Отбасымен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:31, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда отбасындағы ажырасу, қиын бала, ұрыс-керіс сынды жайттар күннен-күнге артуына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселеге айналып отыр. Осындай проблемалардың түйінін шешуде әлеуметтік жұмыстың алар орны ерекше. Сондықтан, отбасындағы проблемаларды шешуде әлеуметтік көмек көрсетуіміз керек.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі
теориясы мен әдістемесі............................................................................5
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5

Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері.............................8

ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау...........................................................................................................12
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде...................................12
2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі..........................15

2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері....................................... ....................................................................19

ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың
жолдары.......................................................................................................23
3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23
3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.....................................26

Қорытынды..................................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................

Работа состоит из  1 файл

Султанова Г. отбасымен әлеуметтік жұмыс.docx

— 166.93 Кб (Скачать документ)

     Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін  өз жұмыс тәсілдері мен міндеттері  игерген, отбасы саласы және  отбасымен жүргізілетін жұмыс  технологиясын өзіндік ерекшелігі  бар маман ретінде әлеуметтік  қызметкердің мамандығымен де  анықталады.

     Әр ғылым жалпы пікірлер мен  жанжақты заңдарға – методологияға  сүйеніп, «өз» құбылыстарын зерттеу  және де ғылыми білімді практикада  қолдану әдістерін жетілдіреді,  яғни мәселені шешу әдісі.

     Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамдық қызметтің саласы болып табылады, ал оның қызметі жалпы отбасы мен толық жарамды азаматтардың күнкөрісі үшін, отбасы жөніндегі білімді жүйелік, пысықтаудан тұрады. Осындай қызметтердің бапрлығын отбасымен жеке тұлғалардың мәселелерін шешетін мамандар, белсенділер, кәсіпкерлердің кәсіптік, мемлекеттік, қоғамдық әдістерімен іске асыруға болады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарын маңызды мәселелерінің бірі – қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайлары мен отбасының өзінің ішкі үдерістеріне қатысты отбасы, отбасы қатынастары дамуының ішкі мәселелерін шешудің ұтымды әдістері мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыс әдістері мен қолданыстағы нысандарын талдау болып табылады.

  Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен байланысты. Оның білімі шегінде жүргізілетін зерттеулер пәнаралық сипатта болады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық т.б.,ал екінші жағынан социология, педагогика, құқықтану және басқа да әлеуметтік пәндермен байланыстары бар.

      Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс жүргізу  кезіндегі көптеген әдістер пәнаралық  болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне

 байланысты  ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан  да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданалатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз. [6]

      Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер  бұл – біздің басты маңызды  ұғымарының бірі. Отбасымен жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл – отбасымен  әлеуметтік жұмыс жүргізу саласындағы  маман, өзінің кәсіби, лауызымдық міндеттеріне қарай адамда, отбасында, топта пайда болған проблемаларды жеңе білуде әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсететін адам.

    Отбасы барлық уақытта ежелгі  философтардан бастап қазіргі  заманғы ғылымдардың зерттеулерін  қоса алғанда, озық қоғамдық  ойлардың, ілгері саяси және қоғамдық қайреткерлердің басты назарында болды. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде әлі даму үстінде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ІІ  ТАРАУ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 

2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде 

      Отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі объектісі болып табылады.

      «Отбасы» объектісін жеке адамға алмастыруға бейімділік зерттеу жүргізуге ғана емес сұрыптау жасап, мәліметтерді және т.б. өңдеуге негіз болады. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қамқорлық, көмек, психотерапия, яғни «медикаландыру» неке мен отбасына байланысты ұлғайып отыр. Индустриялық қоғамда пайда болған әлеуметтік жұмыс «адами қатынастарды» ең алдымен өндірісте қалпына келтіру мақсатында, отбасылық өндіріс сатысында экономика тән болған осы қатынастардың жойылып кеткен адами сапаларын қалпына келтіруге бағытталды.     

    Отбасы  қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып табылады. Ол әрқашанда  қоғам назарында болады. Қазіргі  уақытта кейбір ғалымдардың айтуынша, отбасы дағдарыстан өтуде. Оның жаңа үлгісі пайда болды. Отбасылық қарым-қатынас  өзгеруде. Әсіресе, отбасындағы өзгерістердің  көпшілігі – экономикалық жағынан  дамыған Батыс елдерінде. Ресей  мен Қазақстанның нарыққа өтуі некелесу мен бала тууға қатты әсер етті. Ажырасулар көбейіп, ол да отбасындағы  туып көбеюшілікті азайтты. Отбасы адамды қорғайды, сондықтан да оны нығайту керек. Отбасы жасы толмаған балаларға және қарт адамдарға қамқорлық етеді, өмірдің қиын жағдайларында көмек көрсетеді, ауырған кезде қолдайды. Отбасы мүшелері бір-біріне көмек етеді. Отбасы сүйіспеншілік сезіммен бірігеді.

   Отбасының бірнеше түрлері болады:

  • Отбасының нуклеаралық түрі көп. Онда ата-анасы мен балалар немесе баласыз жұбайлар.
  • Кең отбасында ата-анасы мен балаларға тағы басқа туысқандары қосылады, мысалы ата-анасы мен әжесі.
  • Толық емес отбасы бір ата-анадан баладан тұрады, мысалы жалғыз басты ана.
  • Мүгедектер отбасы.
  • Мүгедек баласы бар отбасы.
  • Балалы студенттер отбасы.
  • Девианттық отбасы.
  • Жүмыссыздар отбасы. [7]

     Отбасының типтері және әлеуметтік мәртебесі (статус). Қазіргі заман отбасының көптеген шешімін күтіп тұрған мәселерінің ішінен әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге тиеселі – күйзеліске ұшыраған отбасы мүшелерінің қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесу. Бейімделудің ең басты көрсеткіші отбасының әлеуметтік мәртебесі, әсіресе оның материалдық қал-жағдайы, құрылымы, мүшелерінің жеке ерекшеліктері, рухани құндылықтары, көзқарасы болып табылады. Осыған орай әлеуметтік педагог отбасының құрылымына байланысты оның мынадай белгілерін білуі тиіс:

  • Толық, не толық емес отбасы;
  • Күн көру үшін уақтылы құрылған жалған отбасы;
  • Отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері – жастар, ересектер, қарттар;
  • Қаншасыншы рет құрылған отбасы (мысалы, алғашқы не екінші,

      үшінші рет құрылған);

  • Балаларының санына қарай – көп балалы, жалғыз балалы отбасы;
  • Отбасында ұрпақ жалғасына қарай – бір не бірнеше буыннан құралған,

         мысалы, жас отбасы мен әке-шешесі, ата, әжесі, қайын бикесі, қайын

         сіңілісі, қайын ағасы т.б. тұрады.    

    Бұлардан  басқа әлеуметтендіру жұмысын ұйымдастыруда отбасының материалдық ахуалы, психологиялық жағдайы, тұрмыс-тіршілік шарты, мүшелерінің атқаратын міндеті – әкелік, балалық міндеттері, әр адамның жеке және жас ерекшеліктері де маңызды. Міне, осылардың барлығы отбасының мәртебесін құрайды. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, және ситуативтік. [8]

    Әлеуметтік  педагог әртүрлі типтегі отбасыларға  назар аударуы керек. Өзара қарым-қатынастары жақсы отбасылар болса, енді бір отбасы мүшелерінің арасында түсініспеушіліктің салдарынан ұрыс-жанжал туып жатыр. Негізгі әлеуметтік жұмыс осы соңғы жағдайдағы отбасы мүшелеріне бағытталуы керек.

  «Туысқандық», «неке», «отбасы» ұғымдарын бөлу қажет. Олар бірдей емес. Неке өз кезегінде моногамия (жалғыз некелі) және полигамия (көп некелі) деп бөлінеді. Полигамия полиандрия және полигиния болып бөлінеді. Полиандрияда бір әйелдің бірнее күйеуі болады. Бұл әелдер жетіспейтін қоғамда орын алған жай. Полигиния дгеніміз – бір еркектің көп әйелі болуы, мысалы мұылмандарда. Дүниежүзінің р түпкірінде отбсы формаының әр түрллігі сақталады.

    Отбасымен әлеуметтік жұмыс істеу технологиясы. Әр түрлі отбасына әлеуметтік жұмыстың түрлі технологиясы қолданылады. Отбасымен жэұмыс істейтін әлеуметтік жұмыстың мақсаты – отбасын сақтауға және нығайтуға көмектесу, балаларды тәрбиелеуге, адамдарға материалдық көмек пен саналы түрде адамгершілікті үйрету.

    Отбасындағы материалдық жағдай, көбінесе мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік саясатына  байланысты болады. Қазіргі уақытта  мемлекеттің балалары бар отбасына көрсететін көмегінің ең негізгі  төрт түрі белгілі:

  • Балаларға ақылай жәрдемдесу. Қазақстанда 2002 жылдан бастап, туылған балаға ақы беріледі.
  • Салық төлеу, дәрігерлік, тұрғын үй жәрдемақысына жеңілдіктері беріледі.
  • Отбасына тегін дәрі, киім-кешек, балалар азығы беріледі.
  • Отбасына тегін әлеуметтік қызмет ету, яғни, психологиялық, педагогикалық және заң жүзінде көмек көрсету.

    Басты ұран «Адам адамға дос, жолдас және аға» болған қоғамдық жүйеден бас  тарту, өмірде тұтынушылық қатынас  пен шоғырлану жүйесіне өтуде, қоғамның эгоистік, өзін-өзі оқшаулау, азғындану, рухсыздық, жалғыздық, отбасының ажырасу қаупі – кедей азаматтардың қауіп-қатері көбейді. Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар аудармауы жанға батып, өзін-өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады. [8]

   Отбасының ішкі қатынастары өз  күн көрісі мен толық жарамды  азамат тәрбиелеу үшін үлкен  жауапкершілікті өз бетінше реттейді.

   Жаңа жағдайға қойылған қазіргі отбасы кейбір өзгерістерді бастан кешеді. Отбасы әлеуметтік институт ретінде өзінің өзіндік қызметін жоғалта отырып, қоғамдағы өз көзқарасын жоғалтады. Сыртқы факторлардан өзге кез келген отбасы, табиғи өмір жолынан өткен кезде сол жолда туындаған мәселермен ұшырасады. Отбасы мүшелері өз тобын тұтастық ретінде сақтауға қабілетсіз болған жағдайда, отбасы әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады.

   Әлеуметтік жұмыс объектісі болып  табылатын отбасы түрлерін төмендегі шарт бойынша бөлуге болады. Біріншіден, отбасы әр түрлі мәселелерді шешуде өз әлеуеті бойынша соаланады:

2. Отбасының әр мүшесі басқа мүшелерімен тілдеседі және өзінің сезімі мен тілектері туралы еркін сөйлеседі. Мұндай отбасытарында барлық мәселе бірге талқыланады, бұл әр отбасына қолайлы барынша ұтқыр шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

3. отбасы мүшелері арасында тілдесу қиын отбастары. Мұндай отбасытарында көбінесе табиғи бір-біріне деген үйірсектік бәсеңдейді. Осының нәтижесінде отбасының тұтастығы мен мызғымастығына қауіп туғызатын, даулар мен тартыстар пайда болады.

   Осы екі топтың екеуі де  әлеуметтік жұмыстың обьектісі  болатындығы түсінікті. Алайда, отбасылық  бірінші жағдай, отбасы өмірінің  табиғи жағдайына байланысты  күйзеліске аз душар болады. Осындай  отбасылар әлеуметтік көмекті  көпшілігінде сыртқы факторлардан (жазатайым жағдай, қатты науқастану және т.б. пайда болатын жағдайларда қажет етеді. Екінші  түрдегі отбастарының мәселелерді өз бетінше шешу әлеуеті өте аз. Сондықтан олар әлеуметтік қолдау көрсетуді барынша қажет етеді. [7]

    Ажырасу тұқым өсушіліктің төмендеуіне  әкеп соғады. Профессор Шелягтың айтуынша, осындай отбасының балалары әлеуметтік қорғауды талап етеді. Біріншіден, ата-аналардың  ажырасуы немесе әкелердің жоқтығы  балаларына үлкен соққы болып тиеді. Іштей тынып жүрген, яғни жасырын қайғы- қасіреттен белгілі бір шара, девиантты қылық жасауы мүмкін. Ал екіншіден, кейбір аналар өздерінің балаларын өзгелерден кем болмасын деп, материалдық жағынан да қамтамасыздырамын деп, көп жұмыс істейді де, баласымен сөйлесуге, оған ақыл айтып, оны тәрбиелеуге уақыты болмайды. Үшіншіден, кейбір жалғыз басты аналар өзінің көрген қиыншылықтарына баласын кінәләп, сол үшін баласына жаман қарап, оны жек көреді.

    Бала  туудың төмендеуіне ажырасулар мен  бедеулік әсерін тигізеді. Әйелдердің бедеулікке ұшырауына бірден-бір  себеп бала алдырту (аборт), түсік  тастау. Қазақстанда үш екіқабат әйелдің  біреуі ғана туады. Белсенді репродуктивті (бала тууға жарамды) жаста (18-48 жас) Қазақстандағы әр әйелге орташа есеппен  екі жарым аборт келеді. Сақтану құралдарынан ақысыз тарату нәтижесінде Алматыда 2009 жылы аборт саны 24249-ға дейін кеміген. Аборттың салдарынан келесі бала туу кезінде түсік тастау, түрлі аурулар, жатырдан тыс бала біту немесе бедеулікке ұрынуы мүмкін. [9]

    Егер  бір әйелден бала тууы үшін емделіп, азап шегіп жүрсе, керісінше кейбіреулер  туылған бас тартып, бала тууы үйіне  тастап кетіп, қоқыс салатын жәшіктерге, вокзалға қалдырып кетіп жүр. Ондай аналардың ауруханаға келіп, қалдырып кеткен баларын алуы өте сирек жағдай. 1917 жылдары төңкеріске дейін қазақтар арасында тастанды балалар және жетім балалар болмаған. Панасыз немесе жетім балаларды туған-туысқандары немесе перзент сүюге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар жиі асырап, алып жүрді. Бұл жағдай кеңінен таралды.

Информация о работе Отбасымен әлеуметтік жұмыс