюттік бірлікпен белгіленеді: республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасында – Қазақстан Республикасының заңымен; облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті арасында – облыстық мәслихат шешімімен.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі әр үш жыл сайын өзгеріске ұшырайды. Төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі тиісті жергілікті бюджеттің табысы мен шығыны көлемі арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Табыстың болжамды көлемі шығынның болжамды көлемінен артқан жағдайда, жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алулар белгіленеді. Шығынның болжамды көлемі жергілікті бюджет табысының болжамды көлемінен артқан жағдайда, жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді. Табыстың болжамды көлемі өңірдің салықтық потенциалын ескере отырып және бюджет деңгейі арасындағы түсімдерді бөлу негізінде есептелінеді. Жергілікті бюджеттер шығының болжамды көлемі оларды ағымдағы бюджеттік бағдарламаға және бюджеттік даму бағдарламасына бөлуді, бюджеттік қамтамасыз етілуін, бекітілетін заттай нормаларды ескере отырып және бюджет деңгейі арасында шығысты бөлу негізінде есептелінеді.
Үш
жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы
трансферттер көлемін анықтау, олардың
әрбір үш жыл сайын өзгеруі
Қазақстан Республикасының
Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттер мен несиені олардың мақсатты пайдаланылуына сәйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер және ағымдағы нысаналы трансферттер болып бөлінеді. Дамуға арналған нысаналы трансферттер республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сома шеңберінде мыналар үшін жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер болып табылады:
-
мемлекеттік немесе салалық
-
төмен тұрған мемлекеттік
Дамуға
арналған нысаналы трансферттер
облыстар бойынша
2006 ж. | 2007 ж. | |||
теңге | % жиын-тығына | теңге | % жиын-тығына | |
Ақмола облысы | 2 167 692 | 1,5 | 4 681 455 | 1,7 |
Ақтөбе облысы | 3 402 632 | 2,3 | 7 132 794 | 2,7 |
Алматы облысы | 4 250 064 | 2,9 | 8 186 469 | 3,1 |
Атырау облысы | 3 717 004 | 2,5 | 18 796 423 | 7,0 |
Шығыс Қазақстан облысы | 7 774 431 | 5,3 | 14 450 452 | 5,4 |
Жамбыл облысы | 2 568 396 | 1,7 | 3 620 066 | 1,3 |
Батыс Қазақстан облысы | 2 543 860 | 1,7 | 4 571 997 | 1,7 |
Қарағанды облысы | 3 772 304 | 2,6 | 5 945 363 | 2,2 |
Қостанай облысы | 3 766 360 | 2,6 | 5 331 111 | 2,0 |
Қызылорда облысы | 3 178 382 | 2,2 | 9 378 441 | 3,5 |
Маңғыстау облысы | 1 913 500 | 1,3 | 4 885 136 | 1,8 |
Павлодар облысы | 3 567 277 | 2,4 | 5 234 994 | 2,0 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 3 014 072 | 2,0 | 4 890 290 | 1,8 |
Оңтүстік Қазақстан облысы | 7 297 907 | 5,0 | 19 687 255 | 7,4 |
Алматы | 27 664 314 | 18,8 | 43 225 226 | 16,2 |
Астана | 66 607 288 | 45,2 | 107 613 372 | 40,2 |
Барлығы | 147 205 483 | 100 | 267 630 844 | 100 |
Егер
нысаналы трансферттер құрылымын олардың
мақсатты пайдаланылуына сәйкес қарастыратын
болсақ, онда көлік инфрақұрылымын
дамытуға, инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымын дамытуға, жылу энергетикалық
жүйесін дамытуға арналған трансферттер
көп салмаққа ие.
Дамуға
арналған нысаналы трансферттердің
мақсатты пайдаланылуы
бойынша, %-бен
2006 ж. | 2007 ж. | |
Нысаналы трансферттер, барлығы | 100 | 100 |
білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға | 9,5 | 11,9 |
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға | 7,6 | 8,4 |
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға | 13,6 |
11,2 |
мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын-үйін салуға | 4,2 | 0,02 |
коммуналдық шаруашылығын дамытуға | 7,9 | 4,4 |
қалалар мен елді мекендердің тұрмыс жағдайын дамытуға | 7,6 | 6,3 |
жылу энергетикалық жүйесін дамытуға | 11,0 | 11,6 |
сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға | 5,0 | 4,7 |
сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту үшін Астана қаласының бюджетіне | 2,0 | 4,1 |
көлік инфрақұрылымын дамытуға | 25,5 | 28,8 |
мәдениет объектілерін дамытуға | 2,0 | 3,9 |
спорт объектілерін дамытуға | 0,6 | 1,3 |
Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмикалық тұрақтылығын күшейту үшін | 0,8 | 0,4 |
Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмикалық тұрақтылығын күшейту үшін | 0,7 | 0,4 |
әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және қайта жаңартуға | 0,7 | 0,2 |
Қарағанды облысының облыстық бюджетіне дамытуға және Теміртау қаласында индустриалдық парк инфрақұрылымын салуға | 0,2 | 0,1 |
Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Мартұқ ауданының газ құбырын салуға | 0,2 | 0,3 |
қоршаған
ортаны қорғау объектілерін салуға және
қайта жаңартуға |
0,3 | |
шағын қалаларды, оның ішінде экономикасы қиын қалаларды дамытуға | 0,4 | |
облыстардың
немесе аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) коммуналдық меншігіндегі
жылу желілерін пайдалануды |
0,3 | |
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты, объектілер мен аймақтарды табиғаттың апатты салдарынан инженерлік қорғау жөнінде жұмыс жүргізуге | 0,7 | |
«Оңтүстік» ӘЭА-ың инфрақұрылымын дамытуға | 1,1 | |
Арқалық қаласындағы бастауыш және орта кәсіптік білім алушылардың жатақханасын қайта жөндеуге | 0,1 |
Бұл ретте, 2006 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған трансферттің барлық сомасының ішінде Астананың үлесі 42,2%-ды Алматының - 51%-ды, 2007 жылы Астананың – 43,8%-ды, Алматының – 43,4%-ды құрайды. Жылу энергетикалық жүйесін дамытуға арналған трансферттеде ұқсас жағдай: Астананың үлесі 2006 жылы - 83%-ды, 2007 жылы – 45,7%-ды құрады. Трансферттердің мынадай түрлері бойынша да Астананың үлесі басым: қала мен елді мекендер тұрмыс жағдайын дамытуға – 2006 жылы – 98,2%, 2007 жылы - 97%, мәдениет объектілерін салуға – 2006 жылы - 93%, 2007 жылы - 92%, спорт объектілерін салуға 2006 жылы - 100%, 2007 жылы - 89%. Білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған трансферттер тең бөлінді: 2007 жылы – 3,8%-дан (Қарағанды обл.) 12%-ға дейін (Қызылорда обл.), Астана - 8%. 2006 жылы денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған трансферттің негізгі үлесі Астанаға жатады (21,9%), бұл медицина кластерін дамытумен байланысты болды. 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа туған нәрестелердің ЖҚДҰ-ны жұқтыруына байланысты денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған трансферттің шамамен үштен бірі (30,4%) осы өңірге бағытталды.
Ағымдағы нысаналы трансферттер болып жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бекітілген соманың шеңберінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін ресми трансферттер табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер тек мемлекеттік, салалық немесе өңірлік бағдарламалардың іс-шараларын орындауға ғана, сондай-ақ қаржы жылы ішінде әкімдердің қолдауы бойынша тек Үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен қаржыландырылатын өңірлік бағдарламаларды орындауға ғана беріледі.
Жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу арқылы жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің жұмыс істеу кезеңінде шығыстың артуына және (немесе) табыстың азаюына алып келетін нормативтік құқықтық актіні жоғары тұрған органның қабылдауынан туындайтын төмен тұрған бюджеттің зиянын міндетті өтеу көзделеді.
Бюджеттік
несиелер төмен тұрған бюджетке бюджеттік
инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды)
іске асыруға қайтарымдылық және төлемдік
негізінде және Бюджет кодексіне сәйкес
қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды
тапшылығы болған жағдайда беріледі: республикалық
бюджеттен – облыстық бюджеттерге, республикалық
маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне,
облыстық бюджеттерден – аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеттеріне.
2001-2007 жж. бюджеттік несиелендіру серпіні
2001 ж. | 2002 ж. | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | 2006 ж. | 2007 ж. | |
Республикалық бюджет | |||||||
Бюджеттік несиелендіру | 26 780 | 28 344 | 39084 | 46732 | 59 734 | 36 940 | 39 276 |
Бюджеттік несиені өтеу | 12 233 | 10 508 | 15404 | 16500 | 11 559 | 21 098 | 42 270 |
Таза
бюджеттік несиелендіру |
14 547 | 17 836 | 23 680 | 30 232 | 48 175 | 15 842 | -2 994 |
Жергілікті бюджет | |||||||
Бюджеттік несиелендіру | 11 344 | 9 003 | 7 162 | 7111 | 1 456 | 620 | 413 |
Бюджеттік несиені өтеу | 5 622 | 6 901 | 7 696 | 8592 | 2 997 | 1 433 | 1 155 |
Таза
бюджеттік несиелендіру |
5 722 | 2 102 | -534 | -1 481 | -1541 | -813 | -742 |
Осы кестелер бюджеттік несиелендірудің қысқару тенденциясы туралы көрсетеді. Бюджеттік несиелендіруді өтеу қарқыны бюджеттік несие жергілікті борышты көбейтпейді деген шешім шығаруға мүмкіндік береді.