Gogolge xat

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:03, реферат

Описание

Әдебиеттану ғылымының даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы сыншы Белинский.

Работа состоит из  1 файл

гогольге хат айзада.docx

— 87.07 Кб (Скачать документ)

…Қайран, Гоголь! Жаным-ау, не істеп  қойдың сен, не істеп қойдың! “Өлі жандар”  отқа өртеніп кетпегенде мүмкін әлем әдебиеті бұдан да биік шыңға көтерілер  ме еді. Сайтанның бүкіл шындығын көріп, одан шошынған адамзат баласы басқа жолға түсер ме еді. Мүмкін, орыс империясы басқа елдерге тырнағын батырмай, ғасырдың басында оталған халқымыздың  шын мағынасындағы зиялыларының тағдыры сайтанның бір оғына байланып кетпей, аман қалар ма еді. Құдайды шын жүрегімен сүюді үйренген  мұсылман мен христиан әлемі бір-біріне дәл бүгінгідей өшпендікпен қарамай, қайта дос-бауыр секілді өмір сүрер ме еді…  Әрине, мұның бәрі енді қайтып орындалмайтын менің мәңгілік арманым. Мүмкін “Өлі жандар” поэмасының екінші кітабын отқа жағу арқылы Гоголь, менің қиялымдағы,  орындалуы ықтимал ұлы арманымның жібін үзіп жіберген шығар.

Мойындауымыз керек, “Өлі жандар”  поэмасының екінші кітабын өртеп  жіберу арқылы, не істерін білмеген Гоголь тұңғыш рет Құдайдың жолынан адасып қалды. Жазушының бойына мұндай дарын Жаратқаннан берілді.  Өнер — адамның жеке меншігі емес. Өнер халықтың игілігі де емес. Кейде халықтың игілігі үшін кәкір-шүкір де жарай береді. Кейде қара тобырдың арасынан шыққан шолақ белсенділер  – өнер ақынның немесе жазушының отбасына нәпақа кіргізетін дүние болғандықтан, солардың қазынасы  деп те былжырайды.  Өнер ең алдымен – Құдайдың қазынасы. Алланың назары түскен адамның бойына ғана  өнер дариды.  Құдайдың қазынасының бағасын білетін халық үшін ғана  өркениеттің ізгілікті қақпасы ашылады. Себебі өркениет – Құдайдың алтын сарайы. Құдайдың қазынасының бағасын білмейтін халық Ұлы жаратушының жолынан адасып, бақытсыздыққа ұшырайды. “Ақынның жүрегі – Алланың қазынасы”, – дегенді Мұхаммед Пайғамбар бекер айтпаған. Өнер адамзат баласына тарту еткен  Құдайдың ең асыл сыйы.  Халықтың арасынан шыққан қара тобырға өкпелеп, Құдайдың қазынасын отқа тастауға қалайша Гогольдің қолы барды екен? Қалайша?...  

Жазушының өмірінің соңындағы жан  азабына үңілсеңіз “Өлі жандарын”  отқа жағу арқылы, абайсызда сайтанның  тұзағына ілініп қалғандығын Гогольдің  өзінің де сезінгенін аңғарасыз. “Өлі жандардың” екінші кітабын өз қолымен отқа жағып жібергеннен кейін Гоголь түк нәр татпай, ешкіммен сөйлеспей, бүк түсіп жатып алыпты. Жазушыға зорлап тамақ ішкізбек те болған, денесіне неше түрлі суық бақа-шаяндарды салып өтірік емдемек те болған. Оның жанына тыныштық беруін сұраған жалынышты өтінішіне ешкім де құлақ аспаған.

Қоғам Гогольдің өлімін тіледі. Сағат  түнгі он бір кезінде Гогольдің  жаны ышқынып, айғайлап сұраған ең соңғы өтініші: “Маған баспалдақ беріңіздерші. Мен жоғары шыққым келеді”,— болыпты.

Замандастарының айтуынша, ұлы жазушының  қатарынан бірнеше күндер бойы летаргиялық  ұйқыға кетіп қалатын ұстама ауруы  бар екен. Өмірінің соңында оның осы сырқаты қайталанған. Санасын  сайтан иектеген қоғам Гогольді өлді деп танып, летаргиялық ұйқыдан  оянып кетпей тұрғанда, тезірек, қара жердің қойнына тапсыруға асықты. Осылай боларын алдын-ала сезген Гоголь халықтың арасынан бір тірі жан табылатындығына үміттеніп,  1845 жылы мынандай хат жазып кетіпті. Бұл жазушыны қоғам әлі жынды деп жариялай  қоймаған, өлерінен алты жыл бұрын жазған өтініші-тін.

“Есімнен танбай және ақылымнан  адаспай тұрған кезімде,  соңғы өтінішімді  ертерек жазып кетуді жөн санадым. Мүрдем иістене бастамайынша, менің тәнімді жер қойнына тапсырмаңыздар. Мұны естеріңізге салып отырған себебім,  ауруым ұстағанда өмірлік белгілерім жоғалып, жүрегім мен тамырымның тоқтап қалған кездері болған”.

Гоголь Данилов шіркеуінің жанына жерленеді.  Жо, жо, жоқ. Бұлай айтуым күнә, шығар. Орыс қоғамы ар-ұятының айнасы болған, өмірінің соңына шейін Христиан дініне адал қызмет еткен, Құдайды өтірік емес шын жүрегімен сүюді үйреткісі келген  пайғамбарын тірідей көмді.

Гогольдің өлімі елдің арасында түрлі әңгімелер туғызды. Жер  қойнына тапсырайын деп жатқанда, табыттың ішінде жатып жазушының ауыр күрсінгенін естігендер де болыпты. Бірақ ар-ұятын тезірек көмгісі келген, санасына сайтан ұялағандардың ішінде бір тірі жан табылмапты. Әрине, бұл сол кездер үшін шындығына қоғамның әлі толық көзі  жете алмаған,  ел арасында жүрген қаңқу сөздер ғана еді.

Бірақ бұл шындықтың беті күндердің-күнінде бәрібір ашылуы керек-тін. Елдің арасында айтылып жүрген түрлі әңгімелердің шын-өтірігін тексерудің мүмкіншілігі 1931 жылы туды. Себебі, сол жылы  жазушының  сүйегін Новодевичье зиратына қайта жерлеу туралы ұйғарым жасалынады.

Құдай сақтасын! Мына сұмдықты қараңыз! Гогольдің сүйегіне эксгумация жасау  барысында кебінінің жыртылып, табытының  тырналып тасталынғандығы және марқұмның бүк түсіп жатқандығы анықталады…


Информация о работе Gogolge xat