Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:16, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы –«Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу» деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей:
Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру;
Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру;
Аудиторлық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін пайдалану;
Стандарттардың мазмұнын ашу;
Аталған құқықтық базаның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

Работа состоит из  1 файл

аудиторлық қызметті нормативтік реттеуЭльмира.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

1210 –  Профессионализм. Ішкі аудиторларда өзінің персоналды міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті  білім мен дағдыға ие болу керек. Ішкі аудиторларға өзінің кәсібилігін халықаралық ішкі аудиторлар Институты ұсынған Сертификатталған ішкі аудитор(Certified Internal Auditor, CIA) және т.б. кәсіби сертификаттар мен квалификацияларды алу арқылы жетілдіруге болады. 

1220 –  Ішкі аудитор жұмысына деген кәсіби қатынасын кеңес беруде төмендегідей бағалау жүргізу арқылы көрсете алады:

  • сипаты, мерзімі және тапсырманың нәтижесінің есептілігін ұсыну әдісін қоса, клиентердің күтулері мен қажеттіліктерін;
  • қатысты қиындықтар және  аудиторлық тапсырманың мақсатына жетуге қажетті жұмыс көлемін;
  • кеңес беру қызметін ұсынуға кететін шығындарды.

1300 –  Ішкі аудит сапасын арттыру және кепілдік беру бағдарламасы. Ішкі аудит басшысы ішкі аудиттің бүкіл қызметін қамтитын кепілдік беру және сапаны арттыруды қамтамасыз ететін бағдарламаны жетілдіріп отыру қажет.

Қызмет  стандарттары (PERFORMANCE STANDARDS)

2000 –  Ішкі аудитті басқару. Ішкі аудиттің басшысы ұйым үшін ішкі аудиттің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін  ішкі аудитті тиімді басқару қажет. Ішкі аудит тек мынадай нәтижелерге қол жеткізгенде ғана тиімді ұйымдастырылған деп есептеледі:

  • ішкі аудит жұмысының барысында қол жеткізген нәтижелері ішкі аудит туралы Ереженің мақсаты мен міндеттеріне  сәйкес келген жағдайда;
  • ішкі аудит қызметі ішкі аудит Ережесіне және Стандарттарға сәйкес келген жағдайда;
  • ішкі аудиторлар этика Кодексі мен Стандарттар талаптарына сәйкестігін көрсетеді.

2010 –  Жоспарлау. Ішкі аудиттің басшысы тәуекелді анықтаушы жоспар құруға міндетті, бұл жоспар ішкі аудиттің ұйымның мақсаттарымен сәйкестігінің басымдылықтарын айқындайды.

2120 –  Ішкі аудит  ұйымның қызметіне, оның ақпараттық жүйесіне, корпоративті басқаруға байланысты тәуекелдерді бағалау керек:

  • қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпараттың бүтінділігі мен шынайылығы;
  • экономикалық қызметтің тиімділігі;
  • активтердің сақталуы;
  • қабылданған заңдар, нормативті актілер және келісілген міндеттемелерге сәйкестігі.

2120 –  Ішкі аудит алаяқтықтың  тәуекелін және оны ұйымның басқару деңгейін бағалау керек.

2130 - Ішкі аудит ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін және тұрақты жетілдіруді қолдау үшін ұйымға көмектесу қажет.

2200 –  Аудиторлық тапсырманы жоспарлау. Ішкі аудиторлар әрбір аудиторлық тапсырманың орындау жоспарын құрып және құжаттау қажет, бұл жоспарда мазмұны, мақсаты, көлемі, мерзімі және ресуртарды бөлу мәліметтері көрсетілуі тиіс;

2210 –  Аудиторлық тапсырманың мақсаты. Әрбір аудиторлық тапсырманың мақсаты анықталуы тиіс.

2230 –  Аудиторлық тапсырманы орындауға қажетті ресурстарды бөлу. Ішкі аудиторлар аудиторлық тапсырманың мақсатына жетуге қажетті ресурстарды анықтауға міндетті.

2240 – Аудит бағдарламасы. Ішкі аудиторлар тапсырманың мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстардың бағдарламасын қайта өңдеп және құжаттау қажет.

2300 –  Тапсырманы орындау. Ішкі аудиторлар  тапсырманың мақсатына қол жеткізу үшін  жеткілікті ақпараттар көлемін жинақтап, талдап,бағалап және құжаттай рәсімдеуге міндетті.

2400 –  Нәтижені хабарлау. Ішкі аудиторлар тапсырманың қорытындысы туралы хабарлауға міндетті. Хабарламада тапсырманың мақсаты, көлемі және мазмұны, сонымен қатар сәйкесінше қорытынды, ұсыныстар және іс-әрекеттер жоспары болуы керек.

2500 –  Тапсырманың нәтижесі бойынша  мониторинг. Ішкі аудиттің басшысы менеджмент қызметінің мониторинг жүйесін қарастырып және қолдау көрсетуі керек.

2600 –  Жоғарғы басшылықпен қабылдаған тәуекелдерді қарастыру. Егер ішкі аудит басшысының пікірі бойынша жоғарғы органмен қабылданған анықталмаған тәуекелдіктің деңгейі ұйым үшін қолайсыз болса, онда бұл мәселе бойынша ішкі аудиттің басшысы жоғарғы органмен кеңесуі қажет. Егер де қалдық тәуекеліне байланысты проблемалар шешілмеген болса, ондай жағдайда ішкі аудит басшысын осы мәселені Директорлар Кеңесіне беруге құқылы.[5] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II тарау. ҚР-дағы  сыртқы аудитті  реттеуші заңдар

         2.1. Аудиттің халықаралық стандарттары

    Аудит стандарттары дегеніміз – аудитке  қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы  принциптерді белгілейтін нормативтік  құжаттар.

     Халықаралық аудиттің стандарттарына (бұдан әрі  – ХАС) көшу қажеттілігін мемлекеттің жалпы саясаты және Қазақстанда нарықтық экономиканы құруға бағдарланған реформалардың стратегиясы айқындайды.[6]

     Осы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін  дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 233 - өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.

     Осы Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстандағы аудит жүйесін дамытудың негізгі үрдісіне талдау жасалады, алдағы жылдарда оны дамытудың жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.

     Тұжырымдамада баяндалған негізгі бағыттардың бірі аудит саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру қажеттілігінен туындады.

      Халықаралық деңгейдегі кәсіби  талаптарды әзірлеумен бірнеше  ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің  158 ұйымының өкілдерін қамтитын  Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы  ( ХБФ) бар.

      Халықаралық бухгалтерлер федерациясы аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық комитет ( 2002 ж. Халықаралық Кеңес деп өзгертілген) тікелей айналысады. Халықаралық аудит стандарттары жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда ( масштаб) аудиттің тәсілдемелерін сәйкестендіруге ықпал етеді. Халықаралық бухгалтерлер федерациясы өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келсе де, ол жергілікті ( ұлттық) жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғни одан басым түспейді.

      1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтерлер  институты « Аудиторлық қызметтің  жалпы қабылданған стандарттары»  деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау, көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы Халықаралық бухгалтерлер федерациясы арқылы Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген Халықаралық аудит стандарт негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін Халықаралық аудит стандартта олар өз көрінісін тапты.

      Жыл сайын бұл жүйе жаңартылып  отырады. Оларды тереңдетіп жаңғырту ( модернизациялау) 1994 жылы болды, содан бері жаңартулар тек жекелеген формулаларын, сілтемелерін және тағы басқалары нақтылай түсу деңгейінде жүргізіліп келеді. 

      Кейбір мемлекеттер ( Австралияда,  Бразилияда, Ресейде, Үндістанда, Голландияда) халықаралық аудит стандартты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекетте            (Кипр, Малайзия, Нигерия, Фиджи, Шри-Ланка) халықаралық аудит стандартты  ұлттық ретінде қабылдайды.

      Өздерінің ұлттық аудит стандарттары  бар әлдеқайда дамыған мемлекеттер   (Канада, Ұлыбритания, Ирландия, Америка  құрама штаттары , Швеция тағы  сол сияқты) халықаралық аудит  стандартты жай ғана мәлімет  үшін қабылдап және кейбір  іс-тәжірибеде пайдаланады.

      2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы  қаласында өткен Қазақстан Республикасы  аудиторларының бесінші республикалық  конференциясында       «Қазақстандағы халықаралық аудит  стандарттары» қарастырылып, қабылданды.

      «Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары» атты біздің нұсқамамызды Халықаралық аймақтық бухгалтерлер федерациясы мен              «Евразия» аудиторлары барлық Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. Қазақстан Республикасы аудиторлар палатасының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай « Аудиторлық қызмет туралы» заңның бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы халықаралық аудит стандартқа өтудің тұжырымдамасын сайлады. Халықаралық бухгалтерлер федерациясының қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық Халықаралық аудит стандарты түпнұсқадан орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.[2]

      Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі  Халықаралық Комитет ( АІХК) аудитті  өткізудің халықаралық стандарттары  мен ілеспе қызметті көрсету  бойынша стандарттардан ( ІҚС) тұратын  нормативтік құжаттарды шығарды. 1994 жылдың шілдесінен бастап Халықаралық аудит стандарттарының кодификациясы өзгертілді, яғни екі мәндіден үш мәнді белгілеуге көшу жүзеге асырылды. Егер ескі кодификацияда 29 ХАС пен 4 ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жылдың басында 50-ге жетті, оның ішінде38-і Халықаралық аудиторлық стандартқа, ал 12-сі Халықаралық аудиторлық іс-тәжірибе бойынша ережеге негізделді.

      Халықаралық аудит стандарттарының  негізгі бөлімдерінің құрылымы  мен мазмұнын қарастырайық.

      Бірінші бөлім « Кіріспе аспектілері» № 100-199 құжаттарына қосылды.

      Халықаралық аудит стандарттары 100 Сенімділікті қалыптастыратын       ( қамтамасыз ететін) тапсырмалар – бұл әр түрлі жұмыс түрлерінің орындалу нәтижелері бойынша қалыптасатын қорытындылармен аудиторларды қамтамасыз ететін сенімділік деңгейі.

      Халықаралық аудит стандарттары 110 Терминдердің глоссарийі Халықаралық аудит стандартта және оның заңдастырылған анықтамаларында қолданылатын терминдердің тізбесін қамтиды.

      Халықаралық аудит стандарттары 120 Халықаралық аудит стандарттардың тұжырымдамалық ( концептуалды) негізі. Халықаралық аудит стандарттың жалпы құрылымы суреттелген және аудиттің ілеспе қызметінің жіктелімі                 ( классификациясы) келтірілген.

      Екінші бөлім « Жауапкершілікке» 200-299 стандарттары кіреді.

      Халықаралық аудит стандарты  200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсат пен жалпы принциптер – тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулердің көлемі және негізгі мақсаттары мен принциптерін,         сондай-ақ кәсіпорын басшылығының қаржылық есеп берудегі жауапкершілігін анықтайды.

      Халықаралық аудит стандарты  210 Аудиторлық тапсырманың шарты. Білдірген ұсынысқа аудиттің келіскенін құжаттық растауға қызмет ететін, аудитті өткізу туралы келісім хаттың мазмұны мен формасы келтірілген. Ол жұмыс мөлшері мен жауапкершілік шараларын, есеп беретін аудиторларға ұсынылатын форманы нақтылайды.

      Халықаралық аудит стандарты  220 Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы анықталып, осы екі бақылау түрінің өзара байланысы мен айырмашылығы келтіріледі. Стандарттардың қосымшасында бақылау сапасы рәсімдерінің ( процедурасының) үлгілері келтіріледі.

      Халықаралық аудит стандарты 230 Құжаттау – аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны туралы мәлімет келтірілген. Жұмыс құжаттарының тиістілігі мен сақталу мәселелері ашып көрсетілген.

      Халықаралық аудит стандарты  240 қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтық пен қателіктерді қарастырудағы аудитордың жауапкершілігі – « өтірік» және « қате» ұғымдарын анықтайды, кәсіпорын басшысының өтірік пен қатені ескертудегі жауапкершілігін белгілейді. Аудитор өтіріктің немесе қателіктердің нетижесінде пайда болатын материалдық үнемдеуді анықтау мүмкіндіктерін ескеріп, аудитті жоспарлауы керек. Өтіріктер  немесе қателіктер туралы куәландыратын мәліметтерді алған жағдайда аудиторға әрекет ету ұсынады. Стандарттардың қосымшасында өтірік немесе қателіктердің тәуекелділігін арттыратын жағдайлар немесе оқиғаларға мысалдар келтірілген.

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу