Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:36, курсовая работа

Описание

Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.

Содержание

Кiрiспе……………………………………………………………………………. 3


IСалықтардың экономикалық мәні мен түрлері
1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы..……………………………………4
1.2. Салық саясаты ..........................................................…………………………6

II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi………………………………20

2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін
талдау ..............................................................................................................24

III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары

3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер ....................................26

3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары ..............................................................30


Қорытынды …………. …………………………………………………….….33

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….35

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ-САЛЫК.doc

— 276.00 Кб (Скачать документ)

   Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң  кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады.  Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн  беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң  өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр түрлi болып келедi.

    Экономикалық iс – шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

    Кiрiс пен таза пайданы экономиканың  жаңа бiр саласына немесе бүтiн   өндiрiс  түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. Іскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы,  мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

    Нақты салаға салық жеңiлдiгiн  орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай  қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi  қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден қашу үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.2  Салық жүйесін жетiлдiру жолдары  

      Өркениеттi iрi мемлекеттердiң  экономикалық даму деңгейлерi олардың жан-жақты жетiлдiрiлген, тиянақты да, қолданбалы салық  заңдары жүйесiне - “күштi салық заңы- күштi мемлекет” қағидасына байланысты екенi белгiлi.

      Демек, елiмiздiң экономикасын дамытудың  басты тетiктерiнiң бiрi –салық саясаты. 

      Елiмiз  экономикалық  дамудың нарықтық бағытына  бет алған кезеңнен бастап-ақ Республика Президентi салық мәселесiне  үлкен маңыз берген едi.  Өйткенi, бұрынғы Кеңестiк жоспарлы экономиканың  салық жүйесi нарықтық қатынастар  заңдылықтары талабынан шыға алмады.  Бұл заңды да құбылыс.  Қайта құру кезiнде салық жыл сайын, кейде халық шаруашылығындағы  күрделi дағдарыстар мен әр түрлi әлеуметтiк орталардың қысымына байланысты, жылына бiрнеше реттен де өзгерiске ұшырап отырады. Түрлерi көбейiп, мөлшерi, мерзiмi сан түрлi құбылып, қайшылықтарға түскен салық ережелерi салық төлеушiлердiң де мүддесiн қорғаудан қалды.

      1991 жылы елiмiз  тәуелсiздiк алып, өз алдына  егемендi  мемлекет болған жерде  шұғыл  мерзiм iшiнде  дербес экономикалық реформалар жасау мiндетi алда тұрды.  Сондай iрi өзгерiстер енгiзетiн  экономиканың басты тармағының бiрi - салық жүйесi болып саналды. Осы мақсатта  Салық кодексi дайындалып, қабылданды. Мұндай  саяси – экономикалық  мәнi зор заңды  құжатты жасап шығуға  Мемлекеттiң салық комитетiнiң   мамандары, заң қызметкерлерi мен  шетелдiк сарапшылар зор күш салды. Демек, бұл заң қабылдаудан бұрын үлкен сарапқа түстi деген сөз.  Республикамызда Салық  кодексi тұңғыш рет  қабылданып отыр.  Ең бастысы, алдымызда үлкен бағыт бар. Екiншiден, салық түрлерi бұрынғыдан да  азайды.         

      Салық кодексiн  қабылдаудағы басты мақсат – салық төлеушiлерге түсiп  отырған қысымды төмендету,  салық  қатынастарын реттеу, бюджеттiң табысты бөлiмiн қамтамасыз ету. Әрине, заңды қолдану барысында  алғашында кемшiлiктер болды. Дегенмен, бұл заң республикамыздың салық қызметiнiң халықаралық  қағидаларға көшуiне негiзгi  себеп болады деген сенiм бар. Халықаралық нәтижелерге сүйенсек, нарықтық  қатынастарға көшкен әрбiр елде  де осындай заң қабылданған. Бұл - салық жүйесiн  жетiлдiрудiң  бiрден-бiр жолы.

      Барлық  денгейдегi  бюджеттерге  салықтар мен  басқа да мiндеттi  төлемдердiң  түсiмiн  арттыру, мемлекет пен  шаруашылық  жүргiзушi субъектiлердiң  қаржылық  өзара қатынастардағы  мүдделерiнiң  тепе-теңдiгiне  қол жеткiзуге  жақындай түсу, салық салу жүйесiнде  әдiлеттiкке  қол  жеткiзу мақсатында  мынадай iс-шаралар:

    • салық заңдарын салық салудың  тәртiбiн оңайлатуға бағытталған  жетiлдiру, қазiргi кезде қолданылып жүрген жеңiлдiктердi  ретке келтiру,  салық салудың  тетiгi жөнiндегi, сондай- ақ экономиканың  нақты секторын дамытуды ынталандыруға арналған қолданылып жүрген жекелеген ережелердi нақтылау;
    • акцизделетiн  өнiмдер бойынша, оның iшiнде  алкогольдi өнiмдердiң  өндiрiсi мен айналымын  мемлекеттiк реттеу жөнiндегi iс-шараларды  iске асыру  арқылы  салық түсiмдерiнiң толықтығын  қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң  жекелеген түрлерiнiң айналымын мемлекеттiк  реттеудi енгiзу;
    • салық салу мақсаты үшiн  жылжымайтын мүлiктiң құнын  айқындаудың  тәртiбiн  жетiлдiру;
    • капиталды ресми емес экономиканың  аясынан шығару үшiн жағдай жасау, кәсiпкерлiк қызметпен заңсыз  айналысқаны және салық салу объектiлерiн  жасырғаны үшiн  жауаптылықты күшейту;
    • алымдар мен бюджетке төленетiн  басқа да  мiндеттi төлемдерге  қатысты жүргiзiлетiн өзгерiстер мен  толықтыруларды  шектеу жолымен  фискальдық саясаттың түрақтылығын  сақтау  салық саясатының  басым бағыттары болып айқындалды.

      Салық заңдары нормаларының  бiр тұрғыда түсiндiрiлуiн қамтамасыз ету, оны салық төлеушiлердiң  қолдануын оңайлату, сондай-ақ  салық тәртiбiн сақтаудың  денгейiн арттыру мақсатында 2001 жылы Үкiмет Парламентке салық жөнiндегi  барлық нормативтiк актiлердiң ережелерi бiрiктiрiлген жаңа Салық  кодексiн енгiздi.

      Жаңа  салық заңдарында  салық салудың  базасын  кеңейту үшiн мынадай шаралар: келешекте салықтық каникулдарды тоқтату және салықтар бойынша  жеңiлдiктердi  қысқарту, ІІС-ты жинау үшiн тiркеуге арналған бастапқы мәнге  қайтып оралу; заңды тұлғалардан  алынатын салыққа бизнеске  қатысы бойынша  неғұрлым ынталандырушы  сипат беру; жеке адамдардан  табыс салығын алу кезiнде әдiлдiк  пен теңдiктi күшейту және басқалар сияқты шаралар көрiнiс табатын болады.

      Үкiмет Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiне  қатысты  жанама  салықтар  алу мәселелерiнде халықаралық   стандарттарға  көшудiң  тетiгiн әзiрлеу жөнiндегi жұмысты жалғастырады.  ТМД елдерiмен  саудада жанама  салықтар  алу кезiнде  арналған елдiң   принциптерiн  iске асыру  отандық тауарлар  өндiрушiлердiң  экспорттық  әлеуетiн арттырады.

      Салық әкiмгерлiгiн жақсарту жөнiндегi  жұмыс  жалғастыратын болады: iрi салық төлеушiлермен  жұмыстың тиiмдiлiгi артады; салық төлеушiлердiң  декларацияларды  толтыруына  қойылатын  талап оңайлатылады;  салық инспекцияларын  дайындаудың пәрмендi бағдарламасы  қалыптастырылады; Кiрiстерге  қос салық салудан қашу туралы конвенцияны қолдану жөнiндегi  нормативтiк құқықтық  актiлер әзiрленедi.

      Трансферттiк  бағалар мен аффилиирлендiрiлген компанияларды  бақылаудың  тетiктерiн енгiзу үшiн  құқықтық  база әзiрленетiн  болады.  Ол экспорттық  өнiмдердi  төмендетiлген бағалармен  сату,  сондай-ақ өнiмнiң  өзiндiк құнын  жасанды көтеру,  шикiзат пен материалдарды  көтерiңкi  бағалар бойынша  сатып алу практикасын  болдырмау мүмкiндiк бередi.  Қазақстан Республикасының Үкiметi бағалау қызметiн жүзеге асыру, нарықтық құн немесе  бағалау объектiсiнiң  өзге де құнын белгiлеу, меншiк нысандарына  қарамастан бағалау қызметiне  қатысушы субъектiлердiң  құқықтары мен мiндеттерiн айқындау кезiнде пайда болатын қатынастарды реттеу көзделетiн  “Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеуде.

      Сауда мен  қызмет көрсету  саласында  шағын және орта  бизнестiң субъектiлерiне   салық салудың  белгiленген нысандарын  қолдану салықтық  әкiмшiлiктендiрудiң   сапасын арттыру  мен көрсетiлген  салада шағын  және орта   бизнестi дамыту  үшiн жағдайларды  жақсартудың арасындағы  тепе-теңдiктi  табуға  мүмкiндiк бередi. Ақыры соңында ол мемлекеттiк бюджетке  түсiмдердi әкеледi.       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды

      Мемлекет  тәуелсiздiгiнiң ең  басты шарттарының  бiрi дербес салық саясаты болып  табылатындығы  баршаға аян. Егемендiк  қолға тиген алғашқы күндерден –ақ салық қызметiне  басты назар аударылғандығы  да сондықтан болатын.

      Қай кезде болмасын  кез-келген елдiң  қоғамдық әлеуетi мен тұрақтылығы, экономикалық  дамуы мен өркендеуi салық жүйесiнiң  iс-әрекетiне байланысты екенi белгiлi. Бүгiнгi елiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге сапқа тұрған салық  жүйесi  iргелi де маңызды салаға айналған. Қазiргi кезде мемлекеттiң  кiрiс органы ретiнде  кең ауқымды  қамтыған  бұл жүйенiң ел игiлiгi үшiн атқарып жатқан iстерi қашанда айтуға тұрарлық, айтылып та жатыр.

      Ең  ағашқы  салық саясаты қаланған кезде, кәсiпкерлiк және  кәсiпорындардың  дербес экономикалық саясаты  қалыптасты, қоғамдағы нарық механизiмiнiң  негiздерiн ұсынуға қол жеткiзiлдi. Сол кезде жоғары бiлiктi  қызметкерлер жеткiлiксiз едi және бұл салық қатынастарын реттеп отыратын  қолданыстағы заңдардың  жүйесiнен де  айқын көрiндi.  Тiптi, салық  заңдарының  өзiнен де көптеген  қарама-қайшылықтар кездесiп жатты.

      Сондай-ақ, аталмыш кезеңдi  жаңа экономикалық қатынастардың ендi-ендi қалыптасып жатуымен және  салық органы  қызметкерлерiнiң сол уақыттағы  экономикалық  санаттардың мазмұнын жете  түсiнбеген мен, тiптi оны iс-жүзiнде  дұрыс қолдана алмағаныдығымен  сипаттауға болады.

       1995 жылы  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  ²Салық және бюджетке  төленетiн  басқа да мiндеттi  төлемдер туралы² Заң күшi бар Жарлығы салық жүйелерi мен салық саясатын қалыптастырудың базалық принциптерiн негiздеп бердi.  Мұнда салық органдарының ұғымдары, салық өзара қарым-қатынастардың  негiздерi  айқындалып қана қоймай, бiрiнғай салық саясатын  қалыптастырудың iргетасы қаланды. Сол жылдан бастап  Салық кодексi әзiрлене бастаған кезге дейiнгi  уақыт iшiнде  жалпы салық қызметiнде  жетiспей жатқан  тұстарды толықтыру мен  алға қойылған басымдылықтарды  дамыту  мақсатында  бұрыннан  қолданыста  жүрген тәжiрибелердi  жүйелендiру жұмыс жүргiзiлiп келдi.

      Ал  бүгiнгi таңда  кемелiне келген  елiмiздiң  қазыналық  органдарын  салық заңының орындалуына  бақылау жасайтын  мемлекеттiк  жүйе болып қалыптасты деп айтуға болады.

      Бiз  салық заңын әлемдiк Салық кодексiнiң  үлгiсi жетiлiп келе жатқанда, өте қолайлы негiзде қалыптастыра бастадық. Салық салу жүйесiндегi  әлемдiк  тәжiрибелердi пайдаландық. Бұл тұрғыдан алғанда iргелi прнициптердiң бiрi – Салық кодексi  мүмкiндiгiнше оңай және өмiрдiң  барлық жағдайлары үшiн ең төмен салық нормаларын  ұстануы қажет. Жаңа Салық кодексi де осы талапқа сай барынша  қарапайым үлгiде  жасалды. Егер, бұрын заң шағын ғана болып және  оған көптеген  нұсқаулықтар қосылатын болса, ендi заң көлемдi және  қандай жағдайда болса  да  салық заңының  нормаларын  бұрмаламай  дұрыс түсiндiрiлетiн  шағын көлемдегi нормативтi база болды.

      Егер, Қазақстан  Республикасының Салық  кодексiн басқа елдердiң заңдарымен салыстырсақ, неғұрлым жетiлдiрiлген құжаттың дүниеге келгенiн аңғару қиын емес. Мұнда экономиканың жекелеген секторларына, оның iшiнде салық  жеңiлдiгi түрінде емес, арнайы  салық режимдерiн құру жолымен бегiлi  қолдауды қажет ететiн  шағын бизнеске, аграрлық сектоларға, әлеуметтiк салаға ерекше көңiл бөлiндi. Салық кодексiнде салық салудың халықаралық принциптерiне  жақындау бар, бұл әлемдiк экономикалық  кеңiстiкке кiру үшiн  жақсы негiз болмақ.  Дегенмен, жалпы алғанда Салық кодексiне  1995 жылғы  заңның басты негiзi  сақталды, өйткенi қалай  болғанда  да сол заң арқылы бiзiдiң салықтық тәжiрибемiз толығысып, белгiлi бiр салықтық мәденетiмiз қалыптасты.  

Информация о работе Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау