Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:03, реферат
Әдебиеттану ғылымының даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы сыншы Белинский.
В.Г.Белинскийдің мұрасы
үшін күресуші социал-демократ
партиясының алғашқы
«... В.Г.Белинский - ең
жоғарғы сатыдағы игі адам, ұлы
сыншы, сезімтал публицист
Кемеңгеріміз В.И.Лениннің
өзінің «Вехи» туралы деген
және басқа мақалаларында В.Г.
«...Белинскийдің әдебиеттегі
істеріне қорытынды жасаған «
Қорыта айтқанда, ұлы
сыншы В.Г.Белинскийдің
Орыс жазушыларының ішінде сайтан тақырыбына
алғаш рет Гоголь қатты назар аударды.
Адамзат баласының көзді ашып жұмғанша
ібіліске айналып кетуі ықтимал екенін
тұңғыш байқаған суреткер - өз шығармаларында
бұл тақырыптың астарына тереңірек үңіліп,
жан-жақты зерттеп, осы жұмбақтың құпиясын
барлық қырынан ашуға тырысты. Шевыревқа
жазған бір хатында Гоголь "сайтанды
ақымақ қылып шығару - бүкіл шығармашылығының
мәні мен өмірлік мақсаты болып табылатынын"[1] мойындапты. Жұрттың
бәрі Құдайдың қаһарына іліккен құбыжықпен
тіл табысуға тырысып жатқан өлара мезгілде,
Гоголь иманын үйіріп, шарт түйініп, онымен
айқасқа түсті.
Гоголь мен сайтанның күресі, орыс аңызындағы батыр Иванның мәңгі өлмейтін Кощеймен шайқасын еске түсіреді. Қауіпті, әрі қорқынышты болса да, жазушы бұл тақырыпқа бір емес, бірнеше рет барды. Құдайдан да қорықпайтын нағыз сұмырайды әшкерелегісі келген суреткер жан тыныштығынан айырылып, бақытсыздыққа ұшырады.
Жекелеген пенделердің ғана емес, ібілістің қылбұрауы мойнына ілінген соң ар-ұяттан безген, иманнан айырылған бүкіл қоғам оның етегінен ұстап, айтқанына көніп, айдағанына еріп, жетегінде кетіп бара жатқанын - орыс әдебиетінде тұңғыш сезінген жазушы Гоголь болды. Жүрегіне қадалған бір кесек мұз еріп кеткенде, қар ханшайымының патшалығында жүргенін түсініп, шошып оянған Ганс Христиан Андерсен ертегісінің кейіпкері Кай секілді, ызғарлы қоғамның сайтани болмысының сықпытын таныған Гогольдің тұла бойы түршігіп, жан-дүниесі мұздап қоя берді. Тым жақындап барып, оның жүзіне үңілген Гогольдің санасын үрей биледі.
Масқара! Құбыжық көріп шошып жүрген сайтанымыз, бүкіл адамзат баласы секілді тіпті, өзімізден аумайтын пенде болып шықты.
Қайтпек керек? Санасын сайтан жаулап алған қоғамда бұл азаптан құтылудың екі-ақ жолы бар-тұғын. Ібілістің айтқанына көнесің немесе оның құрығынан құтылу үшін өлесің. Гоголь бұл екі жолдан бас тартып, халықтың санасын улап жүрген хайуанмен күресуге бел буды. Азғындыққа салынған пәлекеттің табиғатын зерттеген Гоголь бұрын-соңды ешкім байқамаған қорқынышты жаңалықты ашты.
Сұмдық-ай! Жер бетінде екі дүниенің дәнекершісі болып Құдай да, Пайғамбар да емес, аспаннан түскен төрт киелі кітаптағы қағидаларды қате түсінген, адам кейпіне енген сайтан жүр. Сайтан! Адамның бәрімен тіл табысып алған мұндай ауыр жағдайда ібілістің берік қамалын бұзу мүмкін емес еді. Адамдық сананы жаулап алған ол енді бірте-бірте Құдайлық санаға жол іздей бастапты. Ең қорқыныштысы сұмпайы жексұрынның азғыруымен істелінетін зұлымдықтардың бәрі де біз ойлап жүрген үлкен дүниелерде емес, өзіміз күнде жасап жүрген, көзге көрінбейтін кішкентай ғана пендешілік қылмыста жатады екен. Кішкентай пендешілігің үшін билікке сатылу; лауазымы жоғары шенеуніктерге жағыну; ар-ұятты ұмыту; өтірік айту.. сияқты ібіліс белгілеп берген шеңбердегі заңдылықтардың бәрі де - "адами" тіршіліктегі өмір сүрудің қалыпты жағдайына айналыпты. Бойы да, ойы да қортық құбыжық жер бетінде жүрген пенделердің жұдырықтай жүрегіне ұялап, өз орнын тауып үлгіріпті. Сайтанның көмегі арқасында кішкентай пенделер биліктегі үлкен орындарға нық сеніммен жайғасып алыпты. Патшалық таққа да қолы жеткен соң санасында сәулесі жоқ, кішкентай пенделер үшін де үлкен өнерге даңғыл жол ашылыпты.
Жазушының "Вий" әңгімесіндегі философ Хома Брут пен сайтанның арасындағы азапты арпалыс - азғындықтың жолына түскен қоғамға қарсы шыққан, Гогольдің жан-дүниесіндегі мазасыздыққа көбірек ұқсайды. Шіркеудің ішіне кіріп алып, ойнақ салған жын-перілерден қалай құтыларын білмеген философ Хома Брут секілді, Гоголь өмірінің ақыры да үрей құшағында өтті. Кейін тарихта жазушының "Вий" әңгімесінің кейіпкері, халықты қан жылатқан сайтан Ленин, сайтан Сталин.. бейнесінде қайталанды. Әлі күнге дейін қоғам, өлгенше тағын тастағысы келмейтін ібілістің қорлауы мен бүкіл мазағына көніп отыр. Ғасырлар бойы ол адамзат баласының санасын улап, жан дүниесін темір торға қамап, уысынан шығармай ұстап келеді. Миллиондаған адамның өзен болып аққан қаны мен көз жасы да сайтанның айызын қандырар емес. Егер де Ресей халқы Гогольдің шығармаларынан тағылым алса, тарих доңғалағы басқаша жүріп, бәлкім кейінгі ғасырдағы тағдыры өзгеше болар ма еді? Кім білсін? Бірақ сана-сезімін сайтан иектеген орыс халқы Гогольдің аузымен айтылған, алғашқы ащы шындықты мойындағысы келген жоқ.
Сондықтан да, заманның қайда бет алып бара жатқан бағытының ащы шындығын суреттеген Гогольдің "Өлі жандары" мен "Ревизоры" орыс қоғамының үлкен наразылығын туғызды. Өйткені ібілістің шылауына шырмалған қоғамда нағыз суретшінің емес, үлкен өнердің атынан сөйлеуге мүмкіншілік алған, кішкентай адамдардың дәурені жүріп тұрады. Тобырлық деңгейге түсіп кеткен, сол замандағы қоғамның бетке ұстар зиялы қауымы "Өлі жандарды" жазғаны үшін Гогольді түтіп жеп қоя жаздады. Осы уақытқа шейін тобырдың арасынан анда-санда естілген сайтанның күбір-сыбыры, енді айқайға ұласты. Гоголь шынымен қорқа бастады. Жексұрынның айқайы күн өткен сайын неғұрлым ащырақ шықты. Гоголь ібіліске қатты қауіп туғызғандықтан, жазушыны өлтіруден басқа оның амалы қалмады. Санасына сайтан ұялағанын сезбей қалған пенделер, оның ыңғайына жығылып, енді жазушыны өлтіруге шындап кірісті.
"Гогольға жазуға тиым салдырту керек, өйткені оның шығармаларынан Лаврушка қызметшінің сасық иісі шығады" - депті, Владимир Панаев деген бір сыншы.
"Мен сұлулықты сүйемін, ал, сіз сомдаған сорақы картиналар жиіркеніш сезімін туғызады" - деп, көсемсіпті, Сенковский деген екіншісі.
Гогольдің "Өлі жандарындағы" қорқынышты трагедияны шынайы түсінген және ондағы көрсетілген шындықты мойындаған бір-ақ адам болды. Ол - Пушкин еді. Әлі сиясы кеуіп үлгірмеген "Өлі жандар" поэмасын жазушы ең алдымен Пушкинге оқып бергенде, ұлы ақынның жүзі түнеріп кетіпті.
- Құдайым-ай! Шындығында да біз осындай сорлы халық па едік? - деп, ұзақ уақыт бойы Пушкин өзіне-өзі келе алмай қапаланыпты. Неге екенін білмеймін, маған ылғи да Пушкиннің мына бір өлеңі мен Гогольдің "Өлі жандарының" арасында мәңгі айрылмайтын рухани байланыс бар секілді болып көрінеді де тұрады:
- Молчи, бессмысленный народ.
Поденщик раб нужды забот.
Несносен мне твой ропот дерзкий.
Ты червь земли, не сын небес.
Алайда тобырлық деңгейге төмендеген "Руский вестник", "Северная пчела" сынды сол уақыттағы «беделі зор» әдеби басылымдардағы сыншылар шығарманы түсінуді былай қойғанда, Гогольдің "Өлі жандарына" қарғыс жаудырды. Бір сөзбен айтқанда, өзінің шынайы болмысын көруден қорқып, ащы дауысы шыққан құбыжық қоғам жазушыдан теріс айналды. Жо, жо, жоқ, керісінше Гоголь сайтанға айналған қоғамға лағынет айтты. Пәтшағардың дауысының бұлайша ащы шығуының үлкен себебі бар еді. Дүние жаратылғаннан бері әлемге әмірін жүргізіп келген қанішерге тарихта тұңғыш рет Гоголь ойсырата соққы берді. Бұл тым еркінсіп кеткен сайтанды әшкерелеген, әдебиет майданындағы адамзат баласының алғашқы жеңісі еді. Дәл сол уақытта мұны түсінуге қоғамның санасы әлі пісіліп жетілген жоқ еді. Гогольдің бұл жеңісі кейіннен оның өліміне себепші болды...
ХХХ
Орыс әдебиетінің тарихын қайталап оқыған сайын, ХІХ ғасырда өмір сүрген орыстың ақын-жазушыларының ішінде бәрінен бұрын Гогольдің аянышты тағдыры менің жан-дүниемді қатты күйзелтеді. Әрине, қыршын кеткен Пушкин мен Лермонтов тағдырлары да жан-дүниеңізді қайғы теңізіне батыратыны рас. Дегенмен осы екі ұлы ақын, сол дуэльге бармай-ақ, бойларына Құдай дарытқан таланттарын соңына дейін сарқа пайдаланса, орыс әдебиеті бүгінгі көтерілген биігінен де тым алысқа шырқап кетер ме еді деп ойлайсың. Шіркін-ай, сол уақытта осы екі ұлы ақынның тағдырын басқаша шешуге дәнекерші бола алатын тірі жан қалай табылмады деп кейде жүрегің қан жылайды. Мен орыс халқының батырлық туралы мұндай ұғымын қабылдай алмаймын.
Қалай десек те Пушкин мен Лермонтовтың тағдырлары өз қолдарында болды. Гогольдің тағдырын - қоғам шешті. Байқасаңыз, орыс халқы Пушкин мен Лермонтовтың өлімін асқақтата жырлаумен келеді. Тіпті, триумфқа айналдырып жіберді. Орыстың кез-келген әдебиеттанушысы Пушкин мен Лермонтовтың қазасын жыр қылып айтып беруге әзір. Гогольдің өлімі туралы жұмған ауыздарын ашқысы келмейді. Себебі, Пушкин мен Лермоновтың өлімі - орыс рухының биіктігінің, ал Гогольдің өлімі- орыс рухының төмендігінің, тіпті, рухсыздығының көрінісі. Гогольдің шындығы - орыс қоғамы үшін әлі күнге шейін қорқынышты.
Сайтанмен ауыз жаласқан орыс рухсыздығының көрінісі әсіресе, Гогольдің "Өлі жандары" мен "Ревизорында" барлық қырынан ашылды. Гогольдің тырнақалды туындыларындағы суреттелген шын сайтандар, азып-тозған қоғамдағы адамның сайтанының қасында түк емес екен. Заманның өзі туғызған сайтандары Чичиков пен Хлестаков қоғамның надандығын жеке басының есебі үшін керемет пайдалана біледі. Олар үшін өтірік айту, біреудің есебін жеу, ар-ұяттан безу - тіршілік үшін күресудің белгісі. Олар ғана емес, бүкіл халық осы ұстанымдарды өмір сүруінің негізгі тірегі етіп, сайтан соққан тас қамалдарына бекініп алыпты.
Сайтанның мың-миллион рет құбыла алатындығы, әсіресе Гогольдің "Ревизорында" бояуы қанық, айшығы анық етіп суреттеледі. Хлестаковтың өтірік айту шеберлігінің қасында тіпті, кейбір шын сайтандарыңның өзі жіп есе алмайды. Билікке жағыну үшін өтірік айтудың дертіне шалдыққан қоғамды жөнге салу Құдайдың иелігінен де кетіп қалыпты. Ең сорақысы қоғам өзінің айтып отырған өтірігіне жан-тәнімен шын сене бастапты. Хлестаковтың өтірікті соншама шебер ойластыра білетіндігі сізді еш таң қалдырмайды. Себебі бүкіл қоғам осы өтіріктің арқасында күнін көріп отыр. Өтірік таным. Өтірік мораль. Өтірік өмір. Өтірік саясат..
Гоголь «Ревизор» шығармасы арқылы қоғамның өтірік болмысын әшкереледі. Ақиқатында көрерменді қыран топан күлкіге батыратын Хлестаковтың өтірігі - қоғамның шындығы. Сайтанның тұзағына ілінген қоғам ойдан шығарылған өтірігіне кәміл сенеді. «Ревизорда» үлгі алуға тұратын, өтірік айтпайтын бірде-бір кейіпкер жоқ.
Өтірік - тіршілік үшін күресудің жалғыз жолына айналған. Патша -министрлеріне, министрлер -қарамағындағы шенеуніктерге, шенеуніктер - қарапайым халыққа өтірік айтып -бүкіл қоғам өтіріктің батпағына батып барады. Ең қорқыныштысы қоғамның өзі де сол ойлап шығарған өтірігіне имандай сенеді.
Хлестаков ойдан
шығарған 100 % пайыз өтірігіне
Қолыңнан келсе патшаны өтірік мақтап, көзіне түсіп лауазымы жоғары қызметке қол жеткіз. Ол үшін тіпті, патшаның көңіліне майдай жағатын бұрын-соңды болмаған өтірікті ойлап тапсаң - тіпті керемет. Қолыңнан келсе өтірік көлгірсіп, билікке жақсы көрініп, жағдайыңды жақсартып ал. Биліктің тапсырмасын екі етпей орындап, әр уақыттың өз моральі болатыны туралы өтірікпен жүрегіңді жұбатып, ар-ұятыңды саудалаудан да ұялма. Қолыңнан келсе өзіңді өтірік мақтатқызып, халықтың абызы болып көрінгін. Қолыңнан келсе, өтіріктің құдіретті күшін пайдаланып, атақ-абырой алғын. Қолыңнан келсе, өтірік айтып, қонышыңнан бас. Қолыңнан келсе....
Шындық ше? Жоқ айта көрмеңіз. Шындықты айтсаң бәрінен қағыласың. Шындық - ұшпаққа жеткізбейді. Шындықты - патша да, билік те, қара тобыр да, тіпті осы сөзді жазып отырған мына сен де жек көресің. Шындықты айтсаң бәрі сенен ат-тонын ала-қашады. Сайтан салтанат құрған қоғамда шындыққа орын жоқ. Сайтан салтанат құрған уақыттың патшасы - өтірік, өтірік, тағы да өтірік. Неғұрлым өтірікті көп айтқан сайын соғұрлым беделің өсе түседі. Неғұрлым өтірікті көп айтқан сайын жұрттың сүйкімдісіне айналасың. Атақ-даңқ, қызмет.. бәрі-бәрі тек өтіріктің арқасында келетін, қол жеткізуге болатын қоғамның игілігі. Тіпті өлген соң да сен туралы қоғамдағы қалыптасқан өтіріктің арқасында атағың дүрілдеп жатады. Ендеше пайдасыз, ащы шындықтан гөрі, дәмін татқан сайын, жаныңа жаға түсетін тәтті өтірік артық емес пе?
Өтірік болмысын мойындағысы келмеген орыс қоғамы - жазушының "Ревизор" шығармасының төңірегінде түрлі дау-дамайлар ұйымдастырды, Гогольді қоғамнан аластатудың жолдары іздестірілді. Жазушыға араша түсе алатын тірі жан табылмады. Өйткені өнерге төрелік етіп отырғандар қара тобырдың арасынан шыққан, құлдық санадан арыла алмағандар еді. Олардан құтылу үшін, амалсыздан Гоголь шет елге кетуге мәжбүр болды. Он үш жыл бойы шет елде жүру Гогольдің жанына ауыр тиді. Жазушыны шет елге жіберіп, енді оны жеңдік деп ойлаған, санасына сайтан ұялаған орыс қоғамы тағы да қателесті. Шет елде жүріп Гоголь қоғамның сайтани дүниетанымын одан бетер әшкерелеген өмірлік мақсатының темірқазығы болып табылатын "Өлі жандар" поэмасының бірінші кітабын жазды.