Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:16, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы –«Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу» деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей:
Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру;
Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру;
Аудиторлық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін пайдалану;
Стандарттардың мазмұнын ашу;
Аталған құқықтық базаның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

Работа состоит из  1 файл

аудиторлық қызметті нормативтік реттеуЭльмира.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)
ustify">       Ел  тарихында алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде ұйымның қаржы қозғалысының ашықтығын, каптиалдың ықпалдасуын және ел экономикасының жедел дамуын қамтамасыз етуде бүтіндей алғанда Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС) маңызды құрал болып табылады. Осылайша, бухгалтерлік есеп пен аудит республиканың дамуында аса маңызды рөл атқарады.

       Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік туралы” заңның 2-1 бабына сәйкес ұйымдар қаржылық есеп беруді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. Биылғы жылдан бастап мемлекеттік мекемелерден өзге ұйымдардың бәрі ХҚЕС-қа көшуді жүзеге асырулары керек.

         «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңында міндетті аудит жағдайында аудиторлық есепті жылдық қаржылық есептілігімен бірге жариялау нормасы енгізілген. Осылайша, аудиторлық ұйымдардың рөлі мен жауапкершілігі де арттырылады. Бухгалтерлік есеп туралы заңдардың, ХҚЕС-тің өзінің үнемі жетілдіріліп отыратынын ескергенде, микроэкономикалық үдерістерді терең түсіну, жаңа кәсіби сана-сезімді қалыптастыру мақсатындағы көзқарастарды қолдану қажет болады. Кәсіптің қазіргі заманғы даму сатысы бухгалтерлер мен аудиторлар біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құруды талап етеді, сонымен бірге, “кәсіби бухгалтер” атағын алған мамандар алға қойылған міндеттерді орындауда және бухгалтерлік есеп пен аудиттің орташа перспективада дамуында жол бастаушыға айналуға тиіс.

       Бухгалтерлік есеп пен аудит жүйелерін қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарға көшуі формасында әлемнің көптеген елдерімен бірегейлендіру Қазақстанның жаһандық экономикалық жүйеге одан әрі ықпалдасуындағы қосымша қадам болып табылады. Аталған саланы институттық жағынан қоса дамыту да саланы ықпалдастыққа сапалы көшірудің қажетті шарты болып саналады. Стратегиялық міндеттер мен оның даму бағыттарын анықтау мақсатында министрлік бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесінің орта мерзімдік тұжырымдамасын жасауды жоспарлады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Аудиторлық  қызметті нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз - бұл аудиторлық тексеру жүргізу обътісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде ( ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.

Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге мыналар жатады:

  • ҚР Конституциясы;
  • ҚР азаматтық кодексі;
  • ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;
  • ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы;
  • ҚР қылмыстық кодексі;
  • «Салықтар   және   бюджетке   міндетті   басқа   төлемдер туралы» кодексі;
  • ҚР әкімішілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;
  • ҚР бюджет кодексі;
  • ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»;
  • «Банкроттық туралы»;
  • «Шетелдік инвестиция» туралы;
  • «Шектеулі және косымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы»,
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдары.

   Сонымен қатар, ішкі аудиторлық қызметті реттерудің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР-да ішкі аудиторлық қызмет жүйесін жетілдіру жүзеге асып келеді. Осыған байланысты халықаралық заңнамалық актілерге COSO заңын, Сорбейнс Окслы актісін жатқызамыз, сонымен қатар ҚР-ның «Акционерлік қоғам туралы» Заңында ішкі аудитті жүргізу міндетті деп танылған. Жалпылай алғанда, ішкі аудиторлық қызметті жүргізу басқа ұйымдарда бастамашылдық негізінде жүргізіледі.

     Аудиторлық  ұйым   барлық елеулі   катынастарда экономикалық субъектінің қаржылық есеп берулерінің анықтығы туралы кәсіби пікір қалыптастыратыны және оны білдіретіні үшін жауапқа тартылады. Заңдық жауапкершілік тек келісімшарттағы міндетемелерді бұзғаны үшін ғана емес, сондай-ақ немқұрайдылық, ұқыпсыздық, алаяқтық зиян шектіру және т.б. сияқты азаматтық құқық бұзушылық әрекеттерін тудырғаны үшін, сонымен қатар, залалға әкеп соқтыратын аудиторлық тексерулердің шалағай жүзеге асырылғаны анықталған жағдайларда қарастырылады.

      Аудиторлар  клиент алдында да және оның (аудитордың) қызмет нәтижелеріне мүдделілік танытатын, яғни қызмет нәтижелерінің негізінде үшінші жақ ретінде білгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектілердің алдында да жауапты. Мысалы, аудиторлық фирмадан банк сол аудиторлық фирманың клиентіне кредит беру жөнінде шешім қабылдау үшін қаржылык есеп берулерді талап етуі мүмкін.

      Сондай-ақ, аудиторлар өз жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін нақты әрі әлеуетті клиент инвесторларының алдында  да жауап береді. Бұл тұлғалар аудиторларды жауапқа тартуға тырысуы мүмкін, бірақ олар оның ұқыпсыздығы мен немқұрайдылығын немесе алаяқтық жасағанын дәлелдеуі қажет.

      Жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтаудың  маңызды аспектісіне аудиторлардың  жұмыс сапасын бақылау жатады. Аудитордың жауапкершілігі мен жұмыс сапасына әсер ететін 9 позицияны бөліп көрсетуге болады:

1)    қызметкерлерді жалдау;

2)    жұмыс кестесін жасау;                        

3)    біліктілікті арттыру;

4)    мансап;

5)   басқарушы қызметкерлерді бақылау;

6)    қызмет көрсетуге клиентті қабылдау;

7)    кеңес беру;

8)   тәуелсіздік;

9)    фирманы бақылау, 

      Қазіргі уақытта аудит шаруашылық жүргізуші  субъектілер қызметін қаржылық бақылаудың тәуелсіз жүйесі ретінде біздің қоғамымыздың күнделіқті өміріне біртіндеп еніп келеді. Сол себепті де мемлекет пен кәсіби ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаларды дайындау және аттестациялау ісіне жоғары талаптар қояды. Бұл талаптар әлемдік іс-тәжірибеде кең таралған Халықаралық аудит стандарттарында көрініс тапқан өлшемдерге сәйкес келіді. Аудитор кандидаттарына қажетті талаптар ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңда және аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы ережеде анықталған.

      Аудитор ізденушісінің (кандидаты) мінсіз репутациясы, жоғары білімі, экономика, қаржы, есептік-талдама, ревизиялық-бақылау немесе құқық салаларында соңғы жеті жыл ішіндегі 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар адамдар немесе жоғары оқу орнында ғылыми-окытушылық қызметпен айналысатын соңғы және осы аталған салаларда соңғы 5 жыл ішіндегі 2 жылдық тәжірибелік еңбек стажы бар адамдар аттестациялауға жіберіледі. Олар белгіленген пәндер бойынша біліктілік емтиханын тапсырып, аттестациядан өтуі қажет.

      Кәсіби  аудитордың бірден-бір басты айырмашылығы – қоғам, клиент және әріптестерінің алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі болып табылады. Ол өзінің кәсібіне деген сенімділікті жоғалтатын кез келген әрекеттер жасамайды. Аудитор өзінің қызметін мінсіз орындауға тырысқаны дұрыс, ол үшін тәуелсіз, адал әрі объективті болуы керек. 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Қазақстан Республикасының « Аудиторлық қызмет туралы» заңы, 20 қараша 1998 ж. № 304 ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)
  2. Қазақстан Республикасының аудитінің халықаралық аудит стандарттары – Алматы: Раритет, 2004. – 786 б.
  3. Абленов Д. О. А 15 Аудит негіздері: Оқулық – Алматы: Экономика, 2005. – 400 бет.
  4. Әжібаева З. Н., Байболтаева Н. Ә., Жұмағалиева Ж. Ғ. А 34 Аудит: Оқулық. – Алматы: 2006
  5. Балапанова А. Ж. , Аудит теория негіздері: Оқу құралы. – Алматы. 2003
  6. COSO заңы
  7. Сорбейс Оксли акті
  8. ҚР «Акционерлік қоғам туралы» заңы
  9. http://www.google.kz/url?sa=t&source=web&cd=13&ved=0CCEQFjACOAo&url=http%3A%2F%2Fwww.min.kz%2Fnode%2F11033&rct=j&q=%D2%9A%D0%A0%D0%BD%D1%8B%D2%A3%20%D0%B0%D1%83%D0%B5%D1%82%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%B7%D0%B0%D2%A3%202006&ei=pvObTY2_EcyfOon8mPIG&us
  10. М.Б. Байдаулетов, «Аудит» : Оқулық. -  Алматы: 2003

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу