Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: l**********************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1.Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтары мен міндеттері......................5
1.2.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы......................................................................................................................12
1.3.Қазақстан Республикасының саяси дамуы......................................................15
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі.........................................19
2.2.Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.................28
2.3.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары....33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның сыртқы саясаты.doc

— 297.00 Кб (Скачать документ)

         Біріккен Ұлттар Ұйымының Өндірістік  Даму Ұйымы БҰҰ – ның өн – дірістік  саласындағы қызметін бағыттауы үшін 1966 жылы Бас Ассам –блеясының  резолюциясында қабылданған. Қазіргі таңда ӨДҰ – ның 170 – тей мүше-елдері бар. ӨДҰ өтпелі экономикалы және дамушы ел- дерде өндірістің  қалыпты дамуымен айналысады.

        Қазақстан Республикасы БҰҰ –ның ӨДҰ қатарына 1997 жылы кірген.

    Қазақстанның  оған кіріунен бұрын бұл ұйым елімізде әр-түрлі бағдар- ламалар жүргізген. Олардың ішіне:

  1. Инвестициялық жобалардың бағалауы мен қалыптастыруы
  2. Инвестициялаудың акционерлік емес түрлердің құқықтық, салық-тық және қаржылық анализімен айналысатын адамдар мен ұйымдарды оқытып – дайындау

        1995 жылдың өзінде ӨДҰ мен БҰҰДБ  – ның бірлескен жобалары Қа-зақстанның  кіші қалаларындағы мемлекеттік  өндірістердің реструкту-ризациясын  бастаған. Мысалы ретінде, Алматы облысындағы Текелі қаласындағы қорғасын – мырыш комбинатының қайта ашылуы. ӨДҰ өндіріспен  ғана шектелмей, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға да үлес қосады. Алматыда Шағын және Орта Кәсіпкерліктің Қолдау Орталығы ашылды.

        Американдық «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен, ӨДҰ – ның сарапшылық қолдауымен және  БҰҰДБ – ның координа- циясымен Атырау қаласында «Бизнесті Дамыту Орталығын» және оның микронесиелік  мехаизмін құрған. ӨДҰ Әлемдік Банкі, БҰҰДБ мен ТАСИС - тің «Каспий экологиялық бағдарламасына» да қатысушы жақ болып шықты.

        Қазіргі таңда БҰҰ – ның  ӨДҰ  Қазақстан Республткасы  үшін арнайы интегралданған бағдарламаны  құруға жұмыс істеуде. Оған  келесі бағыттар кіредә:

  1. Өндірістік дамудың стратегиясы 
  2. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамытуы
  3. Инвестицияларды тартуға қолдау
  4. Шығынсыз өндірісті қалыптастыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.2. Қазақстанның Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі   

    Мемлекеттердің  өзара ынтымақтастығының дамуы  үрдісінде халықаралық сауда экономикалық және құқықтық тұрғыдан әрқашан елеулі мәселелер туғызып келеді. Себебі, әрбір мемлекеттің өзегі болып табылатын экономикалық саланың дұрыс бағытта дамуы мемлекеттің алдына қойған жалпы мақсаттардың жүзеге асуының кепілі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттер өзара ынтымақтастыққа зәрулігін танытып келеді. Осыған орай дүниежүзілік сауда жүйесінде мемлекеттер әлемнің даму үрдісіне байланысты өзгеріп отыратын келіссөздер, ортақ тіл табысу арқылы өзара қолайлы жолдар іздестіріп, ортақ мәмілеге қол жеткізулері бекер емес.

    Бүгінде халықаралық саудадағы қарым-қатынастардың  реттелуі тек екіжақты келісім шарттар  ғана емес, сонымен бірге көпжықты ұйымдастырушы орталықтары бар  құрылымдарға айналуда. Әлемдік сауда  жүйесінде сондай ұйымдастырушы орталықтардың бірегейі ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымын айтуға болады. 1947 жылдан бастап әрекет еткен Тариф және сауда жөніндегі Бас Келісім шартының мирасқоры болып табылатын Дүниежүзілік сауда ұйымы мемлекеттер арасында олардың экономикалық мүдделерін жүзеге асыру жолында ортақ қолайлы жағдай орнату мақсатында өз қызметін қарқынды дамытып келеді.

      Дүниежүзілік сауда ұйымының  негізін қалаушы қағидалары кемсітпеушілік, яғни сауда саласында қолайлы  жағдай ұсыну режимі және шетел  тауарларына өз тауарлары мен қызметтеріне таралатын ұлттық режимді қамтамасыз ету, сауданы тарифтік әдістер арқылы реттеу, сандық (көлемдік) және өзге де шектеулерден бас тарту, сауда саясатының транспаренттігі, сауда дауларын келіссөздер немесе кеңестер алу жолымен шешу және т.б. болып табылады.

    Дүниежүзілік  шаруашылық байланыстар жүйесінде  жетекші орынды халықаралық сауда  иеленеді. Ол іс жүзінде халықаралық  еңбек бөлінісінің барлық түрін  қамтиды және әлемнің барлық елдерін  тұтастай байланыстырады. Сыртқы сауданың дамуы маңызды орынға шықты. Оған мынадай себептер мүмкіндік туғызып отыр:

      Ұлттық экономиканың дамуына  байланысты сыртқы нарықтың рөлін  көтеру;

    Сыртқы  нарықтық байланыстар негізінде  қазіргі өндірістен жоғары деңгейде хабардар болу;

    Халықаралық еңбек бөлінісі процесінің тереңдеуі және әлемнің жетекші салаларындағы мамандандырылған бөлшектік және технологиялық операциялардың ерекшелігі;

    Интеллектуалдық қызмет нәтижесінің есебінен халықаралық  сауда көлемінің ұлғаюы;

    Тауарлық  өнімді тез жаңартуға ықпал ететін ғылыми-техникалық прогресс.

    Сонымен қатар, сыртқы сауда мемлекеттің  халық шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыруында маңызды  құрал болып табылады.

      Өнеркәсіп саясатында сыртқы  сауда жаңа жұмыс орындарын  құруға және әлеуметтік прогреске  дем береді. Мәселені шешуде кез-келген өкіметтің мақсаты – тиімділікті, пайдалылықты, үнемділікті қамтамасыз ету.

    Кез келген мемлекет өз елінің сыртқы саудасын дамыту үшін мынадый үш шешімді жүзеге асыруы тиіс:

  • сауда және транспорт саясатын жетілдіруде сауда процедураларын жеңілдетін мәселесін ескеру;
  • ұлттық деңгейде сауда процедураларын жеңілдету жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету және сыртқы саудада мемлекеттік мекемелердің рөлін белсендіру;

    1994 жылы жаңа редакцияланған ГАТТ  қазіргі саудадағы тауарлар бойынша  ДСҰ ережелерінің негізгі жиынтығы болып табылады. Оны ауыл шаруашылығы мен текстиль сияқты спецификалық секторларға қатысты келісімдер толықтырады. Сондай-ақ мемлекеттік сауда, әр түрлі өнімдердің стандарттары және демпингке қарсы супсидиялар мен іс-әрекеттер жөніндегі келісімдер кіреді. ГАТТ-тың фундаментальды ұстанымына дискриминацияламау немесе кемсітпеушілік және нарыққа кіруді қамтамасыз ету жатады. [11; 56-59]

    Кемсітпеушілік  принципі ұлтқа қолайлы жағдай жасау  режимін (РНБ-режим наиболее благо  приятствуемоии) қабылдау арқылы іс жүзіне асады, ол арқылы мемелекет ДСҰ-ға қатысушы елдерге қатысты бірыңғай сауда шарттарын қамтамасыз етеді, ал ұлттық режимді қабылдағанда импортталған тауарлар ішкі нарықта кемсәтушілікке ұшырамайды. Нарыққа ену үшін РНБ мен ұлттық режимді қабылдау жеткіліксіз, сондай-ақ тауар айналымын реттеудің ең тиімді құралы болып табылатын кеден тарифтерінің пайдасына импорттағы сандық шектеулерді жою жолымен нарыққа енеді және қатысушы елдердің сада режимі мәселесінде жариялылықпен айқындылық болуы шарт.

    Қызмет  көрсетудің біршама еркін импорт және експорт принциптері транс  шекаралық сауда болсын, шелелде  қызмет көрсету болсын коммерцияның немесе жеке тұлғалардың араласуы болсын олардың жеткізілу тәсілдеріне  қарамастан алғаш рет құжат ретінде  қызмет көрсету саудасының Бас келісімінде (ГАТТС). 

    Бірақ қызмет көрсету саудасының спецификалық күшінде қолайлы жағдай жасау  режімі мен ұлттық режімді қолдаудың  әр бір елге жеке арнылған өзінедік ерекшеліктері бар. Ұқсастығы сол  сандық квотаны өзгертуді әркім өзі таңдайды, ол келіссөздер барысында шешіледі.

    ДСҰ-ның  мүшелері ГАТС төңірегіндегі жекелеген  міндеттерді өз мойнына алады, яғни олар шетелдік бәсекелестік үшін қызмет көрсетудің қандай түрін, қандай деңгейде ашуға дайын екендігін хабарлауы  тиіс.

    Интеллектуалды меншік құқығының сауда аспектілері бойынша ДСҰ-ның келісімдері (ТРИПС) сауда мен инвестициялардағы идеялар мен шығармашылық қызметтердің ережелер жиынтығын көрсетеді, онда сауда операциялары кезінде интеллектуалды меншіктің қорғалуы тиіс екендігі айтылады. «Интеллектуалды меншікке» - авторлық құқық, сауда-маркілері, географиялық атаулар, тауарлардың атауы, өнеркәсіптік үлгілері, интегралды микросхемалардың топологиясы және сауда құпиялары жатады.

    Дауды шешуді реттейтін ережелер мен шаралар  туралы келісім консультация барысында елдердің өзара келіспеушіліктерін шешуге мүмкіндік беретін жүйені құрады. Егер келісімге келу мүмкін болмаса, қалыптасқан шаралар бойынша әрекет жасалады, эксперттер тобы мәселені шешу мүмкіндігін қарастырады және құқықтық негіздерге сәйкес аппеляцияға беруге мүмкіндік береді. 

    ДСҰ принциптерін қолдану мемлекеттің  сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін  ең алдымен кедендік алымдар жүйесі мен басқа сауда барьерлерін  жеңілдету есебінен арттыруына мүмкіндік  береді. Экономикадағы болжай алушылық және айқындылық серіктестерді өзіне тартып, тауар айналымын арттырады. Кемсітпеушілік, айқындылық, сауда шарттарының анықтығы және оларды жеңілдету – мұның барлығы компанияның шығысын төмендетуге ықпал етеді, қызметтерін оңтайландыруға және сауда мен инвестиция үшін қолайлы климат жасауға ықпал етеді.

    ДСҰ-ның  сауда жүйесі сауданың кедергісіз іске асуына көмектеседі және елдерді  сауда мәселесіндегі дауларды шешудің  конструктивті және әділ механизмімен қамтамасыз етеді, осылайша халықаралық  тұрақтылық пен ынтымақтастықты нығайтады.

    Халықаралық қауіпсіздікке сауданың ықпал етуі 1930 жылдардағы соғыстан көрінді. Ол кезде  елдер протекционистік сауда  барьерлерін енгізу үшін жарысты. Бұл  депрессияны тереңдетіп, нәтижесінде  Екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануында белгілі бір рөл атқарды.

      Бұл жүйе өзінің өмір сүруге  қабілетті екендігін көрсетті, себебі  тұрақты сауда қатынастары қалыптасқан  елдердің арасында саяси дау-жанжалдардың  болуы кемде-кем. Сондай-ақ тұрмысы  жақсы, жан-жақты қамтамасыз етілген  адамда дау-жанжалға бейімдік танытпайды. ДСҰ жүйесінде келісімдер Консенсус жолымен жасалады, келіссөз нәтижелері мен келісім ережелері міндетті түрде орындалады және сенімді нығайтудың маңызды құралы болып табылады. өкімет басқа елдердің сауда барьерлерін көтермейтініне сенімді болса, ол да ондай әрекетке бармайды. Мемлекеттер өзара ынтымақтасуға жақын тұрады, бұл 1930 ж.сауда соғысының қайталануына мүмкіндік бермейді.

    Тауарлар  мен қызметтер саудасындағы міндеттемелер  мен тарифті ымыралар бойынша  ДСҰ мүшелерімен екіжақты келісім жасау ДСҰ-на ену процесіндегі негізгі кезеңі болып табылады.

    ДСҰ-на ену үшін меншікті өнеркәсіпте бәсекелестікке сенімді болу керек. Мемлекеттің  саясаты бәсекелестіктің артуы, кәсіпорынның эксперттік хабардар етуі мен әлемдік қоғамдастықа экономиканы интеграциялауға бағытталған. Осымен бір уақытта шығарылатын өнімнің сапасына, сенімділікке талаптар артуда.

    Техникалық  нормалау саласындағы бағыттардың  өзгеруімен, мемлекеттік қадағалау  мен бақылаудың стандарттау және сертификаттау жүйесінің реформалау және олармен мемлекеттік жүйедегі реттеудің бірігуі үкіметтің бұл саясатының орындалуымен байланысты.

    Негізгі міндет ретінде ҚР-ның «техникалық  реттеу» жөніндегі заңы міндетті және ерікті талаптар, ережелер мен  жалпы ұстанымдар, өнімнің сипаттамалары және де міндетті талаптарды ұстану мақсатындағы қадағалау мен бақылауды ерекшелейді.

    Нарықтық  шарттарда бұл талартар күрделі  және де комплексті мәселе болып табылады.

    Қазақстан Республикасының БСҰ-на енудегі  жаңа техниканы енгізуді тездету  және өнімнің сапасын жоғарлату ережелерін шешу мақсатында стандарттауды маңызды шарттар қатарына қойды.

    Өз  елінде ҚР-ның кәсіпорындары нарықтан шығып кетпеу және басқа елдедің  нарығын жаулауға дайын болу үшін өнімнің сапасын жақсартудағы маңызды  ролді стандарттарға көңіл аударып, өнімнің сапасын жоғарлатуға бағытталған шаралар комплектсі болуымен санасу керек.

    Шикізаттың, материалдардың, жинақтаушы және дайын  бұйымдардың стандарттауының комплекстігін  қамтамасыз ету стандарттаудың маңызды  бағыттарың бірі болып табылады.

    Тек қана бір-бірімен байланысты өнім сапасының  көрсеткіштерін анықтайтын стандарттар  жүйесі берілген талаптарға сай келетін  өнімнің тұрақты қасиеттерін  қамтамасыз ету мақсатында санімді  базасы ретінде қызмет атқарады.

    Осылай  өз уақытында майдың өндлірісінде сызықты ағынның сапасын қамтамасыз ету сұрақтарын комплексті жетілдіру майтабандалықты резинаның, бояудың, матарысын пайдалану, санаудың әдістеріне және де тот басылмайтын болаттарың кейбір түрлерінің мемлекеттік стандарттарын қайта қарап шығу керек екендігі анықталды.

    Комплексті  стандарттауды жүзеге асырудағы  шикізаттар мен матариалдар стандарттарына ерекше көңіл аудару керек. Комплексті стандарттауды жүзеге асырудағы  стандарттардың өз уақытында ену  сұрақтары принципиалды мәнге ие болды. Ақырғы өнімнің жалпы жүйесіне кіретін өнімнің жеке түрлеріне стандарттарды енгізудегі кідіріс жалпы мәселенің шешуіне қауіпті болып табылады.

    Қазіргі уақытта стандарттарың жобаларын  дайындағанда ең алдымен оларда ғылым  мен техникада соңғы жетістіктерді  айқындайтын сапаның перспективті көрсеткіштерін орнатуға ұмтылу болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты