Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: l**********************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1.Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтары мен міндеттері......................5
1.2.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы......................................................................................................................12
1.3.Қазақстан Республикасының саяси дамуы......................................................15
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі.........................................19
2.2.Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.................28
2.3.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары....33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның сыртқы саясаты.doc

— 297.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының ғылым және білім  министрлігі

Жезқазған политехникалық колледжі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

    Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жезқазған-2011 

МАЗМҰНЫ 
 

    КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

    І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ  БАСЫМДЫҚТАРЫ

1.1.Қазақстанның  сыртқы саясаты басымдықтары  мен міндеттері......................5

    1.2.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы......................................................................................................................12

    1.3.Қазақстан  Республикасының саяси дамуы......................................................15

    ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН  МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҰЙЫМДАР 

    2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның  ролі.........................................19

    2.2.Қазақстанның  бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына  кіру мәселесі.................28

    2.3.Қазақстанның  әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары....33

    ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ

    Сыртқы  саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ  ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.

    Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты  дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі  елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

    Қазақстанның  қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында  осы мемлекеттермен арадағы негізгі  шарттар және келісімдерді бұлжытпай  жүзеге асыру міндеті тұр.

    Осындай маңызы зор шарттардың бірі Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей  арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарты. Тарихымызда тұңғыш рет  біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз  Ресеймен заң жүзінде ресімделген  мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл еліміздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі.

    Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.

    Қазақстан Шанхай Ытымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭҚ-ты реформалауға, ЕЭК-ті құру жөніндегі  жұмыстарға ерекше мән береді.

    Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандитатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз. Біздің сыртқы саясатымыздағы негізгі басымдықтар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.

    Ұзақ  мерзімді басымдығымызды  ұлттық қауіпсіздік  және  мемлекеттік тәуелсіздік  пен аумақтың тұтастықты сақтау - еліміздің  іргелі құндылықтары. Бұл – біздің басты ұлттық байлығымыз, біз оны  сақтауға және болашақ ұрпақтарға жеткізу басты міндет. Бүгінде, «Қазақстан-2030» Стартегиясын іске асыра бастағалы бері 10 жыл өткенде қазақстандық мемлекеттік орнықты деп нық сеніммен айтуға болады.

    Халықаралық практика мен нормаларға сәйкес мемлекеттік  шекарамызды толық қатталып, Қарулы Күштерінің реформасы жүзеге асырылды, осы заманғы армия жасақталып, оны қайта жарақтандыру ісі  жүргізілуде. Елдің Қарулы Күштерін қаржыландыруды елеулі түрде арттырылды. Құқық қорғау органдарын, арналу қызметтерді қоса алғанда, іс жүзінде мемлекет қауіпсіздігінің инфрақұрылымы қайта құрылды.

    «Қазақстан-2030»  Стратегиясының бір бөлігі ретінде  қауіпсіздікке төнетін қатерлерді алдын ала бейтараптандыруға  бағдарланған мемлекеттің Ұлттық қауіпсіздігі стратегиясы әзірленіп бекітілді. Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп шықты. Өңірлік бірлестіктер – АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ның қызметі өңірдегі тұрақтылық пен өзара ықпалдыстық үшін берік негіз қалады.

    Бүкіл шекараның бойындағы көрші мемлекеттермен Қазақстанның достық қарым-қатынастары орнатылды. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың басы көбірек тұрақтылық пен қауіпсіздік әкеле қойған жоқ. Керісінше, халықаралық лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы, қару-жарық пен ядролық материалдардың заңсыз айналымы секілді қателерге қарсы күрес ұзаққа созылатыны айқын болды.

    Қазақсатнның  әлемде қуатты экономикасы бар әрі  халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде  қабылданатынын да есептен шығармаған жөн.  Бұдан әрі экономикалық, әлуметтік және саяси жаңаруымыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал ХХІ ғасырдың қазіргі кезде көрініп жүрген объктивті қатерлері  еліміздің бейбіт еңбегі мен прогресі баршамызға және әлемдік қоғамдастықтың ұстаныма байланысты.

    Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастады.

    Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан  алғанда Қазақстан белортасында тұрған өңірде есірткі таратудың  тыйылмай отыруы.

    Сондықтан да біз осы проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бұрынғысынша белсене ынтымақтастықты орнату. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ 

    НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ 

    
    1. .Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары мен міндеттері
 

    Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың күш-жігерінің  арқасында мемлекет аралық қатынастың жалпы жұрт таныған нормаларны ұстанатын мемлекет ретінде әлемдік архитектоникаға сәтімен кірікті және текетірес пен экстермизмнің қандай да бір элементтеріне ада саясат жүргізеді деп сеніммен айтуға болады.

    Саясат  бағытының мұндай сындарлылығы қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер әкелді. Егер бірнеше жыл бұрын басымдықты міндеттердің тұрғысынан Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігінің қамтамасыз етужәне жетеші державалар тарапынан тиісті кепілдіктер алу қажеттілігі туралы айтылса, қазір бірінші кезекке жаңа императивтер шығып отыр деп айғақтауға барлық негіздер бар. Қазақстанның басқа мемлекеттермен өзара қатынасының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «күнделікті» дипломатияның, тынымсыз жұмыстың уақытысы туды. Мұдай қорытынды сыртқы саясат саласындағы нақты болмысқа негізделген.

    Қазақстанның  тәуелсіздігін нығайтуда 1993 жылы қазанда  қол қойлған қазақстан-қытай декларациясының  зор маңызы бар. Осы негізде алынатыфн  құжатқа өздерінің қолдарын қоя  отырып, ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь  және Қазақстан президенті Н. Назарбаев іс жүзінде оңтүстіктегі ұл көршімен өзара қарым-қатынаста қауіпсіздік сияқты маңызды проблеманы шешті. Шартттық тәртіппен Қытай Қазақстанға қатыты ядрлық қаруды қолданбауды, күш қолданудан немесе күш қолдану қаупін туғызудан бас тартуға, біздің мемлекетіміздің егемендігімен аумақтық тұтастығын құрмет тұтуға міндеттенеді.

    Осы тұрғыдан АҚШ-пен «демократиялық әріптестік туралы хартияға» жоғары деңгейде қол  қойылуының зор маңыза болды. Сондай-ақ Қазақсмтан Ресеймен қарым-қатынасын да негізге алынатын құжатпен – Достық, ынтымықтастық және өзара көмек туралы шарт пен ресімдеді. Осы шарт бір қатар келісімдермен уағдаластықтарға негіз қызметін атқарады. Қазақстан Ресей қатынасына құқықтық құрылысын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасуда.

    Осындай жолмен Қазақстанның сыртқы саясатының бірінші кезеңінің басты мақсатына  дипломатиялық акциялар мен қол  жеткізілді. Енді Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне республиканың әлемдік  істерге анағұрлым кеңінен тартылуы сәйкес келеді деп айтуға болады, олар атап айтқанда республиканың аймақтық және ғаламдың деңгейлердегі процестерге, халықаралық құрылымдарды қалыптастыруға белсенді түрде  қатысуы, мұның бәрі халықаралық құқық нормалары үстемдігінің нығайуына үлес қосады.

    Сонымен бірге Қазақстанның стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету үшін біздің диломатиямыздың саяси маневр үшін кеңістіктің болуын қолдауы, демократиялық әрі сындары әріптестік қатынастарды дамытуы, барлық елдемен ізгі көршілік және өзара тиіңмді ынтымақтастықты дамытуы қажет. Түбегейлі мүдделерді талап ету кезіндегі проинциптілік пен табандылық, ұзақ мерзімді мақсатқа қол жеткізумен ұштасып, Қазақстанның сыртқы саясатының ерекшеліктеріне айналуы тиіс. Еуразиялықтың айқын белгілері бар Орталық Азиялық мемлекет болғандықтан, Қазақстан сыртқы саяси жолдармен өз ұстанымдарын және ғаламдық сондай-ақ аймақтық деңгейлердегі беделін нығайтуға қол жеткізуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарын мынадан көруге болады. 

    Қазақстандық  дипломатия «кеңестен кейінгі кеңістік» деп аталатын мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту бағытын жалғастыруы тиіс. Бұл саясат қатарлас екі деңгейде жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, екі жақты негіздегі байланысты дамыту керек. Екіншіден, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын іс-әрекетте қабілетті бірлестікке айналдыру жөніндегі белсенділікті төмендетпеу маңызды. ТМД тиісті елдердің экономикғасына тиімділігін арттыру және оларлдың арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру үшін ірі міндеттерді шешуге қабілетті ұйым болуы керек.

    Мұндай  проблемаларды шешу үшін бір-бірінің әлеуетін пайдалануға ұмтылатын мүдделі елдердің сапалы таңдауы болып табылатын Еуразиялық мемлекеттер одағы көпжақты өзара іс-қимылдың анағұрлым тиімді түрі. ЕМО-ның құндалығы мынады: оның перспективалық сипаты бар ол болашаққа бағдарланған.

    Басымдықтар айтқанда, Ресей Федерациясы мен  өзара туелділіктің зор маңызы бар  екенін атап көрсету керек. Бұл жерде  экономикалық тарихи жақындықтың және демографияның өзара тәуеділігі факторлар той көрсетеді. Бұндай ынтымақтастық, егер ортақ экономикалық, қорғанытық, гуманитарлық ақпараттық және білімдік кеңістікті нығайтуда стратегиялық мақсатын назарға алатын болсақ, тең құқықты өзара тиімді сипатта жүруі тиіс. Қазақстан-Ресей достық қарым-қатынастары Еуразиялық кеңістіктің орасан зор бөлігінде жағдайды тұрақтандырудың қуатты факторы, жаһандық тұрлаулылық пен қауіпсіздікке қосқан зор үлес.

    Қазақстан сыртқы саясатының басты басымдықтарының  бірі – АҚШ пен өзара қатынасты  дамыту. Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы еліміздің дүние жүзілік қоғамдастыққа үйлесімді түрде кірігуінің және халықаралық саяси, сондай-ақ қаржылық институттарда оның позициясын нығайтудың, сондай-ақ озық технологияларға қол жеткізудің аса маңызды алғышарттарының бірі.

    Сонымен қатар, халықаралық құрылымдардың  да рөлі өсіп отыр. Азия – Тынық мұхит аймығы елдерін әлеуметтік экономикалық дамыту (ЭСКАТО), қоршаған ортаны қорғау (ЮНЕП), БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған дамыту бағдарламасы (ПРООН), денсаулық сақтау (ВОЗ) және басқалары сияқты беделді ұйымдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту жөнінде пәрменді күш жігер жұмсау қажет. Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың басымдығын ескере отырып, БҰҰ-ның қызметіне белсенді түрде қатысуды жалғастыру керек. Осы дүние жүзілік ұйым Қазақстан үшін әлемдік саясатқа «терезе» ашады және тиісінше республиканың геосаяси процестерге тартылуына кепілдік береді.

    Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымына (ЕҚЫҰ) шеңберінде де үлкен  жұмыс күтіп тұр. Хельсинки Қорытынды  актісінде және қаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында юелгіленген міндеттемелерді өзіне ала отырып Қазақстан Еуропалық процестерге қатысты негізге алынатын құжаттарды әзірлеуге үлес қосуы тиіс.

    Сонымен бірге Азиялық бағытта сыртқы саяси қызмет өзара саяси іс-қимыл  мен сенім білдіру шаралары жөніндегі  құрылықтық форумды шақыру идеясын өмірге енгізуді жалғастыратын болады. Бұл идея түрлі нұсқада айтылып, бір қатар Азиялық елдер мен топтар оны іс жүзіне асырып жатса да Президенттің бастамасы Азиялық тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосудағы Қазақстанның шынайы ұмтылысы ретінде танылады және оның сыртқы саяси қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қабылданады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты