Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: l**********************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1.Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтары мен міндеттері......................5
1.2.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы......................................................................................................................12
1.3.Қазақстан Республикасының саяси дамуы......................................................15
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі.........................................19
2.2.Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.................28
2.3.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары....33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның сыртқы саясаты.doc

— 297.00 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан БҰҰ – ға мүше болған он бес жыл  ішінде Қазақстан «Қазақстан 2030»  ұзақ мерзімді Стратегиясының бірінші  ұзақ мерзімді басымдығында белгіленген  принциптерге негізделген белсенді сыртқы саяси ұстанымды иеленетіндігін көрсетті. Атап айтқында, басқа елдермен көп жақты қатынастрды белсенді жақтаушы ретінде әрекет етеді. Осы басымдылықтың 3 – ші құрамбөлігінде халықаралық ұйымдардың рөлі туралы, және бірінші кезекте, БҰҰ рөлі жөнінде айтылады. Қазақстан БҰҰ – ны бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін бірден – бір және ең маңызды халықаралық орган деп біледі. Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап көрсетті: «Қазақстан БҰҰ – дан соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен ықпал етуге қабілетті бірден – бір халықаралық органды көре отырып, оның рөлі мен беделін көрсетуге әзір мемлекеттермен ынтымақтастықта болады» (Президент Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 62 – ші сессиясында сөйлеген сөзі, 25 қыркүйек 2007 жыл).

    Экономикалық  әл – ауқат пен бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті  қолдауға жауап беретін ұйым ретінде  БҰҰ – ға мүдделілік өсіп отырған  жағдайда Қазақстан соңғы жылдары  Біріккен Ұлттар Ұйымын ұлғайтуға бірқатар шараларды қабылдады. Мысалы, Қазақстан БҰҰ – ның қорлары мен бағдарламаларының жұмысына штаб – пәтер деңгейінде де, сондай – ақ елдің деңгейінде де белсенді қатысуды бастады. Қазақстан төтенше жағдайларға көмектесетін орталық қоры үшін донор болып табылады, ол дүлей аппараттардан кейін адамдарды бірден құтқару үшін өмірлік қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді. Ондай көмектің ауқымы әзірге соншалықты үлкен болмаса да, әсіресе елдің көлемінде алғанда, аталған үрдіс жалғасатын болады және ондай көмектің ауқымы көбейеді деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, Қазақстан өз елінен тыс жердегі, мысалы, Ауғанстандағы және Орталық – Азиялық республикалардағы, әлеуметтік және экономикалық дамуға қолдау көрсететін жаңа доор болуға деген өзінің ниетін мәлімдеді. Қазақстан БҰҰ – ға алға қойылған міндеттерді орындау үшін мәселе қоя алады.

    Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ – ға төрағалық бекітілуін, оны Азиядағы өзара ықпалдастық  пен сенім шаралары жөніндегі  кеңестің (АӨСШК) ағымдағы төрағалығын, сондай – ақ Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық  ұйымдағы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтағы және өзге де өңірлік ұйымдардағы маңызды рөлін, сондай – ақ Қазақстан Президентінің БҰҰ – ға арнап ұсынылған бірқатар маңызды бастамаларын назарға алатын болсақ, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымын, сондай – ақ БҰҰ – дағы өзінің рөлін нығайтуды жалғастыра беретіні анық.

    Қазақстанның  соңғы жылдар ішіндегі айтарлықтай  дамуына қарамастан, әлі болса  «Қазақстан 2030» - да белгіленген ұзақ мерзімді міндеттеріне жету жолында  едәуір кедергілерге кездесіп отыр. Әзірге өңірлер арасында, сондай – ақ ауыл мен қала арасында үлкен айырмашылықтар орын алған (мұны кейбір облыстардағы кедейшіліктің жоғары деңгейі, сондай – ақ елдің облыстары бойынша халықтың кірістерінің тым алшақтығы дәлелдейді). Әлеуметтік сектордың кейбір көрсеткіштері әлі күнге экономикалық жетістіктердің деңгейіне сәйкес келмейді. Биліктің әртүрлі құрылымдарына сенім арту мен оны қабылдай қою мәселесі әлі де өзекті болып табылады.

    Бұл айтқандарды Бүкіләлемдік банк пен  «Dоing Вusіnеss» Халықаралық қаржы корпорациясының есебі, Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның бәсекеге қабілеттілік индексі, сондай – ақ билік құрылымдарына сенімге қатысты басқа да зерттеулер мен шолулар дәлелдейді. Қазақстан сондай – ақ кейбір орта және ұзақ мерзімді уақыт сынына кездесіп отыр. Несие берудің қаржы нарығындағы жақында болған дағдарыс макроэкономикалық жағдайлардың тұрақсыздығын және халықаралық нарықтағы құбылмалық қауқарсыздығын көрсетеді. Экономикалық стандарттар мен келісім – шарттарды орындау жөніндегі Үкімет пен трансұлттық компаниялар арасындағы жақында орын алған проблемалар жаһанданудың келеңсіз нәтижесінің бөліктері болып табылады, сондай – ақ ұзақ мерзімді кезеңге ұлттық мүдделерді қорғаудың қажеттігін көрсетеді. Қазақстан аумағының үлкендігі мен елдің тұрғындары санының салыстырмалы түрде шектеулі болуы ұлттық экономиканы әртараптандыру міндетін орындауға кедергі келтіретіндігін бәріміз де білеміз. Теңізге шығу жолының болмауы, білікті кадрларды үшін еңбек нарығының шектеулі болуы, көші – қон саясаты саласындағы басқару тиімділігінің қажеттігі және климаттың өзгеруі тәрізді жаһандық экономикалық проблемалардың әсері және су ресурстарын басқару қосалқы, бірақ ескеруді қажет ететін факторлар болып табылады.

    Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде халықаралық  қауіпсіздік жүйесі мен таратпау режимін бекітуге тарихи үлесін қосты. Еліміз басшылығының ядролық арсеналды иеленуден бас тарту туралы тарихи шешімі және халықаралық міндеттемелерді қатаң ұстану ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өз кезегінде, Қазақстанның әлемдегі 50 неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіру жөніндегі маңызды міндет қоюға мүмкіндік жасаған, бұрынғы кеңестік кеңестікте экономикалық дамуымен, көшбасшылығымен назарға ілініп, инвестициялар ағынын құру үшін жағдайлар жасау туралы шынайы қамқорлықты білдіреді. Бүгінгі Қазақстан – бүкіл еуразиялық кеңестікте ұжымдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты жүйесін құрудағы белсенді жақтаушы.

    Соңғы жылдары әлемде таратпау режимін  бұзуға жол беретін көптеген келеңсіз оқиғалар орын алғаны белгілі. Соның ішінде Солтүстік Кореяның ядролық қаруды таратпау туралы Шарттан (ЯҚТШ) шығуын және оның ядролық сынақты жасауын, бірқатар елдерде бұрынғы ядролық бағдарламалардың анықталуын, ядролық материалдардың «қара нарығын» кеңейту, иран ядролық бағдарламасы айналасындағы күрделі жағдайды, және тұтастай алғанда, ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы өздерінің халықаралық міндеттемелерін сақтамау дағдарысын бөліп айтуға болады.

    Сонымен қатар Қазақстан есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмыс жүйесінде күш салуды арттыра түсуде. Алматы қаласында БҰҰ – ның ұйымдастыруымен есірткі трафигінің, ең алдымен Ауғанстаннан, каналдарына тосқауыл қою жөніндегі құқық қорғау құрылымындарында қатысушы – мемлекеттердің өзара іс – қимылын қамтамасыз ету мақсатында Орталық – азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының жұмысы іске қосылды.

    Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтің қатысушыларға  жолдаған Жолдау хатында біздің еліміздің  бітімгершілік таңдауы былай  атап өтілді, «әлемдік қоғамдастыққа  жаппай қырып жоятын қаруды одан әрі тарату қаупі бүгінгі таңда ерекше өзекті және қажетті болып отыр.

    Бүгінгі Қазақстан көптеген өңірлік ұйымдарының  мүшесі болып табылады, олардың аясыеда  сындарлы сыртқы саясаттағы бастамалар көтереді.

    Үстіміздегі жылы 30 қарашада ЕҚЫҰ-ға мүше-елдердің 56 мемлекетті біріктіретін осы беделді ұйымға Қазақстанның 2010 жылы төрағалық етуі туралы тарихи шешімі біздің еліміз басшылығының тәуелсіз, экономикалық жағынан қуатты және демократиялық мемлекет құрылысы жөніндегі қол жеткізген жетістіктерін нақтылы мойындауы, этникаралық және дінаралық келісімді қолдау және жаһандық және өңірлік, оның ішінде Ванкувер мен Владивосток арасындағы кеңістікте, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы қосқан үлесін жоғары бағалау болып табылады.

    АӨСШК шақыру жөніндегі қазақстандың бастаманы іс жүзіне асыру Азиядағы қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

    Қазақстанның  тәуелсіздіктің алғашқы сатыларында  қабылданған ядролық мұрадан  бас тартуы және Ядролық қаруды таратпау қосылуы туралы шешімі ядролық қарусыздануға орай қабылданған батыл шешімнің басты нәтижесі болды. осы жылдың 29 таммыздың Астанада Семей ядролық палигонының ьжабылғанына 16 жыл толуына орай болған «Ядролық әлемге қазақстандық жол» халықаралық симпозиумы өткізілді. Біз сонымен қатар қауіпсіздік саласындағы сыртқы саясат және саясат мәсілелері жөніндегі Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі Хавьер Солананың осы жылы қараша айында Брюссельде ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізуді жоспарлағанын да біліміз. Қазақстан маңызды әрі қазіргі заманға сай бастаманы толық қолдайды және осы шараға қатысуға ниеті бар.

    Біз сондай-ақ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің  бес тұрақты мүшесінің бәріне Қазақстанға қауіпсіздік кепілдерін бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Мұндай кепілдіктер Еуразияда едәуір кеңістікті алып жатқан біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бұл орайда әңгіме экономиклық және саяси реформаларды жүргізуге сырттан қандай да бір қатердің болмауына сенім туралы болып отыр.

      Біз экономикалық дағдарыстан ойдағыдай шыға білдік, мемлекеттік басқарудың тиімділігін көрсеттік, нарықтық жаңаруларды жүргіздік, және ашық демократиялық қоғамның институттық базасын жасадық.

    Экономиклық, әлеуметтік дамудың және халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері бойынша Қазақстан бүгінде ТМД-да көшбасшылық ұстанымды иеленеді және жоғары қарқынмен дамуды жалғастыруды.

    1996 жылдан бастап он жыл ішінде  жан басына шаққанда ішкі жалпы  өніммөлшері 700-ден 5040 долларға  өсті. Күтілетін болжам бойынша  бұл көрсеткіш 2007 жылы жеті мың долларға жетуі тиіс. Былайша айтқанда, Қазақстан табыстары орташа деңгейдегі елдер тобына сеніммен орнығуда.

    Қазіргі кезде келелі міндеттер Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті  елу елінің қатарына қосылу Стратегиясын жүзеге асырумен байланысты. Бұл экономиканы әртараптандыру жағдайында жоғары қарқынды сақтауды, реформаны тиімді жүргізуді білдіреді.

    Тәуелсіздіктің  алғашқы күндерінен бастап Қазақстан  үшін тұрақтылықты сақтаудың маңызды  факторларының бірі этникааралық толеранттылықты сақтау болды. Тоталитаризм бізге қоғамның күрделі этникалық коняигурациясын мұраға қалдырып кеткен болатын. Реттеудің қандайда бір тетіктерінің болмауы күтпеген жағдайларға әкеп соқтыру қаупін туғызды. Мұндай жағдайда ахуалды сындарлы арнады ұстау, этникааралық өзара іс-қимылдың қажетті қоғамдық институттарын қалыптастыру тек тиімді әрі жігерлі мемлекеттік бақылау мен ғана мүмкін болды. Ұлтаралық келісімді сақтау біз үшін аса қажетті құндылық еді, тіпті оны келешегіміздің бастауы десе де болатын еді.

    Қазақстандық қоғам тұрақтылығына құрылымдың жағынан жақын, бірақ маңызы одан кем емес фактордың бірі ретінде оның көп конфессиялығын айтуға болады. Дінаралық диалогты және толеранттылықты қалыптастыра отырып, біз демократияның классикалық принципін ұсынуды жөн көрдік: көпшіліктің еркі азшылықтың мүдделерін сақтау арқылы. Конфессияаралық өзара іс-қимылдардың қазақстандық тәжірибесі біздің елімізде өткізілген әлемдік діндер лидерінің екі Съезі барысында әлемдік конфессиялардың ең жоғарғы иерархтарының қолдауына ие болды.

    Халықаралық тұрақтылықпен қауіпсіздіктің дәстүрлі және жаңа қыр көрсетулеріне ұтымды жауап қайтаруды іздеумен қатар, жаңа ғасырда жаһандық энергетикалық  тепе-теңдікті қамтамасыз етудің маңызы бірнеше есе артып кетті. Энергетикалық  ресурстар барлық мемлекеттер үшін өмір сүру деңгейін жақсарту және мүмкіндіктерді кеңейте түсу үшін өте маңызды мәнге ие болып отыр. Сондықтан нарықтық экономиканың іргелі принциптерін білдіретін бағалар бойынша тиімді, сенімді және экологиялық жағынан қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін маңызды талаптарының біріне айналды.

    Жаһандық  геосаяси ауқымды энергетикалық  құрам соғұрлым маңызды аргументке айналуда. Шиеленіске жол бермеу үшін халықаралық тәсілдің жалпыға ортақ  және үйлестірушілік аясында бұл жүйедегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу қажет.

    Соңғы кездері энергетикалық қауіпсіздік  ұғымын тұжырымдауда белгілі бір  өзгерістерді байқауға болады. Егер бұрындары  энергия қауіпсіздігі дегенді көмір  сутекті ресурстар мен негізгі  тұтынушыларды айрықша тұрақты түрде қамту деп түсіндіріліп келсе, ал енді бұл одан кеңірек тұжырымдалады және ол өндіру, тасымалдау және әлемдік нарықта сатуды қамтитын болды. Тиісінше, тек жеткізуші елдер ғана емес, сонымен бірге транзиттік мемлекеттер, тұтынушылар, сондай-ақ трансұлттық энергетикалық корпорациялар, яғни энергетика тізбегінің барлық буындарының өкілдері өзінің үлесіне қарай бірлескен жауапкершілікті көтеруге тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2.Қазақстан  Республикасы Президенті  Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы

    ҚР  Президенті Жолдауында Қазақстан ядролық  қарусыздану жолын таңдап алды, әлемдік  қауымдастық алдында аймақтық қауіпсіздік  факторы атанды. Қазақстан Семей  ядролық полигонын ерікті түрде  жапты. ядролық - зымырандық күш-қуаттан ерікті түрде бас тартып, бүкіл әлемге үлгі көрсетті.

    Қазақстан Еуразия құрылығында интеграциялық  процестер жүргізудің бастамашысы.

    Қазақстан аймақтық лидер, құрметті халықаралық  серіктес, халықаралық терроризммен, және ядролық қарудың таралуымен күрестің белсенді қатысушысы атанды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты