Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:31, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда отбасындағы ажырасу, қиын бала, ұрыс-керіс сынды жайттар күннен-күнге артуына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселеге айналып отыр. Осындай проблемалардың түйінін шешуде әлеуметтік жұмыстың алар орны ерекше. Сондықтан, отбасындағы проблемаларды шешуде әлеуметтік көмек көрсетуіміз керек.
Кіріспе......................................................................................................................3
І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі
теориясы мен әдістемесі............................................................................5
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5
Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері.............................8
ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау...........................................................................................................12
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде...................................12
2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі..........................15
2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері....................................... ....................................................................19
ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың
жолдары.......................................................................................................23
3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23
3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.....................................26
Қорытынды..................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................
Әлеуметтік қызметкер отбасына қызмет көрсетіп, сонымен қатар мемлекеттік саясат та өткізеді. Ол өзгермелі әлеуметік-экономикалық жағдайда нақты отбасылы көмек көрсетеді, әлеуметтік қызметкер белсенді түрде мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына қосылып, көп балалы отбасына және балаларға көмек көрсетеді. З.Ж.Жаназарова жазғандай, «бір жағынан әлеуметтік жұмыс қиын жағдайда өмір сүріп жатқан адамға және топқа көмек беруге бағытталған болса, ал басқа жағынан алғанда, әлеуметтік жұмыс индивидтер, бөлек топтар, қоғамдық, жеке және мемлекеттік мекемелер арасында сарапшы болып, маңызды роль атқарады».
Кейде
әлеуметтік қызметкерден отбасына мынандай
жағдайда шұғыл көмек талап етіледі:
отбасында анасы мен баласын
қорлағанда және күш көрсетіп, зорлаған
жағдайда. Күш көрсетіп, қорлағанға: соққы,
тұншықтыру әрекеті, жаралау, күйдіру,
улы немесе психотропты заттарды қолдану
және әдейі жүйке ауруына шалдықтыру жатады.
Балаларға зорлық көрсету, ұру, қорлау
сияқты жағдайлар орын алады. Ата-аналар
баларына қатыгездік көрсеткен жағдайда
оларды ата-аналық құқығын айырып, заң
жүзінде жазалайды. Балалрды жетімдер
үйіне және интернаттарға орналыстырады.
Жәбірленген және сексуалды зорлық көрген
адамдар ұзақ уақытқа дейін өз қалпына
келе алмай, депрессияға қалады. Әлеуметтік
қызметкерге қақтығысқа түскен отбасымен
жұмыс істеуге тура келеді, мысалы, ерлі-зайыптылар
үнемі ұрысқан немесе ажырасқан жағдайда.
Ажырасуға ерлі-зайыптылардың мінездерінің
сәйкеспеуі, материалдық қиыншылықтар,
бір-бірін алдау, соғу және сол сияқты
жағдайлар себепші болады. Мінездерінің
сәйкес келмеуі соншалықты, шы нында үйді
түрмеге айналдырғаннан гөрі, жақсылықпен
ажырасқан дұрыс. Әлеуметтік жұмыс қақтығысқан
отбасында жеке, дара әңгімелесу, сұхбаттасу,
топталған психотерапия немесе ойынды
терапия жолымен өткізеді. [10]
2.2
Жас отбасымен
әлеуметтік жұмыс
жүргізу тәжірибесі
Жас отбасы – әлеуметтік жұмыстың маңызды және күрделі обьектісі. Оның маңызлылығын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» атты Президенттің халқына Жолдауында атап өткен болатын: «Жасқа байланысты құрылған саясатта біз жастарға және жас ұрпаққа, жас отбасыларына баса назар аударуымыз керек».
Дәл ғылыми тұрғыда «жас отбасы» деген терминнің анықтамасы жоқ. Әртүрлі авторлар некенің ұзақтығының шегі мен жас жұбайлардың жастарын әртүрлі көрсетеді. Дегенмен көпшілігі жас отбасы бірге 3 жыл өмір сүрген, жұбайлардың жастары 30-дан аспаған және екеуі де бірінші рет некеге отырған жастар деп есептейді. Отбасылық өтіл үшін 3 жылдың таңдалуы зерттеушілердің дәл осы уақытта отбасылық қатынастардың дамуында дағдарыс жағдайы аса жоғары болып, осы уақытта айырылысу саны көп болатынмен байланыстырылады.
Жас отбасы – дамудың бастапқы кезеңін басынан кешіріп, жұбайларды таңдауды жүзеге асыру кезеңіндегі отбасы. Осы кезеңде басқадан (жұбайынан) некеге дейінгі адамнан да күрделі адамды көру феномені ашылады, мінез-құлықтардың «үйренісуі», яғни барлық өмір салтын өзгерту басталады. Жас отбасының өмірінің қалыптасуы бірнеше жоспардан тұрады: физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық. Отбасын құрудың өмірлік мақсатын шешуде және оны жүзеге асыруда физиологиялық жоспар өз денесі мен басқа адамның денесінің кеңістігін меңгеруден тұрады. Мұның оңай емес екенін сексолог-дәрігерлер мен сексопотологтар ғана емес, психологтар да айтып жүр.
Жас
отбасын құрудың мақсаттарын
шешудегі әлеуметтік жоспар некелік
серіктердің біріге отырып құрған отбасы
идеалына сай және қауымдастықты
құру іскерлігінен тұрады. Мамандардың
айтуынша, өзінің жаңа отбасында ата-аналарын
отбасылық мінез-құлқын қайталау (олар
әртүрлі, кейде қарама-қайшы болуы
мүмкін) – отбасы өміріндегі жеке басының
мақсаттарын шешудәі кең
Жас отбасының өмірлік мақсаттарын шешудегі әрбір осы алған жоспар шартты түрде бөленген: бірге өмір сүруді құрудың күнделікті тіршілігінде, тіпті күнделікті, қарапайым және мағынасыз әрекеттерде: үй жинау, тамақ әзірлеу, ыдыс жуу, бірге уақыт өткізу және тағы басқа олар арасыласып жатады.
Жас
отбасының қалыптасуындағы
Жас отбасының қалыптасуы үшін маңызды фазаға – баланың тууы жатады. Әдетте, бірінші бала жас отбасының бірге тұрған бір-екі жылында дүниеге келеді. Әрине, баланың тууылуына қарай отбасын материалдық шығыны да өсе түседі, оның үстіне ата-анасының жұмыстан бос уақыты баланы күту мен тәрбиеге кетеді. Ана мен әке болудың әлеуметтік рольдерін меңгеру – жас жұбайлар үшін ғана емес жалпы жас отбасылардың қауымдастығы үшін де үлкен сын.
Өмірлік бағдарға, отбасында рольдерді бөліп алуына, балалы болуына байланысты жас отбасыларын бірнеше түрге бөлуге болады. Жас отбасын бірінші түрі ерлі-зайыптылардың тек қана отбасылық құндылықтарға, екі балаға ғана бағдарлануымен сипатталады. Онда көшбасшы күйеуі, бірақ көшбасшылық көбіне оның отбасы қарым-қатынасындағы экономикалық саласында ғана анықталады және шектеледі (қаржы, тұрғын-үйді қамтамасыз ету). Бұл ерлі-зайыптылардың достары бір, ортақ, көбіне бірге, жабық.
Екінші түрлі жас отбасы жеке бастың дамуына бағдарланған, аз балалы отбасы болуды жоспарлаған. Отбасындағы көшбасшылық жариялылықты ұстанады: отбасы өміріне байланысты бірге немесе бөлек. Мұндай отбасы социум үшін ашық та, жабық та болуы мүмкін.
Үшінші түрлі жас отбасы – ерлі-зайыптылар думан тойға бағдарланған отбасы. Мұндай отбасында әйелі мен күйеуі ортақ достармен де араласа береді. Репродуктивті ұстанымдары – баласыз тіпті болмағанда бір балалы отбасын құру. Мұнда көшбасшылық автаритарлық та, жариялық та бола береді.
Жағарыда
айтылған жас отбасылардың түрлері
жалпы қалыпты тіршілік етуге
ешбір «қауіп» туғызбайтын
Жас
отбасыларына тура қатысты әлеуметтік
қауіпті отбасылары да бар. Мысалы,
отбасына қолдау жасау проблемаларын
шешумен айналасатын
Жас отбасылары үшін жиі кездесетін проблемаларға сондай-ақ, материалдық, тұрғын-үй проблемалары, қарым-қатынасқа түсу, және жанжалды шешу жағдайындағы психологиялық проблемалар жатады. Одан басқа оларға ғана тән медициналық (жоспарланған жүктілік, жүкті бола алмау, балалардың ауруы және т.б.) проблемаларда бар. Мұндай отбасында ерлі-зайыптылар білім алуын жалғастыруда, кәсіптік өһсуінде қиындықтар көруі мүмкін.
Қазіргі қазақстандық жас отбасының әлеуметтік пробдемаларының ішінде бірінші орында материалдық жағдайсыздық тұр. Қазақстандық жастардың құндылықтардың ішінде»материалдық жағынан қамтамсыз етілу» алдыңғы орында: республиканың 84,8% жас респонденттері бұл қажеттілікті басқа базалық және әлеуметтік қажеттіліктердің, соның ішінде «сүйікті адамды табу», «отбасын құру», «бала өсіру» сияқты қажеттіліктерден де бірінші орынға қояды екен.
Жас отбасының тағы бір өткір проблемасы тұрғын-үй проблемасы. Жоғырыда аталған, «Қазақстан жастары – 2000» жобасының шеңберінде жүргізілген зерттеулердің проблемалардың ішінде жас тұлғалардың «тұрғын-үйінің болмауы» проблемасы «отбасын материалдық жағынан қамтамсыз ету қиын», «мамандығыма жұмыс табу қиын» және «кәсіптік білім алудың мүмкіндігі жоқ» сияқты проблемалардан кейін төртінші тұрады екен.
Материалдық – экономикалық проблемалар, тұрғын-үй проблемасымен бірге белгілі бір дәрежеде жас отбасыларының неке құру жасына, айырылысуға және бала тууға әсер етеді.
Тағы бір жас отбасылары үшін күрделі проблема аз балалық, халықтың репродуктивтік бөлігі болып табылатын жастар арасындағы бала туудың төмендеуі. Бала туу үрдісінің төмендеуінің аналардың жастарына байланысты көрінісі 2.1-кестеде көрсетілген.
Жас отбасымен жасалатын әлеуметтік жұмыс көп аспектілі сипатта болады. Нақты отбасыларының нақты проблемаларын шешуге бағдарланған экономикалық, психологиялық, білім беру және басқа да бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, оның негізіне жалпы мемлекеттік отбасы саясаты мен одан шығатын отбасын әлеуметтік қорғау жатады.
Нарықтық қатынастарға көшкен өзгермелі қоғамда мемлекеттік отбасы саясатының негізгі бағыттары мыналар:
Ертедегі қазақтар ондай әйелді бірден талақ еткен. Атқа теріс мінгізіп төркініне қайтарған. Қазіргі еркектерде ондай батылдық жоқ. Өзін-өзі іштей жеп, арақтан өшін алады. Өз үйінде жастайынан бұзылған ашық етектілерге бүгінгі ортада жол ашық. Қайдағы бір момын жігітке алдап тиіп, басын қатырады да, өмірден ерте кетуіне себеп болады. Ондай жесірдің тапқан ұлы өскенде ынжық болады. Қызы өзіне тартып, ізін жалғастырады. Бұзық әйелдердің саны өсіп көбеюде. Оның артында тексіздік жатыр. [13]
Отбасының беріктігі үшін
2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері
Баланы
өмірге бейімдеуде мектеп, педагог, ата-ананың
орны бөлек. Олай дейтіе себебіміз, бала
бір жақта тәрбие алуы мүмкін емес.
Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер
тәрбие береді. Тәлім –тәрбиедеі жарасымдылық
бірлесіт жұмыс істеген жағдайда
ған үйлесімділік табады. Өйткені
баланың өмір сүруге құштарлығының
оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге,
ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына,
олардың күнделіктіі іс-
Отбасы - өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт беруімен айналысатын әлеуметтік институт.
Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында.
Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары баланың кез-келген сұранысына сол мезетте қанағаттандыруы, аламын деген нәрсесінің сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін арам тамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.
Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінігі балаларының тура жолдан шығаруға итермелейді.