Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: l**********************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1.Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтары мен міндеттері......................5
1.2.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы......................................................................................................................12
1.3.Қазақстан Республикасының саяси дамуы......................................................15
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі.........................................19
2.2.Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.................28
2.3.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары....33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның сыртқы саясаты.doc

— 297.00 Кб (Скачать документ)

    Міне, осындай жақсы нышаннан басталған  ЕҚЫҰ мен қарым-қатынасымыз жылдан жылға өзінің ауқымын кеңейте  түсуде. Қазір ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясымен біздің Парламент тығыз қатынаста. Қазақстан делегациясы әр уақытта белсенділік көрсетіп, өзінің  мемлекет мүддесіндегі ұсыныс-пікірлеріне ЕҚЫҰ-ның назарын аударып отырады.

    ЕҚЫҰ-ға кіретін мемлекеттердің басым бөлігі Еуропалық Одақ мүшелері. Сондай-ақ олар ең дамыған елдердің қатарын құрайды. Көптеген мемлекеттер сол «үлкен» топтың төңірегіне ыңғайланады. Олардың өзара ықпалдастығы ұзақ жылдардан қалыптасып келе жатқан дәстүрлі қатынастарын да есептен шығаруға болмайды.

    Төрағалық етудің нәтижесінде Қазақстан дамыған, өркениетті, демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғам болу үшін алдына жаңа мақсаттар қойып, өте жоғары міндеттеме қабылдайды, екіншіден, Қазақстан әлеуметтік, саяси дамудың жаңа сатысына көтеріледі, үшіншіден, Қазақстан Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынастың жаңа сапалық сатысына көшеді. Бұл дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанды тануын тереңдетеді, Елдің халықаралық беделі арта түседі.

    ЕҚЫҰ-ның  жұмысын барлық елдердің қауіпсіздігін, ынтымақтастығын қамтамасыз ете  отырып, Қазақстан мемлекеттегі ел тұрмысына байланысты өсу, өркендеу, өлшемдеріне жаңа талап, жаңа сапа беретіні де анық. Қорыта айтқанда, Мадрид шешімі Еуропа елдеріне қаншалықты қажеит болса, Қазақстанның мемлекет ретінде күшейіп, жаңарып, болашақ үшін жаңа тыныс алуына да соншалқты қажет.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Қазіргі кезеңде мемлекеттердің сыртқы саяси  қызметін дамытуы халықаралық қатынастардың  күрделі жүйесін қалыптастыруға ықпал етуде. Сонымен қатар, посткеңестік кеңістікте жаңа мемлекеттер құрылып, үкіметаралық (мемлекетаралық) және үкіметтік емес сипаттағы орасан көп халықаралық ұйымдардың қызмет жүйесін құраушы элементтер қарқынды түрде өсе бастады. Екінші жағынан, халықаралық қатынастар жүйесінің элементтері арасындағы байланыс сандық және сапалық жағынан өзгеріске ұшырады. Жүйе құраушы байланыстардың сандық өзгерістері халықаралық ортада екі жақты көрінеді. Халықаралық қатынастар жүйесінің дамуындағы ескі, көнерген, тежеуші байланыс формалары (мысалы, байланыстың заңды формасы – отар ел – метрополия, протекторат, қарсылықсыз тізе бүгу режімі, әділетсіз, тең правосыз шарттар) біртіндеп ығыстырылуда. Бұл жағдайда олар мүлдем жойылады немесе өзгерістерге ұшырап, халықаралық қатынастар жүйесінің элементтерін жаңадан құрайды.

    Сонымен бірге, қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық ілгерілеудің нәтижесінде халықаралық қатынастардың жаңа түрлері пайда болды. Салыстырып қарағанда, бұдан бұрын, бірқатар мәселелер мен проблемалар бойынша халықаралық құқықтық субъектілер іс-жүзінде  бір-бірімен ешқандай қатынас жасамады. Мысалы, ядролық физикаға, кванттік механикаға, онкологияға, кибернетикаға қатысты мәселелер, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселесі көптеген елдер үшін құқықтық жағынан алғанда, басқа елдер мен халықтарға қатысы жоқ өзінің «ішкі», ұлттық ісі болып есептелді. Бүгінгі күні бұл мәселелер бұрыннан бар немесе арнайы құрылған халықаралық ұйымдарда талқыланады және халықаралық-құқықтық реттеудің құралы болып табылады.

      ХХІ ғасыр қатерлерінің ішінде халықаралық лаңкестік ерекше орын алып отыр. Қаңтар айының аяғында Алматыда 40 халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ланкестікке қарсы комитетінің көпшелі отырысы өтті. Осы халықаралық зұлматқа қарсы күрес жүргізу үшін әлемдік қоғамдастықтың үлкен күш-жігер жұмсауды керек етеді.

    Лаңкестікке қарсы коалицияға және Ирактағы жағдайды тұрақтандыруға саперлік отрядымыздың қатысуын нақ осындай ұстанымдар тұрғысынан пайымдаймыз.

    Осы тұрғыда еліміздің өз ішінде де белсенді іс-қимыл жасалып жатыр. Жоғарғы  Сот төрт лаңкестіктің ұйымды заңсыз деп жариялайды. «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» Заң қабылданды.

    Лаңкестіктің  ушығуы жағдайында біз өңірдегі барлывқ  мемлекеттер мен мүдделі елдердің іс-қимылы мен белсенділігі үйлестіруді  сапалық жаңа деңгейге көтеру жолында қадамдар жасауға әзірміз.

    Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

    Өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының  ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін.

    Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы  бола алады. Бұл – жеке меншік инстиуты мен бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.

    Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қасқорлық пен ілтипатқа  бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.

    Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық  қоғам орнатудамыз.

    Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяси тежемелік  пен тепе – теңдіктің үйлестірілген  жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз.

    Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда  конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік  және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.

    Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық  дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түдете береміз. Сонымен қатар, ұлтаралық  және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.

    Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі  біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.

    Қазақстан әлмедік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз мына міндеттерді шешуге тиіспіз. Бірінші міндет – экономиканың тұраулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттігінің тұраулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау қажет болады.

    Бұл стратегия біздің экономикамымыздың жекелеген секторлары мен өндірістерінің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарын негізге алып, әлемдік даму үрдістері мен сыртқы рыноктардағы сұранысты ескеруге тиіс. Бізге ендігі жерде «жинақталған» экономикалық өсуді жай пайдалану емес, осы өсуді нақты басқаруды үйрену, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыру керек. Қазақстанды индустрияландыруға халықаралық рыноктардың талаптары мен шарттарына сай қағидаттық жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Аса ірі монополистерді қайта құрылымдау мен бәсекелестік қатынастарды дамыту есебінен біздің табиғи монополиялар аясын қысқартуымыз қажет. Экономиканың табиғи монополиялар сақталатын секторларында бізге салалық реттегіштердің көмегімен тарифтік және техникалық реттеу жөнінде елеулі жұмыс жүргізуге тура келеді.   Екінші міндет – өңірлік экономикада сапалық жаңа табыстарға жету және жаһандық экономикаға толыққанды қатысуды қамтамасыз ету. Үшінші міндет – өндіруші сектордың тиімділігін арттыру. Алдағы уақытта да байсалды әрі өзара тиімді энергетикалық саясат жүргізу ниетіндеміз. Көмірсутегі секторын одан әрі дамытуды, шетел мен жергілікті инвесторлар тартуды экономиканы әртараптандырумен тікеей байланыстыру және жаңа келешегі мол өндірістер құру жөніндегі аса маңызды міндеттерді осы арнада шешу қажет. Біз Қазақстанның аса бай жер қойнауын игеріп жатқан шетелдік әріптестерімізді елдің мүддесіне қарай нақты да байыпты бетбұрыс жасап, біздің экономикамызды әртараптандыруға және Қазақстанның әлеуметтік дамуына шешуші түрде қатысуға, әлбетте, нарықтық негізде қатысуға көндіруге тиіспіз.

    Төртінші міндет – өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету өте-мөте маңызды, - Президент.

    Бесінші міндет – өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Біз стратегиялық инфрақұрылымның даму келешегін айқын пайымдай білуіміз және ең алдымен инфрақұрылымдық қызметті тұтынушы біздің отандық компаниялардың бәсекелестігін, сондай-ақ өзіміздің халықаралық экономикалық ықпалдастығы-мыздың мүдделерін ескере отырып, осы саладағы басқарудың сапасын едәуір арттыруға тиіспіз. Бізге экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын айқындап алып, олардың дамуын тұтастай алғанда еліміз экономикасының мүдделеріне бағындыру керек. Өскелең экономикамызға электр энергетикалық ресурстарды дамыту мен басқаруға және Қазақстанда атом энергетикасының негіздерін қалауға деген қағидаттық жаңа көзқарастар талап етіледі. Бұл – өңірлер әкімдерін, Индустрия және сауд, Көлік және коммуникациялар, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктердің жауапкершілігі, - деп атап айтты Елбасы.  Бұл өте маңызды міндет, өйткені экономиканың дамуы энергетикалық қамтамасыз ету көлеміне байланысты болады. Сондықтан да бізге оны байыпты шешу керек.

    Алтыншы міндет – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.

    Жетінші міндет – атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Шын мәнісінде зәру адамдарға атаулы қолдау көрсету жөніндегі саясатымызды жалғастыра береміз, бірақ оны нақты нарықтық қағидаттар негізінде шешеміз.

    Қазіргі замаңғы әр түрлі халықаралық  денгейдегі қауіпсіздік құрылымдармен  кепілді байланыстарды орнату және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның көпбағытты және баланс-танған сыртқы саясатының принциптеріменен келісіп, оның ұлттық қауіпсіздік мүдделе-ріменен сәйкес келеді.

    Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі  құрылымды халықара-лық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.  Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ – мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңыз-ды бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз бұл ұйымға 1992 жыл-дың 2 Наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46 сессиясын-дағы нөмір 46/224 резолюциясының қабылдануының нәтижесінде кір-ген.

    Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымында осыншама қысқа  уақытта мү-ше болғанына қарамастан, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа  сәтті кір-геннен басқа, ондағы әсер етуші елдердің қатарына қосылуға да үлгер-ген. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше халықаралық кон-венциялары мен келісімдерге қосылып, олардың шарттарына сәйкес өзінің әр түрлі ұлттық бағдарламаларын шығарып, оларды сәтті іске асыруда. Бұл еліміздің қалыпты әрі қауіпсіз жағдайларда дамуына әсер етеді.

    Еліміздің осындай деңгейге жетуі – елбасымыз  бен отандық дип-ломатияның ілгерішілді  жүргізілген сыртқы саясатының нәтижесі.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты