Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:16, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы –«Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу» деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей:
Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру;
Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру;
Аудиторлық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін пайдалану;
Стандарттардың мазмұнын ашу;
Аталған құқықтық базаның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

Работа состоит из  1 файл

аудиторлық қызметті нормативтік реттеуЭльмира.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

      Менің курстық жұмысымның тақырыбы –«Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу» деп аталады.  Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей:

  • Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру;
  • Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру;
  • Аудиторлық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін пайдалану;
  • Стандарттардың мазмұнын ашу;
  • Аталған құқықтық базаның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Мазмұнына тоқталатын болсам, ол негізгі екі  тараудан тұрады: 1-тарау ҚР-дағы аудитті реттеуші заңдар «ҚР аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер» деп аталады, яғни бұл бөлімде: ҚР аудиторлық қызметті нормативтік реттеудің қажеттілігі және  ішкі аудит қызметін  нормативтік-құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесі,ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына тоқталдым. 2-тарау “ ҚР-дағы сыртқы аудитті реттеуші заңдар ” аталады, яғни бұл бөлімде: аудиттің халықаралық стандарттары және ҚР-ның “Аудиторлық қызметі туралы” Заңын ашып көресеттім.

     ҚР  «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудиторды жүзеге асырудың кұкықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің  мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бүрса, онда халықаралык келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.

     Аудиторлар  мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті канағаттанғысыз дәрежеде орындамауы үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық, қылмыстық жауапкершіліктері  жүктеледі. Клиенттер, оның кредиторлары мен инвесторлары, мемлекет және оларға өкілеттілігі жүретін тәртіп сақтау және басқа органдар аудиторга қарсы сот немесе төрелік сот іс қозғауы мүмкін.

     ҚР  «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық (территориялық) палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 

I тарау. ҚР-дағы  аудитті реттеуші  заңдар

ҚР  аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер

     Аудиторлық  қызметті нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз - бұл аудиторлық тексеру жүргізу обътісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде ( ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.

     Аудиттік  қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың  өзара қарым-қатынасын мемлекеттік  және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау  органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

  • ҚР Конституциясы;
  • ҚР азаматтық кодексі;
  • ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;
  • ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы;
  • ҚР қылмыстық кодексі;
  • «Салықтар   және   бюджетке   міндетті   басқа   төлемдер туралы» кодексі;
  • ҚР әкімішілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;
  • ҚР бюджет кодексі;
  • ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»;
  • «Банкроттық туралы»;
  • «Шетелдік инвестиция» туралы;
  • «Шектеулі және косымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы»,
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдары.

     Жоғарыда  аталған занды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды  нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

    Аудиторлық тексерулердің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.[3]

     250 “Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру” деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: “Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі мүмкін, оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сейкес келмеген кезде мүмкін болады”. Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі етуі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сқөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.[6]

    Қазақстан Республикасында аудитті нормативтік  реттеу жүйесіне төмендегі заңдар мен нормативтік құжаттар кіреді.

   
   
 
  • Қазақстан Республикасының «Аудиторлық кызмет туралы» заңы, 20 қараша 19.02.2007 (өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • Қазақстан Республикасының «Әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы»кодексі- 30 қаңтар 2001ж., №155- (өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • Қазақстан Республикасының «Қылмыстық кодексі». 16 шілде 1997 ж. №167-1(өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • Қазақстан Республикасының  «Азаматтық кодексі» (Жалпы бөлім) 27 желтоқсан 1994 ж. №268- (өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • «Қазақстан  Республикасындағы банктер және банкттік қызмет туралы» ҚР-ның заңы 31 қыркүйек 1995 ж. №244 (өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • ҚР-ның  «Сақтандыру қызметі туралы»  заңы 18 2000 ж. №126-(өзгертулерімен және толықтыруларымен)
        
  • ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңы 7 шілде 2004 ж. №576-2
 
  • ҚР-ның  «Табиғи монополиялар туралы» заңы 9 шілде 1998 ж. №272-(өзгертулерімен және толықтыруларымен)
        
  • ҚР-ның «Шетелдік инвестициялар туралы» заңы 27 желтоқсан 1994 ж. №266- (өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • ҚР-ның  «Акционерлік қоғам туралы» заңы 13 мамыр 2003 ж. №415-2(өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • ҚР-ның  «Лицензиялау туралы»заңы 17 сәуір 1995 ж. №2200(өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» заңы 22 сәуір 1998 ж. №220-1(өзгертулерімен және толықтыруларымен)
 
  • Аудиторлар  палатасының Республикалық конференциясында 2000 жылы қабылданған екі томдық Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары
 
  • Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы №878 «Аудиторлық қызметті лицензиялау  ережелерін бекіту туралы» қаулысы (өзгертулерімен және толықтыруларымен)
    
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы №384 «Банктерде, сақтандыру ұйымдарында аудит өткізуге лицензия беру жөніндегі өтінішке тіркелген құжаттар тізіміне және өтініш берушіге қойылатын талаптар жөніндегі Ереже нұсқауларды бекіту туралы» қаулысы
 
  • Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1995 жылғы 
    28 маусымдағы  №161 бұйрығымен бекітілген №33-ші  «Заңды тұлғалардан алынатын  табыс салығын есептеу және  бюджетке төлеу тәртібі туралы»  ереже нұсқау (өзгертулермен және  толықтыруларымен)
 
  • Аудиторлар  палатысының  1998 жылғы 23 желтоқсанда өткен Республикалық конференециясында бекітілген «Қазакстан Республикасы аудиторларын аттестациялау бойынша мемлекеттік емес мекеме —біліктілік комиссиясы туралы » Ереже
 
  • Қазакстан Республикасы аудиторларын аттестациялау  бойынша Біліктілік комиссиясының 2003 жылғы 20 қазандағы №25 бұйрығымен бекітілген «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау тәртібі туралы» Ереже.[4]
 

    Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру жүргізу процессінде қолданылатын накты іс-әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмай-ды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары атқарады.

    Жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін аудиторлар мен аудиторлық фирмалар халықаралық аудит стандарттарының  негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы (ерекшелігі) ескерілетін және тексеру жүргізудің нақгы процедураларының, ауди-торлық дәлелдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиентпен өзара қарым-құтынас саясатының, ішкі бақылаудың және фирманың ішкі қорытынды есебінің мазмұны ашылып көрсетілетін өздерінің ішкі стандарттарын жасауға тиісті. Тексеру жүргізу кезінде ол қажетті дәлелдеулер жинауды жеңілдетеді, тексеру жүргізу уақытын қысқартады, аудиторлық қорытынды жасау кезінде кдте жіберу тәуекелдігін азайтады.[5]

    Аудиттің ішкі стандарттары белгілі бір аудиторлық фирмада ауди-торлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстардың көлемін үлғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды - ассистенттерді кеңінен пайдалану, аудит технологиясын жетілдіру мүмкіндігі туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақгыланбауға, аудитордың еркін тежемеуге тиісті. Себебі, ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана мәліметтер жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін ішкі стандарттардың маңызы жоғары болғандыктан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.

    Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.

    Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады:

  • аудиторлық фирмалардың күрылымы және оның қызметін ұйым-дастыру технологиясы;
  • заңдар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;
  • тексеру жүргізу әдістемесі.

    Бірінші блоктың құжаттары аудиторлық фирма жұмысының ерекшелігін, оның ұйымдық құрылымын, клиенттерімен өзара кдрым-кдтынас жасау принциптерін, ішкі бақылаудың жөне ішкі қорытын-ды есеп берудің күрылымын, жұмыскерлердің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерін, олардың білім деңгейіне қойылатын талаптарды, кәсіби этика мәселелерін және тағы баскдларды ашып көрсетеді.

    Екінші блок құжаттарының негізін бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру мәселелерін реттеуші нормативтік құжаттардың тізімі; бастапқы құжаттардың, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінің құрамы; есептің белгілі бір салалары бойынша болуы мүмкін бүзушылықгарды топтастырушы (классификатор); аудиторлық процедуралардың орындалу реті; аудитті жос-парлау кезеңінде сүрақ беруді өткізу үшін жасалынған тестілер немесе сұраулар тізімі кұрайды.[10]

    Үшінші блокқа қатысты әдістемелер келесі бағыттар бойынша жа-салынады:

  • бухгалтерлік - клиенттің бухгалтерлік есебінің жекелеген бөлімдері бойынша әдістемелер;
  • зандық- клиент қызметінің күқыктықжағынан кдмтамасыз етілуін тексеру әдістемелері (күрылтай күжаттарының және жарғьшық капиталдың аудиті, шаруашылық келісім-шарттарының сараптамалары, салық заңының сакталуына талдау жасау және т.б.);
  • арнайы - ортақ арнайы белгілерді иеленуші кәсіпорындар тобына тексеру жүргізу әдістемелері (шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, шетелдік инвестициялары бар объектілердің өкілдіктерінің және т.б. аудиті).

    Бұл стандарттардың әркайсысында төмендегілер болуы мүмкін:

    • тексерудің мақсаты мен міндеттері;
    • тексерілетін болімдер корсетілген аудит өткізу бағдарламасы;
    • нормативтік-құқыктық кұжаттар;
    • клиенттің бухгалтерлік және басқа күжаттары (қаржьшық есеп беруі, регистрлер, бастапқы кұжаттар);
    • есептің осы участогы бойынша болуы мүмкін бүзушылықгарды топтастырушы (аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізуге арналған тестілер немесе сұраулар тізімі; осы участокқа тексеру жүргізу кезінде қолданылатын аудиторлық процедуралардың тізімі);
    • аудиторлық процедуралардың орындалу реті;
    • аудитордың жұмыс құжаттарының жасалынған нысандары (үлгілері).

    Сондай-ақ, аудиторлық стандарттардың болуы аудиторлық фирма мен оның жұмыскерлерінің қызметіне тиімді ішкі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    1995 жылғы шілде айында аудиторлар  Палатасының кезектен тыс конференциясында  Қазақстан Республикасы аудиторларының  Этикалық кодексі қабылданды. Ол  кодекстің жобасын « Прайс Уотерхаус ЛЛП» кеңес берушілерінің ресми демеушісі болып табылатын « Капитал рыногы» ЮСАИД бағдарламасының қолдауымен « Қазақстан аудит» акционерлік компаниясы жасады. [4]

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу