Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)

       Мемлекет алдында тұщы жер асты суының аса тапшылығын сезінетін 1650 ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша күрделі мәселе тұр. 2008 жылы 25% ауыл үшін мәселе шешімін табуы тиіс.

     Республикада  мал шаруашылығын және егінді дамытуға қолайлы жағдай жасалған, оған агроөнеркәсіп  кешеніне салынған мемлекеттік инвестициялар  көп көмек көрсетті. Осылайша, бидай  өсіру халық санына 2007 жылы 1058 килограмға жетті, бұл өткен жылы осы көрсеткіш бойынша Қазақстанға Австрлияны озып, әлемде 1-ші орынға шығу мүмкіндігін берді. Бидай экспорты бойынша біздің еліміз әлемде 7-ші орынға ие. 2008 жылы ірі қара мал саны 2007 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға, құс – 9,4%-ға артты.

    

30-сурет. 2005-2007 жылдардағы дән экспортының серпіні 

     Мал шаруашылығы секторында да өсім байқалады. 2008 жылы мал және құс санының өсімі  жоспарлануда, бұл мал шаруашылығы  өніміне деген халықтың мұқтажын толық қамтамасыз етуі тиіс. 

2007 жылмен салыстырғанда  2008 жылы мал санының  өсімі, %-бен

    ІҚМ     102,91
    Оның  ішінде сиыр     102,76
    Қой және ешкі     104,79
    Шошқа     102,87
    Жылқы     105,38
    Түйе     104,00
    Құс     109,37
 

     Сондай-ақ, қайта өңдеу өнеркәсібінде де өсім байқалады. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қайта өңделген ауыл шаруашылығы шикізатының үлесі оның өндірісінің жалпы көлеміне қарағанда артты: сүт - 29%-ға дейін (2006 ж. – 26,6%), дән - 37%-ға дейін (28,2%), май өнімдері - 98%-ға дейін (75%), ет - 24%-ға дейін (17,8%).

     Қазақстан ауыл шаруашылығының белсенді салаларының бірі балық шаруашылығы болып табылады. Ұзақ мерзімді бекіту принципін енгізумен туындаған балық саласына салынатын инвестицияның өсіміне байланысты бекітілген балық аулау лимитін игеру деңгейі де кенеттен артты. 2007 жылы 50,5 мың тонна лимит кезінде игеру тәуелсіздік алған жылдарда алғаш рет 97% белгісіне жетіп, 49,2 мың тоннаны құрады. Балық шаруашылығы сыртқы экономикалық потенциалын арттыруда. Экспортқа шығатын балық өнімінің көлемі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 2,5 мың тоннаға немесе 8%-ға артты, бұл ретте, бағасы 63%-ға өсіп, 71 млн долларын құрады.

     Агроөнеркәсіп кешенін ойдағыдай дамытудың  маңызды факторының бірі ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарының техникалық жарақтануы болып табылады. Қазақстан ауыл шаруашылығы машиналарының қазіргі паркінің 80%-ға дейін тозығы жеткен. Негізгі ауыл шаруашылығы техникасының қызмет етуінің орташа мерзімі 8-10 жыл болғанда, 10 жылдан астам пайдаланылған трактордың жылдық құрамы 94,5%-ды, дән жинау комбайны – 77,7%-ды құрайды. Бұл ретте, тракторларды жыл сайын жаңарту орташа есеппен 0,87%-ды, дән жинау комбайны – 3,2%-ды құрайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығындағы техникалық жарақтану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.

31-сурет. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 2007-2011 жылдарда техникалық жарақтану деңгейін және мамандандырылған техникалық қызметтің қол жетімділігін арттыру серпіні

     Соңғы жылдары қол жеткізілген АӨК-ны дамытудағы елеулі нәтижелерге қарамастан, ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелер әлі шешімін таппай келеді. 2009-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі ауқымды стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді жоспарлауда, оның маңыздысы мыналар болып табылады:

     - агроөнеркәсіп кешені саласының тұрақты дамуы, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті ДСҰ-ға кіру шартына үйрету;

     - отандық өнімнің ұлттық бәсекелес  басымдығын дамыту;

     - АӨК саласының қазіргі заман  инфрақұрылымын дамыту және техникалық жарақтануын арттыру.

     2011 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 107,6%-ға өсіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды егінді жерлерді 2007 жылы 1,39 млн га-ға арттырумен салыстырғанда 1,5 млн га-ға арттыруды талап етеді. АӨК-ні ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымымен тұрақты қамтамасыз ету де үлкен мәселе болып отыр: 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 7,4 мың тоннадан 10,5 мың тонна бірегей тұқым шығару жоспарлануда. Астыққа қауіпті зиянкештер мен аурудың зиян келтіруін болдырмау мақсатында химиялық заттармен өңделетін жер ауданын шамамен екі есеге арттыру жоспарлануда: 2007 жылы 2,9 млн га-дан 2011 жылы 5,2 млн га-ға дейін.

     Мал шаруашылығын дамытуға да аса назар аударылуда. 2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара малдың асыл тұқымды өнімін шығару көлемін 4881 тоннаға дейін арттыруды көздейді, бұл 2007 жылдың деңгейінен 1,8 есе жоғары, шошқа өсіру көлемін –2007 жылы 1175,6 тоннамен салыстырғанда 1497 тоннаға дейін.

     Қазақстан өзін халықаралық нарықта экспорт  алқабына ие болу үшін АӨК-нің бәсекеге қабілетті өнімін шығаратын ел ретінде  таниды. Осы мақсатта 2009 жылы экспортқа 34 мың тонна балық өнімін, 370 тонна  тоқыма (2007 жылы 162,3 тоннамен салыстырғанда), 750 мың шаршы м. тері шикізатының жартылай фабрикатын (2007 жылы 27,5 мың шаршы м.) шығаруы жоспарлауда.

     АӨК қарқынды дамыту ауыл шаруашылығы техникасын өз уақытында жаңартпаса мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы жабдықтарының  техникалық тозығы мәселесі 2009 жылдан бастап 2011 жылды қоса алғандағы кезеңде шешімін табады, осының нәтижесінде жаңартылған техниканың үлесі 2009 жылы 20%-ға, ал 2011 жылы - 25%-ға жетеді.

     АӨК-ні ойдағыдай дамыту бастамасы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің несиеге қол жеткізуінің жоғары деңгейі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі несие серіктестігі жүйесін одан әрі дамытуға септігін тигізеді, олардың саны 2009 жылы 161-ді құрайтын болады.

     2009-2011 жылдары орманды қалпына келтіру  және орман өсіру, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, аса қорғалатын табиғи аймақ құру бойынша ауқымды жұмыс жоспарланған. Осы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2009 жылы орман өсіру көлемі 2007 жылы 41 мың га-мен салыстырғанда 2009 жылы 47,6 мың га-ға артады. Үш жылдық кезеңде (2009-2011) жалпы ауданы 839,4 га 5 жаңа аса қорғалатын табиғат аймағын құру жоспарлануда. Осетр тұқымды балықтың биологиялық әралуандығын қолдау шеңберінде 2011 жылы осетр балық зауыты салынады.

     2009 жылға арналған бюджетте ауылдық  елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін салуға және қайта жаңартуға 16,2 млрд теңге мөлшерінде қаражат көзделген, осының нәтижесінде 2011 жылы халықтың 80%-ы сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Жақын арадағы үш жылда ауыл аймақтарының потенциалын арттыруды қамтамасыз ету, қалыпты өмір сүруге жағдай жасау бойынша жұмыс жалғасын табады. 2009 жылы күн көріс деңгейі 21%-дан төмен табысы бар ауыл халқының саны төмендейді деп күтілуде. Ауыл тұрғындарының шағын несие ресурсына қол жеткізуін арттыру жоспарлануда: 2010 жылы ауылдық жерлерде 2007 жылы ашылған 50 шағын несие ұйымдарына толықтыру ретінде тағы да 50 шағын несие ұйымын құру жоспарлануда.

     Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүруінің, денсаулығының және білімінің сапасын  арттырудың маңызды бастамасының бірі болып табылатын экологиялық жағдайдың жақсаруы «Қазақстан - 2030» стратегиясында мойындалады.

     Отандық өнеркәсіптің қарқынды өсуі, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету деңгейінің артуы шиеленіскен экологиялық  проблеманың бар екендігін түсіндіреді: табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбау, су бетінің ластануы және азаюы, ауаның ластануы, өндіріс қалдықтары санының артуы. Шөлге айналу проблемасы шешімін таппай келеді, Арал және Семей экологиялық апат аймақтарына аса назар аударуды талап етеді.

     Аталған экологиялық проблемаларды шешу үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі үш стратегиялық қызмет ету бағытын бөліп көрсетеді:

     - қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру  және жақсарту;

     - Қазақстан Республикасының тұрақты  дамуға көшу тетігін құру;

     - экологиялық мониторингтің қазіргі заман жүйесін енгізу және гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

     2007 жылы Қоршаған ортаны қорғаудың  2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын  іске асыру аяқталды. Бағдарламаны  қаржылай қамтамасыз етудің жалпы көлемі 2007 жылы 5,1 млрд теңгені құрады. 

     Гидрометеорологиялық  мониторинг жүргізуге 1,4 млрд.теңге  бөлінді. Бағдарламаны іске асыру «Қазгидромет»  қызметінің материалдық базасы мен  техникалық жарақтануын елеулі нығайтуға  мүмкіндік берді: метеостанциялар  саны 245-тен 254-ке дейін, гидрологиялық бекеттер саны – 226-дан 276-ға дейін артты.

     2007 жылы Қазақстан оңтүстігіндегі  уран шығатын өңірлердегі радиоэкологиялық  жағдайды және радиоактивті қалдықтарды  сақтау жағдайын зерттеу және  Каспий маңындағы өңірлердің  экологиялық алқаптылығы жөнінде жаңа жұмыс жүргізілуде.

     Қоршаған  ортаны қорғау министрлігі Ауыл шаруашылығы  министрлігімен бірлесіп «Сарыарқа» немесе «Солтүстік Қазақстан далалары мен  көлдері» атымен бірыңғай номинацияға  біріктірілген Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғат қорығын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне қосу жөнінде жұмыс жүргізді.

     2007 жылы Ілек өзенінің бормен  және хроммен ластанудан сақтау  жөнінде жұмыс басталды және  жалғасын табуда.

     2007 жылы қоршаған ортаның қорғасынмен ластануын кешенді бағалау, құрамында пестицид бар қалдықтардың экологиялық жағынан қауіпсіз шіру мүмкіндігін зерттеу жөнінде ғылыми жұмыс басталды.

     Осы мәселелерді қаржыландыру көлемін  арттыра отырып шешудің негізгі  бағыты мен тетігі Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына енгізілді.  

2008-2010 жылдарға арналған  Қоршаған ортаны  қорғау бағдарламасын  іске асыруға арналған шығыс көлемі, млн теңгемен

Жыл Республикалық

бюджет

Халықаралық грант
2006 6 184,0 302,2
2007 13 950,6 150,5
2008 15 089,3 139,4
 

      Қоршаған  ортаға эмиссия деңгейін төмендетуді  қамтамасыз ету жоспарлануда, ол 2007 жылғы 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,31 тоннамен салыстырғанда 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,18 тоннаны құрайды. Эмиссия деңгейін төмендету мәселесін шешудің негізгі жолы ретінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мынаны көріп отыр: ең озық технологияларға көшуді ынталандыру, эмиссияны квоталау, даму жобалары мен бағдарламаларына экологиялық сараптама жүргізу.

      Экономиканың  дұрыс бағыт алуы және энергияның жаңартылған ресурстары мен көздерін тиімді пайдалануға жағдай жасау да маңызды мәселе болып табылады. 2011 жылы энергияның жаңартылған көздерін пайдалануды ынталандыру тетігін енгізу жоспарлануда, атап айтқанда, экологиялық салық, заңды бұзушыларға қолданылатын тиімді санкция жүйесі және т.б.

      Гидрометеорологиялық  және экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мәселесіне де аса  назар аударылады. 2011 жылы ауа райы болжамының дәлдік деңгейін 2007 жылы 88%-бен салыстырғанда 90%-ға дейін арттыру жоспарлануда. 2008 жылы 3 метеостанция, 15 гидробекет, 16 стационарлық гидрометеорологиялық бекет салу жоспарлануда, бұл республикалық бюджеттен 157,1 млн теңге бөлуді талап етеді.  
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

32-сурет.  Қоршаған ортаны қорғау министрлігі орындайтын функцияны қаржылай қамтамасыз ету

     Су  бетінің ластану, бұлғану және азаю процесі жалғасуда, оның басты себебі су тоғандарына тазартылмаған немесе жеткілікті деңгейде тазартылмаған тұрып қалған суды тастау болып табылады. Су объектілеріне жыл сайын тастау шамамен 2,5 млн тоннаны құрайды. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу проблемасы бұрынғысынша қалып отыр. 2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ластанған, таза емес және өте таза емес су тоғамдар санатына 80 тұшы су тоғамдарының 15-і жатқызылған.

     2011 жылы министрлік күшімен су көзіне тасталатын ластаушы заттарды тастау көлемі 2007 жылы 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,2 тоннамен салыстырғанда 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,15 млн тоннаға дейін қысқартылуы тиіс. Осы бағыт шеңберінде 2008-2010 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ілек өзенінде тазалау құрылғысы кешенін қайта жаңарту, Шалқар өзенінің табанын тазалау жұмыстарын жүргізу, Семей қаласында тұрып қалған суды биологиялық тазалау құрылғысын кеңейту, Балхаш өзені экожүйесінің Солтүстік Балхаш маңы жерінің табиғат қызметінен технологиялық ластануын төмендету жоспарлануда. 

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана