Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:36, курсовая работа
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.
Кiрiспе……………………………………………………………………………. 3
IСалықтардың экономикалық мәні мен түрлері
1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы..……………………………………4
1.2. Салық саясаты ..........................................................…………………………6
II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi………………………………20
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін
талдау ..............................................................................................................24
III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары
3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер ....................................26
3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары ..............................................................30
Қорытынды …………. …………………………………………………….….33
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….35
Ставкалар тұрақты және проценттiк болып бөлiнедi.
Тұрақты ставкалар салық обьектiсiнен түсетiн табыстың мөлшерiне байланыссыз өлшем бiрлiгiне тұрақты сомамен тағайындалады.
Ал проценттiк ставкалар 3 түрге бөлiнедi:
Кез-келген мемлекетке салықтардың көп түрлi болуына байланысты олардың белгiлерiне қарай салықтарды келесiдей түрде жiктеймiз:
Салық салу әдiсi бойынша салықтарды тiкелей және жанама түрге бөлемiз.
Тiкелей салықтар – тiкелей салық төлеушiден немесе тiкелей табыстан, мүлiктен ұсталынатын салық болып табылады. Тiкелей салық табыс алушыларға мүлiк иелерiне, тiкелей салына бередi.
Тiкелей салық:
- халықтың табыс салығы;
- кәсiпорын табысына салық;
- капитал өсiмiне салық;
- мұрагерлiк пен сыйға тартуға;
- мүлiктiк салық.
Тiкелей салықтардың өзi нақты және жеке салықтарға бөлiнедi.
Нақты салықтар – салық төлеушiден емес салық төлеушiнiң табысы мен мүлкiнен ұсталынатын салық болып табылады.
Жеке салық халықтың жеке табысынан ұсталынатын салық жатады.
Тiкелей салықтың ең басты артықшылығы болып, егер де мемлекетте экономикалық кризис болмаса тiкелей салықтар мемлекеттiң қазынасына тұрақты және ұлғаймалы түрдегi салық мөлшерiн әкелiп отырады.
Ал кемшiлiгi болып тiкелей салықтар бойынша жеңiлдiктер заңсыз түрде қолданылуына мүмкiндiктердiң көп болуы.
Жанама салықтар салықтың - соңғы тұтынушыға ауысуы арқылы жүргiзiлетiн салықтар немесе бағаға үстеме түрінде жүргiзiлетiн салықтар. Жанама салық тауарды тұтыну немесе сату кезiнде салынады. Бұларға акциздер, қосылған құн салығы және кеден баж салығы.
Жанама салықтардың өзi индивидуальдi жанама салықтар, әмбебап және фискальдi монополиялы жанама салықтар түрінде бөлiнедi.
Индивидуальдi жанама салықтарға – акциз салығы жатады.
Әмбебап жанама салықтарға – қосылған құн салығы жатады.
Фискальдi монополиялы жанама салыққа баяғы кеңес одағына әрекет еткен айналым салығы жатады.
Жанама салықтардың қолданылуында ең басты кемшiлiгi болып тауарлардың жұмыстардың және көрсетiлген қызметтердiң құнының, бағасының өсiп кетуi табылады.
Ал
жанама салықтардың ең басты артықшылығы
салық төлеушiлердiң салықты
а) Жеке тұлғалар төлейтiн салықтар.
ә) Кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелер, яғни заңды тұлғалар төлейтiн салықтар.
а) Жалпы мемлекеттiк салықтар;
ә) Жергiлiктi салықтар;
б) Регионалды салықтар болып бөлiнедi.
Жалпы салықтар мемлекеттiк бюджеттiң жалпы қалыптасуы үшiн пайдаланылса, арнайы салықтар мемлекеттiң белгiлi бiр шығындарын қаржыландыру үшiн қолданылады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесiн мемлекет пен заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдiстерi мен тәсiлдерi, салық заңдары мен салыққа қатысты актiлер, салық салу органдары мен салық қызметi құрайды.
Салық жүйесi мемлекет қаржы көздерiн жасақтаудың ең негiзгi құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына және саяси – әлеуметтiк шаралардың толығымен iске асуына мүмкiндiк туғызды.
Салық жүйесi – нарықтық қатынастардың құрамдас бөлiгi. Қазақстан Республикасы егемендiгiн алғаннан бастап қоғамның қажеттiлiгiне жауап беретiн өз салық жүйесiн қабылдауы қажет болды. Осыған байланысты 1991 жылы 25 желтоқсанда ең алғашқы ¢¢Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы заңы¢¢ қабылданды.
Кез-келген елдiң салық жүйесi таңдалған салық салу обьектiсiне табыстарға немесе шығындарға тәуелдi болады. Нарықтық экономикасы тұрақты және өнеркәсiбi дамыған елдер үшiн салық салу обьектiсi ретiнде табысты ерекше қолдану моделiн пайдалану тән. Ал өтпелi кезеңдегi, яғни дағдарыстық жағдайдағы, оның есесiне салық салынатын базасы тар Қазақстан мемлекетi салық салу обьектiсi ретiнде шығындарды қолданады. Сонымен бiрiншi жағдайда белсендiлiк түрде тiкелей салықтар, ал екiншi жағдайда жанама салықтар қолданылады.
Салық объектiсi - салық салу барфсында мемлекет заң бойынша салық ұсталынатын объектiнi көрсету қажет немесе салық салынатын барлық заттар, салық объектiсiне жатады. Мысалы, мүлiк, тауар, жер, табыс және тағы басқалар.
Салық субъектiсi – заң бойынша салық төлейтiн салық төлеушiлер немесе заңды және жеке тұлғалар. Салықтардың әрқайсысының объектiлерiне тоқталайық.
Корпорациялық табыс салығын Қазақстан Республикасының тұрақты мекемелерi арқылы немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар төлейдi. Корпорациялық табыс салығының объектiлерiне – салық салынатын табыс, төлем көзiнен салық салынатын табыс, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың таза табысы жатады.
Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлейдi. Жеке табыс салығы салынатын объектiлер: төлем көзiнен салық салынатын табыстар, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар жатады. Салық салынбайтын айналым:
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.
Қосылған құн салығының объектiлерi - салық салынатын айналым, салық салынатын импорт.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы осы тауарларды импорттайтын заңды тұлғалар, олардың фирмалары мен өкiлдiктерi, жеке тұлғалар мен резидент еместер импортталатын тауарларға қосылған құнға салық төлеушiлер болып табылады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстандық көзден кiрiс алатын резидент еместер (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратындардан басқа) сатқан кезде қосылған құнға салынатын салықты Қазақстан Республикасының резиденттерi, сондай-ақ аталған резидент еместермен есеп айырысуда Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер толық мөлшерде төлейдi.
Салық салынатын айналымның мөлшерi қолданылатын бағалар мен тарифтерге сүйенiп, оларға қосылған құнға салынатын салықты енгiзбей, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны негiзiнде, бiрақ сауда-делдалдық қызмет үшiн оларды сатып алу бағасынан төмен болмайтындай етiп анықталады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) айырбастау кезiнде немесе оларды өтемсiз берген кезде салық салынатын айналым, айырбастау немесе беру кезiнде салық төлеушiлерде қалыптасатын қосылған құнға салынатын салықты оларға енгiзбей, бағалар денгейiн негiзге ала отырып, iс-жүзiндегi қалыптасқан шығындардан төмен болмайтындай етiп анықталады.
Берiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құнына жалақы мен басқа да төлемдер заттай түрде төленген жағдайда, қосылған құнға салынатын салық сомасы негiзделедi.
Егер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) салық төлеушiге оның кәсiпкерлiк мақсаты үшiн жеткiзiлсе, бiрақ салық төлеушi немесе өзге де тұлғалар жеке мақсаттарына өтемсiз пайдаланған болса, онда мұндай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны салық салынатын айналым ретiнде қаралады. Негiзгi құрал жабдықтарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жойылған кезде (қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда) осы тауарлардың құны салынатын салық айналым ретiнде қарастырылады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды бүлдiрген, жоғалтқан кезде олардың есепке алу құны қосылған құнға салынатын салық салуға жатпайды. Тауарларды сауда делдалдық қызмет бойынша экспортқа сатқан кезде сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын осындай тауарларды сату кезiнде қолданылатын ставкалар бойынша салық салуға жатады. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушi таратылған жағдайда, оның тауарларының қалдығы, оның iшiнде есепке алу көзделген қосылған құнға салынатын салықпен бiрге бұрын сатып алынған негiзгi құрал- жабдықтар бюджетпен есеп айырысу мақсатында салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады. Қосылған құнға салынатын салықпен бiрге бұрын сатып алынған қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды сату кезiнде салық салынатын айналым сатып алу құны мен есепке алу құнының арасындағы айырма түрінде табыс болып табылады. Бұл орайда есептеу құны деп тауарлардың баланстық құны түсiнiледi.
Информация о работе Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау