Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:03, реферат
Әдебиеттану ғылымының даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы сыншы Белинский.
Ұмытпасаңыз, Гогольдің "Өлі жандар" поэмасы жазушының екі орыс мұжығының бейнесін суреттеуінен басталады. Чичиковтың күймесінің доңғалағына көзі түскен мұжықтардың біреуі:
- Қарашы, қандай доңғалақ ойлап тапқан. Қалай ойлайсың, бұл доңғалақ Мәскеуге шейін жете ала ма?, - дейді.
- Жетеді, -дейді, екіншісі.
- Ал, Қазанға шейін ше?
- Жоқ, Қазанға шейін жете алмайды.
"Өлі жандардың"
басында келтірілген осы
Біздің пікірімізбен келісу немесе келіспеу өз еркіңізде. Алайда жазушының осы бір тұста Ресейде өмір сүріп жатқан орыстардың православиелік және мұсылмандардың ислам дінінің арасына салғастыру жүргізіп кеткенін аңғару қиын емес.
Көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Күйменің үстінде отырған Чичиков -символдық тұрғыдан алғанда сайтанның бейнесі. Оның қай жерге дейін бара алатынын талқылап отырған екі орыс мұжығы шынайы тазалық үшін дауласып жатқан - христиан және ислам дінінің көрінісі. Күйменің үстіндегі сайтан орыстардың астанасы Мәскеуде емін-еркін сайран сала береді. Себебі христиан әлемінің адамды тәрбиелеудегі діңгегі босап, ол дүниеде сайтан ойына келгенін істеп, емін-еркін өмір сүріп жүр. Бірақ осы сайтан сол Ресейдегі татарлардың жері Қазанға бара алмайды. Себебі мұсылман әлеміндегі ислам дінінің діңгегі темірдей берік болғандықтан, сайтан ол дүниенің маңайына да жолай алмайды. Исламда сайтанның жолына түскен адам кешірілмейді. Жазаға тартылады.
Сайтан тақырыбы бұрын-соңды да әлем әдебиетінде талай зерттелгенімен, тек, Гоголь ғана ұлы жазушылардың ешқайсысы да байқамаған қорқынышты жаңалықты ашты. Сайтан біз ойлап жүргендей аса үлкен құбыжық емес, бақа-шаян секілді құп-құрттай ғана бәлекет болып шықты. Кішкентай ғана құбыжықтың біздің көзімізге дәу айдаһардай болып көрінетін себебі, өзіміз тым ұсақталып кетіппіз.
Сайтанның қайда
жүретінін зерттеген
Бұл жолы Гоголь сайтанның ең қасиетті дүниесінің ойран-ботқасын шығарды. Енді ол христиан діні туралы орыс қоғамы түсінігінің қате екенін ашына жазды. Құдайым-ай, тіпті айтуға аузың бармайды. Осы уақытқа дейін орыс қоғамының Құдай деп танып жүргені сайтанның сандырағы екен. Бейнелеп айтсақ, Гоголь сайтанның ең қасиетті ордасына шабуыл жасады. Жұрттың бәрі дүниенің имансызданып бара жатқаны үшін патша мен орыс шіркеуін жабылып айыптаса, Гоголь барлық кінараттың тірі өлікке айналған халықтың өзінде екенін көрді. Батысшылдардың бәрі де орыс шіркеуін жамандап, "зеңбіректен" атқылағанда, Гоголь ғана сол оққа қарсы өзінің үлкен жүрегін тосты.
-Шіркеу біздің сөзімізде емес, өзіміздің ішімізде жану керек.. Олар біздің шіркеудің өміршең емес екендігін айтады. - Олардыкі өтірік, өйткені шіркеу біздің өміріміз: бірақ олар бұл өтірікті логикалық жағынан дұрыс жасады: біздің шіркеуіміз емес- біз өлікпіз: біздің түрімізге қарап олар осындай қорытындыға келді, - деп, күйзелді Гоголь. (Н.В.Гоголь. Толық томдық шығармалар жинағы. Мәскеу. Көркем әдебиет баспасы. 6- шы том, 212 бет)
Адам құдайды
шын жүрегімен сүймейінше зұлымдықтың
мәңгі жалғаса беретінінің
-Ғайса пайғамбарымызды
үйімізге кіргізіп алудың
Тәні емес, жаны есікке қысылған сайтан енді ышқына шыңғырды. Жо, жо, жоқ. Гогольді бұлай тайраңдатып қоюға болмайды. Қашанғы басымызға шығара береміз. Оны өлтіру керек! Өлтіру! Гогольді өлтіру үшін орыс қоғамының "ауыр артиллериясы" осылайша іске қосылды.
Бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де "кейде ит болып үріп, кейде түлкіше құйрығын бұлғаңдататын" (сыншының өз сөзі) Белинский жарықтықтың "Гогольге хатын" қайта-қайта оқыған сайын, жазушыны емес, сыншыны аяймын. Гоголь өмірінің соңына шейін Құдай белгілеп берген ізгілікті сара жолдан тайған жоқ, Белинский өмір бойы адасып өтті. Және өзі жалғыз адасқан жоқ, сөзіне сеніп, соңынан ергендердің бәрін адастырды. Қара түнек заманда Гоголь ғана Құдайға апаратын ізгілікті таза жолды таңдай білді.
Гогольдің ізбасарлары Достоевский, Тургенев, Толстой, Булгаковтар адамзат баласының санасын әлі талай мыңдаған жылдар бойы суаратын мәңгілік дүниелер қалдырды. Белинскийдің соңынан ергендердің құмға сіңген судай іздері де қалған жоқ. Егер мықты болса орыс әдебиетінің көтерілген биік шыңына Белинскийдің ізбасарларының қалдырып кеткен сын мұрасы неге жете алмады? Өйткені орыс әдебиетінің сыны Белинскийден емес, Гогольдің "Достармен сырласу" еңбегінен басталуы тиіс еді. Не деген сандырақ деп айыптай көрмеңіз. Кешіріңіз, бұл менің сөзім емес. Ең бірінші рет осы сөз, орыс әдебиетінің қарапайым ғана жанашырларының бірі Пушкиннің досы Плетнев ақсақалдың аузынан абайсызда шығып кетіпті. Бұл сөзді айтқаны үшін ол мазаққа ұшырады. Жұрттың бәрі оны "ескі телпек" деп келемеж қылып, артын ашып күлді. Кейде жаны жанатта болғыр Плетнев марқұмның аузына осы сөзді Құдай салды ма деп ойлайсың.
Белинский бастаған, Добролюбов қостаған орыстың ғұлама сыншылары әдебиетте әлеуметтік ой, биік мораль жатуы керек деп ойлап, оңбай қателесті. Гоголь олай ойлаған жоқ. Әдебиет дегеніміз адам жанының қасиетті шіркеуі, оған кім-көрінгенді кіргізе берсе, ат-қораға айналады. Сіңірген еңбегі мен көрген қорлығына бола, оның төріне есекті апарып қоюға болмайды. Жұрттың көбі іштерінен булығып айта алмай жүрген шындық, Гогольдің кіршіксіз таза пәк жүрегінен ақтарыла салды. Мәссаған! Байқайсыздар ма, енді Гоголь анау-мынау емес, сол уақыттары поэзияның пайғамбары саналып жүрген - Ломоносовты сынап салды.
-Қаталырақ қарасақ,
Ломоносов деген кім соншама?
Өнер мен білім қуып
Бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де жазушының "Орыс поэзиясының табиғаты мен ерекшелігі неде?" атты сын мақаласындағы мәңгі ескірмейтін шындықтардың, сондайлық бір математикалық дәлдікпен, жеріне жеткізе айтылғандығына қайран қаламын. Ал, ол уақытта мұны айту аузынан жалын шашып тұрған айдаһардың аузына түкіргенмен пара-пара көзсіз батырлық-тұғын. Қате болса да, қасиетті санап жүрген өзінің танымына шабуыл жасаған Гогольді орыс қоғамы қалай кешірсін. Кешірмеді де.
-Мүмкін сіз ауру
шығарсыз, сондықтан сізге емделу
керек шығар.. Қамшының насихатшысы,
көргенсіздіктің уағызшысы,
О, жалған-ай, бұл өзін мәдениетті санайтын Белинскийдің аузынан шығатын сөз бе еді, тәйірі?! Осының алдында ғана сыншының аузын ашып, көзін жұмып - Гогольдің "Өлі жандарын" жер-көкке сиғызбай мақтағаны қайда? Сыншының аяқ астынан қапелімде өзгеріп шыға келгеніне қайран қаласың. Енді Гоголь шынымен жалғыз қалды.
Белинскийге берген жауабында Гоголь сыншының шын мәнісіндегі білімсіздігін тап басады. Шығарманы терең түсінбей жатып, әркімнің айтқандарын қайталап жүрген сыншының, бұрын-соңды ешкім байқамаған түлкі табиғатының осал жерінен тырп еткізбей, ұстап алады.
-Осының бәрі
де адам сенетін жағдай ма?
Түсініксіз жағдайда қалған
Бірақ Гогольдің шаужайына жармасқан жалғыз ғана Белинский ме? Егер батысшыл Белинский Гогольдің христиан дінінің тазалығы туралы жазғандарын "сайтанның ілімі" деп айыптаса, славянофил Аксаков та одан алыс кетпеді. Гогольдің "Достармен сырласу" атты кітабы шықпай жатып ол - Сіз өте аянышты және дөрекі қателестіңіз. Сіз мүлде адастыңыз, өз-өзіңізге қайшы келіп, аспан мен адамға қызмет етуді ойлай жүріп, Құдай мен адамды қорлап жатырсыз, - деп данышпан Гогольге ақыл үйретіп хат жазды. Әшейінде бастары қосылмайтын батысшылдар мен славянофильдер бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай Гогольге қарсы ызғарлы айыптауларды қарша боратты. Орыс сыншыларының жөнсіз айыптаулары жанына қатты батқан, қара тобырдан арашалауды сұраған Гогольдің дауысы енді аянышты, әрі жалынышты шықты.
- Кітабымның төңірегінде
пайда болған дау-дамайлар мен
түсінбестіктер маған өте ауыр
тиді, өйткені мен өзімнің еңбегім
адамдардың арасына жік салады
деп емес, керісінше оларды
Өмірінің соңында жазған Гогольдің "Жазушының жан азасы" (Авторская исповедь) еңбегін оқыған сайын өмір дегеніміздің адам мен сайтанның арпалысы екеніне көзім жете түскендей болады. Сол сайтанды жеңу -халықтың ар-ұятының өлшеміне ғана байланысты. Адамды жаратқан Құдайда ешқандай жазық жоқ. Бар бәле, Құдай салып берген сара жолды танығысы келмегендіктен, пендешілікке салынып, оның өсиетін бұрмалап, басқаша түсіндіріп жүрген, санасын сайтан билеген тобырдың арасынан шыққан надандарын хан көтеріп, жұртқа шын жүрегімен жаны ашитын ақындарын тозаққа салып қоятын - тірі өлікке айналған халықтың өзінде. Дүниенің жарға құлап кетпеуі алдымен Құдайға, сосын халықтың ар-ұятына ғана тіреліп тұр. Өз замандастарының ішінде осы шындыққа жалғыздықтың зарын тартқан ең бірінші Гогольдің көзі жетті.
ГОГОЛЬДІҢ ӨЛІМІ
Орыс әдебиетінің тарихын
Қалай десек те, Пушкин мен Лермонтовтың тағдырлары өз қолдарында болды. Гогольдің тағдырын — қоғам шешті. Байқасаңыз, орыс халқы Пушкин мен Лермонтовтың өлімін асқақтата жырлаумен келеді. Тіпті, триумфқа айналдырып жіберді. Бұл елдің кез келген әдебиеттанушысы Пушкин мен Лермонтовтың қазасын жыр қылып айтып беруге әзір. Гогольдің өлімі туралы жұмған ауыздарын ашқысы келмейді. Себебі, алдыңғы екеуінің өлімі — орыс рухының биіктігінің, ал соңғысының қазасы осы ұлт рухының төмендігінің, тіпті, рухсыздығының көрінісі. Гогольдің шындығы – орыс қоғамы үшін әлі күнге шейін қорқынышты.
Сайтанмен ауыз жаласқан рухсыздық көрінісі, әсіресе, жазушының “Өлі жандары” мен “Ревизорында” барлық қырынан ашылды. Гогольдің тырнақалды туындыларындағы суреттелген шын сайтандар азып-тозған қоғамдағы адам сайтанының қасында түк емес екен. Заманның өзі туғызған ондай ібілістер – Чичиков пен Хлестаков өз ортасының надандығын жеке бастарының пайдасы үшін керемет пайдалана біледі. Олар үшін өтірік айту, біреудің есебін жеу, ар-ұяттан безу – тіршілік үшін күресудің белгісі. Олар ғана емес, бүкіл халық осы ұстанымдарды өмір сүруінің негізгі тірегі етіп, сайтан соққан тас қамалдарына бекініп алыпты.
Сайтанның мың-миллион рет құбыла алатындығы, әсіресе, Гогольдің “Ревизорында” бояуы қанық, айшығы анық етіп суреттеледі. Хлестаковтың өтірік айту шеберлігінің қасында тіпті, кейбір шын сайтандарыңның өзі жіп есе алмайды. Билікке жағыну үшін өтірік айтудың дертіне шалдыққан қоғамды жөнге салу Құдайдың иелігінен де кетіп қалыпты. Ең сорақысы, қоғам өзінің айтып отырған өтірігіне жан-тәнімен шын сене бастапты. Хлестаковтың өтірікті соншама шебер ойластыра білетіндігі сізді еш таң қалдырмайды. Себебі бүкіл қоғам осы өтіріктің арқасында күнін көріп отыр. Өтірік таным. Өтірік мораль. Өтірік өмір. Өтірік саясат…
Өтірік болмысын мойындағысы келмеген
орыс қоғамы — жазушының “Ревизор”
шығармасының төңірегінде түрлі
дау-дамайлар ұйымдастырды, Гогольді қоғамнан
аластатудың жолдары