Gogolge xat

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:03, реферат

Описание

Әдебиеттану ғылымының даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы сыншы Белинский.

Работа состоит из  1 файл

гогольге хат айзада.docx

— 87.07 Кб (Скачать документ)

 В.Г.Белинский искусство  мен әдебиеттің тек идеялық  мазмұны үшін ғана күрескен  жоқ, көркемдігі, түрі үшін күресін  де ол қатар жүргізді. Әсіресе  40 жылдардан кейінгі еңбектерінде  мазмұн мен түрді диалектикалық  бірлікте алып қарауды өрістете  айқындай түсті.             

 «Көркемөнер ең алдымен  көркемөнер болуға тиісті де, сонан кейін ғана ол қоғамның  рухын оның өз заманындағы  даму бағытын көрсететіндігіне  ешбір шек келтіруге болмайды».            

 Кемеңгер сыншының  еңбектерін терең зерттей келіп,  оның искусство, әдебиет туралы  ұсынған принциптерін қорытқан  адамның бірі Г.В.Плеханов Белинскийдің  эстетикалық кодексін бес түрлі  күрделі мәселелердің төңірегіне  жинақтағаны әдеби жұртшылығымызға  мәлім.           

 Плехановтың қорытып  түйіндеуінше, Белинскийдің эстетикалық  кодексінің негізгі мазмұны төмендегіше:  ақын айтайын деген ой-пікірін  дәлелдеп жатпайды, образ, картина  арқылы көрсетеді; ақын өмірді  әшекейлеп сырламай да, бұрмаламай  да нақ өз қалпында суреттеуі  керек; көркем шығарманың негіз  етіп алған идеясы заттың кейбір  жақтарын ғана емес, барлық жағын  түгел қамтырлық, нақтылы идея  болсын: көркем шығарманың түрі - идеясына, идеясы - түріне сай болуы  шарт; көркем шығарманың ой бірлігіне  түр бірлігі дәл келіп, біртұтас  бүтіндікті сақтауы керек.           

 Ұлы сыншы осы өзі  ұсынған принциптерін искусство,  әдебиет туындыларына талдаулар  жасағанда берік сақтады. Басқалардан  да осыны талап етті. Сыншы  бұл принциптерін тек искусствоның  басқа пәндерден айырмасы, қарым-қатынастары  туралы да қолданды.           

 Ғылым мен искусствоның  айырмасы туралы В.Г.Белинский  «Саяси экономикаға жетік адам  статистік мәліметтерге сүйеніп,  қоғам ішіндегі мына таптың  күйі мынандай себептермен көп  жақсарды, не көп төмендеді деп  дәлелдеп, оқушылардың, не тыңдаушылардың  санасына әсер етеді. Ақын шындық  болмысты жанды және айқын,  ашық етіп суреттеу арқылы  өмір сүретін реалдық қалыпта  көзге көрсетеді, оқушыларының  қиялына әсер етеді. Сүйтіп, қоғам  ішіндегі мынандай таптың жағдайы  мына себептермен көп жақсарды, не көп төмендеді дейді.           

 Қорыта айтқанда, ғылым  мен искусствоның біреуі дәлелдейді, екіншісі көзге көрсетеді, екеуі  де сендіреді, бірі логикалық  дәлелдер арқылы, екіншісі картина  арқылы. Бірақ алдыңғыны тыңдаушылар  және түсінушілер санаулы адамдар  да, соңғысы барлық адамға бірдей  түсінікті...» (ХІ, 311-б.).           

 Ұлы  сыншы ғылым мен искусствоның  өзара айырмашылығын ғана көрсетіп  қойған жоқ, олардың байланысына  да нақтылы ғылыми талдаулар  жасады. Жалпы роман және тарихи  роман туралы оның данышпандық  көзқарастары әдебиеттану ғылымындағы  әрі жаңа пікір, әрі өз кезіндегі  теріс талқылауларға тұқырта  соққы беру болатын. 

Тарих ғылымы оның өзі өмір сүрген дәуірде өрістеген, үстемдік етуші ғылым дәрежесіне көтеріліп, дәуірдің әліпбиіне, яғни онымен шұғылданушылық өмір салтына айналғандығын, тарихтың искусствоға жаңаша бағыт сілтеп, саясаттың характеріне әсер еткендігін және бұл тарихи бағыт соңғы кездегі адам баласы қоғамының ілгерілеу жолындағы ұлы адымының үлкен дәлелі екендігін айта келіп, В.Г.Белинский тарих пен тарихи романның байланысына айрықша тоқталады. Тарихшы тарихта не болғанын, кімдердің не жасағандықтарын фактілерге сүйене отырып жай баяндаса, жазушы өзінің творчестволық қиял күшімен бұдан жүз жыл, мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарды қайта тірілтеді, қураған сүйегіне от беріп, денесіне қан құяды. Сол кездегі олардың ой-пікір, жақсы көру, жек көру, іс-әрекеттерін образ арқылы біздің көз алдымызға келтіріп, оқиғаның қалай болғандығына бізді айғақ етеді дей келеді де:           

 «Тарихшылардың міндеті - не болғанын айту; ақынның міндеті - қалай болғанын айту, сондықтан да егер ғылым поэзияға не болғанын айтып, оған қызмет көрсететін болса, поэзия да уақиғаның қалай болғанын көрсетіп, өз тұсынан, ғылымның шеңберін кеңейтеді» (І том, 1959ж. - 57-б.). «Орыс әңгімесі және Гоголь әңгімесі туралы» атты мақаласында: «Кім біледі? Күндердің күнінде тарих көркем шығарма болып, эпопеяның романға ауысқаны тәрізді, тарих романға ауысуы да мүмкін» деді.           

 Сүйтіп, ұлы сыншы Белинский тарих ғылым мен искусствоның өзара айырмасы, ерекшелігі болса да, бірімен екіншісі байланысты, өмір тануда бір-біріне көмектесетін және ілгерілеген сайын жігі жымдаса түсетін құбылыс екендігін аңғартты.           

 В.Г.Белинскийдің данышпандық туындыларында реализм, оның тарихы мен мәні, «натуралдық мектептің» өзіне тән халықтық ерекшелігі мен үлкен келешегі, романтизмнің өзіне тән ерекшелігі, грек, батыс, орыс романтизмдеріне тән жайттар «Философиялық романтизм», юмор, сатира, тіл, стиль, стилистика, аударма, оның тарихи-интернационалдық мәні, тағы басқа сандаған әдебиеттің күрделі мәселелері жайлы кемеңгерлік көзқарастар ғылымдық негізде терең талдаулары көп. Оның бәрі де оқушылар үшін керекті, бәрінің де тарихи, теориялық мәні зор. Бірақ бір мақала түгіл, бірнеше томдарға да оларды сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан оның эстетикалық көзқарасы жайлы қысқаша шолуымызды осымен доғарып, сын және сыншылдығы туралы қысқаша тоқталық.           

 В.Г.Белинский 1836 жылғы жазған мақаласының өзінде-ақ сынның анықтамасын тамаша дұрыс берген болатын. «Сын деген не? Сын - көркем шығармаға берілетін баға, теорияны тәжірибеге қодана білушілік немесе нақтылы фактілерден теория жасауға тырысушылық. Кейде алдыңғысы, кейде соңғысы, көбіне соның екеуі де...».           

 Теорияны тәжірибеде пайдалана білудің көрнекті үлгісін біз ұлы сыншының барлық еңбектерінен айқын көреміз. Ең алдымен, жоғарыда айтылып өткен әдебиеттанудың үш саласын (әдебиет тарихы, теориясы, сыны) мейлінше терең білушілік көркем шығармаларды терең талдауда оған керекті құрал болса, көркем шығарма оның сүйенер тірегі, қиялын шырқатып, ой жүгіртерлік майданы болды. Білім мен фактіні толық меңгерушілік зор талантқа душар келсе, ондай құдіретті қаламнан дүниежүзі мәдениетінің шаршы төрінен орын аларлық өлместік мұра қалатындықтың көрнекті үлгілерінің бірі В.Г.Белинский еңбектері екендігін көреміз.            

 Бірақ біз ұлы сыншының әдебиет, искусство, сын туралы еңбектерінің тереңдік сырларын тек қана әдебиеттану ғылымының шеңберінде деп түсінсек, шындықтан шет кеткен және авторға үлкен қиянат жасаған болар едік. Сондықтан біз жоғарыда «ең алдымен» деп әдейі ескерттік.           

 В.Г.Белинскийдің еңбектерін оқығанда, «Осыншама ақылдың Герценге керегі не болды екен?» деп сыншының өзі айтқандай, соншама білудің оған не керегі болды екен және соншама білім бір басқа қалай сыя берді екен деп таңданбасқа болмайды.           

 Оның шығармаларынан ең ескі заманғы атышулы грек эпосы «Илиада мен Одиссея» авторы Гомерден бастап, орыс әдебиетін айтпағанда, батыстың, шығыстың әдебиеті, оның көрнекті өкілдері мол түрде орын алуы, сонау Платон, Аристотельден бастап, біздің заманымыздағы, әсіресе ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы философ, әдебиет теоретиктерінің, искусствоведтердің көп кездесулерімен қатар, Герадот, Плутархтардан бастап тарихшы, этнографтар да, архитектура, скульптура, живопись, музыка, оларды туғызушылары да, кейбір аты әлемге әйгілі искусстволық ескерткіштер жайлы аңыз-ертегілер де, мифтік және тарихи геройлар да жиі кездеседі. Кездескенде тек жай кездесу емес, әрқайсысы кезі мен келешегіне келтірген пайда, зиянына қарай бағаланып, дәуіріне, әлеуметтік жағдайларымен байланысты талданып, бағаланған заңды түрде кездесу. Сыншы өз көзқарасын дәлелдеу үшін оларды әр алуан жағдаймен байланысты атайды.           

 В.Г.Белинскийдің кемеңгерлік сыншы дәрежесіне көтерілуінің бір алуан себептері осы айтылғандар тәрізді мейлінше көп білу болса, негізгі себебі - крепостнойлық правоға қарсылық. Ол ес біліп, өмір таныған кез патша үкіметі, помещиктер қоғамының бұқара халыққа көрсеткен қысымшылықтары әбден шегінен асқан кез болатын. Сондықтан бұқара халық басыбайлы шаруалардың помещиктерге деген наразылық, жаулық өшпенділіктері де күшті еді. Езушілердің ауыр азабы, қиын халі, қайғысы мен мұңы келешектегі ұлы сыншының жасынан-ақ жанына жара салып, жазылмас дертке айналды. Ол өзінің он тоғыз, жиырма жастарында жазған «Дмитрий Калинин» атты пьесасында-ақ адам баласының бір тобы өзіндей адамдарды езіп, жаншып отырғанын жаны күйініп, әділетсіздіктің арсыз тұрғысын өлтіре әшкерелеп, өкілдерін жыртқыш жолбарыс, қорқау қасқыр кескінінде бейнеледі. Өз кезіндегі өмір шындығын ол жанының жалыны, жүрегінің қанымен жазып, әлемге әйгілесе, өсе келе, сол езілушілердің өмірін жақсарту, бақытқа қолдарын жеткізуді ұлы арманы етіп, өз өмірін сол жолда күресуге бағыштады. Бұл жағдай оның сын, әдеби еңбектерінің идеялық-мазмұнына айналды. Сүйтіп оның сын мақалалар мен жалпы туындыларының кемеңгерлік дәрежеге жетуі жоғарғы айтылған әртүрлі фактілердің жиынтығы еді.           

 Айқындалған мақсат, асқан талант, ағыл-тегіл біліммен әбден қаруланған сыншы әдебиеттің қандай қиын мәселесін сөз етсін, қандай ұлы жазушының шығармаларын талдасын, бәрін де ұршықша үйірілтті. Олардан сыншы әріп қатесін іздеген жоқ, идеялық нәр, эстетикалық шешімдер іздеп, оларды тапжылдырмай танып, әлеуметтік мәнін, әдебиеттік құнын айқындады. В.Г.Белинскийдің сын, зерттеулерінде ақиқат (истина) - идеалы, әділдік - өлшеуіші, халық тілегі - туы болды. Қандай жазушы, қандай көркем шығарманы болсын ол осы үшеуінің тұрғысынан бағалады. Кімде-кім ақиқат, ел тілегі, халық мұңына қайшы келсе, оның улы тіл, өлімге сілтей жазатын өткір сынына ұшырады. Өзінің атышулы «Гогольге хатында», шығармаларының шындығы, халықтығы үшін жер-көкке тұрғызбай мақтаған Гогольдің, сол өзі жырлаған халықтық идея, ақиқатқа қайшы келген күні Белинский оның аяғын аспаннан келтірді. «...Бұл арада менің я сіздің қара басыңыз ғана сөз болып отырған жоқ, мен түгіл сізден де әлдеқайда жоғары мәселе қозғалып отыр; бұл арада сөз ақиқат туралы, орыс қоғамы, Ресей туралы болып отыр» деді (Белинский, қазақша, 214-б.). Мақтаса да, даттаса да ондаған факті, жүздеген логикалық дәлелдер келтіріп, жеріне жеткізе жазатын сындары достарын қуантса, қастарын құрыққа тұрғызды. Бірақ ол досына да, дұшпанына да әділ болды. Кімнен болсын айылын жимай, шынды айтып, ақиқаттың жаршысы болды. «Мен жартылап сөйлеудің, қулықтың ебін білмеймін, оның бәрі менде жоқ мінез» деп өзі жайлы ол өте әділ айтқан.           

 В.Г.Белинский сындарының және бір ерекшелігі - әдебиетті ғашығындай сүюшілік. Өлең, жырларын перзенті санайтын, сөздің жақсы ұғымында өз шығармасына ең қызғаншақтықпен қарайтын ақын да шығармасын тап Белинскийдей жақсы көре алмаған шығар. Әдебиет табысы, тіпті жеке бір үздік, жаңа образдардың өзі оны қатты қуантса, кемістік соншама қайғыртып, жанын жаралады. Лермонтов, Достоевский, Некрасов, Кольцов, Гоголь туралы оның қуаныштары мен Гоголь, Достоевский жөніндегі қайғырыстары бұған дәлел.           

 Ұлы сыншының сынау  әдістеріндегі осы айтылғандар  тәрізді кейбір ерекшеліктері  - кезінде де, қазір де үлгі.           

 Зор талант, мол білім,  темір логика, эстетикалық нәзік  талғаммен В.Г.Белинский әдебиет  майданында жарқ ете қалғанда, ескі әлем, орыстың ақсүйек-дворян  әдебиетінің өкілдері селк ете  қалды. Жас таланттың жалынды  жаңа сөзі, жай оғындай жалт  еткен жаңа пікірі, тыңнан тартқан  жаңа жолы, оған шейінгі әдебиеттану  ғылымын баурап алғандарға төбелерінен  түскен жасыл тәрізденді. Олар  жайратар жауын тез танып, тез  ауыздықтауға атой салып қарсы  шықты. Булгарин, А.Л.Волынский, М.П.Погодин,  тағы-тағылар тұс-тұсынан шабуыл  жасады. В.И.Панаев («Современниктің»  редакторы емес, ол И.И.Панаев) «Мұндай  жазғышсымақты томағалаудың, шынжырлап  қазыққа отырғызудың орнына, оның  сөздерін басады. Не болмақ әдебиеттің  күні?» деп, тілінен зәр шашып,  қолынан келсе, құртып жібергісі  келді. Бұл В.И.Панаевтың өз  басы ғана емес, өзі сықылды  азған ой, шіріген сезім, қаңсыған  идеяны қолдаушылардың барлығының  түсінігі еді. Бірақ «Мың қарға  зиян қылмас бір сұңқарға»  дегендей, бәрі жабылып, оның мұртын  қисайта алмады.           

 Ұлы сыншының сандаған  жауларымен жалғыз шайқасуы эпос  жырларында жау ортасында қалған  алып батырлардың «оң келгенін  оң атып, сол келгенін сол атып, солақай тартса құлатып», жанын  жайпап, алдын жапыра қоршауды  бұзатындарына ұқсайды. Айырмасы: олар ертегі, қиял, арман жемісі  болса, Белинскийдің іс-амалдары - тарихи шындық. Булгарин арқылы  ізін аңдыған полицияның бөлімі  де, қаулаған өсек, шіп-шикі өтірік  те қайсар ердің қарсы біткен  жүрегін селт еткізе алмады. Қайта  жауларына деген өшпенділігін  өршітіп, қаламын өткірлей, тілін  уланта түсті.           

 Ұлы адам өзінің  игілік үшін басқан адымының  тек алғашқы кезінде ғана жалғыз  болмақ. Өйткені ол жаңалық ұсынады.  Ғасыр бойы қалыптасқан ой-пікірлердің  негізіне шабуыл жасайды. Бұл  кенет кездескен жаңалық ескілік  қожаларын бүйі тигендей бүлінтсе, көпшілікті, оның саналы тобын  әуелі ойлантады да, көп кешікпей-ақ  олардың өздерін жаңалықты жақтаушы, қолдаушы етеді. Өйткені ұлы  адам ұсынған жаңа идея өмір  талабынан туады да, көпшіліктің,  оның тілек-мүдделерін іштей аңсаушы,  бірақ әр алуан себептермен  сыртқа шығара алмай, не батыл  түрде майданға шыға алмай  жүргендердің көкірегіне қона  кетеді. Сөйтіп ұлы адам жауымен  қатар, жақтаушыларын, достарын  да, өз идеясын жақтап, жолын қуушыларды  да тарих сахнасына ала шығады.            

 В.Г.Белинскийдің әдебиеттегі  орны мен ролі, тарихи мәні  туралы талай жылдарға созылған  айтыс-таластар тарихына шолу  жасасақ, біз оның даттаушыларға  қарсы, жақтаушыларының да көп  болғанын және оны жақтаушы, қолдаушыларының  жауларынан әрдайым палуан түсіп  отырғандығын көреміз.           

 Жалпы орыс әдебиетін,  оның идеясы мен көркемдік  мәнін халыққа пропагандалау  туралы ұлы сыншының қалай  еңбек сіңіргендігін, Пушкин туралы  жазған Белинскийдің мақалаларын  оқып шыққаннан кейін Л.Н.Толстойдың: «Ғажап! Мен Пушкинді енді ғана  түсіндім» деп күнделігіне жазған  осы аз сөз, үлкен таңдануының  өзі-ақ көп нәрсені аңғартады  десек, Н.Г.Чернышевский: «...Мыңдаған  адам соның, Белинскийдің, арқасында  адам болды. Ол бүкіл бір  ұрпақты тәрбиеледі...» - деді. Орыстың  классик жазушылары И.А.Гончаров, М.Е.Салтыков-Щедрин, И.С.Тургенев, ақын  А.В.Кольцов, тағы басқалардың  тамаша құнды және мейлінше  үлкен бағалайтын сөздеріне тоқталмай-ақ, солардың жиынтығы тәрізді Н.А.Добролюбовтың:  «Орыс әдебиеті қандай халге  жетсе де, қалай шарықтап дамыса  да, Белинский әрқашан оның мақтанышы,  оның даңқы, оның сәулеті болады...»  (Добролюбов, ІІ т., 1935, 476) деген сөздерінің  өзі де жеткілікті.           

Информация о работе Gogolge xat