Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:16, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы –«Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу» деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей:
Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру;
Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру;
Аудиторлық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін пайдалану;
Стандарттардың мазмұнын ашу;
Аталған құқықтық базаның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

Работа состоит из  1 файл

аудиторлық қызметті нормативтік реттеуЭльмира.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

       3. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құрылуға тиіс.

       4. Аудиторлық ұйымның жарғылық  капиталында аудиторларға және  аудиторлық ұйымдарға тиесілі  үлес кемінде 51 процент болуға  тиіс.

       5. Аудиторлық ұйымның басшысында  Қазақстан Республикасы аудиторының біліктілік куәлігінің болуы міндетті.

       7- бап. Аудиторлар  палатасы.

       1. Аудиторлар палатасы коммерциялық  емес,тәуелсіз, өзін-өзі қаржыландыратын  ұйым болып табылады.

       2. Аудиторлар палатасы заңды тұлға  болып табылады.

       3. Аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді.

       4. Аудиторлар палатасының құрылымы  мен жұмыс органдары оның жарғысымен  белгіленеді.

       5. Облыстың, маңызы бар қаланың,  астананың аумағында конференцияда  құрылатын, осы аумақта аудиторлық  қызметпен айналысушы адамдардың  кемінде елу процентінің атынан өкілдік ететін аудиторлардың бір палатасы ғана құрылуы мүмкін.

       6. Республикалық аудиторлар палатасын  құру, оның жарғысын қабылдау  туралы шешімдер Қазақстанның  аудиторларының кемінде елу прцентінің  атынан өкілдік ететін аудиторлардың Республикалық конференциясында қабылданады.

       8-бап.  Аудиторлар палаталарының  өкілеттігі.

       1. Аумақтық аудиторлар палаталары:

       1) аудиттің дамуына жәрдемдеседі;

       2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың  аудит стандарттарының  талаптарын  сақтауын қамтамасыз етеді;

       3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға  байланысты дауларын қарайды;

       4) Қазақстан Республикасының заң  актілерімен және әдістемелік  құжаттармен қамтамасыз етеді;

       5) жұмыс тәжірибесіне талдау жасайды,  қорытып, таратады;

       6) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік  ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүдделерін білдіреді;

       2. Республикалық аудиторлар палатасы:

       1) аудиторлар палаталарының қызметін  жарғы негізінде үйлестіруді  жүзеге асырады;

       2) аудиторлар мен аудиторлар палаталарының  мүдделерін білдіреді;

       3) халықаралық практика негізінде аудит стандарттарын әзірлейді;

       4) аудиторлыққа кандидаттарды біліктілігін  арттыруды ұйымдастырады;

       5) аудитордың біліктілік куәлігінің  күшін жою туралы ұсыныстар  енгізеді.

       3- тарау. Аудиторлыққа  кандидаттарды аттестаттау  және аудиторлық қызметті лицензиялау

       9-бап.  Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау.

       10-бап.  Аудиторларды аттестаттау жөніндегі  біліктілік комиссиясы.

       11-бап.  Аудитордың біліктілік куәлігінің  күшін жою.

       12-бап.  Лицензиялар беру.

       13-бап  Лицензияны қайтарып алудың және оның күшін тоқтата тұрудың негіздері.

       4- тарау. Аудиторлық  қызметті жүзеге  асыру

       14-бап.  Аудит жүргізу шарты.

       15-бап.  Аудиторлық есеп.

       16-бап.  Аудиттің стандарттары.

       5- тарау. Аудиторлар  мен аудиторлық  ұйымдардың құқықтары,  міндеттері мен  жауапкершілігі

       17-бап.  Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың  құқықтары.

       18-бап.  Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың  міндеттері.

       18-1-бап.  Аудиторлық қызметті сақтандыру.

       19-бап.  Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың  жауапкершілігі.

       20-бап.  Аудит жүргізу құқығын шектеу.

       6- тарау. Аудиттелетін  субъектінің құқықтары,  міндеттері мен  жауапкершілігі

       21-бап.  Аудиттелетін субъектінің құқықтары.

       22-бап.  Аудиттелетін субъектінің міндеттері.

       23-бап.  Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігі.

       24-бап  Дауларды қарау.

       25-бап.  Өтпелі ережелер.[1]

       Аудит жөніндегі анықтама Қазақстан Республикасының  өз ерекшіліктерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңында «аудитке» төмендегідей анықтама береді. Аудит – бұл  қаржы есеп беруді, шаруашылық жүргізуші  субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есбін, оның толықтығын және қолданып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.

       Аудитті шаруашылық жүргізуші субъектілермен жасалған шарт негізінде тәуелсіз жеке адамдар, аудиторлық ұйымдар жүзеге асырады.

       Аудиторлық  тексерулер мемлекеттік органдар тарапынан  Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпорындар шаруашылық қызметінің заңдылығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.

       Егер  белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген  және Аудиторлық қызметпен айналысу құқығы біліктілік комиссиясының аттестациясынан  өтпеген болса, бірде-бір заңды  ұйым немесе нақты адам аудитор деп атала алмайды немесе өздерін аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде көрсете алмайды.

       Аудиттің  маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің  қажеттілігін анықтау қажет. Оларға жататындар:

       1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субъектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметрлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсаты қарастырылуы қажет.

       2. Экономикалық объект. Аудиторлық  қызметті жүргізудің қажетті  шарты оның аясы туралы айқын  түсінік болып табылады. Ол белгілі  бір уақыт аралығында, айталық,  компанияның жылыдқ есеп беруіне  аудит жүргізгенде немесе ішкі  аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.

       3. Өндірістік жағдай мен ақпараттар. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар  берген ақпарат қарастырылады.  Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа ақпараттарын құрайды. Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Аудитор міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.

       4. Аудиторлардың кәсіби мамандылығы. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Аудит жүргізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, эксперт, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп қорытынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет.

       5. Материалдарды жинау және оларды  бағалау. Аудитордың негіз мақсаты  – факті жинау. Себебі сол факторлар арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды.

       6. Аудит стандарттары. Жиналған фактілер, ақпараттар өз кезегінде бір  жүйеге келтірілуі қажет. Оған  негіз аудит стандарты. Стандарт  дегеніміз ақпаратты бір жүйеге  келтіру әдісі немесе нормативтік  ереже-нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру.

       7. Аудиторлық есеп беруді жасау.  Аудитор өз жұмысының қорытындысын  тексеру барысында анықталған  кемшіліктердің мазмұнын, өзінің  аудиторлық қорытындысын ақпаратында  көрсетеді. Аудитор осы арқылы  тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.[1]

       Отандық аудиттің дамуына Қазақстан Республикасының  «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы үлкен әсерін тигізді. Осы Заңның арқасында Қазақстан сапалы жаңа деңгейіне өтті. Біздің еліміздің аудиторлық қызметі шарықтау ширегінде тұр. Аудитті жетілдірудің бірден-бір жолы заңды  шығару болғандықтан, бұл Заң аудитті елімізде дамыту мен тұрғызу сатысында мықты импульс берді.

       Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде  аудиторлық қызмет кең көлемде қолданылуда. Ол нарықтық қатынастарды реттеудің  бірден-бір элементі болып табылады. Сонымен қатар ондай елдерде  аудит жөнінде тәжірибелері өте  жоғары. Бізге де сондай тәжірибе кем болмас еді, Республикамызда мемлекеттік емес институттардың аудиторлық қызметті реттеудегі рөлін жоғарлату қажет.

       Ақырғы  кезеңдерде мемлекеттік қаржылық бақылау  саласында ұйымдастырушылық өзгерістер бірнеше ортақ тенденцияларды атап өтуге мүмкіндік береді. Біріншіден, бақылау функциялары мен бақылау жүргізулердің бөлінуі мен тереңдетілуі болды. Сыртқы мемлекеттік бақылаудың тереңдетілумен байланысты мемлекеттік ведомстволық және ішкі бақылау бухгалтерлік есеп шекарасының жүйесінде жүзеге асырылатын ішкі бақылау формасына  дейін тез қысқартыла бастады.

       Бақылау жүйесіндегі мұндай өзгерістер салықтық және ұлттық қорды бақылаудан алынатын эффектілі жүйесіне қарамастан, мемлекеттік  бақылау механизмін көп жағдайда әлсіретті. Бюджеттің мемлекеттік  құралдармен шығындалу мықты, бағытты және жұмыс істейтін мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құруды талап етеді. Оның дамуының негізгі бағыты болып мемлекеттік секторды бақылау облысына аудитті енгізу табылды.

       Мемлекеттік аудит мемлекеттік секторда қаржылық бақылаудың нақты формасы. Мұндай мемлекеттік қаржылық бақылау формасына ауысу үшін мемлекеттік аудитордың міндетті көзқарасын құру талаптарын енгізу керек. Ол мемлекеттік қаржылық есептіліктің әрбір алушының бюджеттік қорларына жылдық есептілігінің қорытындысы түріндегі дұрыстығы туралы болады. Мұндай жұмыс, бір жағынан, барлық мемлекеттік ұйымдардың қаржылық есептілігі қазіргі сияқты жыл сайын аудитормен тексерілуге әкеліп соқтырар еді. Басқа жағынан, мемлекеттік аудитордың қорытындысы белгілі бір министрліктің, ведомствоның, ұйымдардың қаржылық есептілік пен қаржылық шаруашылық кәсібінің қорытындысы көрсеткіштерінің дұрыстығы жөнінде бағалылығын көрсетер еді.

       Елде  мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін  құру, оның прогрессивті формаларын дамытып, енгізу үшін мемлекеттік қаржылық есептіліктің сапасы мен талаптылығын құрастырудың барлық деңгейлерінде жоғарлату керек. Кәсіпорынның қаржылық есептілікті қолданудың ақпараттық сұранысты есепке алсақ, бұл мемлекеттік сектор есептілігін бұқаралы түрде жасау, сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық ресурстары арқылы жасау керек.[1]

       Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін ұйымдастырудың принциптер, есептер, мақсаттарын нақты  жазу керек. Мемлекеттік қаржылық бақылау  формаларын қойылған мақсатқа қолдану  керек. Өз кезегінде бүгінгі таңдағы бюджеттік сферасындағы өзгерістер және бюджеттік реформаның негізгі бағыттары аңғарылады. Өйткені, аудит объектілеріндегі ғана өзгерістер емес, сонымен қатар ондағы мақсаттары мен міндеттерінде көрінеді.

       Қазір мемлекеттік сектор реформасы облысында  келесі бағыттар ажыратылады:

       - салалы емес ұйымдардың ликвидация  немесе олардың реорганизациясы  жолымен бюджеттік ұйымдар желісін  оптимизациялау.

       -   кәсіпорынның  жаңа коммерциялық  емес ұйымдардың құқықтық-ұйымдастырушылық  формаларына ауысуы.

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттеу