Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: l**********************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1.Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтары мен міндеттері......................5
1.2.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы......................................................................................................................12
1.3.Қазақстан Республикасының саяси дамуы......................................................15
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі.........................................19
2.2.Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.................28
2.3.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары....33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның сыртқы саясаты.doc

— 297.00 Кб (Скачать документ)

    1991 жылғы қыркүйекте Қазақстан Компартиясы мүшелері Социалистік партияға айналу туралы шешім қабылдады да бүкіл қызметінің мән-мағынасын түбегейлі жаңартуға тиісті болды. Социалистік партия мемлекет басындағы билеуші партияның сипатынан айрылып, сол кезеңнен бастап, халық арасында өз күшімен бедел жинауға тиіс болды. Социалистік партия съезінің шешімімен келіспейтіндер өз партияларын құрып, ресми тіркеуден өткізуге мүмкіндік алды.

    1992 жылы «Қазақстан Халық Конгресі»  партиясы құрылды. 1993 жылдың басында  «Қазақстанның Халық бірлігі»  одағы құрылып, бұл кейін партияға айналды.1994 жылы наурызда Әділет Министрлігі Қазақстан коммунистік партиясын тіркеді. 1995 жылы Қазақстанның демократиялық партиясы дүниеге келді. Саяси партиялар мен қозғалыстардың саны жылдан-жылға көбейе бастады, солардың қатарында 1997 жылы Қазақстан либералдық қозғалысы қосылды.

    Ең  бір қиын күндерде шын мәніндегі  халық өкілеттілігінің, ұлттық демократияның  органы ретінде «Қазақстан халықтары  Ассамблеясы» дүниеге келді. Бұндай ерекше маңызды, күшті қоғамдық ұйым ТМД елдерінің ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың, ұлттық топтардың азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы- Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағыконсультативті-кеңесші орган дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен бірге, халық арасында күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында Ассамблея квотасы бойынша түскен аз ұлттардың өкілдері оқи бастады.

    Егеменді  Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі  Заңның жобасын талқылауға үш миллионнан астам азаматтар қатысты. Олар 1993 жылғы Конституцияға 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді.

    Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген респуебликалық референдумда қабылданды. Қазақстан  Республикасы өзін демократиялық зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен босьандықтары болатынын заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде заңдандырылды. Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып бекітілді. Конституцияның кіріспесінде Қазақстанныың егемендігімен оның болашақ ұлттық өркениетке бағытталған саяси стратегиясы айқын көрсетілген. Онда: « Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құрастырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жаупкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз»-деліінген.

    Осы Ата Заң қабылданар алдында, 1995 жылдың 29-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін ұзарту туралы референдумда өткізілді. Мұнда  қатысушылар тізіміне іліккен 8.309637-сі немесе 91,21 пайызы дауыс беріп, олардың 95,46 пайызы президент өкілеттілігін ұзартуды жақтады. Бұл ақиқат, біріншіден, Конституцияның президенттік басқару нысаны туралы қағидасының заңдылығын, өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың орныққандығын көрсетеді. Үшіншіден, қазақстандықтар Президенттің ішкі, сыртқы саясатын толығынан қолдайтынын танытты.

    Жаңа  Конституцмяны қабылдау мен Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық  референдум арқылы демократиялық егеменді мемлекеттіктіңнегізі қаланды. Жаңа президенттік билік түрімен ескі кеңестік жүйе арасындағы үйлеспестік, қайшылық жойылды. « Президент мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға» болды. Президентті сайлау жүйесі нақтылы белгіленді. Оның мемлекеттік міндеттері мен құқықтары, импичмент туралы ереже-бәрі де Негізгі Заңда түйінделеді. Тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан тұратын Парламент заң шығару қызметін атқаратын, республиканың ең жоғарғы өкілді органына айналды. Заңнын 52-бабы бойынша Парламент депутаттары қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес болды.

    Республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет президент алдында жауап беруге және Республика Парламентінде есеп беруге міндеттелді. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде сот билігі заңдастырылды. Осы жүйеде дүниеге келген Конституциялық кеңес мемлекеттік биліктердің арасында дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және референдум өткізу туралы, басқа да осы сияқты саяси мәселелерді шешетін болды.

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       ІІ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР  

    2.1. Біріккен Ұлттар  Ұйымындағы Қазақстанның  ролі 

    Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына  енгендігі – біздің еліміздің  әлемдік қауымдастыққа шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде кіргендігің көрсететін маңызды тарихи акция болып табылады.

    Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік  қауымдастықтың қарапайым ғана жаңа мүшесі ретінде емес, ядролық  қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы қатарында  тұратын, қазіргі кездегі маңызды  халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді жақты ұстанатын мемлекет ретінде кірген. 1991 жылы Семей ядролық полигонының Жабылуы мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына қосылуы – Қазақстанға үлкен бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары трибунасынан халықаралық қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын жариялауға моральды құқықты қамтамасыз еткен.

    Тәуелсіз  мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының алғашқы қатынасқан халықаралық  форумы – 1992 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда Қазақстанның халықаралық саясаты жөнін-де елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеген. Сөзінде ол Азиядағы Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары жөніндегі Кенестің шақырылуың ұсынып, Қазақстанның экологиялық зардап шеккен аймақтары туралы баяндама жасаған.

    Біріккен  Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің қарусыздандыру облысындағы белсенді рөлі мен бұл саладағы барлық халықаралық  келісімдерге жолын ұстаушылықты өте  жоғары бағалыды.

    Біздің  еліміз Орталық Азиядағы бейбіт сақтау мен қауіпсіздік саласына өте үлкен маңыз беріп, бұл аймақта ядролық қарудан бос зонаны құруға атсалысады. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бастаманы асыруға Қазақстанға барынша көмек көрсетуде.

    Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын  нығайтуға үлкен көніл бөлгендіктен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату қызметіне белсенді қатысады. 1995 жыл ы ТМД елдерінің бастамасы бойынша Орталық Азиядағы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату батальонына Қазақстан жағынан да бір топ сарбаздар жіберілді. 1996 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік қолдау операцияларына қажетті Резервттік Келісімдер Жүйесіне  51-ші мемлекет етіп қосылған. Қазіргі таңда бұл жүйеге қатысушы елдердің саны 70-ке жуық.

    Орталық Азия аймағына және жалпы әлемдік  қауымдастыққа қауіп төңдіретін Ауғананстандағы тұрақсыздықты Қазақстан әрқашанда бейбіт жолмен шешуге тырысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының  тиісті резолюция-ларын қабылдағанға тиянақты ұсыныстарды жасайды.  

    Біздің  еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясы - Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарастырылатын барлық сұрақтар төнірегіне қатысты Қазақстанның мүдделерінен қалыптасады. Осында Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика, экология, әлеуметтік саланың, халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы, адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас жиемқорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша көніл бөлініп, оны нығайтуға шаралар қолданылып, жаңа ұсыныстар жасалынады. 

    Біріккен  Ұлттар Ұйымының 53 сессиясында Қазақстан  Орталық Азиядағы транзит төңірегінде  резолюцияны қабылдауға бастама жасаған. Бұл резолюцияның қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері мен басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан біздің аймақтағы транспорттық жүйелері мен Европа мен Азия арасындағы транспорттық байланыстың дамыту бағдарламаларың ойластырылып, оларды асыруға халықаралық құқықтық негізін бекітеді.

    Резолюцияның  шарттары Қазақстан өкіметі, оның министрліктері мен халықаралық ұйымдар бен  басқа тараптардың арасындағы келісімдерді құрғанда пайдаланылады, акттердің  бәрі оларға сәйкес жасалынады.    

    Халықаралықаралық және қазақстанстандық сарапшыларының бірлескен жұмысының нәтижесі –  Бас Хатшының Семей полигонындағы  жағдайы туралы Баяндамаға материалдарды  дайындау; төрт негізгі облыстарда: денсаулық сақтауда, экономикада, экологияда, ақпараттықта жобалық ұсыныстарды дайындау болды. Бұл бандама 53 сессида жан – жақты қарастырылды. 

    1997 жылдың 16 желтоқсанында Біріккен  Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының  Семей полигоны жөңінде қабылданған  резолюцияға сәйкес Қазақстан  өкіметі мекемеаралық комиссияны құрған.

    Осындағы  ең маңызды мақсат – Семей полигонындағы  өткізілген ядролық сынақтардың  нәтижелерін жою. Осыған  орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары ұлттық және халықаралық күштердің қолданылудың бес приоритетті секторларын  анықтаған:

  1. денсаулық сақтау
  2. экология мен қоршаған орта
  3. экономиканы қалпына келтіру
  4. гуманитарлық көмек
  5. ақпараттың таратылуы  

    Бұл приоритетті секторлардағы жұмыстардың  асырылуы 50 млн. доллар төңірегінде  қаржы – қаражатты талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрылымдары осындай жұмыстарды қаржыландыра алмағандықтан, олардың атқарылуы тікелей халықаралық ұйымдардың көмегімен байланысты. Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бірнеше резолюциялар қабылдаған.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының қалыпты  дамытудың кең спектрін қарастырудыдағы терең еліктіруі – жоғарғы деңгейдегі әлемдік конференциялардың өткізілуінде айқын көрінді.

  1. 1993 ж. Венадағы адам құқықтары жөнінде
  2. 1994 ж. Каирдегі халықтың қоныстануы мен дамытуы жөнінде
  3. 1995 ж. Копенгагендегі әлеуметтік дамыту жөнінде
  4. 1996 ж. Стамбулдағы тұрақты мекендер жөнінде, және т. б.

    Қазақстан аталған форумдарда алғашқы күйдегі  құжат жобаларына ұсыныстарды ғана жасамай, сонымен қатар оларды ұлттық деңгейде асыруға белсенді ат салысты.Біздің еліміздің Конституциясы барлық Қазақстан халықтарының теңдігін; адамның нәсіліне, жынысына, тіліне, діни сеніміне, саяси көзқарастарына және басқа уағыздауларына қарамай негізгі құқықтар мен еркіндіктердің жариялануы толығымен Венадағы Декларацияға және Адам құқықтары облысындағы әрекеттер Платформасына сәйкес. Қазақстан Республикасының Президенті жанында Адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылғаны -  Біріккен Ұлттар Ұйымында адам құқықтарын қорғау облысында халықаралық құжаттардың іске асырылуына бағытталған нақты қадам ретінде  Біріккен Ұлттар Ұйымында өте жоғары бағаланады.

    Жанұяның, әйелдердің, балалардың әлеуметтік қорғанылуы – мемлекеттік саясатының ең приоритетті  бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысқан халықаралық әмбебап келісімдерінің бірі – Бала құқықтары туралы Конвенция. 1994 жылы аталған Конвенцияның Қазақстан Республикасының Парламентімен жариялануы Қазақстан мен  Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берген.

    Біріккен  Ұлттар Ұйымының қызметінің приоритеттерінің бірі халықаралық құқық нормалары мен принциптерін бекіту, олардың ілгерішілді дамытуы мен кодификациясы болып табылады.

    Егер  де Біріккен Ұлттар Ұйымында алғашқы  жылдары жұмыс істеген Қазақстан  делегациясы тек халықаралық  құқықтың ілгерішілді дамытуы мен  кодификациясы үрдісінің жалпы байқауымен шектелсе, ұлттық құқықтық базаның дамуы мен құқықтық тәжірибенің нығаюымен – еліміздің бұл шеңбердегі мүмкіндіктеріміз ұлғайған. Енді Қазақстан делегациясы сарапшылық түрде келешек конвенциялар мен резолюциялар баптарының жобалары төңірегіндегі дискиссияларға қатысып,  Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Құқық, Халықаралық Сауда Құқығы комиссияларның отырыстарына жиі қатысады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты