Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:16, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы –«Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу» деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей:
Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру;
Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру;
Аудиторлық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін пайдалану;
Стандарттардың мазмұнын ашу;
Аталған құқықтық базаның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
Аудиторлар палатасының Кеңесі бұл кодекстің нормативтік акт ретінде күші бар екендігін және оны орындауға Қазақстан территориясында жұмыс істейтін аудиторлық фирмалар мен аудиторлар міндетті екендігін атап көрсеткен.
Этика – адамзаттың таңдау
мәселелерін, адамдар
Этиканың үш элементі:
Қазақстанда қабылданған
Кодекстің кіріспе бөлімінде
қоғамның қажеттіліктерін
Аудиторлардың алдында тұрған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар шарттарды немесе принциптерді орындау қажет.
Адалдық. Аудитор өзінің кәсіби міндеттерін орындауда адал болуға тиісті.
Әділдік ( объективтілік). Аудитор әділ болуға және жоқ нәрсеге сену, қате түсінік тағы сол сияқты факторлардың әділдікке әсер етуіне жол бермеуге тиісті.
Кәсіби біліктілік. Аудитор қызмет көрсетуге келісерде, бұл тапсырманы орындау үшін өзінің кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесінің жеткілікті дәрежеде екендігіне сенімді болуға тиісті, олай болмаған жағдайда ол мұндай тапсырманы орындаудан бас тартуға тиісті.
Аудитор кәсіби қызметін үлкен
ықыласпен, жетік біліммен, ынта
жігермен көрсетуге тиісті. Онда
әрдайым кәсіби білімін және
тәжірибесін шыңдауға деген,
Құпиялықты сақтау. Тексеру нәтижесін меншік иесіне немесе тексеруді белгілеген органға беру сияқты жағдайларды есепке алмағанда, тексерілетін субъектінің рұқсатынсыз кәсіби қызмет көрсету барысында алынған ақпараттарды, коммерциялық құпиямен қоса, жария етуге құқығы жоқ.
Кәсіби мінез-құлық. Аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін мінез-құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттерге сәйкес болуға тиісті.
Кәсіби стандарттар. Аудитор кәсіби қызмет көрсетуді заңдық және нормативтік актілерде қабылданған тиісті кәсіби стандарттарға сәйкес қарастыруға тиісті. Аудиторлар адалдыққа, әділдікке және тәуелсіздікке жанаспайтын кез-келген мүдделерден азат болып табылады және болуға тиісті де.
Қазақстан Республикасының «
Аудиторлық қызмет туралы»
Аудитор үшін этикалық
Кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің талаптарын бейімдеу АҚШ-тың 5 кәсіби өздігінен реттелетін ұйымдарының қатысуымен 1985 жылы «Есептіліктің бұрыстылығына қарсы күрес» деп аталатын американдық ұлттық комиссияның құрылуынан бастау алады. Оның алғашқы төрағасы Джеймс Тредуэ атымен белгілі немесе осы уақытқа дейін Тредуэ комиссиясы деп аталады. Олардың 1987 ж есебі басқа ұсыныстармен қатар, Тредуэ комиссиясының демеуші ұйымдарына аталған ұйымға бірігуге үндеу тастайды. Негізгі мақсат – ішкі аудиттің(ішкі бақылаудың) бәрімізге ортақ негізгі ұғымдары туралы келісімге қол жеткізу. Тредуэ комиссиясының демеуші ұйымдарының құрған коммитетіндегі жұмыс тобы ішкі бақылау бойынша сол кездегі бар әдебиеттерді талдау жасады. Бұл жұмыстың нәтижесінде «Ішкі бақылаудың интеграцияланған тұжырымдамасы» деген атаумен 1992 жылы қоғамға ұсынылады. Бұл құжат комитеттің қысқартылған атымен қабылданып COSO (Committee of Sponsoring of the Thredway Organization) заңы қабылданды. Бұл модельдің маңызы бақылау жауапкершілігінің кәсіпорын басшыларына жүктелуінде және ішкі бақылау жүйесінің анықтамасы және оның компоненттері анықталған.
1992 жылы шығарылған корпоративтік басқару кодексіне Лондондық фондалық биржаның төрағасы Эдриан Кедбердің ұсынысы бойынша қойылған талаптарды COSO тұжырымдамасына сәйкес болды. Мұнда Ұлыбритания нарығындағы листингтігтерінде ресми бар болатын компаниялар 1995 жылдан бастап ішкі қаржылық бақылаудың тиімділігін тексеріп, талдауы және директораттың арнайы жыл сайынғы есебінде бұл тексерулердің нәтижесі хабарлануы керек.[6]
2002 жылы Джордж Буш 30шілдеде қол қойған Сорбейнс Оксли актісі кейінгі 60-жылдардағы құнды қағаздар нарығындағы қабылданған ең маңызды құжат болып саналады. Мұндағы негізгі мақсат – ірі компониялардың менеджерлерінің алаяқтыққа барып, сыбайлас жемқорлықтың болуын тоқтату. Акт бөлімінде:
Ал Қазақстан Республикасында қор биржасы нарығында тіркелген компанияларға С.Оксли заңының талаптарын орындау міндеті алға қойылып отыр. Осы Акттің шегінде ҚР«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында акция шығарушы компанияларға ішкі аудиттің жүргізілуі міндеттелган. Біртіндеп елімізде корпоративтік тәртіптің жетілдірілуі жүзеге асырылып келеді.[8]
Ішкі аудит дәстүрлік сипаты мен мәдени және құқықтық жағынан айырмашылық туындаған жағдайда; өзінің белгіленген бағыты, көлемі, күрделілігі және құрылымы бойынша ерекшеленетін ұйымдарда; ұйымның қызметкерлерімен қоса сыртқы орындаушылармен де жүргізіледі. Осы және басқа да жағдайларда ішкі аудиттің тәжірибесінің ерекшелігіне аталған айырмашылықтар енеді, осы тұрғыда ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын(кейінірек - Стандарт) орындау ішкі аудит бөлімшелері мен ішкі аудиторлардың міндеттерін орындауда маңызды нұсқама болып келеді.
Егер заңнама ішкі аудиторларға Стандарттың жеке жағдайларын орындауға мүмкіндік бермесе, мұндай жағдайда ішкі аудиторларға Стандарттың басқа да жағдайларын сәйкесінше ақпараттарды ашып көрсете отырып орындау қажет.
Бұл Стандарттарды атақты ұйымдардың ішкі аудиторлары құрастырғандықтан ішкі аудиторлар аталған Стандартты қолдана отырып, оны өздерінің есептілігінде көрсетіп кетуі тиіс. Егер кәсіби стандарт пен басқа да стандарттардың талаптарының арасында айырмашылықтар туындаған жағдайда, егер ол талаптар қатаң болған жғдайда ішкі аудитор басқа стандарттың талабын орындауға құқылы.
Стандарттың мақсаты:
Стандарттар қағидаларға негізделген және орындалуы міндетті талаптардан тұратын құжат болып табылады. оның мазмұны мына төмендегідей пунктерден:
Стандарттың құрылымы сапалық сипаттамаларының стандарттарынан, қызмет стандарттарынан және тәжірибелік қолдану стандарттарынан тұрады. Сапалық сипаттамалар стандарты ішкі аудит бойынша қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұлғалардың сапалық сипаттамасын көрсетеді. Қызметтің стандарттары ішкі аудитор қызметінің сипаттамасын көрсетеді және ұсынылатын қызметтерді бағалауға қатысты сапалық критерийлерді белгілейді. Сапаға және қызметке қатысты стандарттар барлық көрсетілетін ішкі аудиторлардың қызметтерінде қолданылады. Тәжірибелік қолдану стандарттары сапалық және қызмет стандарттарының кепілдік беру немесе кеңес беру қызметіне қатысты талаптарын кеңейтеді.
Кепілдік беру дегеніміз- тексеру барысында ұйымның, қызметтің, процестің, жүйенің немесе тексерудің басқа да объектілерінің қорытындысын жасағанда қолдағы бар дәлелдемелер негізінде ішкі аудиторлардың тәуелсіз пікірін білдіру мақсатында объективті баға беруді білдіреді. Кепілдік берудің сипатын, көлемін және тапсырманың мазмұнын ішкі аудитор белгілейді. Негізінен кепілдік беру қызметі үш тараптың қатысуымен жүзеге асырылады: 1) процестің иесі(ұйымға, қызметке, процеске, жүйеге және тексерудің басқа да объектілеріне тікелей қатынасы бар тұлға немесе тұлғалар тобы); 2) ішкі аудитор(бағалауды жүзеге асырушы тұлға немесе тұлғалар тобы); 3) пайдаланушы(бағалаудың нәтижесін пайдаланушы тұлға немесе тұлғалар тобы).
Кеңес беру бойынша қызметтер: сипаты бойынша кеңес беру және ұсыныстар негізінен клиенттің арнайы сұранысы бойынша беріледі. Кеңес беруде негізінен екі тарап қатысады:1) ішкі аудитор;2) клиент. Кеңес беру қызметі барысында ішкі аудитор операциялық қызметке араласпай, объективтілік қағидасын сақтау керек.
Стандарттарды
дамыту және қайта қарау үздіксіз
процесс болып табылады. Іщкі аудит
бойынша стандарттарды
Сапалық сипаттағы стандарттар
1000 – Мақсаттар, мақсаттың жауапкершілігі мен өкілеттілігі, ішкі аудитордың өкілеттілігі мен жауапкершілігі ішкі аудиттің Анықтамасына, этика Кодексіне және Стандарттарға сәйкес ұйымның ішкі құжаттарымен (ішкі аудит туралы Ережесінде) анықталады. Ішкі аудиттің басшысы ішкі аудит туралы Ережені қайта қарауға міндетті және оны жоғарғы басшылыққа және Кеңестің мақұлдануына ұсынады.
1100 –
Тәуелсіздік және
1110 – Ұйымдастырылған тәуелсіздік. Ішкі аудиттің басшысы Кеңеске ішкі аудиттің тәуелсіздігі туралы нақты жағдайды кем дегенде жылына бір рет растауға міндетті.
1111 – Кеңеспен тікелей байланыс. Ішкі аудиттің басшысы тікелей Кеңеспен қарым-қатынаста болуы керек.
1112 – Жеке объективтілік. Ішкі аудиторлар өздерінің жұмысында риясыз болуға міндетті және мүдделер қақтығысынан аулақ болу тиіс. Мүдделер қақтығысы дегеніміз – бұл ішкі аудиторда сенімді тұлға бола тұрып, бәсекелесетін жеке немесе кәсіби мүдденің болуы. Мұндай бәсекелестік мүдденің болуы аудитордың міндеттерін атқаруда риясыз орындауға қиындық тудырады. Мүдделер қақтығысы аудитордың өз функциялары мен қызметін анықтауда объективті болуын шектеп қоюы мүмкін.
1130 – Егер ішкі аудиторлардың тәуелсіздігі мен объективтілігі кеңес беруге байланысты кері ықпалға ұшыраған жағдайда, бұл бойынша ақпарат тапсырыс берушіге орындауға тиісті тапсырмалады қабылдамас бұрын ашып көрсетілуі тиіс.
1200 – Профессионализм және жұмысқа деген кәсіби қатынас. Ішкі аудиторлар аудиторлық тапсырмаларды жоғары кәсіби деңгейде орындауға тиісті.
Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу